№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет50/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
102 
- Ӛсімдік тіршілігі үшін қажетті мӛлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс; 
-  Топырақ  массасының  құрылымы  қолайлы  болып,  оңтайлы  ауа  –  су  режимін 
қамтамасыз  етіп,  тамырлардын  топыраққа  жақсы  ӛтуін  одан  қоректік  заттар  мен 
ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс; 
- Ӛсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс. 
Мәлім  болғандай,  ӛсімдіктер  негізгі  қорек  элементі  ретінде  топырақтан  азот, 
фосфор,  калий,  кальций,  темір,  күкіртті  сіңіреді.  Химиялық  талдауға  қарасақ, 
топырақтағы  химиялық  элементтер  құрамы  кӛп  және  ол  кӛп  жылға  жетеді.  Кейбір 
деректер  бойынша,  қаратопырақ  құрамында  азот  пен  фосфордың  кӛптігі  сонша, 
бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың 
жылға жетерлік. 
Бірақ ӛсімдіктер үшін элементтер мӛлшері емес, топырақтағы ӛсімдік сіңіруге 
ыңғайлы  формалары  маңызды.  Топырақтағы  азоттың  кӛп  бӛлігі  органикалық  қана 
түрінде  болады,  сондықтан  ол  күрделі,  соның  ішінде  мәдени  ӛсімдіктер  үшін 
сіңірілмейді.  Тек  микробиологиялық  тіршілік  нәтижесінде  пайда  болушы  аммонии 
және нитрат қоспалар ғана ӛсімдікке сіңімді. 
Фосфордың органикалық қоспалары және фосфор құрамы минералдардың кӛбі 
ӛсімдіктерге  сіңбейді.  Топырақтағы  калий  негізгі  массасы  екінші  дисперсиялық 
силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны ӛсімдіктер қорыта алмайды. 
Ӛсімдіктер  сіңірілген  калийді  және  калийдің  суда  еритін  қоспаларын  бойына 
таратады,  бұлардың  топырақтағы  мӛлшері  мардымсыз.  Кальций  мен  магний  де 
сіңірілген және суда еріген күйінде ғана ӛсімдіктерге пайдалы. 
Ӛсімдіктерге  сіңімді  түрдегі  химиялық  элементтер  құрамы  олардың  жалпы 
құрамына  қарағанда  ӛте  аз.  Сондықтан  мәдени  ӛсімдіктердің  қалыпты  ӛсуі  үшін 
(демек,  жақсы  ӛнім  алу  үшін)  кейбір  қоректік  элементтерді  сіңімді  формада 
топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек. 
Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған ӛніммен бірге химиялық элементтер 
де  топырақтан  алынып,  азаяды.  Демек,  ӛсімдіктердің  қалыпты  ӛсуіне  керек 
элементтер  мӛлшері  де  азаяды,  бұл  егін  ӛніміне  әсер  етеді.  Мысалы,  бұл  құбылыс 
АҚШ  орталық  аудандарында  байқалды,  онда  20  жыл  ішінде  топырақтағы  азот 
мӛлшері  20%-ке  кеміген,  келесі  20  жылда  10%-ке, келесі  20  жылда  7%-ке  кеміген. 
Сондықтан  агрохимия  ережесіне  сәйкес  тыңайтқыш  қолдану  ауылшаруашылығы 
дақылдары  түсімін  және  жер  құнарлылығын  кӛтеретін  маңызды  тәсіл  болып 
табылады. 
Тыңайтқыш  қолдана  отырып  адам  заттардың  биологиялық  айналымына 
белсенді  араласып,  ӛз  мақсатында  бағыт  беріп,  реттейді.  Органикалық  минерал 
тыңайтқыштар  қосумен  қатар  соңғы  жылдары  бактериялық  тыңайтқыштар  да 
қолданыс 
табуда. 
Бактериялар 
массасын 
топыраққа 
араластырып, 
микробиологиялық  процестерді  күшейтуге  және  химиялық  элементтердің 
сіңімділігін  кӛтеруге  қол  жеткізіледі.  Мысалы,  фосфорбактерин  органикалық 
заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б. 
Ауылшаруашылығы  дақылдарын  қалыпты  ӛсіру  үшін  макроэлементтер 
мӛлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер 
құрамы  да  маңызды.  Олардың  болмауы  немесе  аз  болуы  мәдени  ӛсімдіктердің 
ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі. 
Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. 
Бұл  құбылыстар  торф  топырақта  орман  аймағында  кӛп  кездеседі.  Оны  ӛңдеу 
сырқаты деп атайды. Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық ӛнімі кӛбейген. 
Жезді кейбір ӛсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік грибоктарға қарсы 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
103 
тұрақтылығын  арттырады.  Мырыш,  бор,  марганец,  молибден  және  сирек  кезесетін 
элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды. 
Микроэлементтердің  мал  шаруашылығы  үшін  де  маңызы  зор.  Кейбір 
микроэлементтердің топырақта және ӛсімдіктерде (жемде) артық не кем болуы мал 
ӛнімділігіне  елеулі  әсер  етеді.  Кобалаттің  топырақта  аз  болуынан  мал  қанында 
эритроциттер азайып, мал тез ериді (себебі, белок синтезі нашарлайды), жемнің кӛп 
болуы бұған әсер етпейді. 
Ұсақ  және  ірі  мүйізді  малдың  бұл  ауруы  –  акобалатоз  деп  аталады,  ол  ТМД, 
Шотландия,  Австралия  және  т.б.  елдерде  таралған.  Мал  шаруашылығына  белгілі 
әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы. 
Су ӛсімдіктің тіршілігінің барлық кезенінде де дәннен жарып шыққаннан, пісіп 
жетілгенше  үлкен  рӛл  атқарады.  Түрлі  ӛсімдік  дәндері  жарылуы  үшін  түрлі  су 
мӛлшері керек: Бидай үшін – салмағының 45%, қызылша үшін – 120% керек. Түрлі 
мәдени  ӛсімдіктердің  құрғақ  массасының  тоннасын  алу  үшін  шығындалған  су 
мӛлшері  де  әр  түрлі  және  200-ден  1000  тоннаға  дейін  ӛзгереді.  Мысалы:  бидай 
тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. 
Ӛсімдіктер  бос  су  формасын  ғана,  яғни  гравитациялық  сіңіліп,  байланған  суды 
космос  күштері  кері  тарта  алмайды.  Сондықтан  сіңірілген  суы  10-15%  құрайтын 
саздың  топырақта  ӛсімдік  су  тапшылығын  кӛреді,  ал  құмайт  топырақтарда  бұл 
кӛрсеткіш 1-2%-ке дейін азаяды. 
Топырақ  ылғалы  капилярлық  булану  барысында  азаяды.  Ұзын  капилярдың 
болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ ылғалы сақталуына 
әкеледі.  Сондықтан  топырақ  құрылымын  ұсақ  кесекті  қылу  оны  құрғаудан 
сақтайтын тиімді шара болып табылады. 
Қуаңшылық  аудандарда  судың  топыраққа  мол  келуіне  бағытталған  түрлі 
шаралар жасалады, беткі  су ағысын реттеу, қар тоқтату, түрлі  суландыру. Топырақ 
құнарлығы  үшін  ауаның,  оның  оттегісінің  маңызы  зор.  Оттегі  микробиологиялық 
процестер  үшін  қажет.  Топырақтың  аэробты микробтары  оттегі  жетпесе  ӛз  тірлігін 
баяулатады. 
Оттегі  күрделі  ӛсімдіктер  тамыры  үшін  қажет.  Тығыз  топырақтағы  газ 
алмасудың қиындауы, топырақ ауасында кӛмір қышқылының жинақталуы, топырақ 
артық  ылғалданғанда  оттегінің  жетіспеуі  ӛсімдіктің  ӛсуін  тежейді.  Ғалымдардың 
пікірінше,  оттегі  топырақтың  барлық  кӛлемінің  8-12%-і  болса,  топырақ  ауасы 
ӛсімдіктер  үшін  қолайсыз  әсерін  тигізеді,  ал  оттегі  құрамы  5%-тен  кем  болса, 
ӛсімдіктердің кӛп бӛлігі ӛледі. 
Топырақтың  оттегімен  қамтылуы  және  газ  алмасу  деңгейін  ұстау  топырақ 
құрылмына  тәуелді,  ол  тамыр  қабатының  тереңдігін  анықтайды,  ылғалдың 
топырақтағы  шығынын  және  бӛлінуін  реттейді,  ӛсімдіктердің  қорек  режимін 
реттейді. 
Топырақтың жақсы құрылымы ӛсімдіктердің қалыпты ӛсуінің қажетті шартты 
болып табылады. Жыртылатын горизонттың оңтайлы құрылымы болып есептелетін 
–  ұсақ  кесекті  түйірлі  суға  берік  құрылым.  Топырақ  құнарлығына  теріс  әсер  ететін 
тұздар құрамының кӛбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы 
ӛсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді: 
-  Ӛсімдік  клеткасына  су  келуі  нашарлап,  бұзылады,  себебі  топырақ 
ерітіндсіндегі космос қысымы ӛсімдік клеткасы протоплазмасындағыдан жоғары; 
-  Ассимиляция  және  газ  алмасу  процестері  бұзылады.  Зерттеулер  бойынша, 
сортаңдау жағдайында ӛсімдіктерге магний, натридің хлорлы тұздары кӛптеп сіңіп, 
маңызды химиялық элементтер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау