Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет34/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113

104
 ·  визуальдық ақпараттың деформациялануы (белгілі бір 
сызықтық параметрдің үлкеюі немесе кішіреюі, бейненің со-
зылуы немесе жиналуы);
 ·  маудиовизуальдық ақпараттың дискреттік берілуі;
 ·  бейненің (қараңғылануы) көлеңкеленуі;
 ·  визуальды ақпараттың талданған бөлігін оны келесі ығысуы 
немесе «лупамен» қарастырылуы үшін тіркеу;
 ·  бір экрандағы кез келген бөлігін активтендіру мүмкіншілігі бар 
аудиовизуаль ақпараттың көп терезелі көрінісі.
 ·  шынымен өтіп жатқан үдерістердің шын уақыттағы 
оқиғалардың демонстрациясы.
Мультимедиа жəне білім берудегі ақпараттанудың сəйкес 
құралдарын пайдалануға байланысты бірнеше түсініктер бар. Муль-
тимедиа құралдарын білім беруде қолданғанда иллюстрацияның 
рөлі өседі. Иллюстрация бұл:
 ·  мəтінге түсіндіретін немесе толықтыратын ақпараттың басқа 
типін енгізу (бейне жəне дыбыс);
 ·  көрнекті жəне көзжеткізерлік түсіндіру үшін мысалдарды 
келтіру (басқа типтегі ақпаратты қолданбауға да болады).
Иллюстрация терминін талқылаудың екеуіде бірдей дəрежеде 
əдеттегі қағаз оқулықтар мен оқыту құралдарына, сондай-ақ заманауи 
мультимедиа білім берудің электрондық басылымдары мен ресурста-
рына қатысы бар екенін түсіну керек. Бұдан басқа иллюстрацияның 
маңыздылығы, оқытуды оқу материалының түсініксіз қиындық 
туғызатын бөліктерін ақпараттандырудың барлық құралдары көрнекті 
көз жеткізетіндей жəне жеңіл түсіндіруге мүмкіндік береді. Мульти-
медиа дəл осыған ықпалын тигізеді. Мультимедиа басылымдар мен 
ресурстарда иллюстрациялар мысалдар (оның ішінде мəтіндерде), 
екі өлшемді жəне үш өлшемді графикалық бейнелер (суреттер, фо-
тосуреттер схемалар, графиктер, диограммалар) дауыстық үзінділер, 
анимациялар, бейнеүзінділер түрінде көрсетіледі. Білім беру мульти-
медиа құралдарында иллюстрацияның жаңа түрлерінің пайда болуы 
дəстүрлі оқулықтардан бас тарту деген сөз емес. Дəстүрлі оқулық 
кітаптарын иллюстрациялау жəне полиграфиялық безендіру облы-
сында баспа элементтерін кеңістіктік топқа бөлу ерекшеліктерінен 
алатын мол тəжірибе жиналған. Осы бойынша кейбір элементтерге 
ерекше назар аударған жөн, əсіресе қабылдаудың физиологиялық 
жақтарына көңіл бөлінген. Қазір көптеген оқу пəндері жəне оқыту 
бағыттары бойынша мультимедиалық энциклопедиялар түзілген. 


