№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет52/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
106 
МЫРЗАХМЕТОВА Аида Нҧрланқызы, 
«Мақтаарал» мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы, Атакент кенті, 
Мақтаарал ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КЕРІМБЕКОВА Маржан Тағайбековна, 
«Мақтаарал» мектеп-гимназиясы «Биология» пәнінің мҧғалімі, Атакент кенті, 
Мақтаарал ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖЫЛДАМ ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАМАҚТАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ 
 
Халықтың  денсаулығы  –  қоғамымыздың  заманауи  талаптарының  басты 
мәселесі  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  орын  алып  отырған  экономикалық 
дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. 
Сондықтан,  Қазақстан  халқының  денсаулық  жағдайын  кӛңіл  қынжыларлық 
жағдайда  деп  бағалауға  болады  және  соған  орай  медициналық  қызметкерлердің 
барлық  күш-жігерін,  халықтың  денсаулығын  сақтауға  жұмылдыру  қажет.  Оның 
ішінде,  кейінгі  қауым,  жас  ұрпақтың  денсаулығын  сақтап,  нығайту  –  қоғам  мен 
мемлекеттің  негізгі,  кейінге  қалдыруға  болмайтын  міндеттерінің  бірі  болып 
табылады. 
Кӛне заманғы қағидада бойнша: «Ас – адамның арқауы», - делінген. Ӛкінішке 
қарай,  біздің  замандастарымыз  ӛзін  дені  сау  және  сымбатты  сезіну  үшін  қалай 
тамақтану  керектігін  біле  бермейді.  Тамақтанудың  да  ӛзіндік  ережелері  бар  және 
оларды  ескермеуге  болмайды.  Ӛйткені  тамақтану  –  біздің  денсаулығымыздың 
құрамдас бӛлігі екенін есте сақтауымыз қажет. 
Ӛткен  ғасырдың  80-90  жж.  «Жүгіріп  жүріп  қоректену»  деп  аталатын  немесе 
«Фаст-фуд мәдениеті» бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, 
кӛбінесе балалар мен жасӛспірімдерде «Фаст-фуд-қа» әдеттенуді туғызады. Олардың 
денсаулықтарына  үлкен  зиян  келтіретін  «гамбургерлер»,  «чипсілер»  және  «пицца» 
біздің  балаларымыздың  сүйікті  тағамдары  болып  саналады.  Артық  салмақ,  гастрит 
және жалпы әлсіздік – зиянды дағдылардың нәтижесі. 
Қазіргі  уақытта  «бигмак»,  «шаурма»,  «сэндвичтер»,  «чебуректер»,  «пицца», 
«чипсы»,  қуырылған  картоп  және  түрлі  газдалған  сусындар  кӛп.  Бірақ,  олардың 
сапасы мен құрамында не бар екен? Оны кӛпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың 
барлығы «фаст-фуд» (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай 
тағамдар адам денсаулығы үшін ӛте зиянды болып табылады. 
«Фаст-фуд»  тағамдарын  біреулер  күнде  ішіп-жеп  жүрсе,  кейбіреулер  анда-
санда  ғана  пайдаланады.  Тамақты  үйде  асықпай  дайындауға  мүмкіндік 
болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, ӛте қауіпті. 
Соған  қарамастан,  кей  адамдар  еріншектігінің  салдарынан  дайын  асқа  жүгіретіні 
шындық.  Бұл  дұрыс  емес.  Әсіресе,  балаларды  кішкентай  кезінен  бастап  мұндай 
тамақтарға үйретпеген жӛн. 
«Фаст-фуд»  сататын  дүкендер  әдемі  жарнамалары  арқылы  ӛнімдерін  тӛмен 
бағалармен  ұсынып,  жылдам  әзірленетінін  айтып,  тұтынушылардың  назарын 
ӛздеріне  аударады.  Мамандардың  айтуынша,  «фаст-фудпен»  тамақтануға  мүлдем 
болмайды.  Осындай  тағамдардың  құрамында  майлар  мен  консерванттар  кӛп 
болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. 
Ал  ол  несімен  қауіпті  десек,  «фаст-фуд»  тағамдарын  дайындау  барысында 
маргарин кӛп мӛлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды ӛнім, яғни, 
транс  майлар  кӛп.  Кейбіреулер  «фаст-фудтың»  денсаулыққа  зиян  екенін  біле  тұра, 
одан бас тартпайды. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
107 
Ғалымдардың  пайымдауынша,  бұл  жағдай  адамды  психологиялық  және 
химиялық  тәуелділікке  әкеп  соқтырады.  Ӛйткені,  аталған  ӛнімдерді  жасаушылар 
оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды 
ӛзіне тартады екен. 
Тез  тамақтанудың  кесірінен  ас  қорыту  жолдары  қиындайды.  «Фаст-фудқа» 
үйір  жандардың  асқазан,  жүрек  аурулары,  қан  қысымы,  қант  диабеті  аурулары  күн 
ӛткен  сайын  үдей  түседі.  Әсіресе  ӛз  денсаулығына  кӛңіл  бӛлмейтін  жастарға  обал. 
Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн ӛткен сайын әлсірей түседі. 
Түрлі  елдердегі  медициналық  зерттеулердің  нәтижесі  «фаст-фуд»  ӛнімдерін 
күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа кӛлемдегі «гамбургер» 
немесе бір стакан «кока-кола» 1500 колорияға тең. 
Күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір 
ғана  «гамбургермен»  шектеліп  қоймайсыз  ғой.  Бұл  ӛнімдер  адамды  толық  тәбетін 
қанағаттандыра  алмайды,  ол  тек  аз  ғана  уақытқа  асқазанды  алдау  десе  болады. 
Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. 
Диетолог-дәрігерлер  семіздікке  апаратын  «қауіпті»  тағамдарды  атап  ӛтті. 
Бірінші  орында  тәтті  газды  сусындар  тұр.  Шӛл  басу  үшін  емес,  қайта  шӛлдетіп, 
қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен 
тыс  кӛп.  Үлкен-кіші  құмарланып  ішетін  бір  стакан  «коланың»  ӛзінде  5  шай  қасық 
қант бар, ал бір литр «колада» 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. 
Сол  сияқты  картоптан  жасалған  «чипсыларды»  бала  біткен  жақсы  кӛреді. 
Бұлар «пюреден» жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі 
дәмдеуіштер қосылып,  адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, 
«сосискалар»,  пісірілген  шұжықтар,  «паштеттер»  еттен  жасалғандай  кӛрінгенімен, 
негізінен  жартысына  жуығы  майдан  жасалып,  түрлі  тәтті  дәмдеуіштермен 
бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы кӛп нан-
жарма, кондитер ӛнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. 
Иісі  мұрын  жаратын,  тез  дайындалған  тағаммен  жүрек  жалғап  алуға  үлкен-
кішінің бәрі құмар. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу ӛте маңызды. 
Тиімді  тамақтану  дегеніміз  –  құрамында  түрлі  қоректік  заттардың  толық  мӛлшері 
бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. 
Жақында  американдық  ғалымдар  зерттеулер  жүргізіп,  ӛте  жоғары 
температурада  дайындалатын  тағамдардың  құрамынан  адамның  денсаулығына  ӛте 
зиянды  «акриламид»  деген  затты  тапқан.  «Шаурма»,  «донер-кебабтарға»  қоса 
«гамбургер»,  «хот-дог»,  «гриль»,  «поп-корн»,  «чипсы»,  картоптан  дасалған  «фри», 
қақталған шұжық секілді тағамдар ӛте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы 
тағамдарды  ұзақ   күнделікті  пайдалану  салдарынан  асқазан  жарасы,  созылмалы 
гастрит,  ӛттің  толуы,  ұйқы  безінің  қабынуы,  жүрек-қан  тамыр  аурулары,  семіздік 
пайда  болатыны,  әсіресе  ас  қорыту  жолдарына  ӛте  зиян  екені  анықталған. 
Сондықтан  қалың  кӛпшілікке  кӛшеде  даярланатын  тағамдарды  ӛте  абайлап  жеген 
дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан...» деген халық сӛзі бекер айтылмаған. 
Денсаулығымызды сақтай білейік замандастар! 
Қым-қуыт  тіршілікке  әбден  үйреніп  алған  қала  тұрғындары  үшін  тез 
дайындалатын  «пицца»  – таптырмас тағам. Алайда  «пицца» да ағзаға зиянды екен. 
Лондонда  «пиццаның»  199  түрін  сараптан  ӛткізген  дәрігерлер  осындай  шешімге 
келді.  Сӛйтсе,  мейрамханаларда  ұсынылатын  «пиццалардағы»  тұз  екі  жарым  есеге 
кӛп боп шықты. 
«Пиццадағы»  қауіпті  майдың  үлесі  84  пайызды  құрайды  екен.  Бұл  қалыпты 
мӛлшерден  әлдеқайда  кӛп.  Қауіпті  май  артық  салмақты  кӛбейтіп  қана  қоймайды, 
инсульт пен инфаркт сияқты жүрек дертіне де жол ашады деген пайымда дәрігерлер. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау