Жастар ресурстық орталығы жастардың жарқын бастамала



жүктеу 2,84 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата20.11.2018
өлшемі2,84 Mb.
#22013
1   2   3   4

22 маусым, 2016 жыл

2

– Гипс өніміне сұраныс бар ма?

– Иә, қоладан  жасауды да сұрап жатқандар бар. 

– Олай болса, мұндай еңбекпен жасалған өнімді көптеп тарату қажет. Шымкент, Ал-

маты сынды қаладағы кәсіпкерлер тауарды өткізу үшін екеу алсаң, біреуі тегін деген ак-

циялар ұйымдастырады. Тауарды сондай қызықты әрі тиімді жолмен арнайы акциялар 

ұйымдастырып, өткізу керек.  Қазір интернет арқылы тапсырыс қабылдап, Қазақстанның 

аймақтарына жіберіп отыруға да болады. Сол үшін жарнаманы да жақсартыңдар, – деп 

клуб үйіне қарай аяқ басты.

Облыс  басшысы  Қырымбек  Көшербаев,  облыстық  мәслихат  хатшысы  Наурызбай 

Байқадамов,  «Нұр  Отан» партиясы  облыстық филиал  төрағасының бірінші орынбаса-

ры Ибадулла Құттықожаев, аудан әкімі Руслан Рүстемов бастаған топты күлімдеп қарсы 

алған шығармашыл жастар  мен Қазақстанға танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафа 

туынды топтамасын таныстыруға жол нұсқады.

Иә, клуб үйінің бірінші қабатын жағалай үйлесімділікпен қойылған портрет пен пей-

заждар  көрген  көзді  өзіне  еріксіз  жаулап,  талай  жанды  таңқалдырды.  Бүгінгі  күннің 

өзекті мәселесін арқау еткен қылқалам шеберінің туындыларымен танысқан аймақ бас-

шысы суретшіге бағамды батасын беріп, қаламынан әлем мойындайтын озық дүние ту-

ындауына тілекші екенін жеткізді. Сурет деген ұлы өнердің киесін бірталай мысалмен 

мәндірек етіп, оқиғалармен өрбітті. 

Осылайша,  сағат  тілі  он  екіге  келіп  жеткенде  Жастар  саясаты  жөніндегі  көшпелі 

отырыстың негізгі бөлімі басталды. 

Елдегі  қоғамдық-саяси  ахуалдың  жақсаруына,  өркениетке  өрлеуге  жастардың 

ықпалы зор. Өйткені заман жастардыкі. Қазақ деген қаны да, тәні де таза халықтың 

ұрпағы  кемел  келешекке  иек  артады,  болашаққа  сеніммен  қарайды.  Сондықтан, 

бүгінгі  көшпелі  кеңестің  басты  мақсаты  –  жастарға  қатысты  мәселені  жете  талдап, 

алдағы атқарылар жұмыстар негізін күшейту, NEET 

санатындағы жастардың санын мейлінше азайту. 

Ал,  маргинал  жастарды  қоғамға  тартып, 

жұмыспен қамтуға жастар ұйымдарының тірек бо-

луы  қажет.  Оларға  әлеуметтік-психологиялық 

көмекті күшейту, мүлдем басқаша форматта жұмыс 

болуы тиіс. Бұл өңірдегі жастар саясатының басты 

бағыты осы негізді бетке алып келеді. 

Менің  ойымша,  жастар  саясатының  өзекті 

мәселесі  –  маргинал  жастарды  бір-бірлеп  тау-

ып,  оларды  қоғамдық  ортаға  бейімдеу  болып  та-

былады.  Жасанды  түрде  ұрандатқан  флешмобтар 

мен шараларды доғарып, оқуға түсе алмай қалған, 

жұмыс  таппай  жүрген  әлсіз  топтағы  жастардың 

мәселесін  шешуге  талпыну  керек.  Қажет  болса 

әрбір  жастың  қолынан  жетектеп  жүріп,  мамандық 

алуына жол ашу керек. 

Жастар саясатының мақсаты – көшбасшыларды 

қолдау  ғана  емес,  керісінше  ең  төменгі  жастарды 

жұмысқа  жұмылдырып,  қоғамның  оңтайлануына 

жол  –  ашу.  Бір  сөзбен  айтқанда,  сасқанға  –  сая, 

асқанға  тосқан  болуымыз  керек.  Адамның  қадірін 

білейік, барды бағалайық!

Кез-келген  қоғамда  бақталастық  пен  көре  

алмаушылық  болатыны  заңдылық  секілді,  қазақ 

әдебиеті тарихында да Сәбит Мұқанов пен Мұхтар 

Әуезовтің арасында бәсеке болған. Ел сыйлаған екі 

тұлғаның арасына сөз тасып, шағылыстыратындар 

да  көп  болған.  Осылайша,  қос  жазушы  бір-

бірін  жақтырмаған.  Күндердің  күнінде  бір  адам 

Сәбитке  келіп,  қуанар  деп  Мұхтар  Әуезовтің 

өлгенін сүйіншілейді. Сонда Сәбең «енді біз қалай 

өмір  сүреміз,  ол  –  қазақ  әдебиетінің  жарқыраған 

жұлдызы еді» деп еңірене жылаған екен...

Көрдіңіз бе, олар өмірде бәсекелес болғанымен, 

бір-бірінің  қадірін  қалай  бағалаған.  Ал,  біз  ше? 

Біз 

бір-бірімізді 



сыйлаймыз 

ба? 


Біріміздің  қадірімізді  біріміз  білеміз 

бе?  Тәуелсіздікті  сыйлаймыз  ба? 

Тәуелсіздіктің  негізін  қалаған  Елбасын  

құрметтейміз бе? Осы сұрақтарға жау-

ап беретін кез келгендей.  

Барын  бағалаған  ұлт  ешқашан  та-

рих сахнасынан жойылмайды. Барын бағалаған, ешқашан өз Отанына өзі оқ жаудыр-

майды. Сол үшін «әр қазақ – менің жалғызым» деген санамен күнелтіп, әрбір адамның 

өмірі мен бостандығын бағалайық! Бұл көшпелі кеңестің жиынында сөз бастаған аймақ 

басшысының көпке ой тастаған салихалы сөзі. 

Семинар отырысында кезекті сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының бас-

шысы Айдын Бөкенбайұлы:

– Бүгінгі таңда аймақта Байқоңыр қаласын қоса есептегенде 200 мыңнан аса жас 

тұрғын бар. Олардың басым бөлігі, яғни 58,7 пайызы – ауыл жастары. Экономикалық 

белсенді жастар – 91 950, экономикалық белсенді еместер – 72 800 құрайды. Жастар 

саясатын іске асыру аясында  қабылданған шаралардың көптігіне қарамастан, жастар  

арасында жекелеген қиын   мәселелер күннен-күнге артып келеді. Себебі, қазіргі қоғам 

ұдайы дамуды қажет етеді. Бүгінгі таңда оқуы жоқ, жұмысы жоқ, еш жерде тіркелмеген 

жастар  қоғамнан  оқшауланып,  алдыңғы  қатардағы  жастардың  көлеңкесінде  қалып 

қоюда. Қазіргі таңда  NEET санатындағы жастардың үлесі 13,2 пайыз. Алдыңғы жыл-

мен салыстырғанда бұл 0,4 пайызға жоғары көрсеткіш. NEET санатындағы жастармен 

жұмыс жасау және жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар аясында 15 

бағыттан тұратын жастардың мәліметтер  базасы жасақталуда. Базаға 2015-2016 жыл-

дар аралығындағы мектеп бітірушілер жайлы ақпарат жинақталуда. 

Жастарға  әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың  басты бағыты. Осы 

мақсатта  әлеуметтік  жұмыс  жасаған  3200  студентке  қоғамдық  көлікте  жеңілдікпен 

жүруге облыстық бюджеттен 72 900 мың теңге қаржы қарастырылды. 

Енді алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталсам. Жастардың бос уақытын тиімді пай-

далану, әлеуметтік тұрмысы төмен жастарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында ар-

найы музыкалық продюсерілк орталықтар мен  Coworking кабинеттер ашуды жоспарла-

удамыз. Үкімет тарпынан тиісті қаржысы бөлінсе, орталыққа жұмылатын жастар саны 

көбейе түспек. 

Олай  болса,  тәуелсіз  елдің  тұтқасын  ұстап,  озық  30  елдің  қатарына  Қазақстанды 

қосатын да – жастар. Сондықтан, ел ертеңі жолында сіз болып, біз болып, бірге еңбек 

етейік. Жастары жасампаз, жігер мен жалынға толы ел ғана еңсесін тіктеп, еркін өмір 

сүре алады, – деген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы ойын түйді.

Иә, бұл ретте де атқарылған жұмыстарды таразылаған облыс басшысы ішкі саясаттың 

жұмысы  жастардан  басталуы  тиіс  екенін,  жастарға  қолдау  күшейтілу  керектігін  ай-

тып,  жауапкершілік  жүгін  еселей  түсті.  Әрі  қарай,  пленарлық  отырыста  ҚР-дағы  БҰҰ 

Балалар  қоры  өкілдігінің  «Жастар  мен  жасөспірімдердің  дамуы»  бағдарламасының 

үйлестірушісі  Айгүл  Қадірова  сөз  алып,  республика  бойынша  «Жастар  ресурстық 

орталықтары» қызметінің жаңа моделін таныстырды. Ал, облыстық денсаулық сақтау 

басқармасының  басшысы  Ақмарал  Әлназарова  облыстағы  жастардың  денсаулығына 

жасалған сараптамалық көрсеткішті хабарлады. Сондай-ақ, Қармақшы ауданының әкімі 

Сұлтан Мұқашов та жастар ісі жөніндегі жыл бойы атқарылған жұмыстармен бөлісті...

Келесі кезекте «Сыр – анам, Қаратау – панам» деп сөз бастаған аудан әкімі Руслан 

Рүстемов ауданда атқарылған абыройлы істер мен жастардың жағымды жаңалығынан 

хабардар етті.   

Әрине,  тоқтам  сөз,  тәубе  ой,  тағылымды  түйін  қашанда  құнды,  жадымызда  үнемі 

жаттаулы болса құба құп болар еді. Олай дейтінім Елбасының «Бұл заман білекке сенетін 

емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзі өмірлік көзқарасқа өнегелі ой салатын 

және жастар жүрегін тебірентер жауһар ой  екені даусыз. Бұл сөз бүгінгі жиынның ба-

сты ұраны болса деп үміттенемін. Өйткені кәсіп жасау үшін де, бизнесті дамыту үшін де, 

тіпті өмірлік, мықты ұстаным үшін де білім мен сауаттылық қажет. ХХІ ғасыр – білімнің 

дәуірі,  жастарды  қолдаудың  жаһандық  кезеңі  деген  бағдардың  басты  қағидасы  осы 

сөзбен  түйінделіп  тұр.  Соған  сай  Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  қарсаңында  сөз  бен 

істің  үйлесімі  жарқын  жетістікке  жол  ашты.  Иә,  осылайша  сай-сүйекті  шымырлатып, 

жастардың жігерін оятқан аудан басшысы бағындырған белестерді тізбектеп өтті. 

–  Биыл  жаңақорғандық  мектеп  түлектері  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нәтижесімен 

орташа  83,3  балл  жинап,    аймақта  екінші  орынға  көтерілді.  Басты  көрсеткіштің  бірі  

биыл аудандағы 36 мектептен 20 «Алтын белгі» үміткері шықты. Бұл аудан тарихында 

бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.

Үстіміздегі жылдың 1 маусымына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъекті саны 2865, 

оның 170 заңды тұлға, 672 шаруа қожалығы, 2023 жеке кәсіпкер, жұмыспен қамтылған 

5774 адамға жетіп, 2589,0 млн. теңгенің өнімі (оның 654,2 млн. теңгесі өнеркәсіп өнімдері) 

өндірілді. Бюджетке түскен салық  96,5 млн. теңгені құрады. Аудан бойынша 

1824 жеке кәсіпкердің 550-і 30 жасқа дейінгілер.  Бұл өңір кәсіпкерлерінің 30 

пайызын құрайды. Негізгі кәсіп отандық өнім шығарумен қатар, құрылысқа, 

күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен, халыққа қызмет көрсету бағытындағы  

сауда қызметі. Солардың қатарында  кәсіпкер Асем Шауенова өзінің  «Асем 

Тас»  компаниясынан темір бетон бұйымдарын шығаруда.  «Асем-Тас»  ком-

паниясын  «Қызылорда  облыстық  кәсіпкерлер  палатасының  Жаңақорған 

аудандық  филиалы»  арқылы  «Өңірлік  инвестициялық  орталығы»  несие 

қаржымен қамтамасыз етті. Мұнда 5 жас  тұрақты жұмысқа қабылданды.

