4
1
Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) «Физика» пәні оқу
бағдарламасының ерекшеліктері
Жалпы білім беретін мектептің алпысыншы жылдардың аяғында
қалыптасқан физиканы оқытудың құрылымы қырық жылдан астам уақыт бойы
пайдаланылып келді. Оқытудың бірінші сатысында (7-9-сыныптар) физика пәні
бойынша неғұрлым өмірге маңызды білімдер мен практикалық біліктерді
қалыптастыруды көздейтін пропедевтикалық (бастапқы) курстар оқытылады.
Ал оқытудың екінші сатысында (10-11-сыныптар) физиканың іргелі теориялары
негізінде құрылған жүйелі курстар оқытылады. «Физика» пәнiнiң базалық бiлiм
мазмұны алғашқыда бес мазмұндық желі бойынша анықталып, кейіннен іргелі
теориялар төңірегіне топтастырылып беріледі. Атап айтқанда, физика
курсының мазмұнына механика мен молекулалық физикадағы және
электродинамика, оптика мен атомдық физикадағы негiзгi заңдар мен ұғымдар,
физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу әдiстерi, сонымен қатар аспан
денелерi мен олардың физикалық табиғатын зерттеу әдiстерi мен нәтижелерi,
әлем құрылысы мен оның дамуы туралы мағлұматтар енгiзiлдi [2].
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің
7-9-
сыныптары үшін «Физика» пәнінен қолданыстағы үлгілік оқу
бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың
практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған көрсетілім, практикалық және
лабораториялық жұмыстарды орындау және білім алушылардың білімiн
тексеруге бөлінетін уақыттың рационалды сәйкестігі қарастырылды.
Оқыту
бағытына тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне
қызығушылық білдірген білім алушыларға мектептің таңдау курстары бойынша
оқуға мүмкіндік туғызу арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын
ұлғайта алды [3].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін
атқарушысы 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі
орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік,
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Бiлiмнің базалық мазмұны ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң негiзгi
құндылықтары мен жетiстiктерiн, адамның жалпы дүниетанымдық
ұстанымдарын анықтайтын және білім алушының интеллектуалдық және
жалпымәдени дамуына, олардың әлеуметтiк және функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасайтын iргелi ғылыми идеялар мен
фактiлердi қамтиды. Базалық мазмұн жалпы бiлiм беру деңгейлері мен оқу