көрсетілетін қызметтерді жүргізу және (немесе) көрсету кезінде
пайдаланылатын есептік
кезеңнің соңына ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің
) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы
айырмасы ретінде есептелетін) ұзақ мерзімді активтерінің жиынтық құны;
7) көрсетілетін қызметтер - аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлар, жұмыстар);
8) ортодромия - үлкен дөңгелек доғасын бейнелейтін және әртүрлі бұрыштарда меридианды
қиып өтетін жер шары бетіндегі екі нүкте арасындағы қысқа арақашықтық желісі.
Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес қолданылады.
6. Осы Әдістеме мынадай аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді есептеуге
арналған:
1) халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын (бұдан әрі - әуеайлақ маңындағы реттеліп
көрсетілетін аэронавигация қызметтері) әуе кемелеріне аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтерді қоспағанда, әуеайлақ маңында әуе кемелеріне аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтер;
2) халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын (бұдан әрі - әуе кеңістігіндегі
аэронавигациялық көрсетілетін қызметтер) әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді
қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық
қызмет көрсету.
7. Аэронавигация қызметтерінің тарифтері әуе кемесінің ең көп ұшу массасына және
жүзеге асырылып отырған тасымалдау түріне (тұрақты немесе тұрақты емес) қарай сараланады.
8. Аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерге тарифтер есебі аэроновигациялық
көрсетілетін қызметтерді есептеу кезеңіндегі болжамды тарифтік кірістері мен көлеміне
негізделген.
Есептік кезең ретінде осы қызметтерге тарифтерді өзгертуге өтінім беру күнінен кейінгі
қаржы жылы пайдаланылады.
2 - тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін
жүргізуді ескере отырып тарифтерді есептеу негіздері
9. Аэронавигацияның көрсетілетін қызметі бес негізгі құрамдауышты қамтиды:
1) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды;
2) әуе қозғалысын ұйымдастыру - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘҚҰ),
әуе кеңістігін ұйымдастыруды және әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қосқанда, ұшудың
барлық кезеңдерінде әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті борттық
және жердегі функцияларының кешені;
ӘҚҰ өзіне әуе қозғалысын басқаруды (бұдан әрі - ӘҚБ), ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді
және апаттық хабарлауды қамтиды.
ӘҚБ өзіне: әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді, жақындауға диспетчерлік қызмет
көрсетуді, аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді;
3) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді (авиациялық электр байланыс қызметінен,
сондай-ақ авиациялық радиолокация және радионавигация қызметінен тұрады);
4) метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;
5) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді қамтиды.
10. Әуе кеңістігінде аэронавигациялық көрсетілетін қызметтер тарифтерін есептеу
кезінде мынадай жұмыс түрлері:
апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды
үйлестіру;
әуе қозғалысын ұйымдастыру;
әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;
қосалқы әуеайлақтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жұмысын қамтамасыз
ету;
радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;
экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы
өзгерістерді беру;
экипаждарға жедел метеорологиялық ақпаратты беру;
әуе кемесінің ең көп ұшу массасы;
әуе кемесінің ұшу қашықтығы ескеріледі.
11. Ұшу қашықтығы әуе кемесінің ұшу маршрутының ортодромиясы бойынша өлшенеді, ол әуе
кемесінің әрбір ұшуы және әрбір қонуы кезінде 20 километрге азаяды және километрдегі ұшу
қашықтығының соңғы саны былайша дөңгелектенеді:
5 километр және одан аз болса нөлге дейін дөңгелектенеді;
5 қилометрден жоғары болса 10 километрге дейін дөңгелектенеді.
12. Әуе кемелерінің салмағын есепке алу үшін 9 салмақтық топтан тұратын әуе
кемелерінің ең жоғарғы ұшу массасының шкаласы Әдістеменің
сәйкес қолданылады:
1 қосымшаға
13. Әуе кеңістігінде аэронавигация қызметінің тарифтері осы шкалаға сәйкес келтіру
коэффициенттерінің көмегімен әуе кемесінің әрбір салмақтық тобына әуе кемесінің ұшу
маршрутының ортодромиясы бойынша есептелген 100 километр арақашықтыққа есептеледі.
14. Әуеайлақ аумағында аэронавигация қызметтерінің тарифтерін есептеу кезінде мынадай
жұмыс түрлері:
апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды
үйлестіру;
әуеайлаққа қону кезінде, қону үшін төмендету, қонуға кіру, қону және тұрақ орнына
дейін жеткізу кезінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;
әуеайлақтан ұшып шығу кезінде, тұрақ орнынан рөлді басқару, ұшу және әуе трассасына
шыққанға дейін биіктікке көтерілу кезеңдерінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;
әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;
радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;
экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы
өзгерістерді беру;
экипаждарга жедел метеорологиялық ақпаратты беру ескеріледі.
15. Әуеайлақ маңында аэронавигация қызметтерінің тарифі әуе кемесінің ұшу массасының
бір тоннасына есептеледі.
Төлем мөлшері әуеайлақ маңында аэронавигация қызметтері тарифтерін ұсынылған құжат
немесе анықтамалық ақпаратқа сәйкес әуе кемесінің ең жоғарғы ұшу массасына көбейтумен
анықталады.
Әуе кемесінің кг-ғы массасының соңғы екі саны:
50 килограммнан аз болса, аз жаққа, 50 килограмм және одан көп болса, үлкен жағына
дөңгелектенеді.
16. Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтердің өзіндік кұны қалыптасатын шығындардың құрамдары мен баптары Қазақстан
Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
17. Жекелеген құралдың немесе жұмыстың қосарлы мақсаты болған жағдайда, олармен
байланысты шығыстар табиғи монополиялар субъектілері шығындарын бөлек есепке алудың
негізінде тиісті тарифтерге бөлінеді.
3 - тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтерге кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін
жүргізуді ескере отырып тарифтерді есептеу тетігі
18. Табиғи монополиялар субъектілерінің әуе кеңістігінде аэронавигациялық көрсетілетін
қызметтерді көрсетуден болжамды тарифтік кірістер мынадай формула бойынша анықталады:
ТК = Ш + РПД ,
ж
ж
ж
мұндағы:
ТК - табиғи монополиялар субъектілерінің әуе кеңістігінде аэронавигациялық
ж
көрсетілетін қызметтерді көрсетуден түсетін, жоспарлы қызмет көлеміне есептелген жиынтық
экономикалық
негізделген жоспарлы шығындар, теңге;
Ш - ТМС қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген әуе кеңістігінде аэронавигациялық
ж
көрсетілетін қызметтерді көрсетуге шығарған экономикалық негізделген жиынтықты жоспарлы
шығындар, теңге;
РПД - әуе кеңістігінде аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша түскен
ж
пайданың қол жетімді деңгейі, теңге.
19. Әуе кеңістігінде аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша жиынтықты