1
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
2
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
3
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Polpharma тобыны
Этика кодексi
4
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
5
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
біз күнделікті жұмысымызда басшылыққа алғымыз келетін
құндылықтар, стандарттар мен ережелер жүйесін белгілейтін
Polpharma Тобының Этика кодексін сіздерге мақтанышпен ұсынамыз.
Қызметкерлермен, серіктестермен, клиенттермен және фирманың
айналасындағы кең жұртшылықпен қарым-қатынас жасау кезінде ең
жоғарғы стандарттарды ұстана отырып әрекет ету - біздің міндетіміз.
сонымен қатар, бұл өз өнімдері арқылы науқастардың денсаулығы
мен өмір сүру сапасына ықпалын тигізетін фармацевтикалық компа-
ния ретінде бізге жүктелген жауапкершілікті растайды.
біз қабылдаған Этика кодексі құрмет, адалдық, жауапкершілік,
ниеттестік және ынтымақтастық секілді Polpharma Тобының
қызметкерлеріне ортақ этикалық құндылықтарға негізделген. ко-
дексте қамтылған ережелер Польшадағы және шетелдік нарықтағы
Polpharma Тобына тиесілі барлық компаниялардағы лауазымына
және атқаратын жұмыс сипатына қарамастан әрбір қызметкер үшін
міндетті болып табылады.
бұл құжат - Polpharma Тобында күшті этикалық мәдениетті құруды
көздейтін кешенді этикалық бағдарламаның бір бөлігі. бағдарламаны
құру және талқылау барысында оған 2000-ға жуық қызметкер атсалыс-
ты. бұл, өз кезегінде, компания үшін осы жобаның бірегей маңызға ие
екенін көрсетеді.
кодексті қабылдаудың арқасында біз заңды, қолданыстағы рәсімдер
мен жүріс-тұрыстың ең жоғарғы стандарттарын сақтауды өзіне арқау
етіп алған, сенім артуға болатын компания екенімізді растап отырмыз.
кодексте көрсетілген қағидаттар күнделікті шешім қабылдау бары-
сында және дұрыс таңдау жасау кезінде бізге бағалы бағыт береді.
біз алдымызға жоғары талаптарды қоямыз және жеткізушілеріміз
бен серіктестерімізден де осыны күтеміз. біз үшін серіктестеріміздің
өзіміздің ұстанатын құндылықтар жүйесін сақтауы және осыған
ұқсас жүріс-тұрыс нормаларын басшылыққа алуы үлкен маңызға
ие. біздің жасайтын іс-әрекеттеріміз өзгелер үшін үлгі болып, бүкіл
фармацевтикалық саладағы стандарттардың жоғарылауына ықпал
етеді деп үміттенеміз.
рметтi мырзалар!
Құрметпен,
ежи старак
Polpharma бақылау кеңесінің төрағасы
6
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
7
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Мазм ны
1. Polpharma тобы жайлы
......................................... 7
2. Біз Этика кодексін қандай мақсатпен
жасадық?
................................................................... 10
3. Этика кодексі кімге қатысты
?
......................... 12
4. Біз қалай әрекет етеміз?
.......................................13
5. Басқарушы кадрлардың ұстанымы
................15
6. Этика тұрғысынан күмәнді
болып табылатын жағдайларда
не істеу қажет?
.........................................................17
7. Polpharma тобының этикалық
құндылықтар жүйесі
.............................................19
7.1.
Әріптестермен қарым-қатынас жасау
барысында біз қандай қағидаларды
ұстанамыз?
...............................................................22
7.2. іскерлік қарым-қатынаста біз қандай
ережелерді ұстанамыз?
.........................................27
8. Тәртіп бұзушылық туралы хабарлау
...............37
8
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Осы Кодексте «компания» ұғымы кездескен кезде, бұл ұғым
әрқашан Polpharma Тобына енетін әрбір субъектіні, сонымен
қатар, тұтастай Polpharma Тобын меңзеп тұрғанынын түсіну
қажет.
«Polpharma Тобының қызметкері» деген ұғым Polpharma
Тобына енетін кез келген субъектің қызметкерін, соны-
мен бірге, біздің стратегиялық серіктесіміз Farmaprojects
компаниясының қызметкерін білдіреді.
Этика кодексінде қарастырылған кейбір мәселелер Polpharma
Тобында қолданыста жүрген бұдан да толығырақ рәсімдер
арқылы реттелуі мүмкін.
Этика кодексі көпшілік кіре алатын www.santo.kz сайтында,
сонымен қатар, Polpharma Тобының Интранетінде, тікелей
басшыда және SANTO компаниясының Compliance Officer-інде
бар.
9
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фабрика мем-
лекет меншігіне өтті. ал 1959 жылы «Польфа»
Фармацевтикалық өнеркәсіп бірлестігіне енді. 1995
жылы біз Polpharma деген тарихи атауымызға қайта
оралдық. компания 2000 жылы жекешелендіріліп, бұл
оның серпінді дамуына өз әсерін тигізді.
2012 жылы Polpharma Тобының құрамына енген
«Польфа Варшава» компаниясы өзінің бұдан да ұзаққа
созылған тарихын мақтан ете алады. себебі оның түп-
тамыры қазіргі «Польфа Варшава» аҚ компаниясының
негізін қалаған Жасанды минералды су институтының
негізі салынған кезден - 1824 жылдан тартады.
Қазіргі таңда біз польшалық фармацевтика нарығының
көшбасшысы және қызметін орталық-Шығыс еуропа,
кавказ және орталық азия нарықтарында жүргізіп
отырған халықаралық фармацевтикалық топ болып
табыламыз. біз - генерикті өндіретін әлемдегі ал-
пауыт 25 кәсіпорынның біріміз. дәрі-дәрмек және
фармацевтикалық субстанциялар, биологиялық белсенді
қоспалармен қатар, біз диеталық азық-түлік өнімдерін,
медициналық бұйымдарды және косметиканы өндіреміз.
Polpharma компаниясының тарихы 1935 жылы
дәріханашы Курт Боскамп Старогард-Гданьск қаласында
Polpharma атты польшалық химиялық-фармацевтикалық
фабриканың негізін қалаған кезден басталады.
1. Polpharma Тобы
жайлы
10
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Polpharma Тобының құрамына келесілер кіреді: басты
кеңсесі старогард-Гданьск қаласында және өндірістік
бөлімдері духнице және нова-демба қалаларында
орналасқан Polpharma фармацевтикалық зауыты; Варша-
вадағы «Polpharma» сауда кеңсесі» ЖШҚ; серадз қала-
сындағы «Медана Фарма» аҚ; «Польфа Варшава» аҚ;
ресейлік «акрихин» компаниясы; Шымкенттегі «Хим-
фарм» аҚ (Santo member of Polpharma Group сауда
белгісімен қызмет жасайды); сонымен бірге швейца-
риялық Swiss Pharma International aG компаниясы.
