14
мағынасында),
«идеографиялық
иероглифтер»,
«мағына
айқындауыштар» («смысловые определители»), «детерминативтер»
делініп, ал екінші түрі (сөздің фонетикалық жағымен тікелей
байланысты түрі) «фонограммалар», «фонетикалық иероглифтер»
делініп әр түрлі терминдермен аталып жүр. Логограммаларға
қатысты терминологияны бір ізге түсірген, әрине қолайлы болған
болар еді. В. А. Истрин идеограмма деген терминді логограмма деген
терминмен
ауыстырғанда,
логограммалардың
бірінші
түрін
идеографиялық логограммалар деп атау дұрыс дейді. Бұған қоса ол
идеографиялық логограмма және фонетикалық логогрмамма деген
терминдермен бірге, мағына айқындауыш (детерминатив) деген
терминді де сақтаудың керектігін айтады. Бұл термин тар
мағынасында, яғни логограммалар сөздердің дербес таңбалары
қызметінде емес, омонимдес келетін фонетикалық логограммалардың
мағыналарын
айқындап
ажырату
қызметінде
жұмсалғанда
қолданылады. Мысалы, қытай тілінде gan деген фонетикалық
логограмма, мағына айқындаушысы болмағанда, өздігінен жеке-дара
күйінде «төбе, төбешік» дегенді білдіреді. Бұл фонетикалық
логограмма (gan) «металл» деген мағынадағы айқындаушы сөзбен
тіркесіп айтылғанда, «болат» дегенді, «пышақ» деген мағынадағы
айқындаушы сөзбен тіркескенде, «қатты» (твердый) дегенді білдіреді
де, «жіп» деген айқындаушы сөзбен тіркескенде, «аудың (тордың)
негізі» дегенді білдіреді. Қытай тіліндегі та деген фонетикалық
логограмма да осы тәрізді. Бұл логограмма өздігінен «ат» дегенді
білдірсе, «әйел» деген мағынадағы айқындаушымен тіркескенде,
«ана, шеше» дегенді, «екі ауыз» деген мағынадағы айқындаушымен
тіркескенде, «ұрысу» дегенді білдіреді. Сонымен, идеографиялық
логограммалар мағына айқындаушыларға (детерминативтерге)
ауысқанда, толық мағынасындағы логограммалар болудан қалып,
фонетикалық логограммалардың мағыналарын айқындап дәлдей
түсетін идеографиялық көмекші таңбаларға айналады.
Логографиялық жазудың жетіле түскен түрі — морфема-
логографиялық жазу. Бұл жазудың таңбалары (белгілері) бүтіндей
сөзді емес, күрделі сөздің құрамына енетін жеке морфемаларды
белгілейді. Осыған орай морфемаларды белгілейтін таңбалар
морфемограммалар деп аталады. Қазіргі қытай иероглификасы
морфема-логографиялық жазу болып саналады. Қазіргі қытай
тіліндегі көп буынды сөздердің көпшілігі алғашқы бір буынды
15
сөздердің бірігуінен жасалған. Ондай бір буынды сөздер көп буынды
сөздердің түбір морфемаларына айналып кеткен. Осыған орай
алғашында бір буынды сөздерді белгілеген иероглифтер кейіннен көп
буынды сөздердің құрамына енген түбір морфемаларды белгілейтін
болды.
Қазіргі ғылыми таңбаларды (научные знаки) логографияның
айрықша бір түрі ретінде қарауға болады. Бұл таңбалар әдеттегі
сөздерді емес, терминдерді белгілейді, солардың «орынбасарлары»
ретінде қолданылады. Терминдер сөздердің айрықша бip түрі болып
саналатыны сияқты, ғылыми таңбалар да логограммалардың бір түрі
болып саналады. Мұндай ғылыми таңбаларды В. А. Истрин
терминограммалар деп атайды.
Жазу және оның тарихы туралы еңбектерде гетерограмма
немесе
жалған идеограмма (псевдоидеограмма) деген термин де кездеседі.
Алғашында бір тілдегі белгілі бір сөзді белгілеу үшін қолданылып,
кейіннен сол сөзге мағынасы жағынан сәйкес келетін басқа бір тілдегі
сөзді белгілей бастаған логографиялық таңба немесе буын
таңбаларының комплексі (сондай-ақ дыбыс таңбаларының комплексі)
гетерограммалар деп аталады. Гетерограммалар алғашында өзінің
жазуы мен жазба әдеби тілі болмаған, оларды басқа елдерден
(халықтардан) қабылдаған, ақырында ол жазуды өздерінің тілі үшін
қолданған халықтарда пайда болды. Мысалы, қытай жазуын
қабылдап, оны өз тіліне сәйкестендіріп алған жапондықтар қытай
тілінде «адам» дегенді білдіретін иероглифті қытайша (жэнь) емес,
жапонша (хито) оқитын болған. Сондай-ақ ежелгі фарсылар арамей
жазуын қабылдап, «патша» дегенді арамейше жазғанмен (т-1-к)
фарысша оқитын болған (sah). Арамейше «патша» дегенді білдіретін
дыбыстық комплекстің (т-1-к) фарысша sah түрінде оқылуы бұл
дыбыстық комплекстің (m-1-к), фарсы тілінде идеографиялық
логограмма тәрізді қызмет атқаратындығын көрсетеді. Бұл
құбылыстың
гетерограмма
немесе
жалған
идеограмма
(псевдоидеограмма) деп аталуы да осыдан. Гетерограммалар әсіресе
хетт сына жазуында, фарсы-арамей жазуында және жапон жазуында
жиі қолданылатын болған.
Логографиялық жазу пиктографиялық жазудың даму барысында
пайда болды дедік. Пиктографиялық жазуда бүтіндей бір хабарды
білдіретін сурет-бейнелер логографиялық жазуға біртіндеп көшу
16
барысында іштей бөлшектеніп, бейнелеуші ол бөлшектер жеке
сөздерді белгілей бастайды да, осыдан логограммалар пайда болады.
Логографиялық жазу қоғам дамуының қай дәуірінде пайда
болды?
Зерттеушілер логографиялық жазудың пайда болуын құл иелену
құрылысының пайда болып, ежелгі мемлекеттердің жасалуы,
сауданың дамуы осыған орай жазбаша түрде қарым-қатынас жасау
қажеттілігінің күшеюімен байланыстырады. Египет, шумер, қытай
және т. б. логографиялық жазу жүйесі ең алғаш құл йелену
мемлекеттерінің құралып жасалған кезінде солармен бір мезгілде
пайда болған.
Пиктографиялық жазудан логографиялық жазуға көшуге және
оның қалыптасып орнығуына қоғамдық себептермен бірге тілдің
кейбір ерекшеліктері де себепші болды. Ондай ерекшеліктер деп
мыналарды атауға болады: 1) сөйлеудің жігі ажырап, одан сөздердің
бөліне алуға икемділігі; 2) логограммалар арқылы белгіленген
сөздердің грамматикалық жақтан өзгерілмейтіні және олардың сөздің
грамматикалық өзгерісін қосымша фонетикалық таңбалардың
көмегінсіз білдіре алмайтындығы. Түрлі тілдердің ішінде
логографиялық жазудың дамуына және қалыптасып орнығуына
қолайлы тілдер делініп, әдетте, түбір тілдер аталады. Түбір тілдерде
сөз грамматикалық жақтан өзгеріске түсе бермейді де, қосымша
фонетикалық (буын немесе дыбыстық) таңбалардың болуын әрдайым
қажет етпейді. Осыған орай түбір тілдерде сөздер логограммалар
арқылы таңбалануға икемді келеді. Түбір тілдерге қарағанда,
агглютинативті тілдердің логографиялық жазуға сәйкестілігі азырақ
икемділігі кемдеу. Агглютинативті тілдерде форма тудырушы
аффикстер қосымша фонетикалық (буын немесе дыбыстық)
таңбалардың болуын қажет етеді. Мұның есесіне агглютинативті
тілдерде сөздің түбірі (немесе негізі) оңай бөлініп шығады да,
логограммалармен берілуге икемді болады. Мұнымен бірге,
агглготинативті тілдерде сөздің негізін белгілейтін логограммалар
аффикстерді белгілейтін фонетикалық таңбалармен емін-еркін
тіркесіп айтыла алады. Ал логография флективті тілдерге, әсіресе
полисинкретикалық тілдерге тіптен жанаспайды, өйткені бұл
тілдерде әсіресе полисинкретикалық тілдерде сөздің сөйлемнен жігі
ажырап бөлінуге икемдігі аз болады. Агглютинативті тілдермен
салыстырғанда, флективті тілдерде сөздің түбір мен аффикстерге
Достарыңызбен бөлісу: |