105
Оқытудың жаңа əдістерін пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыруға 
мүмкіндік беретін ойын жағдайлық жаттықтырғыштар мен 
мультимедиалық оқыту жүйелері өндірілді.
Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарының 
интербелсенділігі дегеніміз, қолданушыларға, яғни үйренушілер 
жəне педагогтарға бұл құралдармен белсенді əсерлесуге тура келеді 
дегенді білдіреді. Интербелсенділік оқыту диологы үшін шарттардың 
болуын білдіреді, оның қатысушыларының бірі электрондық басы-
лым немесе ресурстар болып табылады.
Интербелсенділікті беру мультимедиалық құралдарының ең 
мəнді артықшылықтарының бірі. Интербелсенділік белгілі шек-
терде ақпаратты көрсетуді басқаруға жағдай жасайды: оқушылар 
жеке икемденуін өзгерте алады, нəтижелерді тексереді, сондай-ақ 
қолданушының нақты сұрақтарына жауап беретін программаны 
шақыруға мүмкіндік береді. Оқушылар жеке академиялық талап-
тарын қанағаттандыратын материалдың берілу жылдамдығын, 
кайталаулардың санын жəне басқа параметрлерді кіргізе алады. Бұл 
мультимедиа технологияларының иілгіштігі жөнінде қорытынды 
шығаруға болады.
Мультимедиа технологиялар ақпараттың көп түрлерін ойша 
жəне гормониялық интегрлеуге мүмкіндік береді. Бұл компьютердің 
көмегімен ақпаратты əртүрлі формаларда беруге мүмкіндік береді, 
олар төмендегідей:
-  бейнелер, оған сканерленген фотосуреттер, сызбалар, карталар 
жəне слайдтар кіреді;
-  дауыстың дыбыстық жазылуы, дыбыстық эффекттер жəне 
 музыка;
-  бейне, күрделі бейнеэффектілер.
Білім беруде мультимедианы қолданудың тиімділігін көптеген 
мысалдармен көрсетуге болады. Ереже бойынша, əдемі бейне-
лер немесе анимациялар мен өтетін прецентациялар статикалық 
мəтінге қарағанда, визуал тартымды жəне олар қажет болған 
эмоционалдық деңгейді ұстайды, сонымен оқыту тиімділігін арт-
тырады. Мультимедианы қолдану мектеп жағдайында физика 
немесе химия бойынша оқушыларға бір қатар тəжірибелерді 
көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедианың көмегімен кеңістікте 
қозғалуға болады жəне оқушыларға сыныптан шықпай-ақ, та-
рих курсындағы мұражай экспонаттарын немесе археологиялық 
ескерткіштерін көрсетуге болады. Заманауи ұшақтардың 


106
ұшқыштарын арнайы мультимедиалық тренажерларда сабақ өткізбей 
дайындау мүмкін емес, себебі бұл əдіс шынайы жағдайларды 
жəне келешек ұшқыштан талап етілетін интербелсенді əсерлесуді 
модельдейді.
Мультимедианы пайдалану оқушыларға оқыту материалдары 
мен əр түрлі жұмыс істеуге мүмкіндік береді – адам матералды қалай 
оқып үйренетінін, ақпараттандыру құралдарының интербелсенділік 
мүмкіндіктерін пайдалануын жəне өзінің сыныптастарымен бірге 
қалай жұмыс істейтінін өзі шешеді. Осылайша, оқушылар білім беру 
үдерісінің белсенді қатысушыларына айналады. Мультимедиа білім 
берудің электрондық басылымдары жəне ресурстарымен жұмыс 
істей отырып, оқушылар өздерінің қабілеті жəне талабына сай əсер 
ете алады. Олар өздеріне қызық материалды ғана оқиды, оқығанын 
қанша рет қажет болса, сонша рет қайталайды, ал бұл дұрыс 
қабылдауға жеткілікті ықпал етеді. Осылайша, сапалы мультимедиа 
баспаларын жəне ресурстарды қолдану оқыту үдерісін оқушылар 
арасындағы білім алуының өзіндік стильдеріне жəне қарқынды 
қызығушылығына əлеуметтік жəне мəдени ерекшеліктеріне қатысты 
иілгіш болуын қамтамасыз етеді. Мультимедианы қолдану оқыту 
үдерісінің  бірнеше аспектілеріне жағымды əсер етеді. Мультиме-
диа:
1. ақпаратты қабылдау жəне түсіну оқыту сияқты когнитивтік 
аспектілерін ынталандыруға;
2. оқушылардың мотивациясының артуына;
3. оқушыларда бірінің жұмыс істеу дағдыларын жəне ұжымдық 
танымдық дамуына;
4. 
оқушыларда оқуға терең жолмен келуді дамытуға жəне 
оқылатын материалдың терең түсінікті болуын қалыптастыруға 
ықпал етеді.
Бұдан басқа мультимедиа құралдарын білім беруде қолданудың 
артықшылықтарын қатарына:
-  оқыту үдерісінде оқушы қабылдауының бірнеше кана-
лын бірмезгілде қолдану, оның есебінен бірнеше əртүрлі 
сезу ағзалары жеткізетін ақпараттық интеграциясы қолға 
келтірілетінін;
-  күрделі, қымбат немесе қауіпті тəжірибені модельдеу 
мүмкіндігін;
-  үдерістерді динамикалық көрсету есебінен абстракт ақпаратты 
визуалдауды;


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау