№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет53/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
108 
Ал  Лондон  университетінің  профессоры  Грэма  Макгрегордың  айтуынша, 
қазіргі таңда тамақ ӛндірісінде күнделікті тағамдарға тұз мӛлшерден кӛп қосылады. 
Бұл  ӛз  кезегінде  тағамның  дәмдік  сапасын  арттыру  үшін  жасалатын  қадам. 
«Маргарита»  сынды  «пиццаның»  құрамында  тұздың  мӛлшері  екі  есе  кӛп  кӛрінеді. 
Тұтынушылар  дүкендегі  һәм  мейрамханалардағы  «пиццаның»  дәмі  кӛңілден 
шықпайтынын айтып, дабыл қаққан. 
Лондондық  дәрігерлер  жылдам  дайындалатын  тағамдарды  қатаң  бақылау 
қажеттігін  алға  тартты.  Десек  те,  мейрамхана  басшылары  бұл  уәжге  ӛз 
қарсылықтарын білдірді.  «Пицца» сатып, пайдаға кенелген кәсіпкерлер тағамда тұз 
бен  майдың  мӛлшерден  тыс  кӛп  болуы  –  оның  дәстүрлі  дауындалу  тізбегі  екенін 
айтады. 
Соңғы кездері жылдам дайындалатын тағам түрлері біздің елімізде де кӛбейіп 
барады. Қалаларымыздың әр бұрышында  «пицца»,  «донер» сияқты тағамдарды жиі 
ұшыратасыз.  Америкалықтардың  артық  салмақ  жинауына  осындай  тағамдар  әсер 
ететінін  ескерген  де  жӛн  шығар.  Ал  «пиццаның»  түрлі  жүрек  ауруына  пайда 
болуына сеп боларын негізгі алсақ, онда лондондық дәрігерлерге бір сәт құлақ түріп, 
жылдам дайындалатын тағамдарға шектеу қойған дұрыс шығар. 
Гастроэнтолог  дәрігерлердің  есебінше  жыл  басынан  бері  асқазан,  ішек 
ауруларымен  120-дан  астам  адам  келіп  түскен.  Тез  тамақтанудың  кесірінен  ас 
қорыту жолдары қиындайды. «Фаст-фудқа» үйір жандардың асқазан жүрек аурулары 
қан қысымы қант диабеті аурулары күн ӛткен сайын үдей түседі. 
Соңғы  жылдары  мамандар  тарапынан  кӛп  талқыға  түсіп,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында  жиі  кӛрініп  жүрген  басты  экологиялық  мәселелердің  бірі  – 
адамдардың  дұрыс  тамақтанбауы.  Жүріп  бара  жатып  жүрек  жалғайтын  жылдам 
дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. 
Алайда, сырт кӛзге аты да заты да жағымды «Фаст-фуд» деп айдарлатып айтып 
жүрген  «гамбургер»,  «хот-дог»,  бұқтырылған  шұжық,  тез  әзірленетін  лапша, 
«сэндвич», «пицца» және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз 
қауіп.  Бірақ  мұны  бәріміз  білеміз.  Біле  тұра  істейміз.  Бұл  үшін  кінәні 
«Макдональдс»,  «Бегемот»  сияқты  жеңіл  тамақтану  орталықтарынан  іздейміз  бе, 
әлде химиялық технологияның дамуынан кӛреміз бе?! 
Адамдардың  мұндай  тағамдарды  қолдануы  олардың  тамақ  әзірлеуге 
уақыттарының  жетіспеуімен  қатар,  оны  тез-тез  жеу  қажеттілігінен  туған.  Оның 
үстіне  арзан,  тез  дайындалатын,  әрі  түрлі  дәмдеуіштер  қосылған  дәмді  асты 
тұтынудан кім бас тартсын? 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  бүгінде  адамзатты  ӛлімге  әкеліп 
соқтыратын  факторлардың  60  пайызы  –  сапасы  нашар,  қауіпті  азық-түліктен 
дайындалған  тағамдар  деп  тұжырымдап  отыр.  Мұндай  тамақтарда  ағзаға  тікелей 
әсер  ететін  улы  заттар  болмаса  да,  олардың  құрамындағы  кейбір  зиянды  нәрселер, 
ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. 
Қазір  АҚШ-тың  кейбір  телеарналарында  дәрігерлер  ұйымының  сұранысымен 
антимакдональдік  жарнамалық  роликтер  кӛрсетіліп  жүр.  Себебі  ел тұрғындарының 
61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. 
Канадалық  ғалымдар  «фаст-фудтың»  адам  психикасына  да  үлкен  әсері  бар 
екенін  анықтаған.  «Psychological  Science»  журналының  мәліметіне  қарағанда  тез 
әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар  уақыт ӛте  шыдамсыз болып келеді. 
Тез тамақтану – басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам ӛмірінің барлық 
тұсынан кӛрініс табады. 
Мұндай  астан  бас  тартудың  миллион  себептері  бар.  Тӛменде  солардың 
бірнешеуін ұсынамын. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
109 
Артық салмақ қосқыңыз келе ме?  Бір  орташа  «гамбургер»,  «фри»  картоптары 
және жарты литр кола – 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның 
бір  күнгі  кабылдайтын  мӛлшері.  Ал  бір  күнде  сіз  осыларды  ғана  жеумен 
шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн ӛз тәжірибесінде 30 күн 
бойы Нью-Йорк қаласының  «фаст-фуд» орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі 
салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның 
кӛңіл күйіне тікелей әсер етеді. 
Егер сіз ӛзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, «фаст-фудқа» жоқ деңіз! 
Денсаулығыңызды  қатерге  тіккіңіз  келе  ме?  Әдетте  «фаст-фуд»  жегеннен  ең 
алдымен  ас  қорыту  нашарлайды.  Созылмалы  тұмау,  сіркесі  су  кӛтермейтін 
ашушаңдық,  аллергиялық  аурулар,  еркектік  қабілеттің  нашарлауы,  бедеулік, 
инфаркт,  инсульт,  қатерлі  ісік  тағы  басқа  түрлі  сырқаттардың  бәріне  тамақ 
құрамындағы зиянды нәрселер себепші. 
Кӛп  ақша  жұмсағыңыз  келе  ме?  Сіз  мұнымен  келіспеуіңіз  мүмкін,  себебі 
сүйікті  «Макдональдста»  500  теңгеге  тамақтануға  болады.  Ал  енді  бір  айда  жеңіл 
асқа  қанша  ақша  жарататыныңызды  есептеңіз.  Осыған  «фаст-фуд»  әсерінен  пайда 
болған  шаш  пен  теріңіздің  зақымдарын  жасыру  мақсатында  сән  салондарына 
жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. 
Ал  егер  мұндай  асты  әлі  де  қолдана  беремін  десеңіз,  онда  болашақта 
денсаулығыңызға  байланысты  медициналық  орталықтарға  кететін  ақша  мӛлшерін 
тағы  қосыңыз.  Жаңа  сатып  алатын  киімдеріңіз  жайлы  тіпті  айтпаймын,  себебі 
бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. 
Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын дейсіз бе? Бүгінде тез даярланатын 
ӛнімдер  үлкен  адамдармен  қатар  мектеп  жасындағы  балалар  арасында  да  танымал. 
Әсіресе  «чипстер»,  кептірілген  нан  («сухарики»)  олардың  сүйікті  тағамдарына 
айналған. 
Шведтік  ғалымдардың  айтуынша,  бұл  тағамдар  акрималид  сияқты  қауіпті 
концорогендерге  бай.  Акриламид  –  адамның  жүйке  жүйесін  бұзатын,  генетикалық 
мутацияға  ұшырататын  ақ  немесе  тұссіз  суда  еритін  зат.  Ол  кӛмірсуға  бай 
тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1 келі «чипстың» құрамында 2000 микрограмм 
акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе кӛп. 
Ал  газдалған  сусындарды  күнделікті  пайдалану  адам  ағзасында  кальцийдің 
азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. 
Олардың  бірі  –  остеопороз.  Бұрынырақ  бұл  аурумен  60  жастағы  карт  адамдар 
ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. 
Балаларыңыздың  шамадан  тыс  шыдамсыздығы  мен  жүйкелерінің  тез 
жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! 
Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған 
сүт,  айран,  құрт,  май  сияқты  ӛнімдерді  қолданып,  тӛл  сусынымыз  шұбат,  қымыз 
ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, қойдың еті  – 
жылу  мен  әл-ауқатты,  асқа  тәбетті  арттырады,  жылқының  еті  –  іріңді  тоқтатып, 
бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде 
жақсы кӛмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. 
Бұл  қасиеттер  «гамбургер»  арасына  салынған  еттің  қызметтерінен  мүлдем 
бӛлек.  Ал  сары  май,  жұлын  мен  іш  май  ішкі  ағзаны  жұмсартса,  сүр  май  ақылынан 
адасқан,  есінен  айрылған,  танған  адамдарға  кӛмектеседі.  Шыжғырылған  май  ойды 
ӛткірлейді,  жадты  кеңейтеді,  жылу  мен   күш-қуат  береді,  ӛмірді  ұзартады.  Табиғи 
таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. 
Міне,  содан  кейін  біз  қуатты  ел  болдық.  Егер  ұлттық  тағамдарымызды 
ӛгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау