болмасын, латын тілі оқытылады; латын әліпбиі компьютер-де
қолдануға икемді. Бір кездерде қазақ тілі латын әліпбиін
қолданды, оқулықтар мен көркем әдебиеттер латын әрпімен
басылып шықты; латын әліпбиі іс-қағаздарында қолданылды
т.б. тілдік ұжымның санасындағы энциклопедиялық білімдер
жүйесін байқататын үзіктер.
Латын әліпбиінің батыс елдерде қолданылатыны, батыс
елдері шығарған тауарлардың жапсырмаларындағы, тауар
төлқұжатындағы латын әліпбиімен жазылған жазулар сатып
алушыға тауар сапасына кепілдік беріп тұрғандай көрінеді.
¤зінің тауарлары мен көрсететін қызметі батыстағыдай сенімді,
сапалы дегенді аңғарту үшін орталық қалалардағы фирма,
кәсіпорын, сауда орталықтары, банк бөлімшелері т.б. өз
аттарын латын әрпімен жазып қою дағдылы жайтқа айналып
бара жатқаны байқалады. Мұны латын әліпбиімен байланысты
жұртшылықтың тұрмыстық санасында жинақталған
ақпараттардың көрінісі де-уге болады. Мұндай жайттар да
латын әліпбиіне көшуге деген жұртшылықтың ыңғайын
танытып, олардың «кет әрі емес»-тігін байқатады.
Сонымен, «қазақ жазуын реформалау қажет пе, жоқ па?
Қажет болса, латынға көшпей-ақ кирелшенің өзін де
реформалауға болмай ма?»; «Әліпби ауыстырсақ, бұрынғы
рухани құндылықтырымыздың бірі – Орхон әліпбиіне
көшейік»; «Төте жазуға қайта оралайық» деген ұсыныстардың
төңірегіндегі пікірталасты қайта өрбіткеннен гөрі сабақталған
жіптің ұшын түйетін кез келді. Елбасы айтқандай, латынға
көшуді қарастыратын уақыт болды. Таңдау, талғау кезеңінен
өткен сияқтымыз. Ендігі кезекте латын әліпби жөнінде жаса-
латын оған көшудің түрткіжаттайраны саралап, қоғамдық пікір
мен отыз-қырыққа жуық жобаны ғылыми талдаудан өткізу, сон-
дай-ақ болжалды түрдегі әліпби реформасының Қазақстан үшін
тиімді моделі мен мемлекеттік бағдарламасын жасау міндеті
тұр.
Н.Уәли «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі:
тарихы, тағылымы және болашағы» (Алматы, 2007.)
жинағына жариялаған мақаласынан.
10-дәріс. Төте жазудың (Байтұрсынұлы
әліпбиінің) әліпби құрамы мен емлесі
А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу-мен
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман.
Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір
шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан
сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да
артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу
қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу
сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білу-ге, қай
сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне бірі қиындасып,
жалғасатын дағдысын білу керек. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған
жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай
басқалық болады. Һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз
тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын
танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта
бастайды». «Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған.
Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру
қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіп-терін қазақ
дыбыстарына жеткізу амалын табу керек» деді.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше болды. Ал
дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай – 43. Графеманың бе-
сеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к,
г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і ( у, й) жарты дауыстының таңбасы.
Ал фонеманың 9-ы (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты, 34-і (б, б
’
, д, д
’
,
п, п
’
, т, т
’
, ж, ж
’
, ш, ш
’
, р, р
’
, з, з
’
, с, с
’
, ғ, қ, к, г, ң, ң
’
,
л, л
’
, м, м
’
, н, н
’
, у, у
’
, й, й
’
) дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл
дыбыс-тарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз
кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында
әріп саны фо-нема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын
көрсетеді
деген
қағиданы
қалыптастырған
А.Байтұрсынұлының төте жазуы деп атауға болады.
Сонда А.Байтұрсынұлының әліпбиі:
Дауысты дыбыстар: а (
ﺍ
), о (
ﻭ
), ұ (
ﻭﻭ
), ы (
ﻯ
), е (
ه
) Дауыссыз
дыбыстар: б (
ﺏ
), п (
ﭗ
), т (
ﺕ
), ж (
ج
), ш (
ﭺ
), д (
ﺩ
), р
(
ﺭ
), з (
ﺯ
), с (
س
), ғ (
غ
), қ (
ق
), к (
ﻙ
), г (
گ
), ң (
ﮎ
), л (
ﻝ
), м (
م
), н (
ﻥ
)
Жарты дауысты дыбыстар: у (
ﻭ
..), й (
ﻱ
)
«А.Байтұрсынұлы ұсынған әліпбидегі әріптердің 18-і араб
таңбалары, 3-еуі парсы таңбасы (
گ ,ﭺ ,ﭗ
), екеуі түркі таңбасы
190
191
Достарыңызбен бөлісу: |