195
3. Полосин В.С. Школьный химический эксперимент по неорганической химии. -
Москва:
Просвещение, 1989.
4. Чернобельская Г.М. Основы методики обучения химии. - Москва: Просвещение,
1987.
Аннотация
Бұл мақалада проблема химияны оқыту химиялық эксперимент пайдалану қарастырылады.
Химия зерттеу студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған проблемалық-
бағдарланған оқыту пайдалану факторлардың анықталған және ақтады. Зертханалық және
демонстрациялық тәжірибелер мысалдары. Жағдайды білімдерін, сонымен қатар жаңа ғана емес
талап ететін даярлаудың нақты тапсырмаларды орындау процесінде қиындықтарды немесе
қайшылық болып табылады.
Аннотация
В данной статье рассматривается использование химического эксперимента в проблемном
обучении химии. Определены и обоснованы факторы, в использовании проблемного обучения,
направленного на активизацию познавательной деятельности студентов при изучении химии.
Приведены примеры лабораторных и демонстрационных экспериментов. Проблемная ситуация-это
затруднение или противоречие в процессе выполнения конкретных учебных задач, для решения
которых требуются не
только знания, но и новые.
Annotation
This article discusses the use of chemical experiment in problem-based learning, chemistry. Identified
and justified the factors in the use of problem-based learning, aimed at activation of cognitive activity of
students when studying chemistry. The examples of laboratory and demonstration experiments. The
problematic situation is the difficulty or contradiction in the process of accomplishing specific educational
tasks for which require not only knowledge, but also new.
ӘОЖ
39.01.45:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Таджикулова Н.А., Әбілда М.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге
асыру бүгінгі күннің ӛзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа
міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын
игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына
кӛмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа да кӛптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. Бүгінгі таңда
білім ұйымдарындағы пәндерді дербес компьютер кӛмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі
ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады.
Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолданып сабақ ӛткізу мұғалім мен
оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, ӛзгерте
отырып, олардың мотивациялык
эмоциональдық ортасына, сезімінің ӛсуіне әсер етеді.
Соңғы жылдары кӛптеген елдерде орын алып отырған ғаламдық ӛзгерістер –
мемлекеттердің жаңа дәуірге, қоғамдық ӛмірлік негізін ақпараттық ресурстармен ақпараттық
коммуникациялық технологиялар құрайтын ақпараттык кезеңге қадам басты. Қазіргі таңда
ғылыми техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық
әдістер мен жаңа технологияларды қолдануды кең кӛлемде қажет етеді. Білім берудің негізгі
мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр
196
түрлі әдіс-тәсілдеріді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті
тақтаны пайдаланып сабақ ӛткізудің кӛптеген мүмкіншіліктері бар:
біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны
кӛшіріп алып,
белсенді жұмыс істеуге болады;
екіншіден, қосымша материалдарды да кӛшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс
істеуге болады;
үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, ӛшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға,
жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. кӛптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді
пайдалануға болады.
География – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологияларымен
тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап оның дамуына кӛп кӛңіл бӛлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімге зор міндеттерді
талап етеді, ӛйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Міне, осы
жағдайда жаңа технологиялардың кӛмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында
интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім
беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса
отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән
бойыншақолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда,
интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі ӛте зор. Интерактивтік
тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ
жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады,
қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), кӛптеген
жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы ӛз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын
мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу
арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бӛліп беру мен
уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын
атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы
белгілермен ӛзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы
ӛзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
Мультимедиялық технологиялар кӛбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады.
Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты кӛптеген электрондық оқулықтар мен
компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның ӛмірімізге терең енуіне
байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық
пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.
Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд кӛмегімен кӛрсетіледі.
Microsoft Power Point бағдарламасының кӛмегімен оқупроцесінде презентациялар мен
слайдтар жасап кӛрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады,
танымдық
ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.
Оқушылар география сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық
оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты ӛздері меңгереді. Бұл оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, ӛз бетінше
шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына кӛп кӛмегін тигізеді. География
пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын
арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара ӛтеді. Бұл
тестілердің барлығы география бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес
келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық