Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет54/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68

175
Заттай  орындау  принципінің  қолдану  аясы  тарылтылған,  яғни 
бұл,  егер  тараптардың  келісімімен  өзгертілмесе,  қолданылатын 
жалпы  принцип  болып  табылады.  Тиісінше,  орындамаған  реттерде 
ол  айрықша  маңызға  ие  болады.  Мысалы,  ҚР  АК 365-бабында  бы-
лай  делінеді:  егер  борышқордың  мерзiмдi  өткiзiп  алуы  салдарынан 
мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса (үйлену 
тойына көйлекті мерзімінде тіккен жоқ), онда оған міндеттемені зат-
тай орындатуға қол жеткізудің мағынасы болмайды. Мұның орнына 
ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi 
талап ете алады.
Жəне  керісінше,  ҚР  АК 355-бабында  белгiлi  бiр  затты  жеке  бе-
ру  мiндеттемесiн  орындамаған  жағдайда  несие  берушiнің  оны  бо-
рышқордан  алып  қоюды  жəне  несие  берушiге  берудi  талап  етуге 
құқылы екендігі бекітілген. Егер жұмыс орындалмаған немесе қызмет 
көрсетілмеген  болса,  несие  беруші  міндеттеменің  орындалуын  та-
лап  етпей,  жұмысты  несие  берушінің  өзі  немесе  үшінші  тұлғаның 
орындағанына ақшалай өтемақыға қанағат ете алады. Осы ретте, зат-
тай орындауды ақшалай өтемақымен алмастыру орын алып отыр.
Міндеттемелердің  көбі  өзара  мiндеттемелер  болып  табылады 
жəне  бұл  ретте,  қарсы  орындау  туралы  сөз  қозғалады.  ҚР  АК 284: 
өзара  орындау  дегеніміз  жалпы  ереже  ретінде  тараптардың  өзара 
мiндеттердi  бiр  мезгiлде  орындауын  білдіреді.  Тараптардың  бiрiнiң 
мiндеттеменi  орындамауы  немесе  тиiсiнше  орындамауы  өзара  мiн-
деттердi  орындау  жəне  қарсы  талаптарды  қанағаттандыру  кезiнде, 
екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.
ҚР  АК 273-бабында  егер  заңдарда  немесе  шартта  көзделгеннен 
басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жəне 
оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейтіндігі айтылады.
Орындау  шарты – ол  субъектілерге,  пəніне,  мерзімдерге,  əдіс-
теріне  жəне  міндеттемені  орындау  орнына  қойылатын  талаптар  бо-
лып  табылады.  Шарттар  міндеттемені  кімнің,  қайда,  қашан,  қалай 
орындайтындығы туралы сұрақтарға жауап береді.
Орындау пəні – ол міндеттемені орындау процесінде борышқор-
дан несие берушіге ауысатын зат, жұмыс, қызмет көрсету болып та-
былады. Орындау пəніне талаптар не заңда, не шартта айқындалады. 
ҚР АК 282 бабында ақшалай міндеттемелерді орындау пəніне ерекше 
талаптарды белгілеген. Ең алдымен, заңнамалық актiлерде көзделген 
жағдайларды қоспағанда, ҚР аумағындағы ақшалай мiндеттемелер 
теңгемен көрсетiлуі талап етіледі.


176
ҚР  аумағында  мiндеттемелер  бойынша  есеп  айырысуды  жүзеге 
асыру  кезiнде  шетел  валютасын,  сондай-ақ  шетел  валютасындағы 
төлем  құжаттарын  пайдалануға  ҚР  заңнамалық  актiлерiнде  айқын-
далған  жағдайларда  жəне  шарттарда  немесе  оларда  белгiленген 
тəртiппен жол берiледi.
Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру тəртiбi мен тəсiлдерi   
ҚР  ақша  төлемдерi  мен  аударымдары  туралы  заңнамасында  бел-
гiленедi жəне оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.
ҚР резиденттерінің елде тұрақты тұратын мекенжайы болады. ҚР 
резиденттері деп танылады:
ҚР  азаматтары,  оның  iшiнде  шет  мемлекетте  тұрақты  тұру 
құқығына  осы  мемлекеттiң  заңнамасына  сəйкес  берiлген  құжаты 
бар  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  қоспағанда,  шетелде 
уақытша  жүрген  немесе  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде 
оның мемлекеттiк қызметінде жүрген азаматтар;
ҚР тұрақты тұру құқығын беретін құжаты бар шетелдіктер жəне 
азаматтығы жоқ тұлғалар;
ҚР заңнамасына сəйкес құрылған, ҚР аумағында орналасқан жері 
бар  барлық  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  ҚР  жəне  одан  тыс  жерлерде 
орналасқан жерi бар олардың филиалдары мен өкілдiктерi;
ҚР тыс жерлердегі ҚР дипломатиялық, сауда жəне өзге де ресми 
өкiлдiктерi.
Резидент  еместер – жеке  тұлғалар,  заңды  тұлғалар,  олардың 
жоғарыда аталған тізімде жоқ филиалдары жəне өкілдіктері.
Ақшалай  мiндеттеменi  орындау  үшiн  жеткiлiксiз  төленген  тө-
лемнiң  сомасы  тараптардың  өзге  келiсiмi  болмаған  жағдайда  ең  ал-
дымен несие берушiнiң орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң 
айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың 
негiзгi сомасын өтейдi.
Ұзақ  мерзiмдi  мiндеттемелерде  тараптар  келiскен  шарттарда 
төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.
Орындаудың  тəсілі – ол  міндеттемені  орындау  кезіндегі  тарап-
тардың  іс-əрекет  жасау  тəртібі  болып  есептеледі.  ҚР  АК 274-бабы 
бөлшектеп  орындау  сынды  орындау  əдісін  реттейді.  Егер  заңдарда 
өзгеше белгiленбесе немесе мiндеттеме мəнiнен өзгеше туындамаса, 
жалпы ереже ретінде несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындау-
ды қабылдамауға құқылы.
Борыш сомасын нотариустың атына депозитке салу, ал заңнама-


177
лық  актілерде  көрсетілген  реттерде  соттың  атына  салу  арқылы  ақ-
шалай міндеттемені ерекше əдіспен орындауға болады. Борыш сома-
сын депозитке орналастырған борышқор міндеттемені орындады деп 
саналады.
Орындау  жері  заңнамамен,  міндеттеме  ережелері  арқылы  ай-
қындалады  немесе  міндеттеме  мəнінен  көрінеді.  Мысалы,  тұрғын 
үйді  жөндеу  міндеттемесі  осы  ғимарат  орналасқан  жер  бойынша 
орындалуы тиіс.
Орындау  жерін  айқындау  қиындық  туындатқан  реттерде  та-
раптардың  арасында  дау  туындауы  мүмкін.  Сондықтан  ҚР  АК 281-
бабы  міндеттемелерді  орындау  жері  туралы  ережелерді  келесідей 
мазмұнда ұсынды.
Егер  мiндеттеме  орындалатын  жер  заңдарда  немесе  оның  шарт-
тарында  белгiленбесе  немесе  мiндеттеме  мəнiнен  немесе  iскерлiк 
қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
1)  мiндеттеме  бойынша  қозғалмайтын  мүлiктi  беру – мүлiк  ор-
наласқан жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымал-
дауды пайдалана отырып беру – мүлiктi несие берушiге жеткiзу үшiн 
оны бiрiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
3)  егер  бұл  жер  мiндеттеме  пайда  болған  кезде  несие  берушiге 
белгiлi  болса,  кəсiпкердiң  басқа  мiндеттемелерi  бойынша  тауар  не-
месе  өзге  де  мүлiктi  беру – мүлiк  дайындалған  немесе  сақталатын 
жерде;
4)  ақшалай  мiндеттеме  бойынша – несие  берушiнiң  мiндеттеме 
пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды 
тұлға  болса – мiндеттеме  пайда  болған  кезде  оның  болған  жерiнде; 
егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн 
немесе  тұрған  жерiн  өзгертiп,  бұл  туралы  борышқорға  хабарласа – 
орындалатын  жердiң  өзгертiлуiне  байлан ысты  барлық  шығындарды 
соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде не-
месе тұрған жерiнде;
5)  басқа  да  барлық  мiндеттемелер  бойынша – борышқордың 
тұрғылықты  жерiнде,  ал  егер  борышқор  заңды  тұлға  болса – оның 
орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.
Орындау мерзімі заңнама немесе шартпен айқындалады. Əдетте, 
туындау  мерзімі  мен  міндеттемені  орындау  сəйкес  келіп  жатады. 
Ал  осы  мерзімдер  арасында  уақыттық  интервал  болуы  жағдайды 
күрделендіре түседі.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау