8
Атластар – бұл біртұтас шығарма ретінде бірыңғай
бағдарламамен құрылған карталардың жүйеленген
жиынтығы. Тақырыбы өзара үйлесіп, бірін-бірі толықтырып
отыратындықтан, атластағы карталар бір-бірімен беттестіріліп
талдау жасау қызметін атқарады. Олар кеңістікті қамтуына,
атқаратын қызметіне, мазмұнына жəне тағы басқа белгілеріне
қарай жіктеледі. Атластар кітап, альбом немесе арнайы қорапқа
салынған жеке беттер түрінде бастырылып шығарылады. Онда
карталардан басқа мəтіндік түсініктемелер, анықтама материал-
дар, графиктік сызбалар мен суреттер беріледі.
Жер бедерінің карталары бұл жер бетінің үш өлшемді,
көлемді үлгісі түрінде құрылады. Көрнекі, əрі, мағыналы болу
үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік
масштабы таулы аумақтар үшін 2-5 есе, жазықтар үшін 5-10 есе
ірі болып келеді. Жер бедері картасының барлық мазмұны кəдімгі
шартты белгілермен кескінделеді. Олар бұрын ағаштан, гипстен,
картоннан жасалса, қазіргі таңда пішінделген пластиктерді термо-
вакумды қондырғыларда қыздыру арқылы жасайды. Жер бедері
карталарын оқу мақсатында жəне жолдарды, су қоймаларын жо-
балау сияқты бірқатар тəжірибелік мəселелерді шешу барысында
қолданады.
Көлденең қима-сызбалар – бұл жалпы географиялық жəне
мазмұны бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, соны-
мен қатар, олардың масштабына, шартты белгілеріне негізделіп
белгілі бір бағытты бойлай құрылатын жер қыртысының көлденең
қима-сызбасы.
Блок-диаграммалар – бұл қандайда бір жазықтықтың
ұзына бойымен жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп
құрылған жер бетінің үш өлшемді перспективті кескіні. Олардың
тақырыбы əр түрлі болуымен ерекшеленеді. Геологиялық
жəне геоморфологиялық блок диаграммалар жер қыртысы əр
түрлі болып келетін жер бетінің тұрақтылығын; топырақтың
блок диаграммалары жергілікті жердің бедері мен топырақ
қимасының арақатынасын; мұхиттық блок диаграммалар су
массаларының, фронттардың, тұздылықтың тағы басқа үрдістер
мен құбылыстардың таралуын көрсетеді. Блок диаграммалар
көбінесе аффинді жəне перспективті проекцияларда құрылады.
9
Көрнекілігін арттыру үшін көлденең масштабына қарағанда, тік
масштабы біршама ірі болады. Біліктерінің бірінің бойындағы
кескіндерді «созу» арқылы көлбеулігі мен ракурстарын өзгертеді.
Электронды блок-диаграммаларды дисплейдің экранында əр
түрлі тұстарынан бұруға немесе айналдыруға болады.
Анаглифті карталар ( анаглифтер) – бұл параллактикалық
ығысу нəтижесінде екі бейнеде стереожұп түзетін, бірін-бірі
өзара толықтыратын екі түсті бояумен бастырылған карталар.
Мұндай карталарды кызыл жəне көк-жасыл стереоəйнекті ар-
найы стереосүзгілі көзілдірікпен қарағанда əр көз тек «өзінің»
бейнесін көре алатындықтан олар біртұтас көлемді ақ-қара
стереоскопиялық бейнені көре алады. Компьютерлік графика əдісі
дисплейдің экранында анаглифтер шығаруға мүмкіндік береді.
Анаглифті карталар көбінесе жер бедерінің көрнекі үлгілерін оқу
ретінде қолданылады.
Фотокарталар – бұл фотобейнелермен үйлестірілген карта-
лар. Оларды дайындау үшін жергілікті жердің жеке элементтері
(координаттар торлары, горизонтальдар жазулар) немесе
тақырыптық мазмұны (геологиялық құрылысы, ландшафттар
т.б.) үйлестірілген фотопландар бар полиграфиялық көшірмелері
алынады. Фотокарталар кəдімгі карталарда қабылданған бет-
тер қолданылып негіздері мен дəлдігі бірдей проекцияда
құрылады. Түсірілімдердің артықшылықтары сақталған карта-
мен үйлестіріліп жинақталған фотокарталарға жергілікті жерде
бағдарлауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, инженерлік
жəне іздеу-жобалау жұмыстарын жүргізу барысында пайдала-
ну қолайлы. Кейде ортофотокарта термині де қолданылады.
Оларды құру үшін фотобейнелер ортогональды проекциямен
түрлендіріледі. Егер фотонегіз ретінде ғарыштық түсірілімдер
қолданылса ондай карталар ғарыштық фотокарталар деп
аталады. Жалпы географиялық, геологиялық, тектоникалық,
ландшафтлық, сонымен қатар айдың, басқа да ғаламшарлардың
ғарыштық фотокарталары біршама кең таралған.
Транспорантты карталар-бұл экранда көрсетуге арналған
мөлдір пленкаға бастырылған карталар. Көбінесе олардың
тақырыптық мазмұны бір-бірімен өзара тығыз байланысқан əр
түрлі даналарын (немесе серияларын) мөлдір пленкаға шығарады.
10
Бірнеше карта-транспорантты көрсету табиғат пен қоғамдағы
құбылыстар мен үрдістердің арасындағы бірізді себеп-салдарлы
байланыстарды немесе қабаттардың үйлесу дəрежесін анықтауға
мүмкіндік береді. Олар дəрістер мен ғылыми баяндамалардың
мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін көрнекі құрал немесе көрнекі
оқыту құралы ретінде қолданылады.
Микрофиштегі карталар - бұл картаның немесе атластың
фото немесе кинопленкадағы кішірейтілген көшірмесі. Микро-
фильмдеу кең көлемді картографиялық ақпаратты сақтауға, жыл-
дам тауып көрсетуге, картографиялық өнімдердің (əсіресе ескі
карталардың) түпнұсқаларын сақтауға, картографиялық өндіріс
пен кітапханалардағы картақоймалардың ауқымын кішірейтіп,
оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Карталар-
ды автоматты түрде құру мен талдау барысында микрофиштегі
ақпараттарды компьютерге көшіру мүмкіндігінің болуының
маңызы зор.
Сандық карталар – бұл сандық формадағы х пен у ко-
ординаттар мен z апликаты колталған нысандардың сандық
үлгілері. Сандық деректерді (сандық үлгілерді) топографиялық
жəне тақырыптық карталардың түпнұсқаларының мазмұнын
санға айналдыру немесе стереофотометрялық үлгілер бойынша
тікелей өлшеу үрдісінің барысында алынады. Сандық карталар
тасмалдаушы машиналарда ғана сақталатын, мəні жағынан бұл
картаға түсірілетін нысандардың картографиялық жинақтау мен
дəлдікке қойылатын талаптарды ескере отырып, кəдімгі карта-
ларда қабылданған координаттар мен шартты белгілер жүйесінің
логикалық-математикалық сипаттамасы болып табылады. Кəдімгі
карталардан масштабы, тақырыбы, кеңістікті қамтуы жағынан
айырмашылықтары болады. Сандық карталар автоматты түрде
карталарды құруға жəне оларды түрлендіруге негіз болатын де-
ректер базасын қалыптастыру қызметін атқарады.
Электронды карталар – бағдарламалық жəне техникалық
құралдарды белгіленген дəлдікпен рəсімдеу ережелерін сақтап,
шартты белгілер жүйесін пайдалану негізінде қабылданған про-
екцияда құрылған жəне компьютерлік ортада көрнекілендірілген
сандық карталар. Кейде дисплейде дараланған кескіндерді
экрандық карталар, ал бастырып шығаратын қондырғылардың
Достарыңызбен бөлісу: |