187
Жалпы ережеге сəйкес кепіл болушы шартта көрсетілген сома-
ның шегінде ғана жауап береді. Ал толықтай жауапкершілік шартта
көзделуі мүмкін.
Екіжақты шарттар кепілдіктің (кепіл болушылықтың) туындау
негізі болып табылады жəне несие беруші мен кепілдік беруші (кепіл
болушы) мұның тараптары болып табылады. Мұндай шарттар бой-
ынша міндеттер несие берушіде емес, кепілдік берушіде (кепіл бо-
лушыда) ғана туындайды. Демек, бұл біржақты міндеттеме болып
табылады. Сонымен бірге, аталған шарт консенсуалды болып табы-
лады, тараптар келісімге қол жеткізіп, оны қажетті жазбаша нысанға
түсірген сəттен бастап тараптардың құқықтары мен міндеттері туын-
дайды. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдiк немесе кепiл
болушылық шартының жарамсыз болуына əкелiп соқтырады.
Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың
мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын не-
сие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк
берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн
жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк не-
месе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп
есептеледi.
Кепiлдiктi қолдану тек, тараптардың келісімімен емес, заңмен де
белгiленуi мүмкiн. Мысалы, сыртқы заем алу туралы заңда сыртқы
заемдарды алу кезінде мемлекеттік кепілдіктерді қолданудың
міндеттілігі бекітілген.
ҚР АК 331-бабының 4-тармағында кепілдіктің ерекше түрі банктік
кепілдік қарастырылған. Екінші деңгейдегі банктер банк кепілдіктері
мен кепілгерлігін беруді уəкілетті органның лицензиясы негізінде
уəкілетті органның аталған операцияларды жүргізу тəртібін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып жүзеге асыра алады.
Осы ретте, оларды беру кезінде аталған операцияларды жүргізудің
тəртібін реттейтін ҚБА нормативтік актілерін ескерген жөн. Екінші
деңгейдегі банктердің осы Кодекстің нормаларын сақтамай жəне
уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын
ескермей берген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері олардың жа-
рамсыз болуына əкеп соғады.
ҚР АК 333-бабында несие берушінің кепілдік берушіге талап қой-
ған реттегі іс-қимылын реттейді. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң
талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға
ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды
iске қатыстыруға мiндеттi. Кепілдік берушінің өзі борышқор болып
188
табылмайтындықтан, ол тараптардың өзара қатынастарының сипа-
ты жайлы хабардар болмауы жəне борышқордың қатысуынсыз несие
берушіге деген борышқордың барлық қарсы талаптарын айқындай
алмауы мүмкін. Сондай-ақ, ол өзінің орындайтындығы жайлы хабар-
дар етуі тиіс.
Борышқор сотқа дербес талаптарын мəлімдемейтін үшінші тарап
ретінде қатынасады.
Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге
қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып
қойған талабына қарсы қоюға құқылы. Тіпті, кепілдік берушінің бо-
рышқорға қойған талабы қанағаттандырылмауы да мүмкін.
Кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабына қарсы борышқор
қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл
қарсылықтарға құқығын, тiптi, егер борышқор олардан бас тартқан
немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды. Бұл
норма үлесті міндеттемедегі борышқордың өзі қатыспайтын өзге
қатысушылардың қатынастарына негізделген қарсылықтарын несие
берушіге қоя алмайтындығы туралы жалпы ережеден басқалай бола-
тын жағдай болып табылады.
Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы
мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары жəне кепiл ұстаушы ретiнде
несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң та-
лабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ,
борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын жəне
сыйақысын (мүддесiн) төлеудi жəне борышқор үшiн жауапкершiлiкке
байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап ету-
ге қақылы.
Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi
борышқорға қойылған талапты куəландыратын құжаттарды кепiлдiк
берушiге тапсыруға жəне осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды
беруге мiндеттi. Егер несие беруші оларды беруден бас тартатын бол-
са, онда кепілдік беруші оны сот тəртібімен мəжбүрлеуге құқылы бо-
лады.
Кепiл болушы дəл осындай құқықтарға борышқордың несие
берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие бола-
ды. Қайта орындаудың алдын алу үшін борышқор кепiлдiк берушiге
немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Егер
мұндай хабарды алғаннан кейін кепілдік беруші міндеттемені орын-
дайтын болса, онда кері талап қою құқығынан айырылады. Олай
189
болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк
берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды
өндiрiп алуға қақылы болады.
Кепiлдiктiң жəне кепiл болушылықтың тоқтатылуы ҚР АК 336-ба-
бымен реттеледі. Негізгі міндеттемеге қатысты олар қосымша сипат-
та болатындықтан, олар негізгі міндеттемемен бірге тоқтатылады.
Мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн
соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға
əкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда тоқтатылады.
Кепiлдiк жəне кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе
кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге
келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз
етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен
тоқтатылады. Талап ету құқығын беру кезінде заңи күші сақталынады.
Кепiлдiк жəне кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз ет-
кен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор
немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дəрежедегi
орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады.
Кепiлдiк жəне кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл
болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады.
Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен не-
месе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау
мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге
немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi
мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген жəне белгiлеуге
болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк жəне
кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл
болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен
бастап екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде
өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады. Бұл
мерзімдердің барлығы кесімдік болыр табылғандықтан, олар бойын-
ша талап қою мерзімі қалпына келтірілмейді.
Ұстап қалу
ҚР 12.01.07 Заңымен ҚР АК ұстап қалу туралы 6 параграф
енгізілген болатын. 338-1 бап бойынша: борышқорға не борышқор
көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс зат қарамағында болған несие
берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге
оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi
мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме
орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |