Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен
Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің
қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде бірнеше артықшылығы
бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг
реңкін [je], жіңішке [й] дыбысын және жуан [e]-ні таңбалайды.
Және І-буындағы еріндіктен кейін [ө]-ні білдіреді: [тўсцр].
Н.Ильминский ә әрпі (д) тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты
төл сөздерде қолданылатынын айта келіп, тілде жіңішкеру
бағытының күшейгенін ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ>- дан кейін
<ә>, <е>, <і> келсе, алдыңғылары велярланады дейді: [сцjерде],
[сцідеіді], [бяітйді]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөзді
жіңішкертетін қасиетін көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда,
оілдды, баіліқ.
Сонда автор әліпбиіндегі дауыстылардың әріп-дыбыс
қатынасы төмендегідей:
а [а] [ә],
е [э] бер, [й] неге, [ө] төсек, [је] егер;
о [о], [уо], [ө]
сойдеді; ы [ы], [і]; у
[ұ], [ү]; а[ә], і[і], ǒ[ө].
Ал дауыссыздар таңбасы мынадай болды: п, б, м, w (у), т, д,
н, ж, з, ш, с, р, л, j (й), қ (қ), ғ (ғ), к, г, нь (ң). Н.И. Ильминский
<қ>, <ғ> дауыссызы басқа дауыссыздарға қарағанда ерекшеле-
нетіндіктен жеке-жеке әріп арнадық дейді, сондай-ақ <ж>, <ш>
фонемалары жіңішке тілалды ғана болып айтылатынын ескер-
теді.
Сонымен бірге ғалым жазба тілде мынадай морфонологиялық
алмасулардың таңбаланатынын көрсетеді: <б>-<у> (табыб-
тауыб ), <м>-<н> (Махамбет, Үмбет), <н>-<д> (кімді), <д>-
<н> және 0 (кімнен; мен(д)ен-менен). Ал сөз басындағы л, р
әріптерінің алдына әнтек естілсе де ы, і қысаңдарын жазу
дұрыстығын оларға күшейткіш буын лап-лас, рап-рас деп емес,
ып-рас, ып-лас болып жалғанатынына негіздейді.
В.В.Радлов та өзінің 1870ж. жарық көрген “Образцы народ-
ной литературы тюркских племен Южной Сибири и Джунгарии”
деген хрестоматиялық материалдарын орыс графикасымен
жазғаны мәлім. Мұнда байқалатын өзгешелік [и] дыбысы бірде
і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін
– n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен
берілуі болып табылады.
Б.Әбілқасымов архив деректері Н.И.Ильминский мен
В.В.Радловтың қазақ тіліне икемдеп жасаған әліпбилері Ресей
университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс
алфавиті өзгертусіз қолдануы керек деген ұсыныстар басым
болғанын көрсетті дейді. Оған мына дәлелдер келтірілген дейді
автор: 1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүние жүзінде бір
де бір жетілген алфавит жоқ, бірақ одан тілге келген қиындық
байқалмайды; 2) араб әліппесі түркі халықтарының дыбыстық
құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін
пайдаланып келді; 3) европа тілдері үшін пайдалануға толық
икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де
қазақ тіліне әбден жарайды.
Бірақ В.В.Радловтың Қазан университеті жанындағы архео-
логия, тарих этнография қоғамының мәжілісінде жасаған баян-
дамасынан кейін орыс алфавитін сол қалпында түркі жұртының
жазуына қолдануға болмайды деген пікір қалыптасқанын
көреміз.
Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басы-
лымында орыс алфавитінің және латын графикасының мынадай
таңбалары пайдаланылған: д <ә>, я <ү>, ц <ө>, н <ң>, к <қ>, у
<ұ>, и <і>және (ій), й<й>, г<ғ>, і<і>, у <ұу>, уу <ұу>. Мұндағы
г-<ғ>, <г>, к-<қ>, <к> таңбалары төрт дыбысты берсе, керісінше
<і> фонемасы і және и екі графемасымен де белгіленді (кійиз,
тійме, адилдик), кейде и <е>ні де берді. У әрпі [ұу] қосарын
таңбаласа да (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды
(ашуума). Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [w] я –мен <ү> бел-
гіленді (бесеям, бірея). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде <і>-<й>,
<у>-<ү> фонемалары жеткілікті дифференциацияланып,
графикалана алмағанын көреміз. Хрестоматияда ерін үндестігі
жүйелі таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кяннцн-
кянгц, дянйц, кцңялгц, цнцр, бяйрцгямц, яйдцгүмц. І-буындағы екі
ашық езулік буын арасында қысаң езуліктер жүйелі түсіріліп
отырады: тлек, кобланды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, пскен-
де, брак, бреу, кші, ксі; сөз аяғында б қолданылады: талаб, көб.
Соңғы орфографиялық ерекшеліктерге қатысты ДУГ-нде
қысаңдарды түсірмеу, ұу, ій орнына бір таңба жазу ұсынылады
(ДУГ. 1899. №22, 23). Сөзді жіңішкерту үшін кей жерде ь
таңбасы да жазылған (ел-эль).
180
181
Достарыңызбен бөлісу: |