Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет76/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83

Сөйтіп, ғалым төрт әріптің (ұү, үу, ый, ій) орнына екі әріп жазуды
ұсынған еді. Бұл көзқарас қазақ тілі білімпаздарының біразының
әсіресе,   1940ж.   Жаңа   әліпбиді   түзуші   проф.   С.   Аманжоловтың
пікір қарсылығын тудырғанмен (Аманжолов С. Еміле ережесі мал
емес // АТ. 2001, 18.VII) қазіргі графикамызға қабылданды.
2013 жылы үкімет қарауына ұсынылған негізгі 2 жобаның
бірі проф. Ә.Жүнісбектің әліпбиінде  и,  у  әріптерінің таңбасы
болмаса, екінші жоба – проф. З.Базарбаеваның әліпбиінде бар.
Жазуды   зерттеген   алғашқы   жылдарда   біз   де   дара   әріппен
таңбалауды жөн көрдік. Себебі сауат ашу ісінде и, у әріптеріне
қатысты   қиындық   жоқ.   Сөз,   буын   бойындағы   дауысты
таңбалары   арқылы   дыбыстың   жуан,   жіңішке   екені   оңай
айрылып келді. Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыз дыбыс жеке
айтылғанда  ы  дауыстысын қосып айтады (бы,  пы,  ыл,  жы…).
Бірақ   жазғанда   таңбаланбайды.   Егер   бұларды   бір   деңгейде
қарасақ,  у/и  әріптері   сияқты   басқа   да   дауыссыздар   таңбасы
жеке   таңбаланғанда   (б,   т,   с…)   қосар   дыбысты,   дауыстымен
іргелес келгенде дауыссыз дыбысты береді.
Егер жазу көзбен көрінетін таңбаларды шартты түрде қолдану
арқылы   адамдар   арасындағы   коммуникацияның   жүйесі   болса,
ортақ,   келіскен   әріп   жазылған   сөзді   ауызша   тілге   айналдыруға,
дыбысталғанды   таңбаға   түсіруге   кедергі   келтірмесе   және   жазу
экономиясына   сай   келсе   (төрт   әріптің   орнына   екі   әріп   жазсақ),
онда екі дыбыстың орнына бір таңба салудың жазу теориясы-на
кереғарлығы   жоқ   деп   ойлайтынбыз.   Сол   себептен   де   1929ж.
жазуға түзету енгізілгенін мойындауымыз керек.
Т.А.Амирова   алфавит   графикалық   символдардың
(әріптердің)   тізімі   ретінде   “код-делдал”   техникалық   аппарат
болып табыла-ды. Ол сөзді жазуға  немесе керісінше аударып
отырады   деген.   “При   этом   важно   отметить   следующую
закономерность : чем больше множество единиц алфавита, тем
меньше   множество   комбинаторных   и   позиционных   правил   в
графемной системе и наоборот” деген.
Ә.Жүнісбек   әліпбиіндегі  y   –  латыншада   [wai],   бірнеше
мағынасы   бар,   яғни   [   i   ]   дыбысын   беретін  (symbol,   myster-
құпия,  symphony, any,  ready,  lady),  сөз басында  [ j ]  дыбысын
беретін (you, youth, yes) – әріп қазақ сөздеріндегі дауыссыз, үнді
<й> фо-немасын береді.
Ал [ый], [ій] дыбыс тіркесін таңбалайтын  «ұзын и», «дау-
ысты и» деп әріп-фонема қатынасынан қате түсініліп жүрген и
таңбасы жаңа графика бойынша қазақ сөздерінде жазылмай-
ды. Ал халықаралық терминдер мен ел аттары і әрпімен жазы-
лады. Мысалы, kino, institut, himie, tehnike, kibernetike, fizike, film.
Бұл фонология тұрғысынан жүйелі. Яғни сый, тый сөздерінде
ғана жазылып келген орфограмма енді барлық и таңбаланатын
тұстарда жазылатын болады. Мысалы: сыйлық – sэylэq, сиыр
– sэyэr, ми – mэy, инелік – іynelіk,қияр – qэyar, тиын – tэyэn.
Алайда бұл арада тағы да нақты ойлану керек. 1929 жылы
мен   1940   жылы   алдыңғысы   латын,   кейінгісі   орыс   жазуын
қабылдаған тұста қосып арқалаған жұмыс осы болғанын тарих
ескертіп   отыр.   Жазу   үнемділігі,   қағаз   үнемділігі,   уақыт
үнемділігі деген-дер қай ғасырда да қажетті мәселелер.
Жарты дауысты дыбыс (А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы,
179б.),  шала   дауысты  (Қ.Жұбанов,   Қазақ   тілі   жөніндегі
зертте-улер, А., 2010. 59б.) деп ХХғ. басында анықталған <у>
фонема-сы А.Байтұрсынұлының «Сауат ашқышында» (1926ж.)
бір ғана таңбамен беріледі: тану, салу.
Қазақ тілші ғалымдары және әліпби жобасын ұсынушы өзге
де   тұлғалар   жаңа   графикаға   көшуде  у,  и  әріптеріне   қатысты
1929   жылғы   графиканы   қабылдағанда   қазақ   жазуын   тілдің
дыбысталуына жақындатамыз деп шешеді. Бірақ қазақ жазуы
–   фонологиялық   жазу.   Осы   сипатын   көпшілік   фонетикалық
жазу деп қабылдайды.
Сондықтан   қалай   жазылса,   солай   оқылу   нормаға   айналған
бүгінгі   қазақ   жазба   тілі   мен   ауызша   тілінің   арасындағы
ажырағысыздықты жазба тіл арқылы реттемесе, енді бір 20 жылда
қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен айырылады
дейді.   Расында   да   солай.   Қазіргі   қазақ   жастарының
орфоэпиясында ерін үндестігі мүлде жоғалды деуге болады. Сөз
тіркесіндегі ырғақтық топтарда, екі сөз жігіндегі ықпал да бірте-
бірте көмескі тартуда. Сонда  күту    кьtьw, miy –  ми, jiyǔw-  жию
делініп,   дыбыс   тіркесі   ажыратыла   таңбаланса,   қалай   жазылса,
солай   оқып   дағдалынған   түйсік   біртіндеп   сөздің   дұрыс   айту
нормасын меңгере бастайды дейді көпшілік пікір айтушылар.
Алайда жазба тілмен ауызша тілді жақындату мұнымен ғана
шектелмейтінін ойласақ,  шешілуі  қиын мәселеге тап болаты-
нымызды көруге болады. Мысалы, ырақымет, ылақ, ырас деп
жазу сияқты.
Сондай-ақ тағы бір мынадай сұрақ туады. У дыбысы ұу, үу
болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме?
302
303


<у>  фонемасы, проф. Ә.Жүнісбек анықтағандай,  ерін-ерін-ді,
тоғысыңқы,   үнді   дауыссыз   өзге   дауыссыздардан   алдынан   не
соңынан  [ұ]  дыбысын  қосып  айтуымен  ерекшеленеді   (басқа  да-
уыссыздар қысаң, жуан езулік  [ы] дыбысын қосып айтады). Бір
қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасы-на
«сызат   түспеген»   дәуірде   А.Байтұрсынұлы   бұл   позициядағы
инвариант   дыбысты   <ы>   деп   тапқан.   «Қазіргі   тұжырымдардан,
алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге бола-
ды. Оның үстіне алыуды  алыс, барыуды  барыс, келіуді  келіс
деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ,
ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ” дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан
қысаң   езулік   қосылып   айтылады.   А.Байтұрсынұлының   сөзімен
айтсақ,   «жеке   айтқандағы   ауыздан   шығуынша   жазу   түрін
қолданып келген қазақ” [5, 6] қысаң, жуан езіліктерді инва-риант
деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы],
[ыу],   [уы]   болуы   керек.   Бірақ   <й>   фонемасы   профес-сор
Ә.Жүнісбектің   айтылым,   жасалым,   естілім   сипаты   арқылы
анықтаған   айырым   (дифференциалды)   белгілері   (тілшік,
жуысыңқы,   үнді,   кейінді,   езулік   дауыссыз)   қысаң   езуліктермен
дыбыстатады.   Ал  еріндік   дауыссыз  болып   табылатын   <у>   ерін-
діктермен   дыбыстатады.   Сонда   «исключение»  у  фонемасында
ғана.   Ендеше   [ұу],   [үу]   таңбалануға   тиіс   емес,   фонетикалық
вариант   болып   табылады.   Егер   біз   жаңа   орфографияда   <у>
фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда тауық,
сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп сияқты сөздерде ы орнына ұ,
ү жазу керекӨйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позици-
яда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты
таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ
сөзінің   дұрыс   айтылу   нормасын   сақтауға   көмектеседі.   Қазақ
тілінің   дыбыстық   құрамы   жаңа   сауаттанатын   баланың
санасына дұрыс бекиді.
Қиын   сұрақ.  Егер   латын   графикасына   негізделген   жаңа
қазақ  әліпбиіне   ауысарда   осы   орфограмманы   таңдасақ,
тіліміздегі   ерін   үндестігінің   қаншалықты   басыңқы   сипатта
болатынына келісіп алуымыз керек.
Құю – qǔyǔw, үю – ьyьw, сою – soyǔw, күю – kьyьw,  осындай
транскрипциялық   жазуды   қабылдауға   тілұстармандардың   (про-
фессор Н.Уәли термині) санасы қаншалықты дайын?
-
Сөз аяғында, соңғы буында ұ, ү еріндіктері жазылмайды
деген   ережені   алып   тастағанда   үндесім   турасында   шекараны
қалай айқындап аламыз?
Осы   сауалдарды   әбден   ойланып   шешкеніміз   жөн.   Әрине,
біздер тілшілер қауымы жаңа графикада қазақ сөздерінде  у,  и
әріптерінің   дыбыстық   құрамын   ажыратып,   ал   халықаралық
терминдерді, ел, халық атауларын жазуда «ұзын и», «ұзын у»
әріптеріне і және u таңбасын алғанның негізі бар деп көреміз:
Ukraina, Belorus, ministir, universitet, institut.
Сонымен,   қазақ   тілі   дауыссыздар   жүйесі   латын
графикасының   мына   таңбаларымен   берілгені   жөн   деп
ойлаймыз: в (б), d (д), g (г), р (ғ), j (ж), к (к), q (қ), l (л), m (м),
n (н), ŋ (ң), p (п), r (р), s (с), ş (ш), t (т), w (у), y(й).
Біздің ойымызша, компьютер мүмкіндігі дәйекше қолдануға
жетсе, онда жаңа қазақ әліпбиі А.Байтұрсынұлының дәйекше
арқылы   жазу   дәстүрін   қайта   жаңғыртуы   керек.   Дәйекшені
қолдану   тек   АБайтұрсынұлының   әліпбиінде   емес,
Х.Досмұхамедұлының   (1925),   Қ.Жұбановтың   (1934),
Н.Төреқұловтың   (1925),   Ж.Аймауытовтың,   Ә.Жүнісбектің
(2002)   әліпбилерінде   ұсынылды.   Сонда  а-ә,  ы-і,  о-ө,  ұ-ү,  е
әріптері үшін латын әліпбиінің a, y, o, e, ь таңбалары алынады.
<ғ>,   <г>,   <қ>,   <к>  дауыссыздарының   фонемалық   мәртебесі
айқындалғанмен,   төрт   дыбысты   екі   әріппен   беріп,   жуан-
жіңішкелігін дәйекше арқылы ажыртуға болады.
Дәйекше қолданылған жаңа әліпбиінде 27 әріп бар (11-кес-
те).
11 кесте – Дәйекшелі жаңа әліпби жобасы

әріп фон №
әріп фон №
әріп Фон №
әріп фон
1
a
а-ә
8
р
ғ
15
m
м
22
t
т
2
b
б
9
h
һ-х   16
n
н
23
v
в
3
ş
ш
10
і
ы-і   17
ŋ
ң
24
ŭ
ұ-ү
4
d
д
11
j
ж
18
o
о-ө   25
w
у
5
e
е
12
k
к
19
р
п
26
у
и-й
6
f
ф
13
q
қ
20
r
р
27
z
з
7
g
г
14
l
л
21
s
с
Сөйтіп, “Тем более что с точки зрения теории письма латинс-
кий алфавит, в том виде, в каком он применяется в странах запа-
да, не имеет никаких преимуществ по сравнению, скажем с араб-
ским, греческим или русским алфавитами” деген И.Е.Гельбтің
304
305


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау