Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет85/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141

277

7.13-сурет. Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проек-

циясында жобаланған  6° сфералық екі бұрышты градус торлары

Цилиндрдің бүйір бетін жазықтыққа жайғанда проекциядағы  

аймақтың айқын кескіні алынады. Əрбір  екі бұрышты 6° 

 

аймақтағы біліктік меридиан мен экватор бірін-бірі өзара перпин-



дикуляр  түзу қиып өтеді. Ал қалған меридиандар мен параллель-

дер қисық болады [7.13-сурет]. 

Картографияда екі бұрышты 6° аймақты Гринвич меридиа-

нынан бастап шығысқа жəне батысқа 1-30 дейін арап санымен 

белгілеу қабылданған. Қабылданған санмен белгілеу тік бұрышты 

координат құрылған зонаны анықтауға мүмкіндік береді. «Ко-

лонна» түсінігі аймақпен тең мағынаға ие болғанымен, онда екі 

бұрышты 6° аймақты санмен белгілеу Гривничке меридианына  

қарама-қарсы 180° басталып, топографиялық картаның номен-

клатурасын көрсету үшін қолданылады.  

Колоннадан аймақтың реттік санына немесе керісінше өту 

үшін төменде берілген формуланы қолданған жеткілікті:

шығыс жарты шар үшін 

N

к



= N

з

+30,



батыс жарты шар үшін 

N

к



= N

з

-30.



Гаусс пен Қрюгердің əрбір аймағында координат білігі қыз ме-

тін жазықтықта бірін-бірі өзара перпендикуляр түзу қиып өтетін 

біліктік меридиан мен экватор атқарады. Х білігі ретінде аймақ-

тың біліктік (орталық) меридианы Y білігі ретінде экватор қабыл-

дан ған. 

Əрбір зонада координатты есептеудің бастауы ретінде біліктік 

(орталық) меридиан мен экватордың түйіліскен нүктесі алынады. 

Осыған орай жазықтықтағы аймақ шегіндегі кез-келген нүктенің 




278

орны оның тік бұрышты координаты Х пен Y арқылы анықталады. 

Əрбір аймақтың координатын құру мен оларды есептеудің баста-

уы  дербес жүргізіледі.



Гаусстың координаттар жүйесі. Декарттың  координаттар   

жүйесінен айырмашылығы картографияда Гаусстың координат-

тар жүйесі (білігі аударылған) қолданылады. Мұнда экватордан 

нүктеге дейінгі арақашықтықты білдіретін абсцисса ретінде – Х , ал 

біліктік (орталық) меридианнан нүктеге дейінгі арақашықтықты 

білдіретін ордината ретінде – Y алынады [7.14-сурет].

Солтүстік жарты шарда абсциссаның мəні оң болады, ал 

оңтүстік жарты шарда көрсетілмей S. X

S

=5435863,0 индексі 



қойылады. Бұл жазу абсцисса экватордан оңтүстікке қарай есеп-

те лінеді деген мағынаны білдіреді.

Координатты есептеу барысында қолайсыз жағдайлар ту-

дырып, қателіктер кетуіне жол беретін əр аймақтың біліктік 

меридианның сол жағында орналасқан нүктелер ординатының 

теріс мəнімен істі болмас үшін  геодезияда əр аймақтағы біліктік 

меридиан ординатын  шартты түрде 500 шақырым (500 000 м) 

ретінде қабылдаған. Мұндай жағдайды енгізу біріншіден, əр 

аймақта ординаттың тек оң мəнге өтуіне; екіншіден, əр аймақтағы 

орди наттың абсолют мəнінің солдан оңға қарай артуына мүмкіндік 

бере ді. Мұндай ординаттар шартты немесе түрлендірілген деп 

ата лады. 



7.14-сурет. Координаттар білігінің бағыты. А-аймақтың тік бұрышты 

координатының біліктері жəне 7 аймақта орналасқан А В нүктелерінің 

координаттары; Ə – Картаның бір бетінің аймақтағы орыны (штрихталған) 

жəне зона шегіндегі тік бұрышты коордитаттар торының сызбасы




279

Нүкте ординатының бірдей мəні жер бетінің екі бұрышты  6° 

бөлінген 60 аймақтың əрбірінде кездесетіндіктен есептелінген 

ординаттардың алдына аймақтпрдың белгіленген реттік  са-

нын қою қабылданған.  Мысалы, 12 аймақтағы нүктелердің тік 

бұрышты координаты Х=5986326,0, Ү=12316175,0; ал оңтүстік 

жарты шардағы 6 аймақтікі Х=5934575,0, Ү=6516175,0 деп жазы-

лады. Тік бұрышты координатты толық жазғанда нүктенің абсцис-

сасы əрқашан  экватордан қандай қашықтықта орналасқанын шын 

мəнінде көрсететінін есте сақтау қажет. Мысалы,  Х=5986326,0 

саны берілген нүктенің экватордан 5986 шақырым 326 метр 

қашықтықта орналасқанын көрсетеді. 

Нүктенің ординаты əрқашан шартты мəнге ие болады жəне 

онда жазылатын жеті немесе  сегіз мəнді сан сол нүктенің кез-

келген аймақтың біліктік меридианынан метр (шақырым) есебімен 

алынған қашықтығын білдіреді. Мысалы,  біліктік меридианның 

сол жағында (батысында) орналасқан Ү=12316175,0 санындағы 

алдыңғы 12 аймақтың реттік санын, 316175,0 нүктенің сол 

займақтың біліктік меридианынанның сол жағында (батысын-

да) шартты түрде 316175,0 метр қашықтықта орналасқанын 

көрсетеді.

Ал оның біліктік меридианнан нақты қашықтығын есептеу 

үшін жоғарыда көрсетілген нүктенің ординаты Ү мəнінен 500 

000,0 санын аламыз. Сонда нүктенің біліктік меридианнан нақты 

қашықтығы ( 316175,0 -500 000,0=-183825,0 м ) -183825,0 м екені 

анықталады. 

Біліктік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан 

нүктенің ординаты Ү=6516175,0 санындағы 6 аймақтың  реттік 

саны, 516175,0 нүктенің 6 аймақтың біліктік меридианның оң 

жағында (шығысында) орналасқан шартты түрдегі  қашықтығын 

білдіреді. Сонда бұл нүктенің біліктік меридианнан нақты 

қашықтығы   516175,0 -500 000,0=+161175,0 м болады.

Ордината бойынша нүктенің аймақтың біліктік мерианының 

оң немесе сол жағында орналасқанын анықтау үшін 500 000 ша-

масын алғаннан соң аймақтың реттік санын шегергенде қалған 

сандарды бір-бірімен салыстырады. Егер қалған сан 500 000 кіші 

болса, біліктік меридианның сол жағында (батысында), үлкен 

болса оң жағында (шығысында), ал тең болса нүктенің біліктік 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау