таңбалауда қолданылмаған, жуан сад (
ﺺ
) және жуан та (
ﻂ
)
әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір
баспада көбінесе че (
ﭺ
) қолданылса, екіншісінде керісінше,
шин (
ﺵ
) таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен
таңбаланса, кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда
таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардың
алды-нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар
маддалы алиф жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб
жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
4. Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар
қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да бері-
ле бастаған.
5. г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ
болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде
түркілік ңе арқылы, г дыбысы жүйелі түрде парсының ге
таңбалары арқылы беріліп отырған
6. Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.
1-тапсырма
Төмендегі сөздерді қадим және жәдид жазу үлгісімен
таңбалаңыз: дәрігер, хазірет, мүйіз, болыс, халық, көңіл, ба-
рып.
2-тапсырма
Төмендегі әріптердің, сөздің басында, ортасында, соңында
жазылуын көрсетіңіз: «нун», «һә», «бә», «тә», «шин», «фә»,
«тә».
3-тапсырма Берілген мәтінді қазіргі
жазуға кодтаңыз:
ﻠﻌﺎﻦ
ﯩ
ﻌﺎﺮﻣﻠﺎﺮ ﺩﻪﭗ ﺗﺎﻨ
ﯩ
ﻨﻲ زﻳﺎﻨﺪﯽ ﺷ
ﯩ
ﻨﺪﻪ ﺩ
ٸ
ﻛﻪز
ﯔ
ﯩﻨ
ﯩ
ﻚﯽﻤﻪﺘ
ٶ
ﻪﺲ
ﯔ
ﻨﻪ ﻛﻪ
ﯩ
ﻣﺎﺴﻪﻠﻪﺴ
ﯟ
ﺪﺎﺮ
ﯟ
ﻦ ﺍ
ﯩ
ﺮﻠﺎﺮ
ﯘ
ﺮﻌﺎﻨﻲ ﻣ
ﯩ
ﻟﻪﻴﻤﻪﻦ ﺑﺎﻘ
ﯘ
ﺳ
ﻠﺪﺎﺮﺪﺎﻦ
ﯩ
– ﺟ
90
ﻦ ﺍﻟﻌﺎﻦ
ﯩ
ﮕ
ﯩ
زﺪ
ﯩ
ﻪﻠﺴ
ﯟ
ٵ
ﺒﻠﻴﻜﺎﺴﯽ ﺗ
ﯟ
ﻗﺎزﺎﻘﺴﺘﺎﻦ ﺭﻪﺴﭙ
.
ﻨﻪ ﺑﺎﺴﺘﺎﺪﯽ
ﯩﻟ
ٶ
ﻞ ﺑ
ﯩ
ﯕ
ٶ
ﺑﺎﺴﺘﺎﭗ ﻛ
4-тапсырма Араб тілінен игеріліп жазылудың
фонетикалық себеп-
терін көрсетіңіз:
(таби’ат)табиғат, (та’ам) тағам, (ашиқ) ғашық, (ақил)
ғақыл, (алим) ғалым, (ибрат) ғибрат, (ажа’иб) ғажайып,
(ажаб) ғажап, (арш) ғарыш, (урф) ғұрып, (далал) залал, (та-
лаб) талап, (азаб) азап, (ғайрат) қайрат, (фасиқ) пасық,
(фа’л) бал, (фатуа) пәтуа, (фида) пида, (фирасат) парасат,
(фуқара) бұқара, (қанд) қант,
(заһир) зайыр, (мактаб) мектеп, (мактуб) мәктүп, (иатим)
жетім, (иасир) жесір,
Тест сұрақтары:
1) Араб графикасына негізделген қазақ жазуының қадим
жүйесінде қанша таңба болды?
a) 28
b) 34
c) 42
d) 33
2) Қадим жүйесінде араб әліпбиіне сәйкес қанша таңба
бар?
a) 34
b) 15
c) 28
d) 42
3) Араб жазуының емлесінде қандай үндесім басым?
a) Ерін үндесімі
b) Тіл үндесімі
c) Лабиалды үндесім
d) интервокал
4)
«Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» тәрізді алғашқы
қазақ газеттерінде қолданылған жазу үлгісі қандай?
a) Қадим
b) Мысыр диалекті
c) Латын
d) Жәдид
176
177
5) XVIII-XIX ғ.ғ. араб жазу ескерткіштердің әліпбиі мен
орфографиясына арнайы зерттеу жүргізіп, диссертация
жазған зерттеуші?
a) Қ. Күдеринова
b) Р. Сыздық
c) Г. Мамырбекова
d) Қ. Жалайыр
6) Араб графикасына негізделген қазақ жазуының да-
уыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы қандай
болған?
a) 3:9
b) 4:8
c) 2:4
d) 5:5
7) Қадим жазуында дауысты дыбыстар қалай
берілді? a) Таңба арқылы
b) Харакаттар арқылы
c Сукундар арқылы d)
Ташдиттер арқылы
8) Сөз басында «е» фонемасы міндетті түрде қандай
таңба арқылы берілген?
a) /уау/
b) /һе/
c) /ии/
d) /иа/
9) Интервокал позициядағы «қ» фонемасы қандай
әріппен берілген?
a) «һ»
b) «к»
c) «х»
d) «ф»
10) Араб жазуын оқу қандай әдіске негізделген?
a) Логикалық
b) Синтетикалық
c) Лексикологиялық
d) Грамматикалық
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері
Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін бе-
рудегі қолайсыздығы, омографтардың көбейіп кетуінен мәтін
мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында Ресей
үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға
баста-ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру
туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер
жасала бастады.
Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жо-
басын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі
қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мына-
дай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-
<қ>, г – <ғ>. Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э,
ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес ды-
быс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуы-
на кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді.
Онда В.В.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына
келмейді емес дейді: “Но справедливость прежде всего, даже и
в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я
нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді
алған соң оны не өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби
таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек деген.
В.В.Григорьев қазақ тілінің консонантизм жүйесіне араб
графикасының 19 әрпі жеткен еді, ал сөз болып отырған әліпбиде
3 әріпті (қ, ғ, ң) қолдан жасайды, 2 әріпті (w, j) латыннан алады
дейді. “Находите вы еще в киргизском языке особое тонкое а
которое изображаете через ă. Я полагаю что ваше а по тождес-
твенности своей с тонким глухим е, можеть быть безо всякого
неудобство изображаемо буквою э” деп пікір түйеді. Автор к
әрпімен <қ>, <к> фонемаларын, г әрпімен <ғ>, <ћ>, <г> фо-
немаларын белгілеу керек, себебі бұлармен іргелес келген дау-
ысты таңбасы жуан-жіңішке оқылуын айырып тұрады, жүген,
кереге, қаймақ, қол сөздерін басқаша оқу мүмкін емес деді. Ң
фонемасын нг немесе н деп бергенді дұрыс көреді және й әрпі
тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажеті жоқ екенін, сондай-ақ
[иа] тіркесін я, [йе]-е, [иы]-йы, [йі] (ий), [йо]-йо деп беруді,
сөйтіп я, ю, ъ әріптерін орыс сөздерін оқығанда оңай болу үшін,
және әріп үнемдеу үшін қалдыруды ұсынады. Автор <е> дыбы-
сын негізгі реңкі [je] деп табады.
178
179
Достарыңызбен бөлісу: |