«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22514
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

 

23 


 

 

Кішкене  бала  тілі  шықпай,  қолына  қарындаш  ұстайтын  шаққа 



келгенде  –  ақ,  түрлі  сызықтар  сыза  бастайды.  Л.С.Выготскийдің 

зерттеуі бойынша ол бізге, үлкендерге, шимай сызық болғанмен, бала 

үшін  ішкі  ойдың  көрінісі,  яғни  бала  ойын  қолының  қозғалысы 

арқылы көрсетеді.Тілі шыға бастаған кезде бұл шимайлар мағыналы 

сызықтарға айнала бастайды.Бала ол сызықтарына ішкі ойлау арқылы 

мағына беріп, бара-бара ойын сыртқа тіл арқылы шығарып сурет сала 

бастайды.Сурет  сала  отырып,  сөйлеп  отырады.  Міне,  біз  осы  ішкі 

психикалық  процесс  арқылы  балада  табиғи  тәсіл  қалыптасады  деп 

қарастырамыз.Сонда  табиғи  тәсіл  деп  отырғанымыз  әуелі  шимай, 

кейінгі суреттер салу – баланың ішкі ойының сыртқа шығу тәсілі.Бұл 

тәсілді  бала  мектепке  дейін  дамытып  келеді.  Мектепке  келгеннен 

кейін  бұл  тәсіл  ескерілмей,  жазуға  үйретудің  дәстүрлі  әдістемелік 

жолы  қолданылады.Балаға  таныс  емес  жаңа  тәсіл  оның  даму 

динамикасын күрт басқа арнаға салып жібереді.Бір ағаштың бұтағын 

кесіп, екінші ағашқа телігендегі жасандылықтың табиғи өсу қалпына 

түсіп  кетуіне  кететін  уақыт  пен  күтім  қажеттігіндей,  жасанды 

шаралар,  әдіс,  тәсілдер  баланың  жазу  дағдысын  дамытуды 

кешеуілдетеді.Баланың  өзі  білетін  символикасын,  яғни  толық  ойды 

білдіретін  фразаларды  суретпен  бере  алу  қабілетін,  басқа 

символикалық ( әріптік) жазуға бір қалыпты көшірмей,бірден көшіру 

бала  дамуын  тежеп  тастайды.Әбден  әріптерді  үйреніп,  сөздерді 

сөйлемдерді жазып кеткенше, табиғи тәсілін тоқтатып қойып, әңгіме 

жазар шақ келгенде, “ ал енді әңгіме жаз” деген тапсырманың балаға 

қорқынышты болатыны осыдан деп ойлаймыз.Бұдан шығудың жолы 

– балаға графикалық жазу дағдысын үйрету.

 

 



Баланың  алғашқы  символикалық  жазуы  –  пиктографиялық 

жазудан  (заттың  суретін  салу  арқылы  жазу)  одан  кейінгі  екінші 

символикалық жазуы – идеограммалық жазуға (сөздің, ойдың суретін 

салу  арқылы  жазу)  көшіру  процесі  жазу  механизміне  үйретеді. 

Осылай  жазу  дағдысына  үйрену  ғана  жазба  тілге  көшуге  ықпал 

жасайды.  Баланы  жазуға  үйретуге  психологиялық  жағынан 

дайындайтын  осы  кезең  болуға  тиіс.  Мұны  зерттеп  көру  өте  қиын 

жұмыс.  Бірақ  бір  анық  нәрсе:  баланы  нағыз  жазуға  үйрету  жазу 

дағдысын  қалыптастырумен  келмейді,заттардың суретін  салудан  сөз 

суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді. 

Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  заңында  «Білім  беру 

жүйесінің басым міндеттерінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру 




 

24 


 

 

үшін жағдайлар жасау және жеке адамының шығармашылық, рухани 



және  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,адамгершілік  пен  салауатты  өмір 

салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін 

жағдай  жасау  арқылы  парасатын  байыту» 

деп  атап 



көрсеткен.Осыған  сәйкес  қоғам  алдында  білім  жүйесін  саналық 

жағынан  жаңарту,жалпыбілім  беретін  XXI  –ғасыр  мектебінің  жаңа 

моделін  таңдау,  оқушының  жеке  басын  үйлесімді  дамытуға 

бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. 

Осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  бағытында  мектепалды 

даярлығына әзірленген  сауат  ашу  бірінші сыныптағы әліппені  оқуға 

даярлықты жүзеге асыруға үйлестіріліп жасалады.  

Себебі,  онда  рухани  –  адамгершілік  құндылықтың  іргетасы 

қаланады.  Сауат  ашу  арқылы  баланың  танымдық  белсенділігі, 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынасы  дамып  интеллекті  баийды.  Ол 

үшін сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, 

фонетикалық  есту  қабілетін  дамыту,дыбыстарды  ажырата  білу, 

әріптің  баспа  түрін  таңбалап  жазу,  әріптерді  таныту,буын,сөз, 

сөйлемді  оқытуға  үйрету    сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастыру 

өздігінен  оқуға,жазуға  дағдыландыру,  кітап  оқуға  қызығушылығын 

арттыру,  ауызша  сөйлеуге  үйрету  жүзеге асырылады.  Осы  мақсатты 

шешу  үшін  ,  сауат  ашудатөмендегідей  міндеттерді  жүзеге  асыру 

керек: 


1.  оқушылардың жазу ерекшеліктерін  ескеру; 

2.  сөйлеу  тілінің  дыбыстық  ерекшеліктерін  меңгеру,  яғни 

сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; 

3.  буындап 

оқу  әдісі  арқылы,  сөзді  тұтастай  оқуға 

дағдыландыру; 

4.  дыбысты  әріптермен  дұрыс  таңбалауға,  жазуға,сөз  ішіндегі 

олардың  байланысу  тәсілдерін    сақтап,  сөздерді  тұтас  оқуға 

дағдыландыру; 

5.  дыбысты  әріптермен  дұрыс  таңбалауға,жазуға,  сөз  ішіндегі 

олардың байланысу тәсілдерін  сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету; 

6.  жазудың талаптарын орнату

   Алты  жастығыларды    оқытудың  тиімді  амалдарын    саналы 

меңгеру үшін  мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі 

тиіс: 

1.  Дыбыстық талдау  сөзден жеке дыбыстарды  бөліп алып және 



оларды  атап  берумен  шектелмейді.  Ол  сөздегі  дыбыстардың 


 

25 


 

 

бірізділігін,  дыбыстық  құрылымын  сақтап,  сол  қалпында  қабылдап 



және  қайтадан  еске  түсіру  шеберлігі  айқындалады.  Балалар  ана 

тілінің  дыбыстық  құрылымының  ,  әр  дыбыстың  маңызын  түсінуі 

керек.  (жуан,  жіңішке,  дауыссыз  дыбыстардың  дыбысталуы 

нұсқалары). 

2.  Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу.Ашық буындағы 

дауыссыз  дыбыстардың  дыбысталуы  одан  кейін  тұрған  дауысты 

дыбысқа    байланысты  тәуелді  екенін  түсінуі  балалардың  буындап 

оқудың тез және нақтылы игеруне негіз болады. 

3.  Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен 

жазудың  негізі  –  ана  тілінің  дыбыстық    құрылымын  түсінуі  өте 

маңызды.  Бағдарлама  талабына  сәйкес  балаларды  жазудың 

графикалық  дағдысы    (әріптерді  дұрыс  жазу  және  олардың  

байланысы)    және  орфографиялық  дағды    қалыптасуы  қажет.  Жазу 

бірнеше  бөліктерден  тұрады.  Жазатын  сөздерге  талдау  жасай  білу  

дыбыстардың  реттілігін  сақтау,дыбыстарды  сәйкес  әріптермен 

белгілеу 

бейнелеу.Басқы 

кезеңде 


бұл 

бөліктер 

арнайы 

қайталанады.Сауат  ашу  кезеңінде  жазудың  негізі  мен  сауатты 



жазудың негізі қаланады. 

4.  Жазуға  үйрету,  партаға  отыру,  қаламды,  дәптерді  дұрыс  қою 

ережелерін сақтаудан басталады. Жазу кезеңінде  жарық баланың сол 

жағынан түсу. 

5.  Жазу  үлгісі  №  1  дәптерде  әліппеге  дейінгі  кезеңде    арналған 

баланың    саусақ  бұлшық  еттерін    жазуға  икемдеп  дайындау  үшін 

тапсырмалар  берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі. 

6.  Жазу  үлгісі  дәптерімен  толық  танысқаннан  кейін  оны 

партаның  үстелдің    үстіне  30  градус  бұрыс  жасайтындай  жағдайда 

орналастыруға ерекше көңіл бөлу. 

Жазу  үлгісіндегі    әрбір  әріптің  жеке  элементтерін  жазғызып, 

одан соң ол әріптің баспа түрін  тұтастай жазуға  үйретіледі. 

Әрбір  әріптің    баспа  және  жазба  түрі  салыстырмалы  түрде 

көрсетіліп отырады. 

Жазу үстінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі  

ескертіліп, тақтаның жанында ілулі тұрғаны жөн.Сонда ғана баланың 

жазуы жақсы,әдемі болады. 

Жазуға үйрету сауат ашу  кезеңі аяқталғаннан кейін де жалғаса 

береді. 

Жазу сабағын  жаттықтыру: 




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау