160
кездеспей-ақ, пошта, басқа да электрондық тасымалдау құралдары арқылы ақпаратпен
алмаспай-ақ шешілетін болды.
Энн Либермaн “Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі
мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды
өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін күнделікті жұмыcынa түр
береді” дегендей, адaмдaр тобы бірлеcу қaжеттілігін cезінген жaғдaйдa қоғaмдacтықтaр
дaмиды.
Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер
арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық әр түрде құрылуы мүмкін. Ең
бастысы- оның қызметі ашық сипатта, ерікті түрде ұйымдастырылады деп ойлаймын. Озық
іс-тәжірибе алмасу үшін мүмкіндігі мол, кең сипаттағы құрылым. Желілік қоғамдастықтың
тақырыбы мектептегі белгілі кәсіби проблемалардың негізінде анықталады. Ол
педагогикалық проблемалар аясында құрылады.
Англияның білім беру және дағдылар департаменті (DfES) 2004 жылы зерттеулер мен
талдаулар қорытындысы бойынша жасаған есебінде «Мұғалімдер мен мектептерге
ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті
ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған мектепаралық кәсіби
қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген нақты өзгерістердің
негізі болып табылады» деген қорытынды жасаған. Дамуға негізделген бұл қоғамдастықтар
Ресей, Сингапур, Жапония сияқты дамыған елдерде кең қанат жайып, үлкен жетістіктерге
жетуде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын
игерген мұғалімдердің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі кәсіби қоғам
дастықтардың жұмысы арқылы білім беру саласын дамыту мақсатын көздейді.
Желілік қоғамдастық іс-әрекеттің мына формаларын ұйымдастыру мүмкіндігін береді:
оқыту семинары, байқау, жоба, акция, «шеберхана», немесе шебер-сынып, чаттағы талқылау,
жобалар фестивалі, телеконференция. Бұл формаларды ұйымдастыру біршама жеңіл және
желілік қоғамдастық мүшелері тарапынан белсенді түрде қолдау тауып отырады.
Қазақстанда педагогтерге арналған виртуальды қоғамдастықтың бірқатары жұмыс
жасап отыр. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектеп
мұғалімдеріне арналған деңгейлік біліктілікті арттыру курстарынан өткен сертификатталған
мұғалімдерге арналған http://cpm.kz сайтының алатын орны ерекше. Бұл сайт көп мұғалімдер
үшін кәсіби дамудың қуатты құралына айналды. Сертификатталған мұғалімдерді әдістемелік
қолдау мақсатында және форум мен желілік қауымдастықта пікір алмасуда, интернет желісі
арқылы жеке кеңес беру жұмыстарын жетілдіру үшін Педагогикалық Шеберлік
Орталығының желілік порталында Индер ауданының деңгейлік курстан өткен
мұғалімдерінің қоғамдастық веб парағы құрылып, «Индер - Магистр» группасы деген атпен
2015 жылдың 26 ақпаны күні тіркелді. Группаның модераторы Атырау облысы Индер
аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, І (ілгерінді) деңгей
бойынша сертификатталушы, педагогика ғылымдарының магистрі Даулетова Роза
Қабышқызы. Группа ашылған күннен бастап ауданның деңгейлік курстан өткен
мұғалімдерін түгелдей желіде жұмыс жасату арқылы дамыту, тәжірибе алмасу, кәсіби
тұрғыдан бірге өсу, үнемі байланыста болу мақсатында жұмыс жасауда. Индер
ауданы
мектептерінен осы бағдарлама бойынша 192 мұғалім білімдерін жетілдіріп, дайындықтан
өтті. Олар 2013 жылдан бастап өз мектептерінде және ауданда «Зияткерлер» қәсіби
қоғамдастығын құру арқылы байланыс орнатып, әріптестерімен тәжірибе алмасудың жаңа
тәсілін, оқытудың тиімді әрі инновациялық әдістерін ұсынуда бірлескен шаралар өткізіп
келеді. Желілік қоғамдастық құру бізге көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізуге, соның
ішінде әріптестердің іс-тәжірибесін бөлісуде, иновациялық жаңалықтарды алуда,
шығармашылық ізденістерін зерделеуде жаңа идеяларға жетелеуге қолайлы жағдай
161
туғызуда. Алайда, кәсіби қоғамдастықты дамытудың қазақстандық үлгісінде мектеп
директорлары және басқа да жоғары тұрған басшылар бірлесіп оқудың осындай үлгісін
құруға әзір болмағандықтан бұл жұмыс табысты болуға мүмкіндік ала алмай отыр деп
ойлаймын. Жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, оның
қарқынды дамуы үшін мектеп басшылары басқа адамдардың көшбасшылығына жағдай
жасап, өзге мектептермен жүргізілетін ынтымақтастықтың пайда әкелетініне сенім білдіре
алуы маңызды. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен мектеп басшыларының арасында
ортақ мүддеге деген түсіністікті қалыптастырудың шешімі оң бағыт алмаса, бұл жұмысты
қалай жолға қоюға болатындығы туралы ой жиі мазалайтын. 2013 жылдан бастап
"Зияткерлер" қоғамдастығы аудан, облыс көлемінде біраз жұмыстар жасағандай болдық.
Көптеген шараларға курстан өтпесем де өзімді тәлімалушы ретінде сезініп, белсенділікпен
қатынасып, жақсы жұмыстар ұйымдастырылып жатқан аудан ретінде мадақталдық та.
Ауданда, облысымызда, жалпы республиканың барлық облыстарындағы әріптестермен
қалай бірлесіп жұмыс жасауға болатынын талпынысым болғанымен жолын таба алмай
қиналып жүруші едім. Бұл сұрақтың шешімін тек курстың "Бетпе-бет" кезеңінің соңғы
аптасындағы «Желелік қоғамдастық» туралы сабақтан таптым. Практикаға келген соң
бірден осы жұмысты қолға алдым. Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдерді
ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету үшін интербелсенді қарым-қатынас орнату
мақсатында құрылған «cpm.kz» желілік порталында «Индер –Магистр» группасын аштым.
Қазір бұл группада ауданның 165 мұғалімі және республиканың өзге өңірлерінен (Арқалық,
Түркістан, Шардара, Ақатау, Атырау, Шымкент т.б) 22 көшбасшы мұғалім, барлығы 187
ұстаз ынтымақтастықта тәжірибе алмасуда.
Қазіраудан мұғалімдерінің желідегі белсенділіктері жоғары. Республиканың барлық
облыстарындағы әріпптестерімен тәуліктің қалаған уақытында еркін тәжірибе алмасуға
мүмкіндіктері туды. «Индер - Магистр» группасы желіде «Шымкент 2 деңгей», «Бірлік
Атырау», «Зияткерлер», «Көктем жаңашылдары», «Білім, сенім,достық», «М.Сиранов
жаңашылдары», «Болашақ», «Самғау», «Жаңалық жаршысы» группаларымен әріптестік
қарым - қатынаста белсенді жұмыс жасауда. Желі арқылы дамудың көкжиегі кең,
мүмкіндігі мол екендігін «Желідегі байланыстың көшбасшы іскерлігін қалыптастырудағы
маңызы» және «Мектепті дамыту жоспарын әзірлеудегі басымдықтарды анықтау»
тақырыбымен порталда онлайн байланысы арқылы өткізген аудандық семинарларда
дәлелдей алдық. «Көктем» қазақ орта мектебі мен Бөдене орта мектептері базасында өткен
семинар жұмыстарын порталда тіркелген барлық әріптестеріміз бақылады және пікір
алмасуға қатынаса алды. Бұл көптеген мұғалімдердің қызығушылығын туғызды. «Индер -
Магистр» группасының республикалық деңгейдегі танымал топ ретінде бірнеше рет тұрақты
түрде топ бастап тұрғаны ондағы мұғалімдердің жұмысына, тәжірибесіне, зерттеу
нәтижелеріне, жаңа идеяларына деген сұраныстың жоғары болғандығынан деп білемін.
Желіде құрылған «Индер - Магистр» группасы Исатай, Махамбет, Құрманғазы
ауданындағы әріптестерімнің желідегі группаларымен тығыз байланыс орнатты. Қазір
группадағы мұғалімдер өз әріптестерімен серіктес мектептер жобасын жүзеге асыруда.
Аудан орталығы Индербор кентінде орналасқан Ш.Уәлиханов және М.Әуезов атындағы орта
мектептерде деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің апталығы ұйымдастырылып, онда
бірлескен коучингтер өткізіліп, нәтижесі порталда оң бағасын алды. Бұл үрдісті басқа
мектептер жалғастыруда. "Кәсіби дамудан – нәтижелі білімге" тақырыбымен деңгейлік
курстан өткен мұғалімдердің ІІ аудандық форумы жоғары деңгейде тікелей порталдағы
онлайн байланысы арқылы ұйымдастырылды. Форум жұмысына республиканың барлық
өңірлерінен әріптестеріміз қызу араласып, ой-пікірлерін білдірді. Форум қорытындысымен
ұсыныстары мен портал ережесі қабылданды.
«Индер-Магистр» группасының мақсаты желілік қоғамдастықтың өміршеңдігін
сақтау, сол арқылы мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, білім мен
біліктілікті дамыту, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетін оқытудың жаңа тәсілдерін
Достарыңызбен бөлісу: |