Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет31/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60

 
91 
жамылғысы  сияқты  жер  танабының  элементтері  тең  қатынаста 
іріктелуі керек. Тақырыптық картадағы объектілер мен құбылыстардың 
іріктелуі әр қилы, кейбіреулері толық, басқалары ықшамдалған болып 
келеді де, іріктеудің деңгейі картаның тақырыбымен шамаланады; 
– объектілер  мен  құбылыстардың  маңыздылығы.  Құдықтар, 
шөлді  аймақтардағы  бұлақ-су  көздері,  сұреулер,  ну-ормандағы  жеке-
дара құрылыстар, қауіп-қатер көздері іріктеуден тыс қалмау керек; 
– картаның  атқаратын  міндеті.  Ол  бойынша  жер  таңабындағы 
көптеген  объектілер  мен  құбылыстар  көлемдік  сұрыптау  мен 
мөлшереленеді  де,  оларға  тән  сандық  және  сапалық  сипаттар 
жалпылануға ұшырайды. 
Іріктеуге қатысты тағы бір дәйектілік – оның геометриялық мән-
жайы.  Бұнымен  байланысты  алуан  түрлі  тұлғалар  сандық  және 
сапалық  жалпыланудан  өтуі  керек.  Сандық  жалпылауда  объектілер 
мен  құбылыстардың  сипаттары  аралық  (сатылық)  межелеудің 
іріленуімен  бөлектенеді.  Мысалы,  жапырақты,  қылқан  жапырақты, 
аралас  ағашты  орман  тұлғаларының  шартты  белгілерін  бір  белгіге  – 
бірлестірілген орман белгісіне ауыстыру қажет болады. 
Объектілерді  сұраптауда  олардың  ең  қажеттілерін  ғана  қалдырып, 
басқаларын  шығарып  тастаумен  шектеледі.  Іріктеу  барысында  тағы 
бір  есте  болатын  жағдай  –  ол  карта  жасауға  байланысты  берілетін 
редакциялық  нұсқаулардағы  цензді  («өкілдік»  қалыпты)  сақтап  қалу. 
Мысалы,  картадағы  1  дм
2
  ауданға  шағылатын  елді  мекендер  санын 
немесе  карта  бетінде  кескінделетін  өзендердің  қысқалығын  шектеу. 
Сондай-ақ жекелеген объектілерді жинақы таңбамен (пунсонмен) ғана 
беру. 
Түрлі түсті карталар бір түсті карталарға қарағанда көп белгілерді 
көрсетеді.  Басылып  шығарудың  сапасы  мен  түсті  дұрыс  таңдау 
картаны оқуды жеңілдетеді. Бір түсті карталарда әртүрлі сызықтар мен 
объектілердің түрлерін көрсету мүмкіндігі аз.  
Картаның қасиеттері мынадай: 
-  масштабтылық. Картографиялық бейнелеулер нақты өлшемдерімен 
салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп кескінделеді; 
-  картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең басты, 
кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі: 
-  картографиялық  бейнелеудің  өңегелігі.  Сызбалық  кейіптеу 
шартты картографиялық белгілеулер мен құбылыстар картографиялық 
бейнелеудің тәсілдері мен келбеттеледі; 
-  математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық 
салынды  деп  аталатын  кескіндеудің  математикалық  тәсілімен  жүзеге 
асады.  Мұнда  бейнелеуге  қойылатын  шарттар:  үздіксіздік  пен  бір 


 
92 
мағыналылық  сақталып  қалады,  яғни  Жер  әлемі  бетіндегі  әрбір 
нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді; 
-  картографиялық  бейнелеулердің  әр  алуандылығы.  Кеңістікті 
таралған  қай  құбылыс  немесе  объект  болмасын  оны  карта  бетінде 
келбеттеуге  болады.  Тіпті  картаның  көмегімен  өткен  уақытқа  көз 
жіберуге болады. Мысалға тарихи карталарды еске түсіріңіз. 
Мазмұны  бойынша  карталар  жалпыгеографиялық,  тақырыптық 
және  арнайы  деп  аталып  3  топқа  бөлінеді.  Жалпыгеографиялық 
карталарда геометриялық пішінімен тұлғаланған мазмұндық элементтер 
(жер бедері мен келбеті, су объектілері, елді мекендер, жол қатынастары, 
байланыс  желілері  кескінделеді.  Бұларға  тән  сипаттамалардың 
түгенделуі  масштаб  пен  олардың  іріктелу  дәрежесіне  тәуелді  болып 
келеді.  Бұл  карталардың  қолданылуында  ірі,  орта  және  ұсақ 
масштабты карталар тиісінше топографиялық, шолулық-топографиялық, 
шолулық  болып  аталынады.  Бет-бейнелік  карталар  -  жер  тілімінің 
үшөлшемді  көлемдік  сүлбісі.  Олардың  көрнекі  мен  айқынды  болуы 
үшін вертикаль масштаб горизонталь масштабпен салыстыруда 2-5 есе 
(таулы  аймақтарда)  және  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады. 
Бұл  карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелі  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады.  Құрылымдық  профильдер  -  жер  қыртысының  берілген 
бағыттар бойынша тіке тілігі және онымен қоса тіке бағытта жинақы 
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым, 
топырақ, өсімдіктер және т.б.). 
 
1-сурет. Генерализация 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
Генерализациялау дегеніміз не? Картографияда генерализациялау 
қандай мақсатта қолданылады? 
Іріктеуге қандай факторлар әсер етеді? 
 


 
93 
20. Географиялық карталардағы жазулар 
Шартты  белгілерден  басқа,  карталарда  көп  санды  жазуларды 
қатысады.  Олар  құрамның  маңызды  элементін  құрастырады, 
бейнеленген  обьектіні  түсіндіреді,  олардың  сапалық  және  сандық 
мінездемесін көрсетеді, анықтамалық мәлімет алу үшін қызмет етеді. 
Жазулар картаны байытады, бірақ оның оқуын бір уақытта төмендете 
алады.  Жазулардың  үйлесімді  сан  құруы  және  олардың  дұрыс 
орналастырылуы картографиялық туынды жасауда маңызды мақсатты 
құрастырады. 
Жазулардың үш тобы бөлінеді: 
Топонимдер – картографиялық обьектінің өзінің меншікті атауы. 
Олар  рельеф  элементтерінің  аттары-  оронимді,  су  обьектілерінің 
аттары-гидронимді, этностардың аттары- этнонимді, жануар әлемінің 
аттары- зоонимді және сол сияқты. 
Терминдер  –  картографиялық  обьектіге  қатысты  ұғым.  Бұл 
жалпыгеографиялық, геологиялық, мұхиттық, әлеуметтік - экономикалық 
және  -  басқа  терминдерді  бола  алады  (мысалы,  «аудан»,  «бұғаз», 
«шығанақ» және басқалары). 
Түсіндірмелі жазудың : 
– сапалық мінездеме; 
– сандық мінездеме; 
– хронологиялық жазу; 
– қозғалыс белгілеріне түсіндірме; 
– меридиандардың  және  параллельдердің  цифрлеу  және 
картографиялық тор сызықтарына түсіндірме түрлері бар. 
Картографиялық топонимика 
Топонимика (грекше topos- орын және Noma - ат) – географиялық 
атауларды  зерттейтін  ғылым,  олардың  пайда  болуын,  мағынасын, 
дамуын,  қазігі  жағдайын,  оларды  белгілеуді  зерттейді.  Топонимика 
география,  тарих  және  лингвистика  ғылымдармен  байланысты. 
Топонимия – қандай болмасын аумақ атауларының жиынтығы. 
Топонимика  бірнеше түрге бөлінеді: 

 
Ойконимдер – елді мекендердің атаулары (гр. oikos - пәтер-үй, 
мекен). 

 
Астионимдер – қалалардың аттары (гр. asty – қала). 

 
Гидронимдер – өзендердің аттары (гр. hydros - су). 

 
Дримонимдер – ормандардың аттары (гр. δρΰς  ағаш). 

 
Оронимдер – таулардың аттары (гр. oros - тау). 

 
Урбанонимдер – қала ішіндегі нысандардың аттары (Urbanus - 
қалал ық ) 

 
Годонимдер – көшелердің аттары (гр. hodos - жол, көше, арна). 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау