№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
123
үнемді, жылы, бал сақтау сыйымдылығы да кӛлемді. Алты бұрышты біркелкі алтыға
бӛліп, ортасында кездесетін алаңдарын да бірдей етіп ӛрнектеп, тоқып шығады екен.
Бұл балауыз қабырғалар – мүлдем ауа ӛткізбейтін қасиетке ие. Атап айтқанда,
аралар ондай болашақ ұрпақтары жайғасқан торлардың бетін гүлдің тозаңы
араласқан балауызбен жабатын кӛрінеді. Сонда ғана личинка-құрттарға ауа барып
тұрады екен. Олай болмаған жағдайда, яғни ұрығын жая алмаған аралар жер бетінен
баяғыда-ақ жойылып кеткен болар еді.
Бал толық әзір болғанша, аянбай еңбек еткен ара ең соңында балға толы
ұяларын ӛз ағзасынан бӛлінетін балауызбен бекітіп тастайтын кӛрінеді. Тек
ұрықтары орналастырылған торлардың «есігін» ғана ӛзі тасып әкелген гүл
тозаңдары (орысша – «пыльце») мен әлгі балауызды араластыра отырып бекітеді
екен. Аталған тозаңдардың ауа ӛткізгіштік қасиеті – жоғары.
Жұмысшы аралардың алдыңғы аяқтарында тарақ іспетті «сыпырғыштар» бар.
Оныменен әуелі гүл тозаңын тазалап, содан кейін таза тозаңды жинап, артқы аяқта
орналасқан «қоржынға» салатын кӛрінеді. Ара ӛз ұясына қарай ұшқан кезде әлгі
тозаңдар шашылып қалмас үшін, ол «қоржындарды» артқы аяқтың жоғарғы, сыртқы
жақтарына, шұңқыр ретінде орналастырған екен. Аралардың ұрықтану үдерісі де
таза ауада, ұшу кезінде жүзеге асатын кӛрінеді. Кәрі араларға қарағанда, жас аралар
еңбекке ықтиятты, ұқыпты. Олар бӛлетін бал да – әрі тәтті, әрі пайдалы. Күннің
жылысында таң атқаннан күн батқанға дейін тынбастан еңбек ететін аралар қауымы
суық түскеннен кейін, жаз бойы жинаған балдарын қорек етіп, жылы кӛктемнің
келуін күтеді.
Аралар да ауырады. Омарталардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын
тұрақты ұстап тұру үшін кӛшпелі дүңгіршектер гигиеналық және дезинфекциялау
(сутегі тотығы, т.б.) заттарымен, арнайы дезинфекциялау орнымен, омарташылар
жуынатын бӛлме және қолданылған суға арналған жабық шұңқырлармен
жабдықталуы тиіс. Стационарлық омарталарда бал салатын бос ыдыстар сақтайтын
және омарташы құралдарын дезинфекциялайтын арнайы ғимарат болуы шарт.
Ӛйткені қолданылатын барлық құрал-жабдықтарға дезинфекция жүргізіліп отыруы
керек. Дезинфекциядан ӛткізілген заттар арнайы бӛлмеде сақталады.