«Жазуға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет14/17
Дата20.11.2018
өлшемі0,64 Mb.
#22514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 

41 


 

 

түрлі  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу  мұғалімнен  ізденушілікті  талап 



етеді. Тәжірибеде қолданылып жүрген әртүрлі жаттығулар, айталық, 

әріптің тұтас бейнесін көрсететіндей суреттер салғызу, штрихтау, зат 

бейнесін  әшекейлеу  т.б  тапсырмалар  оқушылардың  көркем  жазу 

дағдыларының  сапасын  арттырады.  Айталық,  Нижне  –  Новгород 

қаласының  мұғалім  -  әдіскері  В.Ф.Одегова  әрбір  сабақ  алдында 

саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады.  

«Несімен ажыратылады?» жаттығуы 

 А)  


 

ә)  


 

 

б)  



       

Бұл  жаттығу  әріптерді  бірдей  биіктікте,  бірдей  қашықтықта 

жазуға  төселдіреді.  Ал,  келесі  жаттығу  көз  бен  қолдың  бір 

координацияда  жұмыс  жасауын  қалыптастырады:  көз  бірінші 

нүктеде, қол да  бірінші нүктеде, көз жоғарыда, яғни екінші нүтеде, 

қол да жоғарыда, көз үшінші нүктеде, қол да төменде.  

 

                       2                               2 



 

               1               3               1               3  

      Бұл  жаттығу    қолды  сенімді  қозғауға  үйретсе  «бірдей 

биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға 

машықтандырады.  

 

                                           



      Щербинка  қаласының    мұғалім  -  әдіскер  В.А.  Илюхина  

төмендегідегідей  жаттығулар  балалардың  көркем  жазу  дағдыларын 

қалыптастырады деп ұсынады: 

   «Орнын  белгіле»  жаттығу.Дәптерге  алдын  ала  сөздер 

жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу 

орнын белгілейді.  

     «Әріпті  тап»  жаттығуы.  Әріптің  бір  немесе  екі  элементі 

жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. 

     «Ғажайып  алаң»  ойыны.  Тақтаға  сөз  жазылады.  Мұғалім 

жасырылған  сөздердің  әрбір  әрпін  элеметтері  бойынша  сипаттап 

айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы : бүтін 



 

42 


 

 

құрсау мен оңға иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әріпі 



екенін табады. 

Баланың  әлемі  –  бұл  нақты  заттың  әлемі,  егер  баламен  жақын 

болам  десеңіз,  оның    жақсы  мен  психофизиялогиялық  ерекшелінін 

ескеріңіз.  Ойын  түріндегі  бұндай  жаттығулар  жас  жеткіншектің 

ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы 

ойын  арқылы  көркем  жазуға  жаттықтыратын  жаттығу  түрлерін 

қолдана білу-мұғалімнің төл ісі.  

 

Негізгі әдебиеттер: 1,2,4,6,10,11,12 



Қосымша әдебиеттер: 3,5,6 

 

2.3 Семинар сабақтарының жоспары 

 

№1 

семинардың 

тақырыбы: 

Жазуға 

үйрету 

технологиясының пәні, мақсаты мен міндеттері 

Сұрақтар 

1.  «Жазуға  үйрету  технологиясы»  оқу  пәнін  оқытудың  мақсаты 

мен міндеттері 

2.  «Жазуға үйрету технологиясы» пәні бойынша білім мазмұны 



Тапсырмалар 

1.  «Жазуға  үйрету  технологиясы»  оқу  пәнінің  мәнін  ашып 

көрсететін проблемаларды анықтаңыз. 

2.  «Жазуға үйрету технологиясы» оқу пәнін оқытудың мақсаты 

мен міндеттеріне сипаттама беріңіз. 

Әдістемелік нұсқаулар 

«Жазуға  үйрету  технологиясы»  оқу  пәнінің  мәнін  ашып 

көрсетуде  бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  теориясы  мен 

технологиясында  қарастыратын  негізгі  проблемалары  -  оқытудың 

мақсатын,  мазмұнын,  әдіс-тәсілдерін,  құралдары  мен  ұйымдастыру 

формаларын айқындау мен жетілдіру керектігіне баса назар аудару 

қажет. 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,3, 4, 8,9,10,11,12 

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3 

 

№2 семинардың тақырыбы:

 

Жазуға үйретудің тарихы  

Сұрақтар 

1.Жазудың пайда болуының тарихи алғышарттары мен кезеңдері 




 

43 


 

 

2. Жазудың түрлері 



Тапсырмалар 

1.  Жазудың  пайда  болуының  тарихи  алғышарттары  мен 

кезеңдерін анықтаңыз. 

2.  Жазудың түрлеріне сипаттама беріңіз. 



Әдістемелік нұсқаулар 

Жазудың пайда болуының тарихи алғышарттары мен кезеңдерін 

бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  технологиясының  тарихы 

бойынша  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  негізінде  анықтауға 

болады. 

Жазудың  түрлеріне  бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту 

теориясы  мен  технологиясы  курсы  бойынша  теориялық  білімге 

сүйене отырып, беруге болады. 



Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12 

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6 

 

№3 семинардың тақырыбы: Жазуға үйретудің әдістері 

Сұрақтар 

1. Жазуға үйретудің негізгі ерекшеліктері 

2. Жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері 

3. Жазуға қойлатын гигиеналық талаптар 



Тапсырмалар 

1.  Жазуға үйретудің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз. 

2.  Жазуға үйретудің әдіс-тәсілдеріне сипаттама беріңіз. 

Әдістемелік нұсқаулар 

Жазуға  үйретудің  негізгі  ерекшеліктерін  оған  қойылатын 

талаптарды анықтау арқылы бөліп көрсетуге болады.  

Жазуға  үйретудің  әдіс-тәсілдеріне  сипаттама  беру  барысында 

оқушылардың  көркем  жазу  деңгейін  анықтау,  жазуға  үйретудің 

мақсаты  мен  міндеттерін  түсіндіру,  жазуға  үйретуге  қажетті  құрал-

жабдықтармен таныстыру мәселесіне көңіл бөлу қажет. 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12 

Қосымша әдебиеттер: 1,5, 6 

№4  семинардың  тақырыбы:  Жазу  сауаттылығы  және 

каллиграфиясы 

Сұрақтар 

1. Жазу сауаттылығы мен каллиграфиясының өзара байланысы 

2. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру 



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау