98
Аннотация
В данной статье рассмотрены проблемы формирования коммуникативной компетенции
учащихся средней школы. Выявлена необходимость развития потенциальных творческих
возможностей, мыслительные способности, навыки саамообразования, роль коммуникативных
технологий в развитии устной речи учащихся, также автором приведены коммуникативные задачи,
решение которых необходимо для достижения целей на уроках русского языка.
Annotation
This article describes the problems of formation of the communicative competence of high school
students. Revealed need the development potential of creative possibilities, mental abilities, skills self-study,
the role of communication technologies in the development of oral speech of pupils, also the author listed the
communicative tasks necessary to achievethe goals of the Russian language lessons.
ӘОЖ 372.881
Н 83
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Нурлыбекова Н.Т.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қараой ауылы, Бірлестік орта мектебі
Бастауыш сынып оқушылары үшін ойын технологиясы оқу үрдісін қызықты және
тартымды болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әдіс, сабақ формасы болып табылады. Ойын –
бала үшін дағдылы және оқытудың тиімді формасы. Ойын арқылы оқыта отырып, біз оқу
материалын ересектерге түсіндіргендей емес, бала жанына жақын дағдылы жағдайда
қабылдауына ықпал етеміз. Ойын кездейсоқ бір жағдайдан екінші жағдайға кӛшу үшін емес,
оқу әрекетіне құрылған, балаға таныс түрінде жүйелі жасалған үздіксіз үрдіс деп қарау керек.
Ойын бала үшін алғашқы ойлау мектебі болып табылады.
Ойын технологиясын қолданудың мақсаты оқушылардың сабақта танымдық
әрекеттерін дамыту. Ойын бұл іс жүзінде даму. Бала ойнайды, себебі дамиды. М. Әуезов:
«Жақсы ойын жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын жаман жұмыс сияқты»-дейді.
Ойын әдісін қолдану мақсаты, жолы - лексиканы меңгеруге деген қызығушылықтарын ояту
тілдік қатынас жасауға деген талабын ашу. Бастауыш сынып оқушылары үшін ойын
технологиясының тиімділігі – ойындар ойнау кезінде тілдік қарым-қатынастар ерекше
маңызға ие болады. Кәсіби сӛздерді естерінде сақтауға мүмкіндік береді. Сауатты,
мәдениетті түрде сӛйлей білуге жаттығады. Нәтижесінде сӛздік қорын молайтады. Ӛз
бетінше тілді үйренуге септігін тигізеді, тілін дамытады.
Ойын адамның ӛмір танымының
алғашқы қадамы. Ойын ӛмірде ӛте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық
менгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бӛлігі.
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сӛзінде жас кезінен жақсы сӛз естіп ӛскен бала
кейін есті адам болады: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, кӛріп, ұстап, татып
ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, кӛргені кӛп болған
адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы
жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Ойын технологиясы
оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады, теориялық білімдерін практикада
қолдануға үйретеді, ізденіске жетелейді.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды –
дидактикалық ойындар дейді.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық
категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің ӛзара
байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын
еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы ӛте зор. Бастауыш сынып
оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде
99
олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында
пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты -
бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың
қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, кӛңіл қойғызуға,
қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге кӛмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның негізгі мақсаты баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
;
сӛздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сӛйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;
таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын
ояту, белсенділігін арттыру.
Ойынның негізгі міндеті танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту және
тәрбиелік
айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру
Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен
міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің
жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап
алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие кӛздерімен ұштастыруда жұмбақтарды,
мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, ӛсиет сӛздерін оқыту барысында ойындар арқылы
кеңінен қолдану;
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу
жұмыстарын тӛрт бағытта жүргізген дұрыс:
Бірінші бағыт - дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интелликтуалдық
қабілеттерін,
логикалық ойлауын тәрбиелеу;
Екінші бағыт – оқушыларға ізгілікті тәрбие беру – оқыту үрдісінде халық
педагогикасының мол мұрағаттарын пайдалана отырып, адамгершілік қасиеттерін бойына
сіңіру;
Ҥшінші бағыт – түрлі кӛркем шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын
аулақ салуға тәрбиелеу;
Тӛртінші бағыт – оқушылардың сӛздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре
отырып, сӛйлеу мәдениетіне тәрбиелеу;
Оқу үрдісіне ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
сай алынады монда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта иүседі. Сонымен қатар
ұлттық ойындары оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін
пайдалануға болады. Ұлттық ойындар - ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын
топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Грамматикалық ойын бұл әдістемелік құралдағы грамматикалық ойындар оқушының
тілін, ой-ұшқырлығын дамытады, тапқырлыққа жетелейді, ӛзіндік пікір айтуға жағдай
жасады және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Фонетикалық ойындар оқушылардың
сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге кӛмектеседі. Ойынға бала бар
ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып,
шеберліктерін шыңдайды. Олардың білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді,
ізденімпаздығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын, пунктуациясын тереңірек меңгеруге
баулиды. Мен бұл ойын түрін балалардың сауаттылығын дамыту үшін пайдаланамын.
Сонымен қатар «
Жаңылтпашты жаңылмай айт»,
«Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды
жалғастыр» ойындарды ӛткіземін.
―Сұрақ – жауап‖ ойынының
мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге
дағдыландыру. Ойынның негізгі шарты сыныпты екі топқа бӛлу. Әр топқа сұрақтардың
жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын
кӛрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары кӛп болса, сол топ жеңеді.