101
Демек, мультимедиа. Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету-
де сипаттамалық ерекшелігі, өңдеу мүмкіндігі жəне компьютерлік
техниканың даму көзқарасы бойынша салыстырғанда жаңа болып
есептелетін əртүрлі типтегі ақпараттарды беруге болатын құралдар
болып табылады. Расында да, соңғы жылдары осындай құралдар са-
нына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін жəне
дыбыс шығару, фото жəне бейне бейнелер үшін құралдар кіргізілген.
Егер жақын аралықта тиісті сандық өңдеу үшін құрылымдар пай-
да болып, кең таралса, осы құралдар мультимедиа құралдарына
жатқызылады.
Мультимедиа құралдарының ерекшелігін ақпараттық түрлерін
жəне оны беру тəсілдерін білмей түсіну мүмкін емес. Оқытудағы
электрондық басылымдары мен ресурстарын оқып үйрену үшін
мəні зор ақпаратты жіктеудің тек негізгі қырларына тоқталамыз.
Ақпаратты жіктеуге мүмкін болатын бірнеше көрсеткіштері бар.
Бірінші көрсеткіш түрінде көру, есту, сезу, дəмін тарту, сияқты
адамның ақпаратты қабылдау кең таралған бөлудің принципін
қолдануға болады. Білім берудің электрондық басылымдары мен
ресурстарын оқып үйрену көзқарасы бойынша компьютерлік жəне
коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын,
адамға ақпараттық əсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс бола-
ды. Осылайша, барлық ақпаратты қабылдау түрлері бойынша негізгі
үш топқа бөледі:
1.
Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік неме-
се визуалдық ақпарат деп аталады. Бұл ақпаратқа мəтін,
графикалық бейнелер жəне суреттер, фотографиялар, мульт-
фильмдер, бейнефильмдер жатады.
2. Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен
қабылданатын ақпарат. Бұл ақпаратқа шулар, əуендер, сөз жа-
тады.
3. Сенсорлық немесе тактильдық ақпарат деп аталатын, арнайы
техникалық құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық
жүйесімен қабылданатын ақпарат.
Ақпараттың аталған түрлерін басқа көрсеткіштері бойынша да
жіктеуге болады. Олардың бəрі адамның ақпаратты қабылдау тəсілі
болып табылады. Осыған байланысты келіп түсетін оқытылатын
ақпаратты ассоциативті жəне туралауға бөлуге болады. Оқушылар
ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте мəтіндік немесе сөздік
суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда мəтінді оқу не-
102
месе педагогтың сөзін тыңдау, оқушыда бұрыннан бар өсімдіктер
туралы түсініктер мен алынған ақпараттың ассоциациясына алып
келеді. Мəтінді оқу немесе сөзді тыңдауда барлық оқушылардың
өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек.
Əрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.
Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту
мақсаттарының назары бойынша объектілердің қасиеттерін
береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер, бейнефильмдер,
ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады. Мультимедиа
құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі тура ақпаратты беру
жəне өңдеу мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, ботаника курсын-
да өсімдіктерді оқып-үйренгенде мультимедиа құралдарын пайда-
лану, оқушыларға өсімдікті жəне онда болатын үдерістерді көруге,
мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары
түсінігі, бір жағынан компьютерлік өңдеу жəне ақпаратты əртүрлі
типте көрсету мен тығыз байланыста болса, екінші жағынан,
білім алу тиімділігіне əсер ететін электрондық басылымдар мен
ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарының білім беру
саласына енгізілуі сəйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық
құралдардың пайда болуына жəне олардың мазмұндық ар-
туына, оқытудың жаңа əдістері жəне педагогтардың кəсіби
шығармашылығының ақпараттану технологияларын өндіруге
ықпалын тигізеді.
Мысалы, бейнефильмдерді сақтауға, өңдеуге жəне өндіруге
мүмкіндік беретін мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне
енгізу, оқытуда қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды
жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер мен жұмыс істей
отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көзқарасы
бойынша маңызды болған бейнеүзінділерді көруге жұмсайды.
“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа” сөзі
бірден бірнеше əртүрлі мəнге ие болатындығын түсіну маңызды.
Мультимедиа – бұл:
əртүрлі типтегі аппараттық өңдеу құралдарын қолдану жəне
функциялау, өңдеу ретін суреттеуші технология;
əртүрлі типтегі ақпараттардың берілуі жəне өңдеу техно-
логиясының негізінде жасалынған ақпараттық ресурс;
əртүрлі типтегі ақпараттың берілуі жəне қызметін өңдеумен
байланысты компьютерлік программалық қамтамасыз ету;
103
əртүрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкін болатын
компьютерлік апппараттық қамтамасыз ету;
əртүрлі типтегі (сөз, əуен, бейне бейне, анимация жəне т.б)
динамикалық жəне дəстүрлі статистикалық жəне визуальды
(мəтін, графика) ақпаратты өзінде біріктіретін ақпараттың
ерекше жалпылаушы түрі.
Осылайша кең мағынада «мультимедиа» термині ақпараттық
технологиялардың аясын білдіреді.
Мультимедианы ақпараттандыру құралдарында пайдалануға
байланысты, графикалық, дыбыстық, фото жəне бейне əсер-
лерінің есебінен мұндай ақпараттарда үлкен эмоционалдық
заряды бар жəне олар белсенді түрде көңіл көтеру индустриясына
қосылады.
Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адам шығармашылығы
деңгейінің дамуына үлкен өзгеріс жасады. Мультимедиа техноло-
гиясын ең көп қолданатын аясының бірі білім беру саласы, себебі
мультимедиаға негізделген электрондық басылымдар мен ресурс-
тар оқытудың тиімділігін анағұрлым арттырады. Материалды ауыз-
ша баяндағанда оқушының бір минутта ақпараттың мың шартты
белгілерін қабылдап, меңгеретіні, ал көру ағзаларын «қосқанда»
100 мыңға жуық осындай бірліктерді меңгеретіні тəжірибе арқылы
тексерілген.
Қазіргі уақытта жасалынған мультимедиа құралдарының саны
мыңға жетеді. Мультимедиалық технологиялар жəне оған сəйкес
білім беруді ақпараттандыру құралдары тез дамып келе жатыр. Егер
1995 жылы шыққан мультимедиалық құралдар саны 34 болса, 1998
жылдарының басында олардың саны 300 ге жеткен, қазір бұл тізім
бірнеше мыңдаған атауларды өзіне біріктіреді. Əрине, бұл көрсетулер
мультимедиа құралдарымен қамтамасыз етілгендігін нақты суреттеп
бере алмайды, бірақ жасалынған жəне пайдаланып жатқан мульти-
медиа құралдар санының өсуі біржақты дəлелденді. Мультимедиа
құралдарымен технологиялары оқытудың пайдалы мүмкіндіктерін
жəне төмендегідей аудиовизуальды ақпараттарды өңдеудің жаңа
тəсілдерін қолдану арқылы оқыту себептерін көбейтуді қамтамасыз
етеді:
· визуальды ақпаратты «басқару» (орналастыру, қою);
· əртүрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау
(ығысу);
· анимациялық эффектердің жүзеге асуы;
Достарыңызбен бөлісу: |