Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет17/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92

37 
 
11-
кесте – Оқытудың формалары 
 
Оқытудың формалары  
Оқыту  ойындары  (рөлдік  ойындар,  ым-ишара,  іскерлік  ойындар  және  білім  беру 
ойындары)  
Қоғамдық ресурстарды пайдалану (маманды шақыру, серуен-саяхаттар)  
Әлеуметтік жобалар және оқытудың сыныптан тыс басқа да әдістері (әлеуметтік жобалар, 
жарыстар,  радио  және  газеттер,  фильмдер,  қойылымдар,  көрмелер,  өлеңдер  мен 
ертегілер)  
Жаңа материалды зерделеу және бекіту (интерактивті дәріс, көрнекі құралдармен, бейне- 
және  аудио  материалдармен  жұмыс,  «білім  алушы  мұғалім  рөлінде»,  «әрқайсысы 
әрқайсысын оқытады», сұрақтарды пайдалану және тағы басқа)  
Күрделі  және  пікірлесу  сұрақтары  мен  мәселелерін  талқылау  («Өз  бағытыңды  ұстан 
(пікірлер  шкаласы)»,  «ҰТМС-формула»
1
 
(«ПОПС-формула»),  жобалық  техникалар, 
«Жалғыз – бірге – бәріміз бірлесе», «Бағытыңды ауыстыр», «Әткеншек», «Телевизиялық 
ток-шоу стиліндегі пікірталас», пікірсайыстар, симпозиум)  
Мәселелерді  шешу  («Шешімдер  ағашы»,  «Шытырман  талдау»  мыйға  шабуыл, 
«Келіссөздер және медиация». 
Кейс-стади әдісі  
Көрсетілімдер  
 
Презентация  –  мүдделі  аудиторияға  ақпарат,  өнім  не  қызметті  ұсыну. 
Белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  мәнмәтініндегі  презентация  технологиясы 
жобалық  шешімді  ұсыну  және  қорғау  формасы  болып  табылады.  Жаңа 
технология  ақпарат  жеткізу  дағдылары,  жұртшылық  алдында  сөйлеу,  сендіру 
техникасы, аудитория сұрақтарына жауап беру іскерлігін меңгеруге және қиын 
жағдайлардан шығуға көмектеседі. Қажетті талаптар: уақыт тәртібін қадағалау, 
материалдың мазмұндылығы, көрнекі ұсынылуы (таратылатын материал, Power 
Point 
презентациясы), сөйлеу стилі [12].  
Мысалы: Білім алушыларға сабақты қортындылау үшін ынталандырушы 
төмендегідей  сұрақтар  қойылады:  Жолдарда  апаттың  қалай  алдын  алады? 
Тежелу жолын қалай арттыруға және кемітуге болады?. Топта жұмыстарының 
қорытындысынан презентация  жасауды ұсыныңыз.  Сабақтың  алдында  «Біздің 
қаламыздағы  көлік  оқиғасының  статистикасы»  тақырыбы  бойынша  топта 
қысқаша  хабарламаға  презентация  жасауды  ұсыныңыз.  Сіз  қалай  ойлайсыз, 
жүргізушіге оқиға қауіпін мейлінше азайтатын қандай дағдылар қажет? Әртүрлі 
мысалдар  келтіріңіз.  Жол-көлік  оқиғаларының  басты  себебі  жүргізушінің  іс-
әрекеті  болып  табылады.  Көптеген  оқиғалар  жол  қозғалыс  ережелерін 
сақтамаудан  болатыны  мәлім.  Ол  жылдамдықты  асыру,  жол  белгілеріне 
қарамау,  бұрылыс  кезінде  жарық  арқылы  сигнал  бермеу,  автокөлікті  қоюға 
тыйым салынған жерге қою болуы мүмкін. Кей кезде көлік жүргізу қалыпты іс 
ретінде  қабылданып,  жүргізуші  босаңсып,  бұрылыс  көрсеткішін  қосуды, 
қауіпсіздік  белбеуін  тағуды  ұмытып  кетеді  немесе  жылдамдықты  асырып 
жібереді.  Көлікті  байқап  жүргізу  және  жол  қозғалысының  басқа 
қатысушыларына деген құрмет, жазатайым жағдайлардың санын азайтады.  
                                                           
 


38 
 
Білім алушылардың интерактивті белсенділігін одан сайын арттыру үшін 
үй  жұмысы  ретінде  жол  қауіпсіздігін  сақтау  туралы  алынған  білімді  және 
түйінді сөздерді қолдана отырып, төменгі сынып білім алушыларына арналған 
презентация жасауды ұсынуға болады. 
Кейс – білім алушылардың талдауы, шешуі және бағалауы үшін мұғалім 
арнайы  ұсынатын  өндірістік  не  экономикалық  жағдаят  түрі.  Кейс-стади–
өзбетінше  ойлау  қабілетін  және  шешім  қабылдау  дағдыларын  көрсетуге 
мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау [13]. 
Кейстер белгілі бір ерекшеліктерге ие: 
1.  Кейс  негізінде  әдетте  шынайы  не  мұғалім  арнайы  ұсынатын  нақты 
жағдаят  жатады,  оның  материалы  арнайы  зерттеулердің  нәтижелері, 
статистикалық есеп формалары және басқа да қосымша ақпаратпен бекітіледі. 
2.  Анық  білдірілген  сұрақтардың  болуы  кейске  тән  не  сай  емес;  кейсті 
талдау барысында ненің басты болып, бірінші кезекте талдауды талап ететіндігі 
әрқашан  айқын  емес;  басты  проблеманы  анықтау  кейсті  талдау  және  шешім 
табуда ең маңызды және қиын кезеңдердің бірі болып табылады. 
3.  Кейстің  анық  бір  шешімі  болмауы  мүмкін.  Кейс  негізінде  жататын 
нақты  жағдаят  оңтайлы  шешімге  қандай  да  бір  деңгейде  жақын  көптеген 
шешімдерді білдіруі мүмкін. 
4. Жалпы қабылданған мағынада шешім шығару мүмкін болмаған кезде 
проблеманы анықтау және ашу, оны талдау және қалыптасқан жағдайда әрекет 
жасау тәртібін анықтауды шешім ретінде санауға болады. 
Кейс-стади–әдісі бойынша қалыптасатын дағдылар: 
1.  Аналитикалық  дағдылар.  Оларға:  деректердің  мәліметтерден  айыру 
шеберлігі,  маңызды  және  маңызды  емес  ақпараттарды  айыра  білу,  талдау, 
елестету  және  оларға  қол  жеткізу,  жіберіп  алған  ақпаратарды  тауып,  оларды 
қалпына  келтіру  шеберлігі  және  тағы  басқаларды  жатқызуға  болады.  Нақты 
және  логикалық  ойлау  қабілеті.  Бұл  әсіресе,  ақпарат  сапасы  төмен  болған 
жағдайда өте маңызды. 
2.  Тәжірибелік  дағдылар.  Кейсте  көрсетілген  нақты  жағдайларымен 
салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, 
әдістер  мен  принциптерде  қолданылатын  тәжірибе  дағдыларын  жүйелеуге 
мүмкіндік береді. 
3.  Шығармашылық  дағдылар.  Ережеге  сай  жалғыз  Кейс-стади  әдісімен 
мәселе  шешілмейді.  Мұнда,  логикалық  жолмен  шешілмейтін,  альтернативті 
шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 
4. 
Коммуникативті  дағдылар.  Оған:  дискуссияны  жүргізу  шеберлігі, 
қатысушылардың  көзін  жеткізу.  Көрнекі  материалды  және  басқа  қажетті 
ақпараттар мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, 
оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.  
5.  Әлеуметтік  дағдылар.  Мұнда  мәселені  талқылау  барысында  Кейс-
стадиде нақты: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны 
қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және осы 
сынды әлеуметтік дағдылар қалыптасады. 
6.  Өзіндік  саралау.  Яғни,  пікірталас  кезінде  келіспеушілік  басқалардың 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау