Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет13/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83

қызметіне   сай   келеді.   Сондықтан   жазба   тіл   мәтінінде   ойлауда
пайда болатын барлық мәтін көрініс табуға тырысады. Бұл жаз-ба
тілдің белгілі бір қатаң құрылымы болуын талап етеді. Әрі сөйлем
мүшелерінің синтагмалық сипаты негізгі айтылайын де-ген ойды
екінші дәрежелі етуі мүмкін. Сөйтіп коммуникацияның әсер етуші
функциясы жасырын, потенциалды түрде қалады. Жазарман өзінің
алдына   өз   ойын   түсінетін   аудиторияның   көмескі   сүлбесін   ғана
көріп   отырады   да,   ойын   адресатқа   дәл,   өзі   ойлағандай   болып
барған/бармағанын білмейді.
Жазба   тілдің   қосымша   коммуникация   құралдары   (жест,   ми-
мика, интонация) болмағандықтан екі түрлі түсінік тудыру қаупі
болмас үшін сөйлем жайылма, құрмалас түрлерімен беріледі.
Жазба   тіл   уақыт   пен   кеңістік   жағынан   шектеусіз   қызмет
ететіндіктен   оның   лексикалық   қоры   қарапайым   сөйлеу,  жер-
гілікті,   кәсіби,   жаргондық   элементтерді   алмауға   тырысады.
Яғни   белгілі   бір   географиялық,   этникалық   кеңістікке   ортақ
әдеби тілдің лексикасы мен морфологиялық құрылысын пайда-
ланады. Сондықтан да кейде жазба тіл мен әдеби тіл бір болып
түсіндіріледі,  жазба  тілді  меңгерген адам әдеби тілде  сөйлей
алатын болып есептеледі.
Жазба   тіл  ауызша   тілдің   мазмұн   байлығын  қаріп  түрлерімен
(курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте,
лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет
әлпетін   суреттеумен   береді.   Жазба   тіл   санадағы   түсінік,
пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз етеді.
Ол   ауызша   сөйлеудің   кем-кетігін   толтырып,   әлсіз   жер-лерін
байытады. Ауызша сөйленген сөздің стенограммасын жасағанда,
мәтінде   босаралықтар   қалатынын,   логикалық   желіні   бұзбай
сөйледі   дегеннің   өзінде,   сөз  ішінде   едәуір   жүйесіздіктер,   бөтен
элементтер жүретінін білеміз. Ондай мәтінді оқып, жалпы ұғымын
да парықтай алмай қалуға болады. Ал осы босаралықтарды жазба
тіл   бірліктерімен   толтырып,   әңгімені   ой   логикасына   сай
жүйелесек,   бүтін,   толымды,   мәтін   аламыз.   Өйткені   біз   жазған
кезде   сөздерді   бүкіл   мағынасымен   өзіндік   семаларымен   бірге
белгілейміз, ал оны айтқан кезде интонация, дауыс тембрі арқылы
нақты   мағыналық   реңкін   бере   аламыз.   “Егер   тілді   сөйлегенге
қарағанда   жазғанда   жақсырақ   түсінсек,   онда   ол   тілмен   көбірек
жазады деген сөз» дейді Жак Деррида.
Жазба   тілдің   өзіне   ғана   тән,   ауызша   тілге   кодталмайтын
немесе онда беріле алмайтын ерекшеліктері болады. Ол ерек-
шеліктерді мәтінді қабылдаудағы графикалық белгілер және
мәтін мазмұнын түсінуге қызмет ететін белгілер деп 
бөлуге болады.
Мұның біріншісіне:
- бір абзацтағы ой келесі абзацтағы оймен жалғасты болса
да, көздің тыныс алуы үшін азатжолдан бастап жазу дағдысы;
- “жазылатын   мәлімет   жоқ”   деген,   не   коммуникация
аяқталды дегенді білдіретін Ζ белгісі;
- кітап тарауының үлкен ашық жол салынып, көз тынысы-
мен басталуы;
- тарау аттарының үлкен, майлы бояулы әріптермен терілуі;
- нүктелі   үтір   белгісінің   нақты   бір   тынысты   немесе
сөйлемнің   бас-аяғынан   хабар   бермей,   белгілі   бір   ұғым-ойды
санамалау  үшін,   айтылған  ой   бір-біріне   жалғас   та   емес,   бір-
бірінен алыс та емес дегенді білдіруі жатады.
Екінші типтегі белгілерге мәтін ішіндегі сөздің тырнақшаға
уәжсіз   алынуы   кіреді.   Мысалы,   белгілі   бір   шығарма,   т.б.   атауы
болмаса   да,   окказионал   қолданысты   уақытша   осы   мағынада
қолданамыз   дегенді   білдіру   үшін   сөздің   тырнақшаға   алынып
берілуін   ауызша   тілге   кодтай   алмаймыз.   Сондай-ақ   бұл   қатарға
жақша ішінде берілетін сөз, сөз тіркесі, ұғым, ой жатады. Жақшаға
алынған   сөзді   сөйлеуде   не   редукция   жасай   кетеді,   не   басқаша
түсіндіреді.   Ауызша   тілге   кодталынбайтын   қатарға,   сондай-ақ,
сөйлем   ішіндегі   нысанға   алынған   объектінің   басқа   қаріппен
берілуі   де   жатады.   Мәтіндегі   сызықшаның   кейбір   функ-циясы
ауызша   тіл   құрылымына   сәйкеспейді.   Мысалы,  Ол    адам  мен
адам арасындағы ізгілікке байланысты деген сөйлемдегі сызықша
ол сөзінің сілтеу есімдігі емес екенін білдіріп тұр.
Сондай-ақ   мәтіннің   синтаксистік   босаралығынан   бастап,
морфемалық босаралығына дейін ауызша тіл үшін маңызы жоқ,
яғни сөздердің бірге/бөлек/дефис арқылы жазылуы тек жазба тіл
категориясы. Және сөйлемнің, жалқы есімнің бас әріппен бастап
жазылуын  да ауызша тілде білдіре алмаймыз.  Мәтінде сонымен
қатар жоғарыда айтылып өткендей, жоғарыдағыны қайталасақ,
төменде   тағы   айтармыз,   олар   төмендегідей;   алдыңғысы
соңғысына   қарағанда   қиындау,   біріншісі   екіншісінен   басқаша
деген   таза   графикалық   мәтін   кеңістігін   меңзеп   тұратын
қыстырынды конструкциялар болады.
Жазба тіл табиғатынан монологтік сипатта болды. Алғашқы
суретжазудың өзі адамның ойын, сезімін, эмоциясын, пайым-
50
51


дауын, тұжырымын бөгде біреудің қатысынсыз-ақ бейтарап түрде
сыртқа   шығарудан   туды.   Ойдың   көзге   көрінетін   денотат-
таңбаларға   айналуы,   оны   жөндеуге,   жазылған   сөйлемге   қайта
оралуға,  ойды басқаша жазуға мүмкіндік  берді.  Сөйтіп, адам өз
ойын   жазу   арқылы   көркемдеп,   жүйелеп,   нақтылап,   жеткізудің
тәсілін   тапты.   Жазу   арқылы   адам   өз   ойына   өзі   билік   жүргізе
алатын болды. Сондықтан жазу көбіне монологтік сипатта бола-
ды.  Монологтің   бүгінгі  таңда   түрлері  көп.  Олар  ауызша   сөйлеу
түрінде көрінсе де, негізі мәтін арқылы құрастырылады. Бірнеше
стильдік өңдеуден өтеді, стандарт құрылымдарға салынады.
Сонда әдеби тілдің негізінде жазба тіл жататын болып шығады.
Әрине, барлық жазба тіл әдеби тіл болады, алайда барлық әдеби
тіл жазба тіл бола бермейді. Кез келген адамның қолынан монолог
құру, ойын жүйелі, әсерлі етіп баяндау келе бермейді. Өйткені ол
жазу   арқылы   ойын   сыртқа   шығару   қабілетінің   жоқтығына
тіреледі.   Жазба   тіл   әлеуметтік   жағынан   әртүрлі,   психологиялық
жағынан   өзара   сәйкеспейтін   бөтен   тіл-дік   ортаға   бағытталады.
Сондықтан   жазба   тіл   барынша   дәстүрлі   сөйлеу   нормаларына,
бәріне түсінікті әдеби тілге құрылады.
Біз бүгінгі таң тұрғысынан әдеби тіл деп жазба тілдің
негізінде пайда болған, осыған орай жазба тілді де, ауызша
тілді   де   меңгерген   адамның   санасында   болатын   жүйелі,
ұйымдасқан, стандарт тілдік құрылымды атаймыз.
Жазба тіл– саналы әрекетке негізделген күрделі психологиялық
процесс. Сауат ашудың алғашқы сатысында бала сөздерді буынға
бөліп үйренеді. Буын аяғындағы дыбыстардың созылмалы не-месе
шұғыл   екеніне   қарап   және   олардың   айтылуы   мен   естілуін
салыстырып,   жеке   дыбысталуын   шығарып   алады.   Сосын
графикалық   таңбалардың   қарапайымынан   күрделісіне   қарай
жазып,   қолын   жаттықтырады,   кескіндемелерге   көзін   үйретеді.
Ақырында   әр   дыбыстың   таңбасын   салып,   әріп   таниды.   Сөйтіп,
сөйлеу мүшелерінен шыққан формасы жоқ дыбыстардың барлығы
бір-бір   таңба   –   әріпке   ие   болып,   санадағы   дыбыс   фо-немалар
деноттанады.   Санамызда   әр   фонеманың   бейнесі,   об-разы
орналастырылады,   графема   пайда   болады.   Сонымен,   бастауыш
сыныптағы бала дыбыстың графикалық кескінімен “әуре болып”,
басқа   мәселелерге   көңіл   бөлмейді   (мысалы,   сөз   мағынасы,
орфография мәселелері). Жазудың адам жадына про-граммаланып
қойылуы,   былайша   айтқанда,   жазудың   автоматта-нуы
оқушылардың жасөспірім шағына келгенде жүзеге асады.
Бұл   айтылғандар,   негізінен,   жазудың   фонетикалық   деңгейді
таңбалаған графикалық, орфографиялық жүйесіне қатысты. Ал
жазудың   өзге   деңгейлерін   (морфология,   лексика,   синтак-сис)
меңгеруі   бірінші   деңгейді   жетік   меңгерген   соң   (былайша
айтқанда, тілі шыққан соң) барып жүреді.
Бізде жазба тіл мен ауызша тілді бір жүйе деп ұғыну бертінге
дейін қалмағандықтан, әрі тіл тарихын тек жазба деректер негізін-
де   жүргізгендіктен   әдеби   тілдің   морфологиялық   көрсеткіштері
немесе жазуда  белгіленген   формалар  ғана  сол тілдің  морфемдік
түбір,   аффиксі   болып   табылады.   Одан   ауытқыған   формалар
нормаға   қайшы,   әдеби   тіл   нормасына   келмейтін   болып   есеп-
теледі.   Белгілі   бір   форманың   басқа   грамматикалық   мағынаны
беріп кетуі де бейнормалық деп танылады.
Ауызша тіл мен жазудың морфологиялық деңгейін бір деп
түсініп   алуымызға,   негізінен,   түбірді   морфологиялық,
қосымшаны фонетикалық принциппен жазған ХХ ғ. аяғындағы
жазу принципіміз  себеп  болды.  Әйтпегенде  орта  түркі  әдеби
тілінде көптіктің бір түрі, ілік, барыс, табыс,  жатыс, шығыс,
көмектес   септіктің   т.б.   жалғаулардың   бір-бір   инвариан-ты
таңбаланып,   варианттары   ауызша   тілдің   морфологиялық
деңгейін көрсетер еді. Ол түркі халықтарының ортақ графика-
мен тіл табысып, әрқайсысы өз тілінде оқып алу мүмкіндігін
кеңейткен  еді. Ал түркі халықтарының жеке жазу графикасы
жасалғанда   морфологиялық   формалардың   дені   таңбаланатын
болды   да,   сөйтіп,   жалпы   мағынадағы   морфемалардың
ортақтығы екі тіл туралы ұғымды жоққа шығара бастады.
Жазба тілде мәтінге қайта оралып, жөндеу мүмкіндігі бар.
Ол сөз қайталауды  ойдың екі түрлі түсінік алып кету қаупін
бол-дырмайды, ойды оның ішкі сөйлеудегі мазмұнындай етіп
береді. Жазба тілде логикалық құрылым ауызша тілден өзгеше
синтак-систік құрылым арқылы жаңа жүйе құрайды.
Жазба тілдегі ой ауызша тілге қарағанда соңғы, айқын, нақты,
шешуші болуы мүмкін. Бұнымен ол ойлауға жақындайды. Сөйлеу
ойлауға қарағанда баяуырақ, жазу сөйлеуге қарағанда баяуырақ.
Бірақ   осы   кідіріс   неғұрлым   үлкен   болса,   оның   дұрыстығы   да
соғұрлым   жоғары   екен.   Мысалы,   біз   ойымызға   келген   пікірді
кідіртпестен бірден шығара қойсақ, оның қате болу ықтималдығы
жоғары. Сол сияқты осы процесті жазуға түсіріп, оны оқып, қайта
қабылдап,   пайымдап,   қорыту   арқылы   сыртқа   шығарсақ,   ол
пікірдің ақиқат, айқын болу мүмкіндігі
52
53


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау