Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет16/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92

35 
 
Мұғалім  негізгі  әрекет  етуші 
және 
сабақ 
барысын 
басқарушы 
тұлға 
болып 
табылатын білім алушылар мен 
оқытушының  өзара  әрекеттесу 
формасы.  
Білім 
алушы 
оқытудың 
«объектісі»  рөлін  атқарады 
(тыңдау  және  көру)  яғни
 
білім 
алушылар 
тек 
пассивті 
тыңдаушы 
болады. 
Білім 
алушылар 
мен 
оқытушы 
арасындағы 
байланыс 
тек 
сұрау,  бақылау  және  өзіндік 
жұмыстар,  тестілер  арқылы 
жүзеге асырылады 
Білім  алушылар  мен  мұғалім 
сабақ 
барысында 
өзара 
әрекетте  болатын  және  білім 
алушылар 
тек 
пассивті 
тыңдаушылар  емес,  сабақтың 
белсенді 
қатысушылары 
болып 
табылатын 
өзара 
әрекеттесу  формасы.  Яғни 
білім 
алушы 
оқытудың 
«субектісі»  болып  шығады 
(өзіндік 
жұмыс, 
шығармашылық 
жұмыс, 
лабораториялық-практикалық 
жұмыс).  Мұнда  мұғалім  мен 
білім 
алушылардың 
құқықтары бірдей 
Білім 
алушылардың 
мұғаліммен  ғана  емес, 
бір-бірімен  кеңінен  өзара 
әрекеттесуіне  және  оқыту 
процессінде 
білім 
алушылардың 
белсенділігі 
нің 
басымдылығына 
бағытталады. 
Интерактивті 
сабақтардағы  мұғалімнің 
орны  білім  алушылардың 
іс-әрекетін 
сабақ 
мақсаттарына  жету  үшін 
бағыттаумен шектеледі.  
 
 
 
 
Оқытудың  активті  (белсенді)  түрі  –  оқыту  мен  шығармашылық  үшін 
дидактикалық  процесті  ұйымдастырудың  реттелген,  алгоритмделген, 
жоспарланып  қойылған  формасы  мен  әдісімен  танымдық  мотивтер  мен 
қызығушылықтарды туғызатын ізденушілік, зерттеушілік, нақты проблемалық 
талаптар қоятын дамытушы әдістерге аяқ басу болып табылады [11]. 
Белсенді оқыту әдістерінің артықшылықтары: 
біріншіден,  олар  өздері  белсенді,  өйткені,  негізінен  зияткерлік  және 
физикалық тұрғыдан ойындарға жатады; 
екіншіден,  олар  пассивті  монологты  білім  беру  процессіне 
қатысушылардың  барлығының  белсенді  ой  алмасумен  ауыстырады,  білім 
алушылар  мен  үйренушілерді  пассивті  тыңдаушылар  мен  «сөйлейтін» 
«ұйымшыл команданың жігерлі, ынталы, шығармашыл, талапты ойыншылары 
мен бапкерлеріне (ойнаушы-бапкерлер)» айналдырады;  
үшіншіден,  бұл  әдістерді  барлық  қол  жетімді  ауызша  және  жазбаша 
байланыс  түрлері  қолданады  да,  дәстүрлі  тәсіл  кезінде  қатысушылардың 
жасырын әлеуетін жандандырады; 
төртіншіден, бойымыздағы барлық ақыл-ойды қолдану нәтижесінде білім, 
білік,  дағдылар,  қасиеттер  мен  құндылықты  бағдарларды  меңгеру  процессі 
айтарлықтай жанданады. 
Әдістердің  белсенділігі  сонша,  олар  сабақ,  семинар,  тренинг 
тапсырмаларына  ғана  емес,  сонымен  қатар  релаксация,  үзіліс  және  тіпті 
мектептен  тыс  уақытқа  да  қатысты  болады.  Ең  қызығы,  үзіліс  кезіндегі 


36 
 
қатысушылардың  белсенділігі  практикалық  тапсырмалар  мен  жаттығуларды 
орындау барысына қарағанда жоғары болып жатады. 
Тиісінше  білім  алушылар  орындайтын  интерактивті  жаттығулар  мен 
тапсырмалар  интерактивті  сабақтардың  негізгі  құрамдас  бөліктері  болып 
табылады. Интерактивті жаттығулардың маңызды ерекшелігі –оларды орындай 
отырып,  білім  алушылар  бұрын  оқылған  материалды  бекітіп  сонымен  бірге 
жаңа материалды меңгереді. 
Интерактивті өзара әрекеттің басты белгілері: 
Плюрализм.  Бұл  –  қарастырылатын  кез-келген  проблемаға  қатысты 
педагогикалық  процесстің  әрбір  қатысушысының  жеке  көзқарасының  болу 
мүмкіндігі. 
Диалог.  Мұғалім  мен  білім  алушылар  арасындағы  қарым-қатынас 
диалогы олардың бірін-бірі тыңдау және есту, бір-біріне көңіл бөлу, проблемаға 
қатысты өз көзқарасын, міндетті шешуде өз жолын қалыптастыру іскерліктерін 
талап етеді. 
Ойлау іс-әрекеті. Ол мұғалім мен білім алушылардың белсенді ойлау іс-
әрекетін ұйымдастыруда жатыр. Мұғалім білім алушылардың санасына дайын 
білімді көшіруі емес, олардың дербес танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. 
Мағыналы  шығармашылық.  Бұл  –  білім  алушылар  мен  педагогтың 
зерттелетін  проблемаға  қатысты  өздері  үшін  жаңа  мағынаны  саналы  түрде 
қалыптастыру  процессі.  Бұл  –  өмір  құбылыстары  мен  заттарына  деген  жеке 
көзқарасын білдіру. 
Таңдау еркіндігі. 
Табыс жағдаятын қалыптастыру үшін басты шарттар – білім алушыларды 
оң және оңтайлы бағалау. 
Рефлексия.  Педагогикалық  процесске  қатысушылардың  өз  іс-әрекетін, 
өзара әрекеттесуін өзіндік талдауы, бағалауы.  
Сын  тұрғысынан  ойлау.  Сын  тұрғысынан ойлау  маңызды  дағды ретінде 
оқулықта берілген барлық тапсырмаларда байқалады. 
Кері байланыс ұсыну. 
Физика  пәндері  сабақтарында  көптеген  оқыту  әдістері  қолданылады: 
әңгіме, 
түсіндіру, 
дәріс, 
демонстрациялық 
тәжірибелер 
көрсету, 
лабораториялық  жұмыстар  өткізу,  оқу  кинофильмін  пайдалану,  табиғат 
құбылыстарын  бақылау,  есептер  шығару,  білім  алушылардың  білімін  тексеру, 
тест тапсырмалары арқылы тексеру. 
7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасының  негізгі  міндеті  білім  алушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту.  Жаппай  оқыту  формасынан 
интерактивті,  инновациялық,  жобалық-зерттеу  технологиялары,  сандық 
инфрақұрылымды  қолдана  отырып,  әр  білім  алушының  жеке  білім  алу 
траекториясын жүзеге асыруға көшуді қамтамасыз ету қарастырылған. 
Қазіргі  заманғы  педагогика  интерактивті  тәсілдерге  өте  бай,  олардың 
ішінде  төменде  келтірілген  тәсілдерді  бөліп  алып  (11-кесте),  оларды  сабақта 
тиімді қолдануға болады.  
 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау