158
Нәтижесінде балалар өз отбасылары туралы көбірек біліп, отбасы мүшелеріне
сыйластық пен сүйіспеншілікпен қарай бастады.
Соңғы кезде мектепке дейінгі мекемелердің білім беру процесінде жақсы өзгерістер
болуда. Бастапқы мәселе: мектепке дейінгі балаларға білім беру барысында көне мәдениет
жүйесін енгізу. Балалар өзінің тарихи бастамаларына келуін негіз етеді және халық
шығармаларына, билері мен әндеріне, қолөнеріне үлкен назар аударады. Балаларды
жақсылыққа, әдемілікке үйретеді, өйткені мектепке дейінгі жастағы уақыт бала үшін
әлемдегі шектесу,
жақсы істер жасау, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сезімін оятады.
Қазіргі кезде біздің ұлттық санамызға бұрынғы замандағы мерекелер, салттар, әдеби
мұралар және де халқымыздың заманнан өткен мәдениетіміз оралуда.
Танымдылық сабақтар,
серуендер, әңгімелер, адамдармен қарым – қатынас балалардың көзқарастарын кеңейтеді,
сондай – ақ өз елінің өміріне қызығушылықтарын арттырады, туған еліне сүйіспеншілік
тәрбиелейді.
Өзіміздің туып өскен қаламыздың көшелеріне мен өз тәрбиеленушілеріммен
саяхаттаймыз. Сол кезде бала жан – жағындағы қоршаған ортаны көріп, сезініп, танып біліп,
«Менің қалам» деген патриоттық сезім туындайды. Балалармен әңгімелесуде мен олардың өз
қалалары туралы не білетіндерін байқадым. Нақтылап, қаламыздың бірінші тұрғындары,
бірінші мектеп қашан ашылды екені туралы білмейді.
Кейін балалар өздерінің ата, әжелерінен сұрастырып, қаламызға байланысты ескі
фотосуреттер әкеліп, көріп, оның жылдан – жылға өзгеріп жатқанын көреді.
Балабақшаның ауласында серуендегенде балалар қоршаған ортаны бақылайды:
гүлдерді, өсімдіктерді, жәндіктерді, оларды қорғау керектігін үнемі ұғындырамын. «Менің
өлкемнің табиғаты» деген сезім тудыру қажет болды. Табиғатқа қамқорлықпен қарау
жайында көптеген әңгімелер өткіздім, бірақ ол аз болды, балалар гүлдерді жұлуды
жалғастырды. Сонда мен балалармен бірге «Біздің елдің емдік өсімдіктері» атты арнайы
альбом шығаруды ойладым. Балалармен көптеген өсімдіктерді жинап алып, гербарий
жасадық, көп өсімдіктер
емдейтіндерін біліп, оларға қамқорлықпен қарай бастады.
Кейін балалармен әрқайсысының «Қызыл кітабін» шығаруды ұйымдастырдық, сол
кітапқа өзі қорғайтын өсімдіктің суретін салды. Өсімдіктерді жақсы білу үшін, оларды
кептіріп, қалталарға салып, иістерінен ажырата бастады. Істеген жұмыстан балалар
қызығып, балабақша ауласында тәрбиешінің көмегімен гүлдер, ағаштар отырғызды. Осының
барысында өлкеге, табиғатқа, қоршаған ортаға деген патриоттық сезім балаларымда
қалыптасты деп ойлаймын.
Балабақшада өлкетану орталығын аштық. Бұл орталықтың мақсаты: өз өлкесін жан –
жақты білу. Осында жұмыс істеу нәтижесі, әңгіме, серуенде көрінеді. Орталықтағы заттар
көбіне ата – аналардың, таныстардың бергендері. Осында ертеде киетін көйлектер бар,
балалар оны көріп, ұстап, ол туралы әңгімелер тыңдайды. Мұнда балалар тек қана көрмей,
сонымен бірге тарихқа үніліп тарихшылар болып ойнайды.
Баланың тұлғалықтай толық ашылуы тек оның өз халқының мәдениетіне қосылу
арқылы мүмкін болады. Балалардың Отандық мұраға бойсұнуы, сыйластықты, өзі тұратын
жері үшін мақтанышты тәрбиелейді. Кішкентай бала үшін патриоттық туған үйінен, өзі және
отбасысы тұрып жатқан көшеден басталады.
Патриоттық сезімді тәрбиелеудің негізгі мәселесі, кішкентай сәбидің жанында
табиғатқа, Отанға, ата – анаға, қоршаған адамдарға үнемі сүйіспеншілік пен сыйластық
тудырамын. Сухомлинскийдің сөзін еске алсақ, ол былай деген:»Бала кезінде адам өзінің ата
– бабаларының қаһармандық істеріне көз қарасының оның инабаттылық келбеті, қоғамдық
мәселелерге қызығушылығы, Отан үшін еңбекке деген талпынысы көрінеді».
Балаларда патриоттық сезімдерді ақпараттық емес, балалар өздері танып білуге көмек
беруге тырысамын. Сол арқылы отбасы мен балабақша арасында тығыз байланыс болу
керек.
159
Бұл жұмыс ересектер тобында басталып, бірінші сыныпта аяқталады, сонымен
мектепке дейінгі мен бастауыш сыныптың өзара байланысын қолдаймын.
Заман ағымы өткенге қарамай, балаларды халық шығармашылығының сәндігін,
берекелігін, ұмытылмас қайраттылығын сездіріп, оған патриоттық сезімдерін тудыруға
мүмкіншілік жасаймын. Балабақшада өлкетану орталығының мақсаты: өз өлкесін жан –
жақты білу. Бұл жұмыс кезінде мен өлкетану әдебиеттерін оқып, өлкетану мұражайын
аралап өттім. Орталықтағы заттар көбінесе ата – аналардың, таныстардың бергендері.
Осында ертеде киген көйлектер бар, балалар оларды көріп, ұстап, әңгімелейді. Балалар тек
қана көрмей, сонымен бірге тарихқа үніліп, тарихшылар болып ойнайды. Ата – аналармен
бірге фольклорды мерекелер өткіздік.
Нәтижесінде балалар айналадағы табиғатқа басқа көзбен қарай бастады: гүлдерді
жұлмайды,
ағаштарды сындырмайды, басқа топтар балаларына да ескертулер айта бастады.
Қолданылған әдебиет:
1. Көру қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балалардың тәрбиелеу мен оқытудың Типтік
арнайы бағдарламасы. Р. А. Сулейменов. Алматы, 2010г.
2. Мектепке дейінгі білім беру. 2009 ж., №2
3. Отбасы және балабақша. 2008ж., №3
4. Таптым, таптым, эврика 2008ж., №2
Әдістемелік қызмет мазмұнындағы жаңашыл бағыттар
Даулетова Р. Қ.
Атырау облысы, Индер ауданы
Индер аудандық білім бөлімі
Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарының маңыздысы –
оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек
көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын дайындау және өткізу.
Бұл жұмыс бірнеше формада ұйымдастырылуда.
2015 жылдың сәуір айынан бері ауданда дамыған елдердің білім беру саласында
табысты деп танылып отырған «серіктес мектептер» жобасымен жұмыс жасалуда.
Ауданныің 15 мектебі географиялық орналасу ыңғайына қарай 4 топқа біріктіріліп, алғашқы
қадамдар жасалды. Бұл жоба мектеп мұғалімдерінің ынтымақтастықта жұмыс жасауына,
өзара тәжірибе алмасуда еркін қарым-қатынасқа мүмкіндік береді. Назарбаев зияткерлік
мектептерінің тәжірибесін енгізу бойынша ұйымдастырылған облыстық тірек мектептерінің
ресурстық мектептерінің тобында ауданның екі мектебі (М.Әуезов, Ш.Уәлиханов) бар. Бұл
мектептерде НЗМ тәжірибесін үйрену деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің тәлімгерлігі
арқылы жүруде.
Желілік қоғамдастықтар коммуникацияның жаңа формаларын ұсынады. Бұл жаңа
ақпарат кеңістігінде тәжірибемен алмасуды, қашықтыққа қарамастан сұрақтар қойып, оларға
комментарий беруді, басқа педагогтердің озат тәжірибесін виртуальды шеберлік-
сыныптарында бақылауды, өзінің біліктілік деңгейін және ақпараттық-коммуникативтік
құзыреттілігін арттыруды ұсынады.
Желілік қоғамдастық қашықтықтан оқыту, кәсіби конкурстарға қатысу, педагогтердің
біліктілігін арттырудың ыңғайлы формаларын пайдалану мүмкіндіктерін де бере алады.
Педагогтердің желілік қоғамдастықтары, интерактивті әдістемелік кабинеттер - кәсіби
ізденісті қалыптастыратын негізгі шығармашылық орталыққа айналуда. Шекара мен
қашықтықты білмейтін педагогтердің желілік қоғамдастығында маңызды
міндеттерді арнайы