Кәсіпкер Нұрболат Аширов «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы 

арқылы 15 млн. теңге несие алып, жиһаз жасау цехын ұйымдастырды.  

Отандық өнім шығаруда үлгі ететін Оразай Қалымбетовты атауға болады.  

Ол  аяқ-киім  шығару  цехын  ашты.  Жуырда  Оразай  аяқ-киім  цехын  ұлғайту  

мақсатында 1,8 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды. 

–  Исмайл  Шайдаров,  Жалғас  Сырымов,  Серік  Мырзабаев  сынды  жас 

кәсіпкерлер  «Бизнестің  жол  картасы-2020»  бағдарламасы  арқылы  несие 

алып, мал бордақылаумен айналысып келеді;

– Төменарық ауылында құрылыс заттарын шығарумен айналысып және 

ауылының  бірнеше  азаматын  тұрақты  жұмыспен  қамтамасыз  етіп  отырған 

жас кәсіпкер Манас Нәлібаев «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы 

арқылы несие алып жұмыс жасауда; 

– Кәсіпкер Ербол Әшірбаев санитарлық-гигиеналық қағаз өнімін шығару 

цехын  ашу  жөнінде  «Қызылорда  облыстық  кәсіпкерлер  палатасының 

Жаңақорған аудандық филиалы» арқылы құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын 

жүргізуде.

 «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Жаңақорған кенті тұрғыны, 

жас кәсіпкер Өркен Құрбанов  қол жеткізген 2 000 000 теңге несие қаржыға  

құрылысқа қажетті бұйымдар шығара бастады. Ал, оған аудандық мәслихат 

депутаты Арман Мажитов шикізат алу үшін 500 000 теңге қаржылай қолдау 

көрсетті.   

Жасыратыны  жоқ,  жастардың  бизнестегі  белсенділігі  жоғары.  Қазір 

«Қазақстанда жасалған» маркасы бойынша Жаңақорған ауданында «Талды-

су» минералды суы шығарыла бастады, – деді Руслан Рүстемұлы. 

Иә,  осыншама  сәттілік  пен  биік  белестер  біздің  ауданның  биылғы 

еншісіне  тиесілі.  Әрине,  мұндай  мақтаныш  пен  озық  нәтиженің  арқасында 

тынымсыз еңбекті талап ететін аудан басшылығы мен жалынды жастарының 

үлесі  тұр.  Күллі  облыс  басшылығы  мен  жастары  алдында  нақты  нәтижені 

дәлелдеп көрсеткен Руслан Рүстемұлы «Мен сендерді интернет алмастыра 

алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, 

шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын 

танып-білуге шақырамын деген Елбасы сөзімен баяндаманы қорытты.

Бірталай  маңызды  мән-жай  мен  ілкімді  істерді  анықтап,  тың  жоспарды 

нақтылаған жастардың көшпелі кеңесі осылайша мәресіне жетті. Аймақ бас-

шысы  Қаратау  бөктеріне  жасаған  сапарының  соңында  жас  кәсіпкер  Өркен 

Ерғалиұлына қайта жолығып, ізеттілікпен қолын алып, игі ісіне сәттілік тіледі. 

Иә,  тұмса  табиғатымен,  саф  ауасымен  талайды  баурап,  таңқалдырған 

жәннат мекеннен облыстың әр аймағынан келген басшылар мен жігерлі жа-

стар қимастықпен қоштасып, таңғаларлық Талдысу лагеріне қарай жол тарт-

ты.


ТҮЙІН. Көпшілік қауымның көшпелі отырыстан көргені мен түйгені көп. 

Жиналған  жұрттың  ендігі  серті  –  жастық  жалынын  сүйікті  Отанға  арнап, 

егемендік жолында еселі еңбек ету...

