№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет58/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
119 
бірлікте  ұстайтын,  олардың  арасында  үлкен  мәртебеге  ие  жас  аналықты  ӛзі  таңдап 
орнына  қояды.  Біраз  уақыт  оған  ӛзінің  іс-тәжірибесін  үйретеді.  Отбасын  басқарып 
алып кететін жағдайда ӛз тағын түгелдей жас аналыққа тапсырады. 
Бал арасының аналығы отбасы мүшелерінің ыңғайына қарап жұмыс береді. Ең 
алдымен  үйшігін,  аналығын  күзететін  қарауылдарын  орын-орындарына  қояды. 
Аналыққа  кіргенше  қарауылдарын  екі-екіден  үш  есікке  қояды.  Әрқайсысының  ӛз 
міндеттері бар. Гүл шырынын жинауға кеткен аралар шырын әкелді ме, жоқ па, бұл 
жағын  мұқият  қадағалайтын  аралар  ӛз  алдына  бір  тӛбе.  Егер  біреуі  жалқауланып, 
шырын  әкелмесе,  қарауылдары  басын  кесіп  тастайды.  Осындай  мықты  қадағалау 
болғанменен,  кейде  шырынсыз  ӛтіп  кететіндері  аз  да  болса  кездеседі.  Ондай 
жалқаулар аналықтағы шырынды тартып жеп, тез ӛсіп, үлкейіп кетеді. 
Омарташы  бал  шелекті  ашып,  осындай  арамтамақтарды  дер  кезінде 
залалсыздандырып отырады. Қарауылдарын орындарына қойған соң барлаушылары 
мен  ауа-райын  зерттеушілерді  таңертеңнен  ұяшығынан  ұшырады.  Олар  алдымен 
жақын  арада  күн  жылы  бола  ма,  қандай  ӛзгерістер  сезілетінін,  ал  барлаушылары 
шамамен он шақырымдай жерлерге ұшып барып, қай жерде шырын кӛп, оған қалай 
баруға  болады,  осының  бәрін  жақсылап  тексеріп,  жұмыстары  аяқталған  соң, 
аналыққа  белгі  береді.  Аналық  осылардың  тексерісінен  кейін  бал  шырынын 
жинайтын  араларды  бір  мезгілде  ұшырады.  Олар  шамамен  он  шақырымнан  аса 
жерлерді аралап, мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып бал жинайды. 
Осындай  алыстарға  ұшып  барса  да,  күн  жүйесіне  қарап,  шыққан  ұясын  дәл 
табады. Ауа-райы күрт ӛзгеріп, жауын-шашын бола қалса, жақын арадағы кез келген 
бал  арасының  ұясына  кіріп,  күн  ашылғанша  сауғалайды.  Келген  қонаққа  мұндағы 
аралар  күн  ашылғанша  ұясына  отыруға  рұқсат  етеді.  Күн  ашылған  соң  қайтадан 
ұясынан  шығарып  жібереді.  Мұндай  тәсіл  аралар  арасында  жиі  ұшырасады.  Күн 
ашықта келген араны бірден ӛлтіреді. 
Аралардың  арасында  жауынгерлері  де  бар,  олар  ӛз  шекараларын,  ұясын 
сыртқы-ішкі жауларынан да жақсы қорғайды. Бір қызығы, бал жиналған бӛлмелерге 
ӛзінің  иесі  –  аналықтан  басқаның  кіруге  рұқсаты  жоқ.  Аналық  балды  жасап, 
әрқайсысының жаздайғы табысына қарай бӛліп береді. Әрбір уақыт, күн мен айлар 
есептеулі. Ала жаздай ерінбей жақсы еңбек еткен аралар қысы-жазы тоқ болады. 
Ерте  кӛктемнен  жалқауланған  аралар  жақсы  тұратын,  ауқатты  араларды  кӛре 
алмай,  кейде  оларға  шабуылға  шығып,  соғыс  ашады.  Кім  күшті,  жеңіс  соныкі. 
Жеңілген  жақ  қолға  түскенмен,  кеудеден  жаны  шыққанша  шайқасады.  Осындай 
ақылсыз  мақұлықтарға  Алла  Тағала  ерекше  сезімталдық,  күш-жігер,  бірі  үшін  бәрі 
жұмыла  жүк  кӛтеру,  отанын  қорғау,  жас  араларды  жетілгенше  бағып-баптау, 
олардың  жатар  орнын  ауыздарымен  тазалап,  ықтиятты  ұстау,  дер  кезінде 
тамақтандыру сияқты жұмыстарды атқаруды тамаша кӛрегендікпен берген. Тағы бір 
айта  кететін  жағдай  –  жаздың  ыстығында  ӛзінің  жұмыртқаларымен  ара  бейнесіне 
айналып  келе  жатқан  ұрпақтарын  ыстықтан  қорғау  үшін  қанаттарын  сабалап, 
желдету,  суық  кезде  бӛлмелерін  жылылап,  тегі  болмаса,  қанаттарымен  қалқалап, 
жылу жібереді. 
Иә,  гүлден-гүлге  қонып  жүретін  кішкентай  ғана  араның  табиғи  таза 
ресурстарды сақтап қана қоймай, оны кӛбейтуде кӛп рӛл атқарады. 
Кӛптеген таза ӛнімдердің ӛндірісіне тікелей қатысатын жер шарындағы жалғыз 
жәндік  –  осы  ара.  Олар  жиналған  әртүрлі  ӛнімдерді  зиянды  заттардан  тазартады. 
Араларды  жергілікті  жердің  экологиялық  жағдайын  жақсартуға  да  қолданады. 
Топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтіре  алатын  да  қасиетке  ие.  Қалай  дейсіз 
ғой.  Аралар  барлық  ӛсімдіктерді  аралап  жүріп,  олардың  тозаңдану  процесін 
жақсартады.  Аралар  ұшқан  жерде  шӛп  бітік  әрі  тығыз  шығады.  Әртүрлі  дала 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
120 
ӛсімдіктерінің  арасы  тығыз  болса,  түбіне  күзге  қарай  шірінді  қабат  жиналады.  Ол 
кӛктемге  дейін  топырақ  құрамына  сіңіп,  құнарлылығын  арттырады.  Мұндай  жерде 
шӛптің, бау-бақшаның, егіннің де бітік шығады. 
 
Бал арасының тҥрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал 
жинау  мен  гүлденген  дақылдардың  ӛнімділігін  арттыру  үшін  ең  кӛп  тараған 
ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін ӛсірген дұрыс. 
Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. 
Қазақстанда  Іле  Алатауының  етегінде  Араның  антофора  деген  түрі  дара 
тіршілік етеді. 
Ортаресейлік  аралар.  Ірі  болады,  салмағы  110  мг  жетеді.  Тұмсығы  қысқа  – 
6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі ӛте долы болып келеді. Қысқа ӛте тӛзімді. 
Аналығының ӛнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. 
Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мӛлшері ортаресейліктен кіші, бірақ 
кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, 
тыныш. Қысқа тӛзімділігі орташа. Ӛнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. 
Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 
6,7  мм  дейін.  Бұл  аралар  да  бейбітсүйгіш,  тыныш.  Қысқа  тӛзімділігі  орташа. 
Аналығының ӛнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. 
Бал  арасының  ҥш  тобы.  Ара  –  ара  патшасы,  еркек  ара,  жұмысшы  ара  деп 
үшке бӛлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, ӛңі қара, басы, кеудесі және 
жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш 
жай,  екі  күрделі  кӛзі  болады.  Аузы  үлкен,  бал  жинауға  қолайлы,  кеуде  жағы  үш 
буынды,  орта  буыны  үлкен  келеді.  Екі  жұп  жарғақ  қанаты  бар.  Үш  жұп  аяғының 
тозаң  жинайтын  себеті  болады.  Қарын  жағы  дӛңгеленген  конус  тәрізді,  сауыр 
жағында  қара  сары  түсті  1-4-ке  дейін  келген  қара  белдеулер  бар.  Құйрығында 
үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. 
Бауыр  жағында  тӛрт  түп  балауыз  пластинкасының  ішіндегі  балауыз  безі 
балауыз бӛліп шығарады. 
Қоректенуі. Аралар үшін негізгі тамақтану кӛзі – гүл шырыны (гүлдің арнайы 
мүшелерінен  бӛлінетін  тәтті  сұйықтық).  Аралар  ӛздері  жемін  тауып,  қысқы  азық 
қорларын  ӛздері  әзірлейді.  Олар  жемді  ӛңдейді,  ӛсімдік  шырынын  балға,  ал  гүл 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау