№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет56/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
115 
Бірақ сусын тым тәтті болып кетті, оған су қосуға тура келді. Ал оның сыртындағы 
жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты. 
1886 жылы «Кока-Кола» газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі 
бірден  алға  баспады.  Ақша  аз  түсе  бастаған  соң,  ғалым  шәрбат  формуласын  Аза 
Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жіберді. 
Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана 
болған  ол  идеяны  жандандырып,  «Coca-Cola  Company»  компаниясының  негізін 
қалайды. 
Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған «Кока-
коланы»  әлем  бойынша  бір  минуттың  ішінде  8000  адам  тұтынады  делінген.  Оның 
әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы. 
Денсаулыққа  әсері.  Дәрігер  мамандар  мен  ғалымдар  сараптамасына  назар 
аударайық. Оның құрамында қанттың кӛп болуынан қант диабетіне шалдығушылар 
саны  да  соңғы  жылдары  қылаң  беріп  келеді.  Сондай-ақ,  «Кока-коланы»  ішектің 
созылмалы ауруымен, асқазан, ӛт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға 
тұтынбауға  кеңес  береді.  Адам  денесіндегі  гармондардың  түзілуіне  кері  әсерін 
тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. 
Ал,  ер  адамдар  үшін  тіптен  қауіптірек,  яғни,  бедеулікке  апаратын  бірден-бір 
қауіпті  жол  болып  тұр.  Оның  үстіне  жас  адамдардың  ағзасына  әсері  күшті.  Қан 
қысымын  кӛтеріп,  жүйке  жүйесінің  ауытқушылығын  және  ойлау  қабілеттерін 
отырғызып тастайтын да қасиеті бар кӛрінеді. 
Осыдан  5  жыл  бұрын  Орал  қаласының  ғалымдары  «Кока-коланы»  мынадай 
сынақтан  ӛткізген  болатын.  Тіс  үлгісінің  қалыбына  5  литр  сокты  құйып,  тәулік 
бойына  қалдырып  кеткен  профессорлар  тіс  орнына  ақ  ұнтақты  ғана  кӛреді. 
Дәрігерлердің  пайымдауы  бойынша  «Кока-кола»  әсіресе  балалардың  бас  сүйегіне, 
ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді. 
Жалпы  газдалған  сусынды  мӛлшерден  тыс  пайдалану  адам  ағзасына  кальций, 
темір  секілді  ең  маңызды  элеменнттерді  жойып,  есесіне  құрамындағы  есірткі  зат 
ӛміріңізді екі есеге қысқартады. 
«Кока-кола»  және  «Пепси»  сусындарын  дайындау  кезінде  пайдаланылатын 
карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады екен. 
Сусынның  құрамында  қан  айналымын  баяулатып,  аққан  ауруына  әкелетін 
жасанды бояғыштары бар. 
Сусындар  жайындағы  пікірлер.  Тӛрегелді  Шарманов,  академик: 
«Энергетикалық  сусынға  деген  кӛзқарасым  аса  күдікті.  Оның  ағзаға  пайдасы  бар 
деген пікірмен келіспеймін. Себебі, адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, 
жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, 
таурин  сияқты  қоспалар  бар.  Оларды  белгілі  мӛлшерден  кӛп  қолданса,  адамның 
энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. 
Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт ӛте келе 
тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Ӛнім адамға қосымша 
қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетикалық» болғанымен, заты оған сай емес. 
Керісінше,  бойдағы  бар  энергияны  артығымен  жұмсап,  түгелімен  шығарады. 
Былайша айтқанда, адамның энергиясын ӛзінен «қарызға» алады». 
Лаура 
Байқонысова, 
Ҧлттық 
салауатты 
тағамтану 
орталығы 
департаментінің  ғылыми  қызметкері:  «Газдалған  сусындар  адам  денсаулығы 
үшін  ӛте  зиян.  Қазір  барлық  балалар  мен  жасӛспірімдер  бұл  сусындардың 
тәттілігіне,  дәміне  сүйсініп  ішеді.  Бірақ  бұл  сусындардың  қауіпті  екенін  біле 
бермейді.  Ол  –  асқазан-ішек  жолдарының  ауруларын  (гастрит,  панкриатит,  ойық 
жара), қатерлі ісікті тудырады. Сондай-ақ мидың қабылдағыш қасиетін тӛмендетеді. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
116 
Кальцийдің  ағзаға  сіңуіне  кедергі  келтіріп,  сүйектердің  бітуіне,  жетілуіне  кері  әсер 
етеді. Кальцийдің жетіспеуінен остеопороз ауруы белең алып, сүйек сынғыш келеді. 
Газдалған  сусындардың  құрамында  қанттың  мӛлшері  кӛп,  ол  2-ші  типті  қант 
диабетіне,  семіздік  ауруына  шалдықтыратыны  да  белгілі.  Ал,  энергетикалық 
сусындардың  ингредиенттері  адамның  жүйке  жүйесін  ынталандыру  үшін  кӛптен 
бері  пайдаланылып  келеді.  Ол  ингредиенттер,  мәселен,  кофеин,  гуарана  сынды 
ӛсімдік  заттар  ӛздерінің  сергіткіш  қасиеттерімен  танымал.  Сондай-ақ  сусын 
құрамындағы аминоқышқылдар адамның жүйке жүйесіне, ал кофеин, гуарана және 
женьшень  қоспасы  жүрек  жұмысына  кері  әсер  етеді.  Таурин  жүрек  жұмысының 
қызметін  ынталандырады.  Мұндай  компоненттердің  қосындысы  жүрек  пен  жүйке 
жүйесінің  жұмысына  ӛте  қатты  ықпал  ететін  кӛрінеді.  Олар  тахикардия,  жүйке 
жүйесінің, депрессия сынды жанама әсерлерді де тудырады. 
Барлық  энергетикалық  сусындар  кӛмірқышқыл  газымен  қамтамасыз  етілген. 
Кӛмірқышқыл  газы  адам  ағзасындағы  ас  қорыту  жүйесіне,  асқазанға  зиян. 
Энергетикалық  сусындарды  артық  пайдалану  артериалды  қан  қысымының  немесе 
қандағы қант деңгейінің артуына алып келеді. 
Энергетикалық  сусындарды аяғы ауыр әйелдерге, балаларға, жасӛспірімдерге, 
жүрек-қан  тамырлары  ауруымен  ауыратын  адамдарға  мүлдем  пайдалануға 
болмайды». 
Энергетикалық,  газдалған  сусындардың  орнына  тӛмендегі  ұсынылған 
сусындарын пайдалану жӛн деп есептеймін және рейтингті ұсынғым келеді. 
 
Р/с 
Сусындардың  атауы 
Пайдалану 
пайызы 

Ыстық шай 
17,4% 

Су 
14,3% 

Газдалған сусындар 
12,6 

Салқын шай 
11,6 

Квас 
9,9 

Сыра 
8,2 

Компот және морс 
7,7 

Қымыз, шұбат 
7,2 

Табиғи шырындар 
6,6 
10 
Лимонад 

11 
Ӛзге сусындар (айран, сүт, саңырауқұлақ шайы, 
қолдан жасалған кӛже, шалап) 
0,7 
 
Денсаулық сақтау саласында адам ағзасына зиянды кез келген нәрсеге тыйым 
салынады.  Сол  секілді  елімізде  соңғы  бірнеше  жылдың  ішінде  қарасы  кӛбейген 
алкогольсіз  энергетикалық  сусындарға  да  рұқсат  етілмейді.  Себебі  медицина 
мамандары мұндай сусындардың зияндылығын айтып, дабыл қағуда. 
Пайдалы жақтары. Ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның 
химиялық құрамында  кәдімгі  дәрілерде  кездесетін  қоспа  бар.  Кӛктем,  жаз  
айларында  жәндік,  шыбын  шағып  алғанда  ашып  немесе  ауырып  тұрған  жеріңізге 
«Кока-коланы» құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз. 
«Кока-кола»  тотты  жақсы  кетіреді,  үйдегі  қолданыстан  шығып  қалған  металл 
заттарды  бірнеше  сағат  сусынға  салып  қойып,  ысқылап  жусаңыз,  сол  зат  тазарып 
шағады. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау