Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет50/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68

161
порынның  меншiк  иесi  берген  мүлiктi  тиiмдi  пайдалануы  мен 
сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк  мекеменi  бiрнеше  меншiк  иесi  құрған  жағдайда, 
олардың  арасындағы  қатынастар  мен  меншiк  иелерiнiң  өз  мүлкiне 
билiк  жүргiзу  құқықтары  құрылтай  шартымен  немесе  сол  сияқты 
келiсiммен белгiленедi.
Мемлекеттiк  мекемеге  немесе  қазыналық  кəсiпорынға  бекiтiлiп 
берiлген  мүлiктi  меншiктенушi,  егер  заң  құжаттарында  өзгеше 
белгiленбесе,  ол  мүлiктi  қайтарып  алуға,  не  өзi  құрған  басқа  заңды 
тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
Мекеменің,  мемлекеттiк  мекеменiң,  егер  заң  актісінде  өзгеше 
белгіленбесе,  өзiне  бекiтiлiп  берiлген  мүлiктi  жəне  оған  смета  бой-
ынша  бөлiнген  қаражат  есебiнен  сатып  алынған  мүлiктi  өз  бетiмен 
иелiктен айыруға немесе өзгеше əдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
Қазыналық  кəсiпорын  өзiне  бекiтiлiп  берiлген  мүлiктi,  сол  мү-
ліктің  меншік  иесінің  жазбаша  келісімімен  ғана  иеліктен  айыруға 
немесе  оған  өзгеше  əдіспен  билік  етуге,  сондай-ақ  дебиторлық 
берешекті беруге жəне есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық  кəсiпорын,  егер  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  өзi 
өндiрген  өнiмдi  дербес  сатады.  Қазыналық  кəсiпорынның  табыста-
рын бөлу тəртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.
Қазыналық  кəсіпорынның  өзінің  негізгі  құралдарына  жататын 
мүлікті сатуға жəне оған қатысты сыйға беру мəмілелерін жасасуға 
құқығы жоқ.  
Қазыналық  кəсiпорын  өзiнiң  мiндеттемелерi  бойынша  өз  билi-
гiндегi ақшамен жауап бередi. 
Қазыналық  кəсiпорынның  ақшалай  қаражаты  жеткiлiксiз  болған 
жағдайда,  оның  мiндеттемелерi  бойынша  Қазақстан  Республика-
сының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиар-
лық жауаптылықта болады.
Шарттық  мiндеттемелер  бойынша  жауапкершiлiк  мемлекеттiк 
кəсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тəртiппен туындайды.
Мекемеге меншiк құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл меке-
ме  өзiне  тиесiлi  мүлiкке  оралымды  билiк  жүргiзу  құқығын  сақтап 
қалады.


162
9.
4. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды 
қорғау
Меншік  құқығын  жəне  өзге  де  заттық  құқықтарын  қорғаудың 
азаматтық  құқықтық  əдістері  дегеніміз – мұндай  құқық  иелерінің 
мүдделерін  қорғауға  бағытталған  жəне  азамат тық  заңнамада  қа-
растырылған  əдістердің  жиынтығы.  Мұндай  əдістердің  бірнеше 
түрлері  бар  жəне  бұл  оларды  бірқатар  топтарға  жіктеуге  мүмкіндік 
береді.
Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық əдістері бірін-
ші  топты  құрайды.  Олар  меншік  құқығын  абсолютті  құқық  ретінде 
қорғауға  бағытталған  жəне  меншік  иесі  мен  құқық  бұзушы  өзара 
қандай  да  бір  міндеттемелермен  байланысты  емес.  Меншік  иесінің 
өзіне  тиесілі  затқа  иелену,  пайдалану  жəне  билік  ету  құқығын 
қалпына  келтіру  не  оларды  жүзеге  асырудағы  тосқауылдарды  алып 
тастау аталған əдістердің мақсаты болып табылады. Заттық-құқықтық 
əдістер санатына жатады: а) өзгенің заңсыз иелігіндегі өзінің мүлкін 
талап етуі; б) иеленумен байланысты емес тосқауылдарды алып та-
стау  жөніндегі  талап-арыз;  в)  меншік  құқығын  тану  туралы  талап-
арыз.
Міндеттемелік-құқықтық  əдістер  меншік  құқығын  қорғау  əдіс-
терінің  екінші  тобын  құрайды.  Бұлардың  санатына  меншік  иесіне 
келтірілген  зиянның  орнын  толтыру,  шарт  бойынша  пайдалануға 
берілген  кері  заттарды  қайтару  туралы  талап-арыздарды  осы  топқа 
жатқызуға болады. Мысалы, егер жалға алушы шарттың мерзімі аяқ-
талғаннан  кейін  затты  жалға  берушіге  қайтарудан  бас  тарттын  бол-
са, онда меншік иесі жалға алу шарты туралы нормалардың негізінде 
міндеттемелік-құқықтық талаптарды қоя алады.
Меншік  құқығын  қорғаудың  үшінші  тобына  мемлекеттік  ор-
гандарға  қойылуы  себепті,  билікке  қойылатын  талап-арыздар  деп 
атауға  болатын  ерекше  əдістерді  жатқызуға  болады.  Бұлардың  са-
натына  келесілерді  жатқызуға  болады:  а)  мемлекеттiк  басқару 
органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның не лауазым-
ды тұлғаның актісін жарамсыз деп тану, сондай-ақ заңсыз құқықтық 
актіні қолданбау туралы талап-арыздар; мысалы, уəкілетті органның 
өзінің шаруашылық жүргізу құқығындағы ғимаратты алуы жөніндегі 
актісін жарамсыз деп тану туралы мемлекеттік кəсіпорынның талап-
арызы; б) мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе 
атқарушы органның не лауазымды тұлғаның заңсыз нормативтік не-


163
месе  дербес  актіні  шығаруы  салдарынан  меншік  иесіне  келтірілген 
шығынды  өтеуі,  мысалы,  салық  немесе  кеден  органдары  негізсіз 
мүлікті алып қойған реттегі оларға қойылатын талаптар; в) заңнамалық 
актілерде  қарастырылған  негіздер  бойынша  оны  тоқтатқан  ретте 
меншік  құқығын  қорғау,  мысалы,  мемлекеттік  мұқтаждыққа  жер 
учаскелерін алып қойған ретте келтірілген шығынды өндіру туралы 
меншік иесінің талаптары.
Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi 
(виндикациялық талап)
ҚР АК 260-бабына сəйкес меншік иесі өзгенің заңсыз иелігіндегі 
өзінің мүлкін талап етуге құқылы. Иеленбейтін меншік иесі, сондай-
ақ меншік иесі емес болса да, мүлікті заңға немесе шартқа (мысалы, 
жалға алушы, сақтаушы) орай алатын тұлға талап қоюшы бола ала-
ды. Ол өзінің аталған мүліктің меншік иесі екендігін, өзінің меншік 
құқығының  бұзылғандығын  жəне  жауапкердің  осы  мүлікті  заңсыз 
иеленетіндігін дəлелдеуі тиіс.
Заңсыз  иеленуші  тұлға  жауапкер  болып  табылады.  Заңсыз  ие-
ленудің  құқықтық  негізі  болмайды.  Ол  мысалы,  адамның  ұрлық, 
көмбені өзіне меншіктеуі арқылы өзгенің затын өз бетінше иеленген 
ретте, сондай-ақ мүлікке билік етуге құқығы жоқ өзге тұлғадан затты 
алған реттерде туындайды.
Виндикациялық  талаптың  пəні  өзгенің  заңсыз  иелігіндегі  өзінің 
мүлкін  қайтаруды  талап  етуі  болып  табылады.  Осы  ретте,  меншік 
иесінің иелігінен шыққан мүлік заттай сақталуы тиіс. Міне, осылай-
ша,  меншік  иесіне  тиесілі  болған  тек  жеке-дара  анықталған  затты 
ғана талап етуге болады. Егер аталған зат жойылған, қайта өңделген 
немесе тұтынылған болса, онда меншік құқығы оған тоқтатылды деп 
саналады жəне оны талап ету мүмкін емес. Мұндай жағдайда меншік 
иесі өзге талапты қою арқылы өзінің құқығын қорғай алады. Мысалы, 
келтірілген зиянды өндіріп алу туралы талап-арыз.
Заңсыз иеленуші өзінің адал немесе адал емес иеленуші екендігіне 
қарай  меншік  иесінің  алдында  əралуан  жауаптылыққа  тартылады. 
Өзінің  заңсыз  алғандығын  білмесе  жəне  білуге  тиіс  болмаса,  онда 
заңсыз иеленуші адал деп танылады. Ал, заңсыз иеленгендігін білген 
немесе білуге тиіс болған тұлға адал емес иеленуші деп танылады.
Адал  емес  иеленушіден  затты  барлық  жағдайда  алып  қоюға  бо-
лады.  Өйткені  ол  өзгенің  затын  заңсыз  жолдармен  иеленген.  Адал 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау