46
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білім алушылар туралы менің келесі
сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Атомдық және ядролық физикадан лабораториялық және практикалық
сабақтарды ұйымдастыру физикалық құбылыстардың мәнін түсінуге, білім
алушылардың эксперименттік біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға
көмектеседі. Лабораториялық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-
жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық
нұсқалармен алмастыруға болады.
Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған сабақты оның мақсаты
мен мазмұнына байланысты әртүрлі етіп құруға болады. Қазіргі уақытта
лабораториялық жұмыстарды орындауға байланысты сабақтарды өткізудің кең
тараған схемасын ұсынуға болады: кіріспе әңгіме, экспериментті білім
алушылардың орындауы және өлшеу нәтижелерін дұрыстау, жұмыстың
қорытындысын шығару.
Практикалық жұмыстардың негізгі мақсаты білім алушыларға теориялық
білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту.
Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез,
салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, білім
алушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау
амалдарын меңгерудің маңызды құралы. Осы сабақтарда білімді бекітуге және
нақтылауға себепші болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне
байланысты өткізіледі. Осы әдіс білім алушылардың әртүрлі іс-әрекеттерінде
қолданылады.
Алматы қаласы №172 мектеп-гимназиясының мұғалімі Джакупова
Жәмиля Орынбасарқызының күнделікті сабақ жоспарын ұсынамыз. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы:
Практикалық жұмыс: Электр тогын
есептеу
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Сынып Қатысқан білім алушылар саны:
Қатыспаған білім алушылар саны:
Сабақ
негіздел
ген
оқу
мақсат
тары
8.1
Электр тізбегі және оның құрамды бөліктерін білу және оның әртүрлі
бөліктеріндегі ток күшін анықтай білу;
8.2
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың ерекшеліктерін түсіну
және жалғай білу;
8.3
Электр тогының қуаты мен жұмысын есептей білу;
8.4
Оларға үй-тұрмыс жағдайынан мысалдар келтіру;
8.5
Үйдегі энергия
мөлшері мен құнын есептей білу;
8.6
Электр тізбегіне есептер
шығара білу
Сабақ
мақса
ты
Білім алушылардың барлығы мынаны орындай алады: Электр құралдарының
шартты белгісін таниды және не үшін қолданылатынын біледі. Сызбасына
қарап қарапайым тізбекті құрай алады. Амперметр мен вольтметрдің
көрсеткіштерін жазады және Ом заңын қолданып тізбектің жалпы кедергісін