уыстылармен үндесетін дауыссыздарды білік (аналық) топқа
жатқыздық.
Қ. Сартқожаұлы «Байырғы түрік жазуы:
алфавит жүйесі және фонологиясы»
докторлық дисс. қолж., 2008.
7-семинар. Көне түркі жазуы бойынша
семинар сұрақтары мен тапсырмалар
Жедел сұрақтар:
1. Көне түркі жазуы неше топқа бөлінеді?
2. Көне түркі жазуы туралы ең алғаш хабар бергендер кімдер?
3. Көне түркі жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым кім? Қай
жылы?
4. Көне түркі мәтіндеріне алғаш транскрипция жасаған ғалымдар?
5. Ескерткіштердің қай тобы соңғы және қай топтағы жазуға
рефор-ма жасалған?
6. Әліпбиде неше әріп бар?
7. Әліпбиде дауысты фонеманың неше таңбасы бар?
8. Әліпбиде дауыссыз фонеманың неше таңбасы бар?
9. Көп таңбасы бар фонемалар қайсы?
10. Дауыстылардың графикалық ерекшеліктері қандай болған?
11. Графикада ерін үндестігі мен тіл үндестігінің қайсысы басым?
Пайымдау үшін берілген сұрақтар:
1. а-ә -е фонемасын беретін таңбаның сөз басында, сөз ішінде кел-
меуі және басқа инварианттардың таңбаларына қарағанда жиі
түсіріліп отыруы неге байланысты?
2. Сөз соңына қарай ы-и-і фонемасының жіңішкеруінің себебі
неде?
3. ө, о фонемаларының кейінгі буынды еріндікке айналды-ра
алмауының, ал ұ, ү фонемаларынан кейінгі буындарда да ұ, ү
сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
4. Нт, лт, нч дыбыс тіркесі неліктен бір таңбамен берілген?
5. Көне түркі жазуында б, ғ, д,й, қ, л, н, р, с, т 10 дауыссыз
фонемаға 20 әріп алынса, неге з, м, п, ч, ш, ң 6 дауыссыз фонемаға 6
әріп сәйкес келеді?
6. Көне түркі жазуында <о>, <ұ> неге бірінші буында ғана
таңбаланған?
164
7. Көне түркі жазуында <қ>, <к> фонемаларының таңбасы неге
үш-үштен?
8. Көне түркі жазуының шығу тегі туралы қандай пікірлер бар?
1-тапсырма.
Көне түркі әліпбиін пайдаланып, төмендегі сөздерді жа-
зып шығыңыз: бал-бел, ай-ей, тал-тел, қой- гөй, бас- бес, оқ-
ақ, мас- мес, малта- белде, лас-лес, аң-өң, бол-бөл, май- пай,
ғой-гөй, тар- тер, сой-сүй, сал-сел, раң- рең, пара- қара, ол- ел,
алаң-елең.
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына сол позицияда келуге тиіс фонема-
ны табыңыз:
Б...рзун, м...ңа, м...н, үч...н, к...че, ...нығ, белк...м, кәлим...ң,
алт...н-алт...н-алт...н, балт...-балт...-балт...-балт...
3-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дара дауыссыздар таңбасын
пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Заң,
заңгерлік, зере, Зеренікі, Зорға зорлықкөрсетушілік, малшы,
малшаруашылық, шана, шанамен, жаңа, жаңашылдық, жай,
жайлылық.
4-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дауыссыз үштіктердің таңбасын
пайдаланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: Ақ- оқ,
кіші- күші, қол- құл, екінді-өкінді, қыз-қаз, өкірді- секірді, ұқ-
ық, өкше – екше, оқы- ақы, теке – неке.
5-тапсырма.
Көне түркі әліпбиіндегі дыбыс тіркесінің таңбасын пай-
даланып, төмендегі сөздерді жазып шығыңыз: келте – кенде,
бірінш(ч)і – екінш(ч)і, рубасы – елбасы, мыңбасы – жүзбасы.
Тест сұрақтары 1. Табылған
жазудың түркі халықтарына тиесілі екені
анықталған уақыт?
a) 1893ж, 15 желтоқсан
b) 1887ж, 26 наурыз
165
c) 1730ж, 19 желтоқсан
d) 1793ж, 30 қараша
2. Мәтінді аударған ғалымдардың қатарын
көрсетіңіз? a) В.Томсен, В.Виноградов
b) Ф.Ганиев, А.Габен
c) Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов
d) Радлов, Мелиоранский
3. Көне түркі жазуын зерттеген қазақ ғалымдары кім-
дер?
a) Б.Кенжебаев, Н.Келімбетов
b) Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Айдаров, Ә.Марғұлан
c) Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, Ғ.Мұсабаев
d) Н.Келімбетов, Ә.Марғұлан, Ә.Құрышжанов
4. Ескерткіштердің көнелігі бойынша орналасқан
ретінің дұрысын табыңыз?
a) Орхон, Талас, Енисей
b) Енисей, Талас, Орхон
c) Талас, Енисей, Орхон
d) Орхон, Енисей, Талас
5. А-ә-е фонемасының таңбалану позициясы қандай?
a) тек сөз басында
b) сөз ішінде
c) сөз соңында
d) барлық позицияда таңбаланады
6. Тек сөз басында және бірінші буында аңбаланған фо-
нема?
a) а-ә-е
b) ұ, ү
c) ы, і
d) о,ө
7. З, м, п, ч, ш, ң дауыссыз фонемаларының бір таңбамен
берілуі неге байланысты?
a) кірме дыбыстар
b) жиі қолданылмайтын дыбыстар
c) кеш пайда болған туынды дыбыстар
d) тек соңғы позицияда келетін дыбыстар
8. Нт, лт, нч дыбыс тіркесін бір таңбамен берген. Себебі...
a) еліктеуіштер соңында жиі кездесетін дыбыс
тіркестері b) үнді-қатаң дыбыс тіркестері
c) бұл дыбыстарды таңбалаудағы қиындыққа байланысты
d) идеографиялық жазудың қалдығы
9. Көне түркі жазуындағы үндестік түрі?
a) ерін үндестігі
b) тіл үндестігі
c) ерін және тіл үндестігі
d) үндестік заңына бағынбайды.
7-дәріс. Араб графикасына негізделген
қазақ жазуы: қадим жүйесі
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ.
бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл
жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және
жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб
әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і
араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (
ژ
(же),
گ
(ге),
ﭻ
(че)
ﭗ
(пе)
әліпбиінен, 2-і түркі (
ﮎ
(ңе),
ﻭ
(ве), 1-і ауған жазуынан (
ﻯ
(иа-
мәжһул, е) алынды.
Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28
әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы,
сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жа-
зылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3
таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг бел-
гілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>, <ә>, (е), кесрамен
<ы>, <і>, <е>; даммамен <о>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Бірақ қадим жүйесінің басты
ерекшелігіне
дауысты
Бұл дәріс мәтіні ф.ғ.к. Г.Мамырбекованың «XVIII-XIX ғғ. араб жазулы
қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты фил.
ғыл. канд.дисс. негізінде (Алматы, 2006) жазылды.
166
167
Достарыңызбен бөлісу: |