болуы қажет. Бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарынан орын
алу жалпы ұлттық идеяға айналып отыр. Интернет жүйесіне
кіріп, қазақ тілінің коммуникациялық, ақпарат тарату, алу
ауқымы кеңейеді (с а я с и-ә л е у м е т т і к ф а к т о р).
Қазіргі әліпбиде басы артық әріптер көп, емле ережелерін
қайта қарау қажет, орыс тілінің жазу тәртібімен қазақ әліпбиінің
кіндігі байланып қалған. Мұндай түйткілдерден жазу-сызуы-
мызды арылту үшін латынға көшу қажет (л и н г в и с т и к а л ы
қ ф а к т о р).
Күдікшілдердің уәжі:
Үшінші рет қаріп (шрифт) ауыстырудан не пайда? Жетпіс
жыл бойғы рухани дүниемізден келер ұрпақ тағы да көз жазып
қалып, аға буын жаңа жазуды үйрене алмай сауатсыз болып
қалады (ә л е у м е т т і к-п с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Ел жағдайы шүкіршілік дегенмен, әліпби ауыстыру қыруар
қаржыны қажет етеді (э к о н о м и к а л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстыру саясатын еліміздегі орыстілді
отандастары-мыз хош ала қоя ма? 8 мың шақырым шекаралас
көршілеріміз де құптай қоймас, Ресейден теріс айналып,
Батысқа бет түзеді деп түсінбей ме? (с а я с и ф а к т о р)
Әліпбиді өзгертпей-ақ, кем-кетіктерді ішінара жөндеуге бо-
лады (л и н г в и с т и к а л ы қ ф а к т о р).
Орыс жазуына жетпіс жыл бойы бауыр басып қалдық, исі
сіңді, сондықтан әліпби ауыстыру жұртшылыққа қиын тиеді (п
с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстырып, латынға көшпесе де, экономикасы көш
ілгері Жапония, Оңтүстік Корей тәрізді елдер бар. Қытай тәрізді
алып ел бұл мәселені жылы жауып қойды. Одақтас елдің сана-
тында болған грузин, армян елдері әліпби ауыстырамыз деп ба-
сын ауыртып жатқан жоқ. Олай болса әліпби парадын жасаудың
не қажеті бар? (ә л е у м е т т і к-м ә д е н и ф а к т о р).
Сонымен, қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа
әлипбиге көшіруге себеп болатын төмендегідей бірнеше фак-
торлар белгілі болды.
Мәдени-әлеуметтік: тіліміздің жазу тәжірибесінде бұрын-
соңды кеткен кемшіліктерді жаңа әліпбиде қайталамау – тіл
иелерінің жазу-сызу мәдениетін көтеруге, адамзат тарихындағы
ерекше феномен, құндылық ретіндегі ұлттық тілдің бет-бедерін
сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді;
Лингвистикалық: әлемдік лингвистиканың
әліпби теори-
ясында негізделген «әріп саны дыбыс санынан алшақ кетпей-
тін әліпби идеалды нұсқа» деген талапқа мүлде сәйкес келмей-
тін, басы артық әріптермен жасанды түрде күрделендірілген,
қосамжар, яғни екі тілдің орфографиясына қызмет ететін
әліпбиге түбегейлі реформа жасау арқылы тіліміздің дыбыстық
жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бейнелеп
қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізетін жаңа жазу-
сызу жүйесін ұсыну;
Экономикалық: әлемдік ақпараттар жүйесінде қазақ тілінің
үлесін арттыру, қарқындап дамыған алдыңғы қатарлы ел-
дермен бәсекелес бола алу үшін дүниежүзі бойынша кеңінен
қолданылып, сапаның бір көрсеткішіне айналған графикаға
көшу арқылы көштен қалмау;
Саяси: 70 жылдан астам үстемдік құрған тоталитарлық
жүйенің құрсауынан жазу жүйесін құтқару, бодан елдің тоқырап
қалған ұлттық санасын ояту; егемен мемлекеттің рәмізінің бірі-
нен саналатын ұлттық жазу әліпбиін қалыптастыру;
Психологиялық: Кеңестік тоталитарлық жүйенің салта-нат
құрған кезеңінде бойға сіңіп қалған енжарлық, кез келген
мәселеде бауырлас аға елдің құзырына жүгінуден бұзылған
өзіндік сөйлеу, дыбыстау, жазу дәстүрін қалыптастыру үшін
осы үрдіспен тығыз байланысып қалған «кирил жазуында шет
сөздер өзгертілмеу керек» деген стереотиптен арылу;
Тарихи: түркітілді елдермен бауырластық қатынастарды
жаңғырту мақсатында ортақ таңбалар жүйесін қолдану, ХХ
ғасырдың басындағы латын графикасына негізделген жазу
дәстүріне қайта оралу. Жаңа әліпби шетелдік отандастарымыздың
ана тілінде шыққан баспа өнімдерін қиындықсыз оқи алатын-дай
болуы керек. 42 әріпке негізделген жазуда 13 әріп бөтен тілдік
таңбалар болғандықтан, біздің мектеп оқушылары да, қазақ тілін
оқып-үйренушілер де, шетелдегі қандастарымыз да қиындық
көріп жүр. Әлгіндей шетелдегі бауырластарымыздың кирилше
шыққан ана тіліміздегі басылымдарды қаншама ты-рысып оқып
үйренгісі келгенмен, оларды психологиялық шетен таңбалар
жүйесі қиындыққа душар ететіні белгілі.
Жаңа әліпбиге көшу латын графикасы негізіндегі жазуды
қолданып отырған түркітілдес бауырластарымызбен әдеби,
мәдени байланыстарымыздың нығаюына, дамуына ықпал
етуге, қазақ тілінің мемлекетаралық қатынастағы қолданылу
мүмкіндігіне жол ашуға, ұлттық жазудың елімізде ғана емес,
халықаралық деңгейде беделін көтеруге оң әсерін тигізеді.
292
293
Педагогикалық: мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршіннің екі тілдің орфографиясын 42 әріптен тұратын
қосамжар әліпби жүйесі негізінде меңгеріп шығуының
қаншалықты ауырлығын ескеру;
Ақпараттық: қазіргі заманғы жаңа компьютерлік техно-
логиялар талаптарынан шығатын ақпараттық сыйымдылығы
мол, әрі таңбалық жүйесі қолайлы да ықшам әлемдік деңгейде
әмбебаптандырылған әліпбиге көшу.
Н.Уәли «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: та-
рихы, тағылымы және болашағы» (Алматы, 2007.) жинағына
жариялаған мақаласынан.
15-семинар. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің
жобасы мен графика мәселесі
Ойлану үшін берілген сұрақтар:
1. Жаңа қазақ жазуында төл әріптер мен кірме әріптердің
арақатынасы қандай болу керек деп ойлайсыз?
2. Жаңа әліпбиде Байтұрсынұлы әліпбиінің құрамын сақтауға
қаншалықты мүмкіндік бар деп ойлайсыз?
3. Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын таңбалауда әріп тіркесі мен
әріп диакритикасын пайдаланудың қайсысы тиімді деп ойлайсыз?
Латын графикасын қандай сипатта алуға болады?
Латын графикасын қабылдау қажеттілігін, ондағы әліпби
құрамын көрсететін пікірлер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесін ла-тын графикасының 26 әрпімен қалай береміз деген
сауалға біраз авторлар мынандай бағытта жауап берген.
Бірінші бағыт, басты бағыт – латын әліпбиінің
құрамынын шықпау, 26 әріптің мүмкіндігін пайдалану, бұл
экономикалық
шығынды
азайтып,
халықаралық
коммуникацияны жеделде-теді.
Жалпы, этрус әліпбиінің бір бұтағы болып табылатын ла-
тын жазуы – б.э.д. VIIғ. Пайда болып, б.з. I-Vғғ. Толық жетіл-
ген, басында 20 таңбасы бар, кейін б.э.д. Іғ. Грек сөздерін жазу
үшін y, z әріптерімен толыққан, соңында тағы бір әріп қосып 23
таңбаға жеткен қазіргі латын жазулы тілдердің түпнұсқасы
болған әліпби. Негізгі әліпби құрамы мынадай:
1. A [а]
9. I [и]
17. R [р]
2. B [б]
10. K [к]
18. S [с]
3. C [ц] [к]
11. L [л]
19. T [т]
4. D [д ]
12. M [м]
20. V [в]
5. E [э]
13. N [н]
21. X кс]
6. F [ф]
14. O [о]
22. Y [u]
7. G [г] жің
15. P [п]
23. Z [з]
8. H [г] жуан
16. Q [к]
u және w әріптері жоқ.
Қазақ тілі дыбыстар жүйесін латын әліпбиінің таңбаларымен
ғана беруді жақтайтын бағыт, сонымен, қазақ тіліне тән фонема-
лар үшін дыбыстық мәні жоқ, сирек қолданылатын бір ағылшын
әрпін маркер ретінде алып, белгілеуді ұсынады. Мысалы, ң, ш, ч,
ғ дыбыстарын һ таңбасын қосақтап таңбалау : nһ – <ң>, sһ <ш>,
tsh (ч), gһ (ғ) (Қырықбай Н. Қазақ үшін әріп 26 латын әріпінен
түзілген қазақ жаңа әліпнамасы // Ағайын 2001.№1 ; Қондыбаев С.
Бір академиктің, бір мүдделі топтың айтқанымен тіл мәселесі
шешілмейді // ЖА 25.01.01.) ; болмаса j – әрпін мар-
кер етіп алу : jа <ә>, jе <э>, jо <ө>, jс <ш>, jg <ғ>, js <ч>, jк <қ>, ji
<й>, jу , ju <у>, jn <ң>, (Мұңайтбасов Б. Күрделендіріп керегі
жоқ // Түркістан 20.05.98 ; Мұңайтбас Б. Ақ жол деп атын қойдым
әліпбидің // АТ. 02.07.98.) ; жіңішке дауыстылар үшін е таңбасын
маркер түрінде қолдану : ае – <ә>, ое <ө>, ue <ү> (Уатай Ж.
Латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиінің жобасы // Қазақ тілі
мен әдебиеті 1996 №3 ; Заман –Қазақстан 15.12.95 ; Арыстанбеков
Қ. Әлемге әйгіленудегі әмбебап әліпби // Алматы ақшамы.
27.07.94.). Тіпті жуан дауысқа бір белгі (j), жіңішке дауысқа бір
белгі (i) жазуды ұсынған жобалар да бар, мысалы kior (көр), kjol
(қол) (Тоқтарұлы Ө. Латын алфавитімен қазақшаны шағатайшаға
жуықтатып түп мағынасында жүйелі жазу // Ізденіс 2001. №4-5.
75б.). Кейде тіпті нағыз ағылшын жазуының дәстүрін сақтап, бір с
әрпі <к> , <с>, <ц> фонема-ларын берсін, егер с таңбасымен е, і, у
әріптері іргелес келсе, таңба [ц] болып оқылсын деген ұсыныстар
болды (Молжігіт С. Латын графикасына көшу мәселесі // Қазақ
тілі мен әдебиеті. 2000. №8. 3б.).
Авторлардың ойынша, ағылшын-латын стандартынан шығу
қазіргі әліпбиімізде қала берумен барабар. Неміс жазуының өзі
294
295
Достарыңызбен бөлісу: |