Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет68/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

219
бағалау объектісінің түрі;
бағалауды өткізу мерзімі мен күні;
қызметке төленетін төлемақының шарты, тəртібі жəне мөлшері;
тараптардың жауапкершілігі;
тапсырыс берушінің бағ алау объектісіне меншік құқығын дəлел-
дейтін құжат деректемелері.
Шарттардың  көпшілінде  шарттың  бағасы  міндетті  ереже  бо-
лып  табылмайды.  Жалпы  ереже  бойынша  шартты  орындауға 
ақы  тараптардың  келісімі  бойынша  төленеді.  Заң  актілеріде 
көзделген  жағдайларда  уəкілетті  мелекеттік  органдармен  реттел-
ген құны қолданылады (тарифтер, бағалары, ставкалар, т.с.с.) Шарт 
жасалғаннан  кейін  бағасын  өзгерту  шартта  көзделген  жағдайларда, 
заңды  актілермен  немесе  заңды  актілермен  белгіленген  тəртіп  бой-
ынша жасалады.
Ақылы  шарт  жасалған  кезде  шарттың  талабы  бойынша  құны 
көрсетілмесе,  көрсетілуі  мүмкін  болмаса,  шарт  жасалған  кездегі 
ұқсас тауарлардың сол кездегі құны бойынша шарт орындалуы тиіс 
деп есептеледі.
Шарттың мазмұны бойынша ұсыныстар
Шартқа төмендегідей ережелерді енгізу ұсынылады:
I. Шарттың атауы, мерзімі жəне оның жасалған орын.
II. Кіріспе, мұнда шарт тараптарының атауы көрсетіледі.
III.  Шарттың  пəні,  заңдарға  сəйкес,  тараптардың  негізгі 
міндеттемелері көрсетілген шарттың пəнінің нақты тұжырымы.
Сатып  алу – сату  шартының  пəнін  төмендегідей  тұжырымдауға 
болады:
«1.1  Сатушы  тауарды  Сатып  алушының  меншігіне  тапсыруға 
міндеттенеді, ал Сатып алушы осы Шарт талаптарына сəйкес тауарды 
алуға жəне оған белгілі ақша сомасын төлеуге міндеттенеді. 1.2 Та-
уар болып осы Шарт бойынша ..... табылады (оның атын, жəне санын 
көрсету керек)».
IV. Шарттың құны. Тауардың біреуінің бағасын көрсету керек, 
барлық шарт сомасын, осы шарттың мерзімі өткенше құнының жəне 
бағасының  өзгеру  мүмкіндігін,  шығыс  пен  жеткізілім  шартының 
жағдайлары ескерілуі тиіс. (ИНКОТЕРМС 2000).
V. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
VI. Шарт бойынша төлемдер жасау тəртібі мен тəсілдері
V II. Міндеттемелерді орындау мерзімі
VIII. Міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат


220
IX. Міндеттемелердің орындалу орны
X. Тауар сапасы
XI. Тауардың орамасы мен маркировкасы
XII. Сақтандыру, кепілдік, тəуекелді бөлу
XIII. Тараптарға хабарлау
XIV. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік
XV. Бой бермейтін күшке қатысты ережелер
XVI. Шарттың қолданылу мерзімі
XVII.  Тараптардың  даулары  мен  келіспеушіліктері  (төрелік 
ескертпе)
XVIII. Шартты өзгерту жəне тоқтату ережелері
XIX. Тараптардың заңи мекен жайлары, қол таңба
11.4. Шарт жасасу, өзгерту жəне бұзу
Шарт жасасу рəсімдері екі кезеңнен тұрады:
а) Оферта жіберу;
б) Офертаның акцепті.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасал-
ған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дəрежеде айқын болып, ұсыныс жаса-
ған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байла-
нысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. 
Егер  ұсыныста  шарттың  елеулi  ережелерi  немесе  оларды  анықтау 
тəртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дəрежеде айқын деп табылады.
Оферта  оны  жiберген  жақ  ол  алушының  қолына  тигеннен  бас-
тап  байланысты  етiп  қояды.  Егер  офертаны  қайтарып  алу  туралы 
хабар  офертаның  өзiнен  бұрын  немесе  онымен  қатар  келсе,  оферта 
алынбаған болып есептеледi.
Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мəнiнен 
немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген 
офертаны  оның  акцептi  үшiн  белгiленген  мерзiм  iшiнде  қайтарып 
алуға болмайды.
Жарнама жəне беймəлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсы-
ныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға 
шақыру ретiнде қаралады.
Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста 
көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық 
елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы ак-
цепт деп танылады. Акцепт толық əрi бұлтарыссыз болуға тиiс.


221
Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықт-
ардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше 
туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм-
де  онда  көрсетiлген  шарт  ережелерiн  орындау  жөнiнде  жасаған 
əрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, 
тиiстi соманы төлеу жəне т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе не-
месе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа 
акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған 
болып есептеледi
Шарт жасасу тəртібі 
Офертада  акцептiге  арналған  мерзiм  көрсетiлген  жағдайда,  егер 
оферта  жiберген  жақ  акцептi  онда  көрсетiлген  мерзiм  iшiнде  алса, 
шарт жасалған болып есептеледi.
Жазбаша  офертада  акцептiге  арналған  мерзiм  көрсетiлмеген 
жағдайда,  егер  оферта  жiберген  жақ  акцептi  заңдарда  белгiленген 
мерзiм  бiткенге  дейiн,  ал  егер  ондай  мерзiм  белгiленбесе,  оны 
жеткiлiктi дəрежеде қажеттi уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып 
есептеледi.
Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған 
жағдайда,  егер  екiншi  тарап  оның  акцептi  туралы  дереу  мəлiмдесе, 
шарт жасалған болып есептеледi.
Егер  оферта  жiберген  тарап  екiншi  тарапқа  акцептi  кеш  алғаны 
туралы  дереу  хабарламаса,  акцепт  туралы  мерзiмiнде  жiберiлген 
хабар  кешiктiрiлiп  алынған  жағдайда,  акцепт  кешiктiрiлген  болып 
есептелмейдi.
Егер  оферта  жiберген  тарап  екiншi  тарапқа  оның  кешiктiрiлiп 
алынған  акцептi  қабылданғаны  туралы  дереу  хабарласа,  шарт 
жасалған болып есептеледi.
Офертада  ұсынылғаннан  өзге  жағдайларда  шарт  жасасуға 
келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.
Мұндай  жауап  офертадан  бас  тарту  жəне  сонымен  бiрге  жаңа 
оферта деп танылады.
Егер  шартта  оны  жасасатын  жер  көрсетiлмесе,  шарт  азаматтың 
тұрғылықты  жерiнде  немесе  оферта  жiберген  заңды  тұлғаның 
орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.


222
Шарт жасасу алдындағы даулар
Шарт  жасасу  тараптардың  бiрi  үшiн  мiндеттi  болған  реттерде, 
бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартаты-
ны туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға ак-
цепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), 
егер заңдарда өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, 
офертаны алған күннен бастап 30 күннiң iшiнде хабар жiберуi тиiс.
Офертаны  жiберген  жəне  шартты  жасасуға  мiндеттi  тараптан 
оған  өзге  жағдайлармен  акцепт  жасау  туралы  хабар  (шарт  жобасы-
на келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пай-
да  болған  келiспеушiлiктi  осындай  хабар  алған  күннен  бастап 30 
күн  iшiнде,  не  акцептiге  арналған  мерзiм  өткен  соң,  егер  заңдарда 
шарттардың  жекелеген  түрлерi  туралы  өзге  мерзiм  белгiленбесе, 
соттың қарауына беруге құқылы.
Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап жiберген шарт жобасына отыз 
күн мерзiмде шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы алынса, бұл та-
рап екiншi тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, 
не келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамайтыны туралы келiспеушiлiк 
хаттамасын алған күннен бастап 30 күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Келiспеушiлiк  хаттамасын  қабылдамаған  не  оны  көрсетiлген 
мерзiмде  қарау   нəтижелерi  туралы  хабарды  алмаған  жағдайда 
келiспеушiлiк хаттамасын жiберген тарап, егер заңдарда шарттардың 
жекелеген түрлерi туралы өзгеше белгiленбесе, шарт жасасу кезiнде 
пайда болған келiспеушiлiктердi соттың қарауына беруге құқылы.
Егер  шарт  жасасуға  мiндеттi  тарап  оны  жасасудан  жалтарса, 
екiншi  тарап  шарт  жасасуға  мəжбүр  ету  туралы  талап  қойып  сотқа 
жүгiнуге құқылы.
Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт 
жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс.
Егер шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер тараптардың 
келiсуiмен  соттың  қарауына  берiлген  болса,  шарттың  тараптар 
келiспеген ережелерi сот шешiмiне сəйкес белгiленедi.
Шартты өзгерту жəне бұзу
Шартты өзгертудің жəне бұзудың негіздері мен тəртібі ҚР АК 24 
тарауымен айқындалады.
Егер АК, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, 
шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi жəне бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:


223
1) екiншi тарап шартты едəуiр бұзған кезде;
2) АК, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге 
реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың  бiреуi  шартты  бұзып,  ол  екiншi  тарап  шарт  жаса-
су  кезiнде  үмiт  артуға  құқылы  болғанынан  едəуiр  дəрежеде  айры-
лып қалатындай шығынға əкеп соқса, бұл шарттың едəуiр дəрежеде 
бұзылуы деп танылады.
Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарт-
тан  тиiсiнше  iшiнара  немесе  толығымен  бас  тарту)  шарт  өзгертiлдi 
немесе бұзылды деп есептеледi.
Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1)  шартқа  негiзделген  мiндеттеменi  орындау  мүмкiн  болмаған 
(АК 374-бабы);
2) белгiленген тəртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi 
өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан 
бас тартуға құқылы.
Егер  заң  актiлерiнде  немесе  тараптардың  келiсiмiнде  өзгеше 
көзделмесе,  шарт  мерзiмi  көрсетiлмей   жасалған  жағдайда  шартты 
орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
Егер АК, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде 
өзгеше  көзделмесе,  шартты  орындаудан  бiржақты  бас  тартылған 
жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей 
ескертуге тиiс.
Шартты өзгерту жəне бұзу тəртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, 
шарттан  немесе  iскерлiк  қызмет  өрiсiндегi  əдеттегi  құқықтардан 
өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас 
тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда 
не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз 
күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту 
немесе бұзу туралы талапты сотқа мəлiмдей алады.
Шартты бұзу жəне өзгерту салдары
Шартты  бұзу  кезiнде  тараптардың  мiндеттемелерi  тоқтатылады. 
Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген тү-
рiнде қолданыла бередi.
Шарт  б ұзылған  немесе  өзгертiлген  ретте,  егер  тараптардың 
келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын 


224
болса,  мiндеттемелер  шартты  өзгерту  немесе  бұзу  туралы  тараптар 
келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тəртiбiмен бұзылған не-
месе  өзгертiлген  жағдайда – шартты  бұзу  немесе  өзгерту  туралы 
сот  шешiмi  заңды  күшiне  енген  кезден  бастап  тоқтатылған  немесе 
өзгертiлген болып есептеледi.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше бел-
гiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн 
мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап 
етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едəуiр 
бұзғаны  негiз  болса,  екiншi  тарап  шарттың  бұзылуынан  немесе 
өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге 
құқылы.


225
11.5. Тапсырмалар
Есеп 11-1
АШК  «Родина»  АҚ  жəне  ауылдың  жас  жігіттері  арасында  шарт 
жасалады,  шарт  бойынша  АШК  соңғыларға  ЖОО-да  білім  алудың 
бағасын  төлеймін  деп  міндеттенеді,  ал  жастар  оқуды  бітірген  соң 
ауылға келіп алған мамандықтары бойынша 3 жылдан кем емес уақыт 
жұмыс істейміз деп міндеттенеді.
ЖОО бітірген соң жастардың бірнешеуі ауылға келуден бас тар-
тады, қалада жұмысқа тұрады. АШК жастардың оқуына жұмсалған 
ақшаны  өндіріп  алу  мақсатымен  талап  арыз  жасайды.  Жауап 
берушілерді  адвокаты  талап  арызға  қарсылық  білдіріп  соттың  наза-
рын,  жасалған  шарттың  азаматтық  заңдарда  көзделмегені  туралы 
айтады, сондықтан азаматтық-құқытық міндеттемелер тараптар ара-
сында тумайды.
Сұрақ:_Соттың_шешімі_қандай_болуы_тиіс__Есеп_11-2'>Сұрақ:
Соттың шешімі қандай болуы тиіс?
Есеп 11-2
Тихонов Потаповпен жай жазбаша түрде пəтерді сатып алу – сату 
шартын  жасайды.  Негізгі  шартқа  тараптардың  қолдары  ағымдағы 
жылдың 31 желтоқсанына дейін қойылады делінген, сонымен қатар 
пəтердің нақты құны туралы көрсетілген. Белгіленген уақытта Тихо-
нов Потаповқа пəтерді келісілген талаптар бойынша сатудан бас тар-
тады, себебі жылжымайтын мүлік нарығында пəтерлердің құны күрт 
өсе түскен жəне ол анағұрлым пайдалырақ ұсыныс алған. Тихоновтың 
пəтерді сатып алу сату шартын орындауын талап етіп, Потапов сотқа 
жүгінеді. 
Сұрақ:
Дау бойынша қандай шешім қабылдануы тиіс?
Есеп 11-3
Жеткізілім шарты бойынша жеткізуші тауардың бір тобын жеткізе 
алмады,  ол  өз  ішінде  тапсырыс  берушіні 25 мың  теңге  көлеміндегі 
шығынға  əкеп  соқты.  Шарт  бойынша  айыпақы  төлемі  айыппұл 
түрінде 100 мың теңге көлемінде қарастырылды.
Тапсырыс  беруші  жеткізушіден  толық  көлемде  айып  ақыны 
төлеуді  талап  етті.  Бірақ  жеткізуші  тапсырыс  берушінің  шығынға 


226
ұшырағаны  туралы  дəлелі  жоқтығына  сілтей  отырып,  айыппұл  тө-
леуден бас тартты.
Есептен туындайтын сұрақтар: 
Жеткізушінің  қарсылығы  заңды  ма?  Айып  төлеу  жөніндегі  та-
лап бойынша тапсырыс беруші өзіне келтірілген залалды дəлелдеуге 
міндетті ме?


227
11.6. Тесттер
1. Акцепт дегеніміз:
а) шарттың тоқтатылу əдісі
b) шарт жасауға келісім беру
с) шарт жасауға ұсыныс жасау
d) міндеттемені қамтамасыз ету əдісі
2. Тараптар мынадай шартты жасай алады:
а) тек заңнамамен көзделген
b) тек заң актілерімен көзделген
с)  тек  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  кодексімен 
көзделген
d) заңнамамен көзделген жəне көзделмеген
3.  Кəсіпорынды  сатып  алу-сату  кезінде  оның  құрамына 
кірмейді:
а) кəсіпорынның қарыздары
b) мүліктік міндеттемелер бойынша талап ету құқығы
с) лицензия негізінде алынған құқықтар
d) фирмалық атау
4.  Мердігер  мердігерлік  шартын  орындауға  басқа  тұлғаларды 
(қосалқы мердігерлерді) тартуға:
а) құқылы
b) құқығы жоқ
с) құқығы жоқ, жұмысты өзі жеке орындауы тиіс
d) шартпен көзделген жұмысты өзі орындауға мүмкіндігі болмаса 
құқылы
5.  Заемшы  заем  нысанасын  нысаналы  пайдалану  жөнiндегi 
мiндеттердi орындамаған жағдайда заем берушi: 
а) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы
b) заем сомасын нысаналы пайдалануды талап етуге құқылы
с)  заемшыдан  заем  нысанасын  жəне  ол  бойынша  сыйақыны 
мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы
d) моральдық зиянды өтеуді жəне айып төлеуді талап етуге құқылы


228
6.  Бұл  шарт  бойынша  мүлiктi  ақы  төлеп  уақытша  иеленуге 
жəне пайдалануға беру көзделеді:
а) заем шарты
b) тауар жеткізілімі шарты
с) мүлік жалдау шарты
d) несие шарты
7. Егер шарт жасалғаннан кейін, заңнамамен тараптар үшін 
міндетті  шарт  жасау  кезінде  əрекет  етіп  тұрған  ережелерден 
басқа ережелер бекітілсе:
а) шарттың талаптары өз күшін барлық жағдайда сақтайды 
b)  заңнаманың  күші  бұрын  жасалған  шарттардан  туындаған 
қатынастарға  таралатын  жағдайды  қоспағанда,  шарттың  талаптары 
өз күшін сақтайды
с)  шарт  талаптары  өз  күшін  сақтамайды,  тараптар  өзгертілген 
заңнамаға сəйкес оның талаптарын өзгертуге тиіс
d)  шарт  талаптары  өз  күшін  сақтамайды,  шарт  бұзылған  деп 
есептеледі
8. Шарттың мəнді талаптары дегеніміз:
а) заңнамамен мəнді деп танылған жəне бұл түрдегі шартқа қажет 
болып табылатын
b) тараптардың келісімімен бекітілген кез келген талаптар
с) сотпен бекітілген жəне заңнамамен көзделген кез келген талап-
тар
d) өзгертуші жəне толықтырушы талаптар
9. Оферта дегеніміз:
а) шарт жасасу туралы ұсынысқа жіберілген жауап
b) шарт жасасуға келісім беру
с) белгісіз тұлғалар аясына жіберілген жарнамалық жəне басқа да 
ұсыныстар
d) шарт жасасу туралы ұсыныс
10. Сатып алу-сату шартының мəнді талабы болып табыла-
ды:
а) нысанасы
b) бағасы


229
с) ассортименті
d) тауарды беру мерзімі
11. Шарт мерзімін ұзартуға:
а) жол берілмейді
b) тараптардың келісімімен кез келген мерзімге жол беріледі
с) сот шешімімен жол беріледі
d)  тараптардың  келісімімен 1 жылдан  аспайтын  мерзімге  жол 
беріледі
12. Жария шарт бойынша:
а) əрбір тарап алынған тауардың орнына өзге тараптың меншігіне 
тауарды беруге міндеттенеді
b) коммерциялық ұйыммен жасалған жəне өз қызметiнiң сипаты-
на қарай оған өтiнiшпен келетiн əркiмге қатысты жүзеге асырылатын 
шарт
с)  ережелері  үлгілер  мен  стандартты  нысандарда  айқындалған 
шарт
d) бір тарап өзге тарапқа белгілі бір затты куəгерлердің қатысуы-
мен беруге міндеттенеді


230
11.7. Нормативтік актілердің тізімі
ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы жəне Ерекше бөлімдері) (өзгерістер 
мен толықтырулармен бірге)
«Бағалы  қағаздар  рыногы  туралы»  ҚР 2003 жылдың 02 
шілдесіндегі заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР 2003 жылдың 13 мамырын-
дағы заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Нотариат  туралы»  ҚР 1997 жылдың 14 шілдесіндегі  заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  жəне  онымен  жасала-
тын  мəмілелерді  мемлекеттік  тіркеу  туралы»  ҚР 2007 жылдың 26 
шілдесіндегі заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге)
«Лицензиялау  туралы»  ҚР 2007 жылдың 11 қаңтарындағы  заңы 
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге)


231
МАЗМҰНЫ
Қолданылған қысқартулардың тізімі .......................................... 3
1-тақырып. Жалпы ережелер ....................................................... 4
2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі ...................... 19
3-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастардың 
субъектілері ................................................................................... 23
3.1-тақырып. Заңды тұлғалардың таратылуы мен 
банкроттығының құқықтық мəселелері ...................................... 48
4-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық 
нысандары ..................................................................................... 57
5-тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері ........................... 93
6-тақырып. Мəмілелер .................................................................. 107
7-тақырып. Өкілдік. Сенімхат ..................................................... 124
8 тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер ............................ 133
9-тақырып. Меншік құқығы жəне өзге де заттық құқықтар ..... 141
10-тақырып. Міндеттеме жөніндегі жалпы         ережелер ....... 173
11-тақырып. Шарт ......................................................................... 213


232
Басуға 29.12.2012 ж. қол қойылды. Формат 60х901/16.
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times New Roman». Көлемі 14,5 б.т.
Таралымы 1250. Тапсырыс
А. К. Лепесова
Қазақстан Республикасының 
азаматтық құқығы
ОҚУЛЫҚ
№ 256.

жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау