288
7.19-сурет. Топографиялық картадан А нүктесінің географиялық коор-
динатын анықтау
Белгіленген координат бойынша нүктені картаға түсіру.
Белгіленген координат бойынша нүктені түсіру үшін алдымен
топографиялық картадағы орнын анықтайды. Мысалы, D нүкте-
сінің φ=48°51'05''; λ=30°01'22'' болатын координатын картаға
түсіру үшін φ=48°51' ендікті λ=30°01' бойлықты тауып алып,
одан батыс жəне шығыс, солтүстік жəне оңтүстік минуттық
бұрыштамаларды қиып өтетін перпендикуляр түзу сызықтар
жүргізеді. Содан соң минуттық бұрыштамадан штанген циркуль-
дің көмегімен 10'' бөлінген минуттан Δ φ=05'' өлшеп алып,оңтүс-
тік бұрыштамаға жақын орналасқан бүйір бұрыштамаларындағы
φ=48°51' параллельге қосып нүктенің ендігін батыс бұрышта-
маға жақын жақын орналасқан солтүстік жəне оңтүстік
бұрыштамадағы λ=30°01' меридианына Δλ=01'' қосып, нүктенің
бойлығын белгілейді де нүкте арқылы қарындашпен солтүстік
(оңтүстік) жəне батыс (шығыс) бұрыштамаларды қосатын бірін-
бірі перпендикудяр сызық жүргізіп олардың қилысқан жеріне D
нүктесін түсіреді.
289
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.
Қалыбеков Т. Қ. Геодезия мен топография негіздері.-Алматы: Ана
тілі, 1993 –184 б.
2. Верещака Т. В. Топографические карты: научные основы содержа-
ния. –М.: МАИК «Наука/Интерпериодика», 2002.
3. Баранов А. Р., Маслак Ю. Г., Ягодинцев В. И. /под. ред. Маслака Ю.Г.
Военная топография в служебнобоевой деятельности оперативных подраз-
делений: Учебник для курсантов и слушателей военных учебных заведе-
ний. – М.: Академический Проект, 2005.–210 с.
4. Курошев Г. Д. Геодезия и география. – СПб. Изд-во С-Петербурского
университета, 1999.-148 с.
5. Киселев М. И., Михелев Д. Ш. Основы Геодезии.– М.: Высшая школа,
2003. –365 с.
6. Уварова А.К., Мазбаев О.Б. Топография негіздері жəне жергілікті
жерде бағдарлау, Қазақ университеті, 2007.– 80 б.
Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Топографиялық картадардың қандай қасиеттері ғылым мен
адамның тəжірибелік іс-əрекетінің көптеген саласында пайдалануға
мүмкіндік береді?
2. Ірі масштабты сұлбалар (плпандар) мен көлденең қимасызбаларды
құру əдістерін, атқаратын қызметі мен тəжірибелік маңызын анықтаңыз.
3. Топографияда қолданылатын сыналы жəне көлбеу масштабтардың
атқаратын қызметін, құру жəне өлшеу əдістерін ашып көрсетіңіз.
4. Картаның сыртқы бұрыштамадан тыс безендірілуін қандай ретпен
оқу қажет?
5. Картографияда Гаусстың координаттар жүйесінің Декарттың ко-
ординаттар жүйесінен қандай айырмашылығын бар?
6. Географиялық координат пен тік бұрышты жəне полярлық
кординаттардың қажетті нысанның орнын анықтау əдістерінде бір бірінен
қандай айырмашылықтары бар?
7. 1:1 000 000 масштабты жалпы шолу карталарын құруға қандай про-
екция қолданады?
9. 1:25000 масштабты топографиялық картаны пайдаланып, төмендегі
кестедегі нүктелердің географиялық жəне тік бұрышты координаттарын
анықтап кестені толтыр.
19–1171
290
Абсолют
биіктіктері
көрсетілген
Географиялық
нүктелер
орналасқан
квадраттар
Географиялық
координаттары
Тік бұрышты
координаттары
географиялық
абциссасы ординатасы
Ендігі
( )
ϕ
B
Бойлығы
( )
λ
L
Х
шақырым
Ү шақырым
160,6
Андога тауы
6611
156,9 Голая
тауы
Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест
тапсырмалары
1. Жергілікті жердегі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық
нысандардың қасиеттері мен орналасу ерекшеліктерін кескіндейтін ірі
масштабты жалпы географиялық карта ...
А) топографиялық карта;
B) географиялық карта;
C) жергілікті жердің сұлбасы;
D) топографиялық сұлба;
E) географиялық глобус.
2. Жергілікті жердегі сызықтардың көлденең проекциядағы ұзындық-
тарының топографиялық картадағы ұзындыққа сəйкес келуін ... дейміз.
А) масштаб;
B) сандық масштаб;
C) сызықтық масштаб;
D) атау масштабы;
E) көлбеу масштаб.
3. Топографиялық картаның негізгі жабдықтаушы элементтерінің бірі ...
А) шартты белгілері;
B) магниттік ауытқу бұрышы;
C) магниттік ауытқу бұрышы мен масштабы;
D) шақырымдық тордың сызығы;
Е) меридиандарды жақындату бұрышы
4. Топографиялық картаның қосалқы жабдықтаушы элементтерінің бірі ...
А) шартты белгілері;
В) масштабы;
С) координаттық торлары;
D) меридиандарды жақындату жəне магниттік ауытқу бұрыштары;
Е) минуттық бұрыштамасы.
291
5. Сызықтық масштабтың нөлдік көрсеткішінің оң жағындағы 2см
бөлігіне тең бөліктері ...
А) дəлдіктің шегі;
В) дəлдік негіздері;
С) ұзындық дəлдігі;
D) кестетік дəлдігі;
Е) толық негіздері.
6. Сызықтық масштабтың кестетік дəлдігі ..... мм тең.
А) 0,02 мм;
В) 0,002 мм;
С) 0,2 мм;
D) 2 мм;
Е) 0,1 мм.
9. Картаның 0,1 мм бөлігіне сай келетін жер бетінің ұзындығы ...
А) дəлдіктің ең төменгі шегі;
В) кестетік дəлдік;
С) атау масштабының дəлдігі;
D) сызықтық масштабтың негізі;
Е) сызықтық масштабтың дəлдік негізі.
7. 1:10 000 масштабты картаның дəлдігінің ең төменгі шегін ата ...
А) 10 м;
В) 1 м;
С) 100 м;
D) 10 см;
Е) 1 см.
8. 1: 25 000 масштабты картаның бетінің 1 см
2
жер бетінің .....гектары
сəйкес келеді.
А) 0,25;
В) 2,5;
С) 25;
D) 250;
Е) 0,025.
9. 1: 50 000 масштабты картада А жəне В нүктелерінің арақашықтығы
3,5 см болса екі нүктенің ара қашықтығы ...... метр болады.
А) 17500 м;
В) 1,75 м;
С) 750 м;
D) 17,5 м;
D) 1750 м.