2011 жылы «Химфарм» аҚ (SaNTo компаниясы)
халықаралық фармацевтика тобына еніп, қазіргі кезде
қазақстандық дәрі өндірушілер арасында көшбасшы
орынды алып отыр. компанияның өндірістік
қуаттылығы жыл сайын 1 миллиард таблетка, капсу-
ла мен түйіршікті, 300 миллион ампуланы, 24 мил-
лион антибиотик құтышасын, 4 миллион инфу-
зия пакеті мен құтышасын және 20 миллион шәрбат
құтышасын өндіруге мүмкіндік береді. компания
қоржынында терапияның түрлі саласындағы ауруларды
емдеуге арналған 12 фармакотерапиялық топқа жата-
тын 200-ден астам генериктік және түпнұсқалы препа-
рат бар.
Қазіргі таңда компания GmP халықаралық стандарт-
тарына сай келетін қолданыстағы фармацевтикалық
өндірістерді жаңарту және жаңа кәсіпорындарды құру
бойынша көлемі 100 млн. аҚШ долларын құрайтын
ең ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. осы
жоба шеңберінде Шымкент қаласында инъекциялық
ерітінділер және инфузияларды өндіретін жаңа цех са-
лынып, пайдалануға берілді.
11
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
SaNTo компаниясы зарарсыздандырылған дәрілік
заттардың қолданыстағы өндірістеріне арнап GmP са-
пасына сәйкестігі жөніндегі 2 сертификатты алған. бұл 2
сертификат инъекциялық ерітінділер мен инфузияларды
шығаратын цехтегі инъекциялық ерітінділер өндірісіне
және пакеттер мен бөтелкелерде шығарылатын
инфузиялық препараттар өндірісіне берілген. компа-
ния дәрілік өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Моңғолия,
Тәжікстан және Түрікменстан секілді бес елге экспортқа
шығарады.
сонымен қатар, біздің стратегиялық серіктесіміз
испандық Farmaprojects компаниясының қызметі
Polpharma Тобы қызметімен біріктірілген. сондай-ақ,
Литва, Украина, беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан,
Чехия, болгария және Вьетнамда біздің өкілдіктеріміз
бар. біз инновациялық шешімдерді қызметіміздің
барлық салаларында ендіріп, әлемдік деңгейдегі техно-
логияларды және өндірістің ең жоғарғы стандарттарын
қолданамыз. сондай-ақ, біз ғылым мен білім беру ісін
және салауатты өмір салтын ұстануға көмектесетін емдеу
шараларын дамытуға белсенді түрде атсалысамыз. бізге
науқас адамдар, дәрігерлер және іскерлік серіктестер өз
сенімдерін артады.
Қызметкерлеріміздің өз жұмысына жан тәнімен беріле
қызмет жасап отырғаны біздің үлкен әлеуетке ие
екенімізді айғақтайды. біздің компания құрамында
7000-нан аса адам Польшада және шет елдерде қызмет
атқарады. Қызметкерлеріміздің өсіп-дамуына жағдай
жасап, алға қойған мақсаттары арқылы өздеріне,
компанияға және қоршаған ортаға өз пайдасын тигізуге
мүмкіндік беру үшін біз оларды жақсы жұмыс орында-
рымен қамтамасыз етеміз.
12
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
біз этикалық стандарттарға негізделген нормалар
мен ережелерге сәйкес әрекет етуді қалаймыз. оның
қайнар көзі көптеген жылдар бойы қалыптасқан және
біздің дәстүрлер мен мәдениетімізге негізделген,
Polpharma Тобының барша қызметкерлеріне ортақ
құндылықтар жүйесінде жатыр. осы құндылықтардың
арқасында біз айналадағыларға және қызметкерлерге
пайдамызды тигізе отырып, Polpharma тобының орнын
нығайтудамыз.
осы кодексте қамтылған этикаға сай жүріс-тұрыс ту-
ралы декларация біздің уәждемеміз болып табылады
және де ол біз қабылдайтын шешімдер мен әрекеттердің
бағытына және сипатына өз ықпалын тигізеді. бұл
декларация науқас жандар мен серіктестерімізге
біздің қызметіміз адалдық қағидалары мен көпшілік
Науқас жандарға көмек көрсететін компания ретінде
бізге қандай жауапкершіліктің артылып отырғанын
біз терең түсінеміз. Әрдайым сау болғысы келетін
жандар үшін де көмегімізді аямаймыз. Біздің өнімдерді
қолданатын адамдардың барлығымен өз білімімізбен
және тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз. Күнделікті
қызметімізге жұртшылықтың сеніммен қарауы
қаншалықты маңызды екенін біз жақсы түсінеміз.
2. Бiз Этика кодексiн
андай ма сатпен
жасады ?
13
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
қабылдаған ережелер негізінде атқарылатындығына
кепіл береді.
Этика кодексі этика нормалары мен қолданыстағы
заңнамаға сәйкес жұмысты атқару үшін қажетті
қолдаумен қамтамасыз ете отырып, біздің қызметтің
шеңберін және стандарттарын белгілейді. бұл
қызметкерлерден «осы нақты әрекеттер Polpharma
Тобының адал және сенімді іскерлік серіктес ретіндегі
беделін нығайтуға септігін тигізе ме?», сонымен
қатар, «бұл фирманың абыройына нұқсан келтіріп, ал
клиенттерді біздің өнімдерге қол жеткізу мүмкіндігінен
айырмай ма?» деген секілді сұрақтарға жеке өзінің
бағасын беруді де талап етеді.
Polpharma Тобының әрбір қызметкері ұйымның
ішінде, сондай-ақ, одан тысқары орындарда кодекс
ережелеріне сәйкес қызмет жасауы тиіс. сонымен
қатар, бізбен бірге ынтымақтаса жұмыс жасайтын
тұлғалар да біз қабылдаған жүріс-тұрыстағы этика
нормаларын сақтайды және де өз қызметтерін адал,
заңнамаға сай атқарады деп күтеміз.
біз қабылдаған кодекс
-
Polpharma Тобындағы бизнес
мәдениет этикасына сүйене отырып құрылған іргетас.
ол серіктестерімізбен жасалатын келісім-шарттардың
бір бөлігі болып табылады.
14
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
сонымен бірге, кодекс еңбек шартын жасамастан
жұмысқа орналасқан тұлғалар үшін де міндетті бо-
лып табылады. бұл еңбек шартын жасасып жұмысқа
орналасқан тұлғалар да, азаматтық-құқықтық шарт-
тар негізінде қызмет жасайтын тұлғалар да, Polpharma
Тобына қызмет көрсететін сыртқы компаниялардан
жіберілген қызметкерлер немесе уақытша жұмыс жа-
сайтын қызметкерлер де Этика кодексінде қамтылған
ережелерді біліп, оны сақтауы керектігін білдіреді.
Polpharma Тобының Этика кодексі лауазымына, еңбек
өтіліне, орналасқан жеріне және жұмыс көлеміне
қарамастан әрбір қызметкерді Polpharma Тобының этика
стандарттары мен нормаларын, сондай-ақ, ағымдағы
заңнама ережелерін сақтауға міндеттейді.
3. Этика кодексi
кiмге атысты?
15
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
қолданыстағы заңнама ережелерін сақтаймыз;
компания ішінде және одан тысқары орындарда,
Этика кодексінде бекітілген этика нормалары мен
стандарттарына сай әрекет етеміз;
компания тәртібін сақтаймыз;
жұмыс орнымызда жөнсіз әрекеттерге жол
бермейміз: Polpharma Тобында қабылданған этика
нормалары мен қолданыстағы заңнама ережелеріне
қайшы келетін жүріс-тұрысты байқаған кезде
әрқашан мұндай әрекеттерді елеусіз қалдырмаймыз;
Polpharma Тобында қабылданған этика нормалары
мен қолданыстағы заңнама ережелерін бұзатын
әрекеттер жайлы өзіміздің тікелей басшыларымызға,
Compliance officer-ге немесе тағайындалған өзге
де тұлғаларға компанияда қабылданған тәртіп
бұзушылық туралы хабарландыру тәртібін сақтай
отырып жеткіземіз;
Polpharma Тобының Этика кодексі бізге арналып
жасалғандықтан, біз:
4. Бiз алай
рекет етемiз?
16
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Ұлттық заңнама ережелері Этика кодексіне және компания
ішіндегі тәртіпке қарағанда қатаңырақ болса немесе,
керісінше, ұлттық заңнама ережелері Этика кодексіне
және компания ішіндегі тәртіпке қарағанда жұмсағырақ
болса, ондай жағдайларда барынша қатаң талаптарды
басшылыққа алу қажет.
орынды болған жағдайларда Compliance officer-ге
кодексті жетілдіретін немесе Polpharma Тобының
этикалық мәдениетін нығайтуға мүмкіндік беретін
ұсыныстарымызды жібереміз.
17
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Polpharma Тобын басқаратын барлық деңгейде
жетекшілік ететін бөлімшелердің мүшелері өзгелерге
жақсы үлгі көрсетіп, қызметкерлерге өнеге болуы тиіс.
5. Бас арушы кадрлар
станымы
Жетекшілердің рөлі төмендегідей:
қол астындағы қызметкерлері үшін көпшілік
арасында қабылданған этика құндылықтарына
негізделген еңбек мәдениетін ендіруге және оның
дамуына септігін тигізетін, алға қойған мақсаттар
мен тапсырмаларды жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін ортаны құру;
қызметкерлермен сұхбаттасу және жұмыс жасаудың
этикалық тұстарына мән беру арқылы Этика
кодексінде бекітілген стандарттар мен жүріс-тұрыс
ережелерін күнделікті кәсіби іс-тәжірибеге ендіру;
барлық қызметкерлерге Этика кодексінің
мазмұнымен танысуға мүмкіндік беру;
18
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
қызметкерлер этикалық дилеммалардың шешімін
іздеп, осы жөнінде хабарлаған жағдайда, өз құзыреті
аясында қажетті түсіндірулер мен кеңестерді беру;
кодексте қабылданған жүріс-тұрыс ережелерін,
сонымен бірге, ағымдағы заңнама ережелерін бұзған
жағдайларға қатысты қызметкерлер арыздарын
қабылдау, оларды саралау және тиісті шешімдерді
қабылдау;
Polpharma Тобына жағымсыз ықпалын тигізуі
мүмкін барлық әрекеттерге қатысты нақты шаралар
қабылдау;
этикалық сипаттағы қауіптер жайлы хабарлаған
қызметкерлерге қажетті қолдау көрсету және
оларды этика нормаларын бұзатын тұлғалардың
кері әрекеттерінен қорғау.
19
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Этика кодексі Polpharma Тобында қабылданған этика
ережелері мен стандарттары туралы білім беретін негізгі
ақпарат көзі болып табылады.
алайда, Этика кодексінің ережелері этикалық нор-
ма тұрғысынан алып қарағанда дұрыс баға беру-
ге жеткілікті болмауы мүмкін екенін біз түсінеміз.
Мұндай жағдайларда барлық қызметкерлер өз күмәнін
тікелей жетекшісіне немесе Compliance officer-ге
жеткізуі тиіс.
Қандай да бір нақты жағдайда қалай әрекет етуді
білмеген кезде, келесі сұрақтардың жауаптары бізге
көмектесуі мүмкін:
Менің жүріс-тұрысым Polpharma Тобында
қабылданған тәртіп пен заңнама ережелеріне сай келе
ме?
6. Этика т р ысынан
к м ндi болып
табылатын жа дайларда
не iстеу ажет?
20
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Менің жүріс-тұрысым Этика кодексінде сипатталған
этика құндылықтары мен ережелеріне сай келе ме?
осы жүріс-тұрысым менің құндылықтарыма және
жүріс-тұрыс ережелеріме сай келе ме? осылайша
әрекет етсем, сосын өзімді қалай сезінемін?
осы жүріс-тұрыс менің кәсіби міндеттерімді
орындау кезінде қабылдайтын шешімдерге әсер етуі
мүмкін бе?
басқа адамдардың осылай әрекет еткенін қалайтын
ба едім?
Маған қатысты басқа адамдардың осылай әрекет
еткенін қалайтын ба едім?
Менің осылай әрекет еткенімді жақын адамдарым
білсе, олар өздерін қалай сезінер еді?
бастығым және әріптестерім осы жағдайға қалар
қарар еді?
бұл жағдай Polpharma Тобына материалдық залал
әкеле ала ма немесе оның абыройына нұқсан келтіре
ала ма?
егер осы жағдай туралы баҚ-на хабарлайтын болса,
менің жақындарым, әріптестерім, басшылық және
де Polpharma Тобының айналасы бұған қалай қарар
еді? Мен өзімді қалай сезінетін едім?
21
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
оның негізінде Polpharma Тобын көптеген жылдар
бойы құрып келе жатқан тұлғалдардың жеке және
кәсіби ұстанымдарының арқасында қалыптасқан
этикалық құндылықтар жүйесі жатыр. компанияның
ішінде және одан тысқары орындарда әрекет ету кезінде
біз бұл кұндылықтарды әрқашан жадымызда ұстаймыз.
Құрмет
адам бәрінен маңызды. біз қызметкерлермен
және де біздің өнімді тұтынушылармен қарым-
қатынасымызда құрмет көрсету қағидаларын ұстана
отырып, адамдарға және жұмысқа үлкен құрметпен
қараймыз. біз қызметкерлердің абыройына және
олардың әралуандығына құрметпен қарайтын,
этикаға қайшы жүріс-тұрысқа және кемсітушілікке
жол бермейтін жұмыс ортасын құруға ұмтыламыз.
біз қызметкерлердің дамуына, сондай-ақ, олардың
кәсіби және жеке ниет-талаптарын жүзеге асыруға
жағдай жасайтын жұмыс орнын құрғымыз келеді.
біз қызметкерлердің және бізбен әрекеттесетін
адамдардың жеке өмірін сыйлаймыз.
«Адамдар адамдардың қамын ойлайды»
- бұл біздің қызметімізбен ілесе жүретін ұран.
7. Polpharma тобыны
этикалы ндылы тар
ж йесi
22
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Адалдық
Polpharma Тобының беделі мен сенімділігінің
негізі заңды сақтау болып табылады. Өзіміздің
қызметімізді жүргізіп отырған әрбір елдегі
қызметкерлер сол елдің заңнамаларын сақтап,
сәйкесінше әрекет етуі қажет.
сонымен қатар, біз үшін адалдық түсінігі көпшілік
арасында қабылданған этика нормалары мен
қағидаттарын ұстана отырып, этика нормалары-
на сай әрекет етуді білдіреді. бұл біздің нарық ор-
тасында жасайтын қарым-қатынасымыздан және
бәсекелестік жасауда қолданатын әдістерімізден,
сонымен қатар, өз өнімдерімізді ілгерілету және
жарнамалау кезінде адал әрі шыншыл тәсілдерді
қолданатынымыздан көрініс табады.
Жауапкершілік
біз барлығымыз өз жұмыс орнымыз және атқаратын
тапсырмаларымыз үшін жауапкершілікті сезінеміз.
Өзімізге тапсырылған міндеттерді іждағатпен,
жан-тәнімен беріле атқарамыз. компанияның
мүлкін қорғап, оны үлкен қауіп-қатерге тікпейміз.
Міндеттерді орындау және коммерциялық құпияны
сақтаудың арқасында біз сенім артуға лайықты ком-
панияны құрамыз.
Өнімдеріміздің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін біз бар күшімізді саламыз. Өндіретін
өнімдерімізді, әсіресе адам өмірін аман алып қалуға
көмектесетін дәрілік заттарды әрдайым қолжетімді
ету үшін үлкен жауапкершілік сезінеміз.
23
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Ниеттестік
біз көмекке мұқтаж жандарға және науқас адамдарға
қол ұшын береміз. біз фармацевтикалық нарықтың
жоғары сапасына сай болу үшін терапиялық амал-
дарды әрқашан жетілдіріп отыруға ұмтыламыз.
басқа адамдарға деген ниеттестік бұл біздің
жұмысымыздың іргетасы болып табылады.
Ынтымақтастық
біз Polpharma тобының барлық қызметкерлерінің
және ұйымдық бірліктерінің білімдері мен сан
алуан құзыреттеріне негізделген топтық жұмысты
жоғары бағалаймыз. Тәжірибеге сүйене отырып,
біз компанияның қамын ойлаймыз, сонымен бірге,
инновациялық қызметіміздің тірегі болып табыла-
тын тың идеяларға да есігіміз әрдайым ашық.
біз ашық қарым-қатынас пен диалогқа үлкен ден
қоямыз. біздің мақсатымыз - серіктестік қарым-
қатынасқа және өзара түсіністікке қол жеткізу. Жос-
парларымызды жүзеге асыруда бір-бірімізге қолдау
көрсете отырып, ортақ мақсаттарымызға жету-
ге ұмтыламыз. нарықта табысқа жету Polpharma
Тобындағы адамдардың, командалардың және
оның барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне
тікелей тәуелді. сонымен қатар, бұл іскерлік және
әлеуметтік серіктестермен өзара тиімді байланыстар-
ды қалыптастыруға жағдай жасайды.
24
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Өзімізге жүктелген міндеттерді атқару кезінде біз
оған жеке атсалысып, жауапкершілікпен және адал
түрде қараймыз. Қызметкерлерге өз кәсібінен қанағат
алуға және олардың дамуына жағдай жасайтын
жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеміз. біз олардың
қауіпсіздігі мен денсаулығының қамын ойлаймыз.
Қызметкерлердің өз жеке өмірін қорғау құқығын
сақтаймыз.
Біз әріптестер мен іскерлік серіктестер арасындағы
сыйластыққа және өзара әрекеттесуге негізделген көңілге
жайлы жұмыс ортасын жоғары бағалаймыз.
7.1. рiптестермен
арым- атынас
жасау барысында бiз
андай а идаларды
станамыз?
25
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Біз ұстанған этикалық құндылықтар қолайлы жұмыс
ортасын құруға әсер етеді:
Біз жұмыс бабында көтерілу, кәсіби даму
және сыйақы алу үшін барлығына ортақ
мүмкіндіктерді ұсынамыз
біз қызметкерлерді әрекет етуге ынталанды-
рып, олардың қабілеттері мен дарынын дамыта-
мыз. Қызметкерлер өздерін компаниямен бірдей
көріп, онда маңызды рөл атқаратынын ұғынғанын
қалаймыз. біз әділ себептерге сүйене отырып
сыйақы тағайындау жүйесін белгілейміз. басшылық
іс жүзіндегі өлшемдерді негізге ала отырып,
қызметкерлердің еңбегіне жете әрі сапалы түрде әділ
бағасын береді. біз кәсіпқойлықты, тәжірибелілікті
және жұмыс нәтижесін бағалаймыз. Қызметкердің
мансабының қалай құрылатындығы компанияның
қажеттіліктеріне, сондай-ақ, қызметкердің жұмыс
нәтижесіне және де өзіне жүктелген тапсырмаларды
орындауға қаншалықты атсалысқандығына тәуелді.
біз қызметкерлермен олардың кәсіби даму мүмкін-
діктері жөнінде сөйлесіп, осы тақырып төңірегінде
оған толық және нақты ақпаратты береміз. Қызмет-
керлерге олардың нақты лауазымына сәйкес өз
білімдері мен дағдыларын шыңдауға арналған ком-
панияда іске асырылатын барлық бағдарламаларды
ұсынамыз.
Біз адамның абыройына құрметпен қараймыз
біз қызметкерлердің құқығын таптайтын, оның
ішінде келемеждеу, кемсіту, зәбір көрсету немесе
жеке құқығын аяқ асты ету секілді әрекеттерге жол
26
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
бермейміз. біз жеке мәліметтерді жария етпейміз,
осы мәліметтерді қорғаймыз және қызметкерлер
жөнінде өсек-аяң таратпаймыз. Қызметкердің өз-
өзін бағалауын түсіру, ұжымнан оқшаулау немесе
одан шығарып тастау үшін қорқытумен, қудалаумен
байланысты кез-келген әрекеттерге бөгет жасаймыз.
біз адамның ар-намысын құрметтеп, жеке мәдениет
ережелерін сақтаймыз. Polpharma Тобындағы жұмыс
берушісіне және еңбекке орналасу түріне қарамастан,
барлық қызметкерлерге теңдей құрмет көрсетеміз. біз
ешкімді жынысы, жасы, тегі, ұлты, сенімі, сексуалдық
бағыты, сыртқы келбеті, денсаулық жағдайы, шектеулі
мүмкіндіктері немесе басқа да кәсіподақ ұйымдарына
мүше болғаны үшін кемсітпейміз.
Біз адал түрде әрекет жасап, қарым-қатынас
құрамыз
біз әдеп ережелеріне сәйкес және адал түрде әрекет
етеміз. Этика қағидаттарын ұстанып, заң мен ішкі
тәртіптерді сақтаймыз. Polpharma Тобының беделін
түсірмейтіндей, кәсіби түрде әрі сыйластықпен
қарым-қатынас жасаймыз. біз алдау, ақпаратты жа-
сыру немесе адастыру сынды лайықсыз іс-әрекеттерге
бармаймыз.
біз қызметкерлерге қатысты шешімдер туралы шы-
найы ақпарат ұсынып, олардың жұмыс нәтижесі
жөнінде сұхбаттасамыз. біз берілген тапсырмалар және
олардан қандай нәтиже күтіп отырғанымыз жөнінде
ақпарат береміз. Тапсырманың дұрыс орындалуына
жеткілікті болатындай көлемде компанияның қызмет
етуімен байланысты ақпараттарға қол жеткізуге
мүмкіндік жасаймыз. білімдермен бөлісіп, Polpharma
Тобының компаниялары арасында, ұжым ішінде
27
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
серіктестікке негізделген ашық қатынасты құруға
көмектесетін қарым-қатынас әдістерімен бөлісеміз.
біз компанияға және оның айналасындағыларға
пайда келтіре отырып, алға қойған мақсаттарға қол
жеткізуге бағытталған ынтымақтастықты және өзара
қолдау көрсетуді жоғары бағалаймыз.
Біз қауіпсіз әрі денсаулыққа зиян келтірмейтін
еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеміз
біз үшін қызметкерлердің, сонымен қатар, бізбен
әрекет ететін тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және
олардың денсаулығын сақтау аса маңызды. біз нақты
жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті және денсаулық
сақтаумен байланысты ережелер мен нұсқаулықтарды
сақтаймыз. осы саладағы заңнамаларда қамтылған
талаптардан асатын артық көлемде еңбек шарт-
тарын жақсартатын іс-шараларды қабылдаймыз.
Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау ба-
рысына белсенді атсалысып, адамдардың өміріне
және денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардан
сақтануын және осындай жағдайлар туралы хабар-
ландыруды қамтамасыз ететін саналы қатынасты
қалыптастыруға ұмтыламыз.
Біз әралуандылықты бағалаймыз
біз әралуандылықты Polpharma Тобының артық-
шылығы деп қараймыз. біздің мәдениетіміздің
есігі қызметкерлердің жынысына, жасына, тегіне,
ұлтына, сеніміне, сексуалдық бағытына, сыртқы
келбетіне, денсаулық жағдайына, мүмкіндігінің шек-
теулігіне немесе оларды басқалардан ерекшелейтін
өзге жағдайларға қарамастан, барлығы үшін ашық.
28
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
күнделікті өмірде біз қызметкерлердің, тұтынушы-
лардың, іскерлік серіктестердің сан алуан тәжіри-
бесін және жетістіктерін өз игілігімізге пайдалана-
мыз. басқа адамдардың көзқарасын сыйлап, олармен
қарым-қатынас орнатуды және білімдермен алмасу-
ды біздің дамуымызға жол ашып, қиыншылықтарды
еңсеруге жағдай жасайтын мүмкіндік ретінде қарас-
тырамыз.
Polpharma Тобының беделі туралы қам жейміз
бір-бірімізге сене отырып, біз қызметкерлердің өз
жеке өмірін қорғау құқығын сақтаймыз. сонымен
бірге, біздің жұмыстан тыс уақыттағы іс-әрекетіміз
Polpharma Тобының беделі мен имиджіне әсер ететін
әрдайым есте ұстаймыз. Қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасау кезінде Polpharma Тобының беделін
сақтайтындай етіп әрекет жасаймыз. біз Polpharma-
ның сауда белгісі (брендін) мен құндылықтарын
бағалаймыз. біз тек уәкілетті тұлғалар ғана Polpharma
Тобы және оған енетін жекелеген субъектілер жөнінде
баҚ-пен қарым-қатынас жасай алады деген қағиданы
ұстанамыз.
29
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
біз Polpharma Тобының коммерциялық құпиясын
сақтауға және мүлкін қорғауға үлкен мән береміз.
күнделікті жұмыста мүдделер қайшылығының
туындауын алдын алатын шараларды қабылдаймыз.
сонымен қатар, бәсекелестерге, жеткізушілер мен
тұтынушыларға қатысты тиісті тәжірибені қолдану
біздің жауапкершілігіміздің аясына кіреді деп
түсінеміз.
Өндірілетін өнімнің қолжетімділігін және сапа-
сын қамтамасыз ету Polpharma Тобының барлық
қызметкерлерінің емделушілер алдындағы ең маңызды
жауапкершілігі деп есептейміз. біз кәсіби адалдық ту-
ралы қам жейміз. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген
жауапкершілік аясында жүріс-тұрыс ережесіне сай
келмейтін әрекеттерге белсенді түрде кедергі жасауы
тиіс.
Біз қызметкерлер, тұтынушылар және іскерлік
серіктестер алдындағы міндеттемелерімізді орындай
отырып, қызметімізді жоғары жауапкершілікпен
атқарамыз.
7.2. Iскерлiк
арым- атынаста
андай ережелердi
станамыз?
30
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына сәйкес біз
жергілікті жұртшылықпен жақсы қарым-қатынас
құруға мән беріп, кәсіпорындардың айналасындағы
қоршаған ортаны қорғауға көңіл бөлеміз. Polpharma
Тобының айналасындағы қоғамның әлеуметтік
мәселелерін шешуде қызметкерлердің белсене
атсалысқанын жоғары бағалаймыз.
Біздің этикалық құндылықтарымыз бизнес жүргізуге
жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді:
Біз өз міндеттерімізді орындаймыз
біз өзімізге алған жауапкершіліктің барлығын орындау
үшін бар күшімізді саламыз. іскерлік серіктестеріміз
бен тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы ойлана оты-
рып, сондай-ақ, қызметкерлерімізбен адал қатынасты
құруға ұмтылатындықтан, біз өзіміз орындай алмай-
тын уәделерді бермейміз.
Polpharma тобының мүлігін ұқыпты ұстаймыз
Әрбіріміз Polpharma Тобының активтерін орын-
сыз пайдаланғаны немесе ысырап еткені үшін
жауапкершілік көтереді. атап айтқанда, компанияның
активі деп айналымнан тыс активтерді және жыл-
жымалы мүлікті, заңмен қорғалған ақпаратты, тауар
белгісін және басқа да материалдық емес активтерді,
барлық қорлар мен ақшалай қаражаттарды атай-
мыз. сонымен қатар, жұмыс уақыты өте маңызды
актив болып табылады, оны біз міндетті түрде тиімді
31
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
пайдалануымыз қажет. Polpharma Тобының мүлкі
қызметкерлердің өз жұмыстарын лайықты түрде
атқаруы үшін берілген. Қолданыстағы тәртіптерге
қарсы, оларды жеке мақсаттарда қолдануға жол
бермейміз.
Біз зияткерлік меншікке және коммерциялық
құпияға құрметпен қараймыз
біз құпия, оның ішінде электрондық түрдегі, алдыңғы
жұмыс берушіден немесе басқа көздерден алынған,
пайдалануға құқығымыз жоқ құпия ақпаратты
қолданбаймыз. ашылған жағдайда Polpharma То-
бына қандай да бір зиянын немесе кері әсерін
тигізуі мүмкін коммерциялық, техникалық немесе
ғылыми сипаттағы ақпараттарды сақтаймыз және
олардың уәкілетті емес тұлғалардың қолына түсуіне
жол бермейміз. Тұтынушыларымыздың немесе
іскерлік серіктестеріміздің бізге сеніп тапсырған
құпия ақпаратына да тура осылай қараймыз. Тиісті
құқығымыз жоқ зияткерлік меншікке қандай да бір
жолмен қол сұқпаймыз.
Біз мүдделер қайшылығына жол бермейміз
Қызметкердің жеке немесе отбасылық мүдделері не-
месе басқа да байланыстары компанияның мүддесіне
қайшы келген жағдайда бұл мүдделер қайшылығына
әкелетін себепке айналуы мүмкін. Мұндай жағдайлар
заманауи қоғамда жиі кездесіп тұрады. осындай
жағдайлардың пайда болуы мүмкін екенін түсініп,
тиісті шараларды дереу қабылдау арқылы қайшылықты
алдын алуға болады.
32
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
компания мүдделерімен қайшы жағдайларға түскен
Polpharma Тобының қызметкерлері өз басшысы-
на немесе Этика кодексінің орындалуына жауап-
ты қызметкерге осы жөнінде хабарлап, қайшылық
туындаған жағдайда шешім қабылдаудан неме-
се қызметтен бас тартуға міндетті. бұл жағдайда
мүдделер қайшылығына қатыспайтын, осы мақсатта
тағайындалған тұлға немесе басшы нақты осы
жағдайды зерделегеннен кейін белгілі бір шешімді не-
месе нақты әрекеттерді қабылдайды.
Мүдделер қайшылығының орын алған-алмағанына
баға беру қиындық тудырған жағдайда басшылықпен
немесе Этика кодексінің орындалуына жауапты
қызметкермен байланысу қажет. атап айтқанда,
мүдделер қайшылығы келесі жағдайларда туындауы
мүмкін:
жұмысшы өз туысқандарымен немесе басқа да жақын адам-
дарымен ынтымақтасуға, сонымен қатар, осы жұмысшыға,
туысқандарына немесе оның басқа да жақын адамдары-
на тиесілі компаниялармен ынтымақтасуға әкелетін тап-
сырысты ұсынса немесе осындай тапсырысты ұсынудың
нәтижесінде Топтың атынан жауапкершілік көтеретін болса;
туысқандары мен жақын адамдарына еңбекақы төлеу,
оларды қызмет бабында көтеру немесе жұмысқа кіргізу
секілді жеке шешімдерді қабылдау жұмысшының қызмет
бабындағы міндеттер аясына кіретін болса;
қызметкер Polpharma тобының мүддесіне нұқсан келтіретін
басқа субъектердің қызметтеріне қатысса немесе басқа
субъектілердің осындай қызметіне қолдау көрсетсе.
33
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Қызметкер немесе қызметкердің пайдасы үшін басқа
тұлға компанияның бәсекелестерінің, жеткізушілерінің
немесе іскерлік серіктестерінің акция бөлігін немесе
акциясын сатып алуды көздеген жағдайда, бұл мәлімет
жөнінде алдын ала кодекстің орындалуына жауап-
ты басшыға немесе қызметкерге хабарлау қажет. со-
нымен қатар, қызметкер Polpharma Тобы сатып алуға
ниетті болған компанияның (егер қызметкер Топтың
бұл компанияны сатып алуға ниеті бар екенін білген
жағдайда) акцияларын немесе акция бөлігін сатып
алғысы келетін болса, осы жөнінде хабарлауы тиіс.
Қызметкердің өз міндеттерін атқаруына нұқсан
келтіретін болса, бірінші кезекте, қызметкердің өз
қызметіне әділ түрде қарауына кедергі келтіретін
болса немесе Polpharma Тобының беделіне кері әсер
тигізетін болса, компания мұндай келісімге қарсылық
таныта алады. еркін айналымда жүрген акциялар-
ды сатып алған жағдайда, қызметкерлер бұл жөнінде
ақпараттандыруға міндетті емес.
Біз материалдық құндылықтарды ұсынбаймыз
және қабылдамаймыз
Polpharma Тобының абыройын сақтап, іскерлік қарым-
қатынасты орнату немесе қолдау үшін біз лайықсыз
жеке немесе шектен шығатын әрекеттерге бармай-
мыз. біз саясаткерлерге, мемлекеттік шенеуніктерге,
аудиторларға, кәсіпорын қызметкерлеріне неме-
се басқа да орган қызметкерлеріне қызметтік ман-
сабы аясында белгілі бір әрекеттерді жүзеге асы-
руына немесе тоқтатуына ықпал ету мақсатында
Polpharma Тобы қызметкерлерінің оларға ақшаны,
кәдесыйлар, қызметтер немесе басқа да материалдық
құндылықтарды астарлап беруіне және табыстауына
жол бермейміз.
34
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Промо-науқандар және жарнамалар аясын-
да қолданыстағы заң ережелерінде рұқсат етілген
көлемде дәрігерлер мен фармацевтерге біз ұсынатын
материалдық пайдалар шектен тыс, қалыптасқан
ғұрыптарға сәйкессіз немесе оған қайшы бол-
мауы тиіс. біз Polpharma Тобының абыройына
нұқсан келтіретін немесе алушыда жағымсыз әсер
қалдыратын, заңға қайшы болмаса да, қоғамда кері
пікір қалыптастыратын материалдық құндылықтарды
беруден өзімізді аулақ ұстаймыз.
Қолданыстағы заңнама ережелерінде рұқсат етілген
көлемде дәрігерлер мен фармацевтерге олардың
ұсынған қызметтері үшін берілетін сыйақы дәрігер не-
месе фармацевтің біліктілігіне және жұмсаған жұмыс
уақытына сәйкес келуі тиіс және қалыптасқан нарық
мөлшерлемесінен аспауы керек.
Polpharma Тобының қызметкерлеріне ешбір жағдайда
қолма-қол ақша түрінде немесе оның баламасы
ретінде (мысалы, ақшалай сыйлық карталарын не-
месе тауарларға арналған купондарды) сыйлықтарды
қабылдауға болмайды. біздің қызметкерлер Polpharma
Тобының серіктестерінен іскерлік сыйлықтарды
тек қолданыстағы нарық заңнамасына сәйкес және
қалыптасқан ғұрыптар аясында, тек қана промо-
науқандарға немесе белгілі бір іс-шараларға байланыс-
ты алуына болады, сондай-ақ, мұның нәтижесінде
алынған сыйлық жұмыс барысындағы әрекеттерді
жүзеге асыруға немесе тоқтатуға алып келмеуі керек.
кәдесый құны және оны қабылдағаннан кейінгі іс-
әрекеттер Polpharma Тобының осы саладағы ішкі
нұсқаулықтарына сай болуы қажет.
35
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Біз қонақжайлылықтың шегін бұзбаймыз
іскерлік қонақтарды біз лайықты түрде және шек-
тен тыс мейманшылықсыз күтеміз. Қонақтың
жоралғысы мен мәдениетін сақтап, оған қоса іскерлік
қарым-қатынас пен сыйластықтың дәлелі бола-
тындай етіп күтуге бар күшімізді саламыз. соны-
мен қатар, Polpharma Тобының беделіне нұқсан
келетіндей қандай да бір әрекеттерге, яғни бегілі
бір іс-әрекеттерді орындауға немесе тоқтатуға алып
келетін, материалдық пайда ретінде қабылданататын
кәдесыйлар мен шақыртуларды ұсынбаймыз.
Промо-науқан және ғылыми шаралар барысын-
да дәрігерлер мен фармацевтерге көрсетілетін
қонақжайлылық тек қолданыстағы заңнама
қағидаттарына сай болуы тиіс. Қолданыстағы заңнама
қағидаттарына қарамастан, қонақжайлылық кездесудің
түрі мен мақсатына сәйкес келіп, шектен тыс болмауы
және үйреншікті ғұрыпты бұзбауы тиіс. біз Polpharma
Тобының абыройына нұқсан келтіретіндей қандай да
бір әрекеттерге бармаймыз, яғни қоғамда кері пікір
қалыптастыратын немесе келеңсіз әсер ететіндей
қонақжайлылықты көрсетуден аулақпыз.
Біз бәсекелестік пен ілгерілетудің адал
қағидаттарын ұстанамыз
біздің қағидат - адал бәсекелестік ережелерін ұстану.
біз Polpharma Тобының ішкі тәртіптерін сақтай оты-
рып, жарнамалық науқандар мен промо-акциялардың
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізілуін қамтамасыз
етеміз. Тұтынушыларды адастырмастан, шынайы, адал
түрде жарнамалық науқандарды жүзеге асырамыз.
36
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Тұтынушыларға және іскерлік серіктестерге нақты
емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін, екі ойлы
пікірді тудыратын немесе қате қабылданатын
ақпаратты бермейміз. сонымен қатар, біз алдау не-
месе ақпаратты жасыру секілді лайықсыз әрекеттерге
барудан аулақпыз.
Біз жеткізушілермен жақсы қарым-қатынас
құрамыз
Әлеуметтік жауапкершілігі жоғарғы компания ретінде
біз жеткізушілермен қарым-қатынас жасау барысын-
да адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық
стандарттарды ұстануға үлкен мән береміз. оның
ішінде балалар еңбегіне тыйым салу және жұмысқа
мәжбүрлеу, адал бәсекелестік заңы, жемқорлыққа
қарсы әрекеттер және қоршаған ортаны қорғау сынды
мәселерге зейін қоямыз.
Тұтынушылар мен жеткізушілердің Polpharma
Тобының этикалық құндылықтарын білуі және оны
қабылдауы біз үшін маңызды болып табылады.
Жеткізушілерді таңдау барысында біз Топтың ішкі
тәртіптеріне сай әрекет етеміз. бізбен әрекет етуге
ниетті субъектілерге әділ баға беруді және олардың
арасындағы теңдікті сақтауды көздейтін қағидаттарды
басшылыққа аламыз. біз шынайы ақпаратпен
қамтамасыз етіп, сонымен қатар, жеткізушілердің
серіктестік қатынас жүргізудегі сапасын бағалай
отырып, өзара қызмет жасау барысында туындаған
барлық күмәндерге әділ бағасын беріп, оған байланы-
сты шешімдерді жылдам қабылдауға тырысамыз.
37
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Біз өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етеміз
біздің өнімдеріміздің сапасы мен қауіпсіздігі – бірінші
кезекте тұратын міндет. Өнімді әзірлеу, өндіру,
қоймаға жеткізу және сатудың әрбір кезеңінде біз осы
міндетті орындауға үлкен мән береміз. Тиісті өндірістік
тәжірибенің халықаралық стандарттарын ұстанамыз.
Әрбір қызметкер өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін
өз жауапкершілігін сезініп және күнделікті іс-әрекеті
барысында осы саладағы стандарттарды сақтауға ты-
рысады.
Біздің ниетіміз емделушілермен және
медициналық қауымдастықпен ортақ
біз емделушілерге заманауи диагностика құралдарына
қол жеткізуге мүмкіндік беретін және профи-
лактика мен денсаулықты қорғауды жеңілдетуге
бағытталған бағдарламаларға атсалысамыз. бұл са-
лада біз медициналық қауымдастықпен ынтымақтаса
жұмыс жасаймыз. біз фармакология мен медицина
саласындағы ғалымдарға қолдау көрсетеміз, оның
ішінде Polpharma Ғылыми қорының қызметі арқылы
осы міндетті орындаймыз.
Біз көршілерімізбен жақсы қарым-қатынасты
орнатамыз
Жергілікті жұртшылықпен түсіністік және ынтымақ-
тастық негізінде құрылған жақсы қарым-қатынасты
орнатуға тырысамыз. біз өзара міндеттерімізге құр-
метпен қарап, бір-бірімізге артқан үміттерімізді ақ-тауға
ұмтыламыз. аймақта жүргізетін қызметіміздің ауқымына
сәйкес экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуға
38
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
үлес қосу арқылы жергілікті қауымдастықтарды да-
мытуға атсалысамыз. біз қызметкерлеріміздің әлеу-
меттік мәселелерді шешуге атсалысуы үшін оларға
қолдау көрсетеміз.
біз қызметімізді табиғатты қорғау саласындағы
заңнамаға сай жүзеге асырып, өндірістік кәсіп-
орындарымыздың айналадағы өмір жағдайы мен са-
пасына тигізетін жағымсыз әсерін шектеуге үнемі
мән беріп отырамыз. біз қоршаған ортаны қорғауға
бағытталған заманауи технологиялық шешімдер мен
жоғары стандарттарды қолданып, үйлесімді даму идея-
сына сәйкес табиғат құндылықтарын сақтауға көңіл
бөлеміз. Қызметкерлер арасында экологиялық сана-
ны қалыптастырып, айналамыздағы қоршаған ортаны
қорғаудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыруға
тырысамыз. біз қызметкерлеріміздің жұмыс ортасын-
да, сонымен бірге, одан тысқары орындарда қоршаған
ортаны жақсартуға бағытталған әрекеттерін жоғары
бағалаймыз.
39
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Polpharma Тобындағы этикалық құрылымдар
Polpharma Тобында Compliance officer жұмыс жасай-
ды, ол Этика кодексінің сақталуын, қызметкерлердің
заңнама ережелері мен бекітілген тәртіптерді
ұстануын қадағалайды. оның міндетіне қажетті
этикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Эти-
ка бағдарламасын ендіру саласында Polpharma Тобына
кіретін субъектілерге демеу көрсету кіреді.
сонымен қатар, Polpharma Тобының Compliance
officer-імен қарым-қатынаста болатын SaNTo ком-
паниясында өзінің Compliance officer-і болады.
SaNTo компаниясының Compliance officer-і SaNTo
компаниясындағы қызметкерлердің Этика кодексін
сақтауын, сондай-ақ, қызметкерлердің жергілікті
заңнама ережелерін және де компанияның осы
аймақтағы тәртіптерін сақтауын қадағалап, осыған
қоса тәртіп бұзушылық жөнінде хабарланған жағдайда
түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Compliance officer SaNTo компаниясында жергілікті
заңнама тәртібінің және Polpharma Тобында
қабылданған этика ережелерінің бұзылу жағдайларына
қатысты тәуелсіз позицияны ұстанады. осы саладағы
ішкі тексеру жұмыстарын ол өз бетінше немесе SaNTo
компаниясында тағайындалған Этика мәселелері
жөніндегі топпен ынтымақтаса отырып жүргізеді.
8. Т ртiп б зушылы
туралы хабарлау
40
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
оның құрамына этика қағидаттары мен заңнаманың
бұзылу жағдайларын қарастыру үшін тиісті құзыреті
мен тәжірибесі бар тұлғалар кіреді.
Тәртіп бұзушылық жөнінде хабарлау жүйесі
Этика кодексінің ережелері немесе заңнама
талаптарының бұзылғанына куәгер болған Polpharma
Тобының қызметкері осы жағдайды түзету үшін өз
бетінше әрекет жасай алады.
сондай-ақ, қызметкер Этика кодексінің ережелері
немесе заңнама талаптарының бұзылғаны жөнінде
оған тиісті қолдау көрсететін тікелей басшысымен
ашық әңгіме барысында хабарлауына болады. егер
өз басшылығының көмегіне жүгіне алмаса неме-
се істің сипатына байланысты бұлай жасамаған жөн
болған жағдайда, ол ішкі тергеуді бастайтын SaNTo
компаниясының тікелей Compliance officer-імен ха-
барласуы қажет.
Этика кодексінде мазмұндалған ереженің немесе
заңнама тәртібінің бұзылғанына күдік туған жағдайда
да қызметкер жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жаса-
уы тиіс.
сонымен қатар, Polpharma тобының Этика кодексін-
де мазмұндалған ережелердің немесе заңнама талап-
тарының бұзылғаны жөнінде Топ сыртындағы клиент
те хабарлай алады.
41
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
SANTO компаниясының Сompliance Officer-іне Этика кодексінің немесе заңнама
талаптарының бұзылғаны жөнінде келесі жолдармен хабарлауға болады:
алдын ала мекенжайы мен уақытын келісіп, тікелей кездесу;
ethics@santo.kz мекенжайына электрондық хат жіберу;
телефон арқылы тілдесу немесе автоқабылдағышқа хабарлама қалдыру:
тел.: +7 725 261 01 55 ішкі т. 2555;
келесі мекенжайға хат жіберу: Compliance Officer, «Химфарм» АҚ,
Алматы филиалы, Алматы қ., 050008, Әл-Фараби көшесі, 17/1,
«Нұрлы тау» бизнес орталығы, 5Б блогы, 19-қабат.
Хабарландыруда аталған тәртіп бұзушылықтар хабар-
лап отырған тұлғаның жекебасына тікелей қатысты
болуы тиіс емес. Polpharma-ның әрбір қызметкері
тәртіп бұзушылық тікелей өзіне қатысты болмаса да,
ізгі ниетпен Этика кодексінің бұзылғаны жөнінде
хабарлауға міндетті.
егер ішкі тергеуді жүргізу барысында Этика кодексінің
немесе қолданыстағы заңнама талабының бұзылғаны
анықталса, SaNTo компаниясының Compliance
officer-і жағдайды түзету үшін тиісті шаралар
қолданады, егер дәлелденсе, тәртіп бұзушылыққа жол
берген тұлғаны жауапкершілікке тартады.
SaNTo компаниясының Compliance officer-і тәртіп
бұзушылық туралы хабарлаған тұлғаны ішкі тергеу
нәтижесі жөнінде хабардар етеді.
Polpharmа Тобындағы Этика кодексімен байланысты емес Топ ішіндегі басқа
да тәртіптер бұзылған жағдайда, Compliance Officer қарастыруы тиісті
деп санасаңыз, тәртіп бұзушылықтар жөнінде SANTO компаниясының
Compliance Officer-іне хабарлау қажет.
42
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Тәртіп бұзушылық жөнінде хабарлаған
тұлғаның жекебасына қатысты деректерді
қорғау
Тергеу барысында тәртіп бұзушылық жөнінде
хабарлаған тұлғалардың барлығының жекебасы-
на қатысты деректер қорғалады. Тағылған айып
расталғанға дейін осы тәртіп бұзушылықпен байла-
нысты тұлғаның мәліметтері де құпия түрде сақталады.
бұл шара тәртіп бұзушылық жөнінде хабарлаған
қызметкер үшін де, сонымен қатар, әділетсіз
айыпталған тұлға үшін де жағымсыз нәтижені алып
келмеу мақсатында жасалады. Қолданыстағы заңнама
талаптарында нақты солай көрсетілген жағдайда ғана
тәртіп бұзушылық жөнінде хабарлаған тұлғаның жеке-
басына қатысты деректерді ашуға болады.
Тәртіп бұзушылық жөнінде хабарлаған тұлғаға
қарсы қастық әрекеттерге төзімсіздік таныту
Polpharma Тобында компанияның Этика кодексінің,
қолданыстағы заңнама ережелерінің немесе компа-
ниядағы басқа да тәртіптердің бұзылғаны жөнінде
хабарлаған тұлғаларға қарсы қандай да бір кері іс-әре-
кеттерді жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекеттерге
барған тұлғаға қатысты еңбек шартын тоқтатуға
дейін алып келуі мүмкін жекелеген тәртіптік жаза
қолданылатын болады.
43
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Этика кодексі SANTO компаниясы бас директорының шешімімен
қабылданған және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етеді.
Polpharma Тобының жекелеген фирмаларында Этика кодексін
ендіру үшін қажетті шараларды қабылдау сол компаниялардың
тиісті басқару органдарына тапсырылады
44
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
Белгілеу үшін:
45
PolPharma Тобының ЭТика кодексі
46
кодекс ЭТики ГРУППы PolPharma
Достарыңызбен бөлісу: |