                                                                            



Ханзада ДОШАН,

Жаңақорған-Бесарық-Жаңақорған.

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

АЙМАҚ ЖАСТАРЫ

АЙМАҚ ЖАСТАРЫ

БЕСАРЫҚТА БАС ҚОСТЫ

–  Қырымбек  Елеуұлы,  зауытқа  қажетті  құрал-жабдықтарын 

шығаруда біздің тәжірибе мол. Соңғы стандарттарға сай, зауытқа 

экологиялық тұрғыда зарары жоқ  автоматтандырылған жаңа тех-

нологияны  пайдаланамыз.  Біздің  компанияның  зауытқа  қажетті 

құрал-жабдығын  Германия,  Швеция,  Франция,  Чехия  сынды  15 

шетел    мемлекеті  қолдануда.  Цемент  қоспасының  негізгі  өнімі 

жергілікті болғандықтан ол өз кезегінде өнім құнының төмен бо-

луына ықпал етеді. 

Осы орайда, «Байқоңыр» инвестициялық форумына шақырып, 

осындай мүмкіндікке қол жеткізгеніміз үшін сізге алғыс айтамыз.

Зауыт  құрылысын  Жаңақорғаннан  салуымыз  бекер  емес. 

Өйткені, өндіріс орнына қажетті шикізатты осы аумақтан таптық. 

Әрі  жергілікті  билік  жобаны  жүзеге  асыруға  барлық  қолайлы 

мүмкіндік  жасауда,  –  деді  «Глобальная  безопасность»  ЖАҚ  бас 

директорының орынбасары Эдуард Фельд.  

Мұнан  кейін  облыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлы  мен  «БК 

Қызылорда Цемент» ЖШС-нің құрылтайшысы Бердібек Мыханов 

арасындағы әңгіме төмендегіше өрбіді. 

– Жаңа шикізаттың жоғары сапалы екені айтылды...

–  Иә,  Қаратаудың  қойнауынан  кеніш  таптық.  Ондағы 

шикізаттың  баламасы  республика  бойынша  Шығыс 

Қазақстан облысында ғана бар. 

–  Зауыт  іске  қосылғанда  қанша  адам  жұмыспен 

қамтылады?

–  Жалпы,  жобаның  құны-30,2  млрд.  теңгені  құрайды. 

Зауыт құрылысы соғу барысында 250 адам, ал толық қуатта 

іске қосылғанда-320 адам жұмыспен қамтылады. 

– Жылдық өнім шығару қуаттылығы қанша?

– Құрылыс нысанын аяқтау 2018 жылға жоспарланған. 

Зауыт  толықтай  іске  қосылғанда  560  мың  тонна  цемент 

өндіру  жоспарда  бар.  Оған  мүмкіндік  толық  жетеді.  Зау-

ыттан  жоғары  сапалы  М500  D0  және  М400  D20  маркалы 

цементін шығарып, ішкі және сыртқы нарықты бағындыру 

басты мақсат.

– Жаңада айттым. Егер Сырдарияның сол жағалауында 

қала құрылысын бастасақ, жылдық өнім мөлшерін екі есе-

леуге тура келеді, – деді аймақ басшысы. 

  Осылайша  қос  құрылтайшының  таныстырылымынан 

соң,  аймақ  басшысы  салтанатты  түрде  жаңа  зауыттың 

іргетасын  қалап,  сәттілік  тіледі.  Ауқымды  жобаны  қолға 

алған  қос  инвесторға  аудан  жұртшылығы  атынан  ел 

ағалары Елеусіз Сейдеметов пен Мұзарап Махмутов лебізін 

жеткізді. 

–  Қаратаудың  қойнауы  қашанда  құт.  Мұндағы  жер 

асты  байлығы  –  ел  экономикасының  өркендеуіне  өзіндік 

үлес қосары сөзсіз. Бүгін, Қасиетті Рамазан айында цемент 

зауытының іргетасы қалануда. Бұл жақсылықтың нышаны. 

Бастаған істеріңізге Жаратқан береке дарытсын! – деп ба-

тасын берді ақсақал. 

Айта кету керек, айтулы шарада облыс әкімінің орын-

басары Ғ.Әмреев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиа-

лы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, аудан 

әкімі Р.Рүстемов және саланың облыстық басқарма басшы-

лары болды. 

Иә, дана қазақ «істі ұйымдастыра білген ұтады», – дейді. 

Қос инвестор инвестициялық форум аясында тіл табысып, 

ауқымды  жобаны  қолға  алды.  Шалқия  өндіріс  аумағынан 

іргетасы  қаланған  цемент  зауытының  келешегі  кемел. 

Өйткені,  мамандар  өндіріс  орнының  автоматтандырылған 

құрал-жабдыққа  жұмсалатын  энергошығынның  аз  болу-

ынан  өнім  құнының  бағасы  төмен  болады  деуде.  Яғни, 

Жаңақорғанда  өндірілетін  отандық  өнімнің  бәсекеге 

қабілетті болары айқын. 

                                                   Әбдісамат ӘБДІШ,

Жаңақорған-Шалқия-Жаңақорған



ЦЕМЕНТКЕ МҰҚТАЖДЫҚТЫ 

ЖОЯДЫ

Жаңа зауыт – 

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Басқосу  Заңдағы  жаңа  тетіктердің  артықшылығын  баян-

даумен  басталды.  Білім  ордасындағы  ұстаздар  мен  шәкірттер 

қауымын толықтырулар туралы ақпаратпен жақынырақ таныстыру 

мақсатында басқарманың мониторинг бөлімінің басшысы Нысанкүл 

Кауленова өз сөзінде:

–  Басты  мүдде  тұтынушылардың  сауаттылығын  арттыру. 

Тұтынушылар өз құқықтарын білмеу салдарынан көптеген келеңсіз 

жағдайларға  жолығып  жатады.  Мысалы:  cатушы  (дайындаушы) 

жарамдылық мерзімі өткен техникалық регламенттер және өнімдер 

жөніндегі  нормативтік  құжаттарда  белгіленген  талаптарға  сәйкес 

келмейтін тауар сатса, Сіз алынған күннен бастап күнтізбелік отыз 

күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай 

соманы қайтаруды талап ете аласыз. Өйткені, Заңдағы түзетулер 

сапалы өнім тұтыну мен сатып алушы тұлғаның жеке басына зақым 

келмеуіне бағытталған, – деді.

Тұтастай  алғанда  қабылданған  Заңда  тауарларды  сатуға, 

қайтарып  беруге  және  ауыстыруға  қойылатын  талаптар 

жетілдірілген.  Атап  айтқанда,  тұтынушының  кемшіліктерге 

қатысты талаптар қою мерзімдері, тиісті емес сападағы тауардың 

кемшіліктерін  жою  және  ауыстыру  мерзімдерін  нақтылау 

белгіленген. 

Оны  «Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  туралы»  Заңның 

18-бабында  «тауарды  сатып  алу  дәлелдерін  ұсыну»  бөлігінен 

аңғаруға болады. Егер тұтынушыда тауарды сатып алу фактісін рас-

тайтын  құжат  (чек)  болмаған  жағдайда  куәлардың  айғақтарына, 

сондай-ақ  басқа  да  дәлелдеу  құралдарына,  оның  ішінде  фото- 

және  (немесе)  бейнетіркеуге  сілтеме  жасауға  құқылы.  Яғни, 

Заңның  ескі  редакциясында  сатып  алуды  растау  тиісті  құжаттар 

және куәгерлердің айғақтары болса, ал енді тауарды сатып алғаны 

туралы  фото – және (немесе) бейнетіркеу дәлел бола алады.  

– 2016 жылғы 21 сәуірде қабылданған қаулыға сәйкес біз өз та-

рапымыз халыққа қолдау көрсетуге дайынбыз. Егер толық мағұлмат 

алғысы  келген  азаматтар  болса,  аудандық  тұтынушылардың 

құқығын  қорғау  басқармасына  келуіне  болады.  Ол  үшін  арнайы 

консультаттар  дайындалған.  Сондай-ақ,  кәсіпкер  тарапынан  кет-

кен  кемшіліктерден  зиян  шеккен  тұтынушылар  болатын  бол-

са,  басқармаға  келіп,  арыздануына  болады.  Біз  сотқа  дейінгі  іс-

әрекеттерге  қатысты  кеңес  беруді  қамтамасыз  етеміз.  Бастысы 

әрбір тұлғаның шешімі мен  іс-қимылы зиянға шықпауы тиіс деп ой-

лаймын, – деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Ұзақбаев. 

Алғашында тосырқай қараған қауым, уақыт өте көкейдегі ойы-

мен бөлісіп, толық мәлімет алуға ұмтылыс білдірді. Қатысушылар 

өздерінің сауда жасаудағы бастарынан өткен жағдайларды жеткізіп, 

кеңес  сұрады.  Жиын  соңында,  Нысанкүл  Әмірханқызы  құқықтық 

сауаттылықты арттыру – күн тәртібіндегі мәселе деп түйіндеді. 

                              



Ерсін БАЛТАБЕКҰЛЫ.

САУДА ҚЫЗМЕТІНІҢ

САПАСЫН САРАПТАЙДЫ

ТҰТЫНУШЫ ТАЛАБЫ 

БҰҚАРАНЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫ, ТАНЫМЫНЫҢ КЕҢЕЙУІ 

ҰЛТ МҮДДЕСІ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ. СОНДЫҚТАН, 

ХАЛЫҚТЫҢ ЗАҢДЫҚ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРІП, 

ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ҚҰЛАҚТАНДЫРЫП ОТЫРУ БА-

СТЫ НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ. АЛ, ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ БІЛУ 

ӨЗІМІЗ ҮШІН ДЕ, ҚОҒАМ ҮШІН ДЕ ҚАЖЕТТІЛІКТІ 

ТУДЫРЫП ОТЫР. ОСЫНДАЙ МАҚСАТТЫ ҚАПЕРГЕ 

АЛА ОТЫРЫП, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ 

АКТІЛЕРІНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН 

ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН 

ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ҚОЛ 

ҚОЙҒАНЫ БЕЛГІЛІ. АТАЛМЫШ ЗАҢДЫ НАСИХАТТАУ 

АЯСЫНДА АУДАНДЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН 

ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ КЕНТТЕГІ АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ 

КОЛЛЕДЖІНДЕ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ. 

– Қасиетті айда, қастерлі мекенде тағы бір жаңа 

нысан  пайдалануға  берілгелі  тұр.  Лайым  халық 

игілігіне  жұмыс  жасасын.  Мемлекеттің  ең  үлкен 

байлығы  оның  халқы,  елдің    денсаулығы.  Адам-

ды  тек  дәрімен  емес,  жылы  сөздеріңізбен  де  ем-

дей  біліңіздер.  Айта  кету  керек,  соңғы  үш  жылда 

облыстық  денсаулық  сақтау  саласы  мекемелерінің 

материалдық-техникалық 

базасын 


нығайтуда 

біршама  жұмыстар  атқарылды.  Жаңа  медициналық 

ғимараттар бой көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар 

алынуда.  Жыл  соңына  дейін  Жаңақорған  аудандық 

емханасының  құрылысы  аяқталып,  пайдалануға 

беріледі, – деп ақжарма тілегін жеткізді облыс әкімі. 

 Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Молдах-

мет Ибрагимов: – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тұсында 

ауыл тұрғындарына тамаша тарту болды. Жақында 

өнер мектебі ашылып, ел болып қуанғанбыз. Сіздің 

әрбір  сөзіңіз  елге  үлгі,  ісіңізден  өнеге  аламыз.  Ал, 

мына  ғимарат  халық  игілігі  жолында  қызмет  ете 

берсін.  Ең  бастысы  ел  ынтымағынан  ажырамасын. 

Тәуелсіздік тұғырлы болсын, – деп батасын берді. 

Соңыра аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы және 

ауылшаруашылығы  саласының  ардагері  Тұрысбай 

Үсенов жаңа нысанның лентасын қиды. Аймақ бас-

шысы амбулатория ішін аралап, заманауи нысанға оң 

бағасын берді, ақ халаттылардың алдағы жұмысына 

табыс  тіледі.  Ғимараттан  шыққан  соң  жиналған 

біртоп  ауыл  азаматтарымен  аймақ  басшысы  тағы 

жүздесті. Егін жайын, ел жайын сұрады. Өз кезегінде 

ауылдықтар да егіннің бітік шыққанын айтып, әрбір 

үйге кіргізілген су құбырына ризашылығын білдірді. 

Ауылішілік  жолдар  да  жөнделуде,  деп  тоқмейіл 

пікірлерін айтып, алдағы жұмысына табыс тілеп, ақ 

тілегін жаудырды.  

Он  екі  жылдық  жұмыс  өтілі  бар  мейірбике 

Ұлбазар Тамғабаева: – Бұған дейін ескі әскери гар-

низон  ғимаратында  отырғанбыз.  Енді  нысанның 

медицина 

қызметкерлерінің 

кәсіби 

мерекесі 



қарсаңында  пайдалануға  берілгені  тамаша  тар-

ту  болды.  Халықпен  етене  жұмыс  жасауға,  қажетті 

ем-дом көрсетуге барлық мүмкіндік жасалған, – деп 

қуанышын жасырмады.   

–  Былтыр  4  шілде  күні  қазығын  қаққан  бола-

тынбыз.  Бөлімшеде  45  адам  жұмыс  істеді,  оның  5-і 

аудандық  жұмыспен  қамту  орталығынан  жолдама-

мен  келген  жергілікті  тұрғындар.  Қызметкерлердің 

құқықтары  толық  сақталып,  құрылысты  уақытында 

тапсырдық.  Амбулаторияның  сыртқы  абаттандыру 

және  көгалдандыру  жұмыстары  да  толық  орындал-

ды.  Ғимараттың  құрылысын  толық  аяқтауға  смета-

да қаралған соманың 57 906,0 мың теңге қаражаты 

бөлініп,  қаржы толығымен игерілді, – деді нысанның 

учаске бригадирі Ғалымжан Өтепов.

Иә,  Тәуелсіздіктің  25  жылдығымен  қатар  кел-

ген қасиетті Рамазан айында түгіскендіктерге тама-

ша тарту болды. Лайым, халық денсаулығына жұмыс 

жасап, ел игілігіне қызмет етсін, – деген игі тілекпен 

қоштасқан  облыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлы  ғасыр 

жасаған, Жүніс Қабетеновтің қара шаңырағына бас 

сұқты. Жалпы, өңір басшысы Түгіскенге келген сай-

ын Ұлы Отан соғысында қолына қару алып, майдан 

кешкен ақсақалдың үйіне соқпай кеткен емес. Еке-

уара әңгіме құрып, елдік мәселелерді сөз қылатын. 

Қазыналы  қария  мен  облыс  басшысы  елдің  бүгіні 

мен болашағын, атқарылып жатқан келелі бастама-

ларды талқылап, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы 

саясатының бағдарын сөз ететін. Әңгімесі жарасқан 

қос азамат құшақ жая амандасып, қимай қоштасатын. 

Бұл жолы абыз ақсақалдың рухына Құран бағыштау 

үшін арнайы соқты. Ізгі басшы қасиетті қара жер үшін 

от  кешкен  қарияның  ұлағатты  ұрпағына  амандық 

тілеп:  –  Әке  ұлағатын  бойларыңа  сіңіріп,  бай 

тағылымынан  сабақ  алған  сендер  бақыттысыңдар. 

Қашанда қанағатшыл қарияның әрбір ісі, сөзі өнеге.  

Әрдайым  атын  асқақтатып,  аман  жүріңдер,–  деді. 

Соңынан ауданның бас имамы Сайдулла қажы Ома-

ров ардагер рухына Құран бағыштады.

Айта  кететіні,  Түгіскен-тіректі  елдімекендердің 

қатарына  қосылған  ауыл.  Сондықтан  мұнда 

әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп, 

жарықтандыру  және  ауыз  су  мәселесі  шешімін 

тапқан. Келесі жылы 300 орындық жаңа мектеп са-

лынып,  пайдалануға  беріледі.  Яғни  ауыл  дамудың 

даңғыл жолына түсті.  

 

 

 



 

 

      



                            Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА,

Жаңақорған-Түгіскен-Жаңақорған. 

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

АМБУЛАТОРИЯ-

ауыл адамына 

таптырмас тарту



жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау