ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды
өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін
сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып
өзгерткен».
А.Байтұрсынұлының әліпбиі туралы терең талдау жасаған
ғалым Н.Уәлидің сөзіне құлақ түргеніңіз дұрыс: «...фонеманың
күрделі қасиеттерін фонологияда «инвариант-вариант» теори-ясы
тереңірек аша түседі. Фонема – инвариант, ал дыбыстар олардың
сөздегі варианттары. Әр вариант инварианттағы мәнді белгілерді
сақтай отырып түрленеді, әр вариантта инвариантқа тән қасиет
сақталады. Қазақ тілінің дауыстылар жүйесінде бес инвариант
фонема бар. Осы инвариант фонемалардың нақты қолданыста
әрқайсысының, е дыбысынан басқасының, жуан, жіңішке әуезбен
түрленіп отыратын екі варианттары бар:
вариант [а] ақ
вариант [ә] әк
2. инвариант-фонема <о>
вариант [о] оқ
вариант [ө] әк
3. инвариант-фонема <ұ>
вариант [ұ] ұқ
вариант [ү] үк
4. инвариант-фонема <ы>
вариант [ы] ық
вариант [і] ік
5. инвариант-фонема <е>
[е] ек
Әдетте [а] мен [ә] варианттарын бір инвариант-фонема деп
тану үшін олардың өзара ортақ белгілері болуы шарт. Ол екі
варианттың да ашық, езулік, қысаң, еріндік болулары. Мысалы:
1. инвариант-фонема <а>
а мен ә варианттарын бір инвариант фонема деп тану үшін
екеуі де ашық, екеуі де езулік болуы керек. Сондай-ақ бұл екі
дыбыс-ты екі түрлі вариант деп тану үшін олардың ортақ
белгісінен басқа айырмасы да болуы керек. Ол бірінің жуан (а),
екіншісінің жіңішке (ә) әуезде айтылуы, қалған дауыстылар
жөнінен де осы-ны айтуға болады. Бұл – бір. Екіншісі
варианттар парадигмалық қатынаста болады, яғни «екінің бірі»
принципі бойынша сөзде не [а] не [ә] варианты қолданылуы
шарт. Ал инварианттар синтагмалық қатынаста болады, ал бұл
қатынас «және … және» принципі бойынша жүзеге асады.
Бұл айтылған дауыстылар жүйесінің парадигма (варианттар)
мен синтагмалық (инварианттар) қатынасын былайша
көрсетуге болады:
парадигма
синтагма
___а_____о_____ұ_____ы_____
ә
ө
ү
і
е
Синтагмалық қатынас бойынша бір сөздің шенінде [а], [о], [ұ],
[ы] дауыстылары қолданыла береді: ақын, отан, ұлы, қызы; [ә],
[ө], [ү], [і], [е] дауыстылары да осы тәрізді: әні, өнері, үні, елі т.б.
Бұдан байқайтынымыз:
бір инварианттың варианттары
синтагмалық қатынасқа түспейді немесе олар бір сөздің шенін-де
ұшырамауға тиіс. Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты»
жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты»
жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың
әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. Ал инварианттардың
варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы
жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды.
Сонымен А.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-генде,
қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере отырып,
дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып
тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл
ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім
табады».
Ал Байтұрсынұлы өз реформасы жайында 1912ж. бы-лай
түсініктеме берген: «Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі-мұсылманша
оқу, бірі – русша оқу. Осы күнгі жазуымызда ды-быс басына
арналған белгіміз жоқ, бір белгіменен әлде неше түрлі
дыбыстарды жазамыз. Мысалы: ﻭ менен жазамыз бес түрлі
196
197
дыбысты, ﻯ мен жазамыз үш түрлі дыбысты. Сондықтан әуелі
жазуымыздың тәртібін түзетіп жөнге салсақ. …бұл дыбыстардың
ішінде қ һәм ғ дәйім жуан айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр
қайсысы екі түрлі айтылады, бірде жуан айтылса, бірде жіңішке.
Егер де бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке
айтылғанан бір харіф керек десек, мысалы: ص , س ,ﺕ ,ط сықылды,
онда 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді. Бұған дәйім жуан
айтылатұғын қ менен ғ- ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын к, г
һәм е – лерді қосқанда, һәммәсінә 43 әріп керек болар еді. …
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: ﺏ
,
ﻥ , م , ﻝ , گ , ﻙ , ف , غ , س , ﺯ , ﺭ , ﺩ , ﭺ , ج , ﺕ , ﭗ
. Мұнан көрінеді,
осы қазақ сөзіне көбінесе жазылып жүрген
ص
менен
ط –
ларды
алмағанымыз. Екі түрлі айтылатұғын дыбыстардың әріпін «
ﺀ
»
тұрмаса жуан оқимыз. Бұлай боғанда
ﺕ –
ны «
ﺀ
» тұрмаса
ط
сықылды жуан оқимыз. Сондықтан
ﺕ
болған соң
ط
– ның,
س
болған соң
ص –
ның һәм
ج
болған соң
ژ –
ның керегі
жоқ. … мұнан басқа араб харіфлері араб, парсы я басқа түркі
тілдеріне керек болса да, қазақ сөзін жазу үшін керегі жоқ. ….
ﺵ
– ны алмай
ﭺ –
ны алғанның мәнісі қазақ тілінде жазылған
кітаптарды, журналдарды қарасақ
ﺵ
жазылған қазақ сөздері
тіпті аз, жоқ есебінде. Көбінесе
ﺵ
орнына
ﭺ
жазылыпты.
ﺵ
ды-
бысы қай тілде болсада
ﺵ –
дан гөрі
ﭺ –
ға жақын.. Сондықтан
ﺵ
дыбысының белгісіне
ﭺ –
ны алдым.
ق
һәм
غ
жазылатұғын
сөздің алдына «
ﺀ
» қойылмайды. Оны қойғанменен олар
жіңішке айтылмайды.
ﻙ
һәм
گ
жазылатұғын сөздердің алдына «
ﺀ
» қойылмайды, ол қойылмаса да бұлар жіңішке айтылады».
Пысықтау сұрақтары:
1.Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?
3. Төте жазуда неше әріп неше фонеманы таңбалаған?
4. Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз?
5. Төте жазумен қай еңбектер жазылды?
6. Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен
не түюге болады?
7. Төте жазудың қандай олқылықтары болды?
Оқуға арналған материалдар
А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы
Сан ғасырлық тарихы бар, өркениетті әлемге кеңінен
тараған араб, латын, кирилл т.б. әліпбилер әрқашанда ондаған
тілдің жазба түрде қызмет етуіне негіз болып, жалпы адамзат
мәдениетінің дамуына, қоғамдық ілгерілеуіне ерекше ықпал
етті. Олардың біреуі «жақсы», «керемет», екіншісі «түкке
тұрғысыз», ‹‹нашар», деп үзілді-кесілді «үкім» шығаруға бол-
майды. Мұндай үкім әліпби туралы айтыс-таласта бұрын да
көп айтылған, қазіргі кезде де аз айтылып жүрген жоқ. Әрине,
белгілі бір тілдің дыбыстық құрылымына негізделген әліпби
жүйесін екінші бір тілге механикалық тұрғыдан көшіре салу оң
нәтиже бермейді: ондай графикалық жүйені игеру үшін
мыңдаған адам, мейлі араб, мейлі латын, мейлі кирилл
әліпбилері болсын, артық уақыт, артық күш-жігер жұмсайды.
Сондықтан мәселе белгілі бір әліпбиді нақты бір тілдің
дыбыстық жүйесіне лайықтап бе-руде болып отыр.
Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX басында ағартушылар,
белгілі түркітанушы ғалымдар жазу-сызуды реформалау
қажеттілігіне айрықша назар аударып, демократиялық бағытқа
қарай бетбұрыс жасауды көздеді.
Жазу-сызуды демократияландырудың негізгі мәні жазуды ба-
рынша халық тіліне жақындату еді. Жазу жүйесіндегі таңбалар
ауызша тілдің дыбыстық жүйесіндегі бірліктерді бейнелеуге тиіс
болды. Ал бұрынғы араб әліпбиіне негізделген түркі жазуының
графикалық жүйесінде ауызша қолданыста жоқ архаикалық
элементтер мен орфографиялық шарттылықтар, екұшты оқуға
болатын графемалар жиі кездесіп отырады. Міне, мұндай
«олқылықтар›› араб әліпбиінің түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне
жарамсыз деген пікірлердің жиірек айтылуына себеп болды. Бұл
жерде араб әліпбиін ‹жарамсыз› деуден бұрын, алдымен араб
әліпбиіне негізделген түркі жазуы қайсы тілдің дыбыстық
жүйесінің графикалық репрезентанты деген мәселенің басы
ашылмаған болатын. Шындығында, ол кездегі түркі жазба тілі
белгілі бір халықтық тілдің (‹‹тірі››тілдің) лексикалық,граммати
калық, дыбыстық жүйесінің дәлме-дәл графикалық манифеста-
циясы емес, халықтық тілден едәуір айырмасы бар кітаби тілдің
тұрпат межесін (план выражения) белгілейтін графикалық жүйе
198
199
Достарыңызбен бөлісу: |