Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар


 Билік ету құқығы дегеніміз



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет53/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68

171
12. Билік ету құқығы дегеніміз:
а)  заңды  қамтамасыз  етілген  мүмкіндікпен  мүліктің  заңды 
тағдырын шешу
b) заңды қамтамасыз етілген мүмкіндікпен мүлікті нақты иелену
с) заңды қамтамасыз етілген мүмкіндікпен мүліктен оның пайда-
лы қасиеттерін алу, одан пайда табу
d) жерді пайдалану құқығы
13.  Меншік  құқығы  негізінде  тұлғаға  тиесілі  мүлікті  ұстау 
ауыртпалығы:
а) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе меншік 
иесінденде
b) үшінші тұлға жауапты
с)  меншік  иесі  біржақты  тəртіппен  үшінші  тарапқа  ауыстыруы 
мүмкін
d) меншік иесінің туыстары жауапты
14.  Егер  заң  актілерінде  немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе, 
иеліктен шығарылатын затардың кездейсоқ бүліну немесе жойы-
лу тəуекелі сатып алушыға:
а) шар жасасқан кезден бастап
b) онда меншік құқығы пайда болған сəттен бастап
с) ақысын төлегеннен кейін
d) алдын ала төлегеннен уақыттан бастап
15. ҚР АК меншіктің қандай нысандары көзделген:
а) мемлекеттік, жеке, ұжымдық
b) мемлекеттік, өздік
с) мемлекеттік, жеке
d) мемлекеттік, жеке, қоғамдық бірлестіктердің меншігі
16.  Аталған  варианттардың  қайсысында  меншік  құқығының 
пайда болуының алғашқы тəсілдері орын алған:
а) мұрагерлік, заем;
b) олжа, көмбе;
с) сатып алу – сату, сыйға тарту;
d) айырбас, күтімсіз ұсталған мəдени жəне  тарихи қазыналарды 
сатып алу.


172
17.  Жылжымайтын  жəне  өзге  де  мүлікті  иелену  мерзімі  құ-
райды:
а) 3 жыл жəне 1 жыл;
b) 10 жыл жəне 5 жыл;
с) 20 жыл жəне 5 жыл;
d) 7 жыл жəне 5 жыл;
9.7. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
ҚР  Азаматтық  кодексі  (Жалпы  бөлімі) (өзгерістер  мен  толық-
тырулармен бірге)
ҚР 2003 жылдың 20 маусымындағы Жер кодексі (өзгерістер мен 
толықтырулармен бірге)
«Шаруа  (фермер)  қожалығы  туралы»  ҚР 1998 жылдың 31 
наурызындағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Жер  қойнауы  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»  ҚР 2010 
жылдың 24 қаңтарындағы  заңы  (өзгерістер  мен  толықтырулармен 
бірге).


173
10-тақырып. Міндеттеме жөніндегі жалпы         
ережелер
10.1. Міндетеме ұғымы мен түрлері
10.2. Міндеттемені орындау
10.3. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы
10.4. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
10.5. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
10.6. Міндеттемені тоқтату
10.7. Тапсырмалар
10.8. Тестілер
10.9. Нормативтік құқықтық актілердің тізімі
10.1. Міндетеме ұғымы мен түрлері
Міндеттеме – материалдық  игіліктердің  тауарлық  қозғалысына 
дейін  орын  алатын  салыстырмалы  құқықтық-қатынас  болып  табы-
лады  жəне  бұған  орай,  бiр  тұлға  (борышқор)  басқа  тұлғаның  (не-
сие  берушiнiң)  пайдасына  белгілі  бір  материалдық  игіліктерді  беру 
жөніндегі белгілі бір əрекеттерді жасауға міндетті болады, ал несие 
берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. 
Міндеттемеге екі тарап қатысады – өкілетті жəне міндетті тарап-
тар.  Материалдық  игіліктердің  қозғалысының  белсенді  əрекеттерсіз 
орын  алмайтындығы  себепті,  өкілетті  тарап  міндеттеменің  орында-
луын міндетті тараптан талап ету құқығына ие. Міндетті тарап болса, 
екінші тараптың пайдасына белсенді іс-қимылдарды жасауға міндетті 
болып табылады.
Өкілетті  тарапқа  талап  ету  құқығы  тиесілі  болады,  ал  тараптың 
өзі  несие  беруші  деп  аталады.  Міндетті  тарап – борышқор,  оның 
міндеті – борыш. Кейде əрбір тарап бірмезетте талап ету құқығына 
жəне борышқа ие болатын міндеттемелерде кездесуі мүмкін жəне бұл 
ретте, əрбір тарап бірмезетте несие беруші жəне борышқор болып та-
былады. Талап ету құқығы мен борыш міндеттеменің заңи мазмұнын 
құрайды. Борышқордың əрекеті оның объектісі болып табылады.
Міндеттемелердің əралуан болуы себепті, оларды белгілі бір не-
гіздерді басшылыққа ала отырып, жүйеге келтірген орынды.


174
Реттеуші  жəне  қорғаушы  міндеттемелер.  Біріншісі,  əдеттегі 
тауар-ақша  айналымын  қамтиды.  Екіншісі,  құқық  бұзушылықтан 
туындаған міндетемелерді қамтиды.
Шарттық  жəне  шарттан  тыс  міндеттемелер.  Олардың  ішінде 
міндеттемелер  топтары  белгіленген.  Шарттық:  мүлікті  иеліктен 
шығаруға  байланысты  міндеттемелер,  мүлікті  пайдалануға  беру 
туралы  міндеттемелер,  жұмыстың  орындалуына  байланысты  мін-
деттемелер,  қызмет  көрсетумен  байланысты  міндетемелер.  Шарт-
тан  тыс  міндеттемелер:  конкурстық  міндеттемелер,  зиянды  өтеу 
міндеттемелері, өзгенің мүддесінде тапсырмасыз іс-əрекет жасау.
Экономикалық  мазмұны  тұрғысынан  міндеттемелердің  түр-
лері:  сатып  алу – сату,  жалға  алу,  мердігерлік.  Олар  өз  іштерінде 
түрлерге бөлінуі мүмкін: бөлшек сауда, тауар жеткізілім, келісімшарт 
жасасу.
Міндеттемелердің пайда болу негіздері:
шарттар (мысалы, сатып алу сату),
біржақты мəмілелер (өсиеттік бас тарту),
əкімшілік актілер (мысалы, лицензия беру),
зиян келтіру (деликті),
интеллектуалдық меншік объектілерін жасау жəне пайдалану,
оқиғалар (мысалы, сақтандыру жағдайының басталуы).
10.2. Міндеттемені орындау
Міндеттеменің  құқықтық  нəтижесі  болады.  Оған  қол  жеткізу 
міндеттемені  орындау  нəтижесі  ретінде  жүргізіледі,  яғни  тараптар 
міндеттеменің мазмұнындағы құқықтар мен міндеттерді іске асыра-
ды.
Міндеттемені  орындау  дегеніміз  борышқордың  міндеттеме-
нің  пəнін  құрайтын  əрекеттерді  несие  берушінің  пайдасына  жа-
сауын  білдіреді.  Ол  борышқор  мен  несие  берушінің  арасындағы 
қатынастарды тоқтатады.
Міндеттемені  орындау  қағидалары:  міндеттемені  тиісінше 
орындау (ҚР АК 172-бабы) жəне міндеттемені заттай орындау (ҚР 
АК 354-бабы). Бұл екі норма да диспозитивті болып табылады, яғни 
тараптар  орындау  ережелерін  заңда  көрсетілгеннен  басқалай  сипат-
тай алады. Орындау жөніндегі көптеген баптарда келесідей ескертпе 
қарастырылады: егер міндеттеменің ережелерінде өзгеше көзделмесе.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау