Жазу теориясы үшін фонема ауызша тілді жазба тілге және
керісінше айналдыратын фонологиялық елек (Н.Уәлиұлының
термині) қызметін атқарады. Жазудан ауызша тілге кодтағанда
әріп таңба болады да, фонема оның мағынасы болады. Ал
керісінше ауызша тілден жазуға көшкенде фонема – таңба бо-
лады да, әріп оның мағынасы болады. Фонема таңба деп алын-
са, яғни сөйлеу тілінің компоненті болса, онда екінші тіл жаз-ба
тілдің бар екендігі шығып, фонема сол тілдің компонентіне
сәйкес келеді деген М.Янакиев (Янакиев М. 1964: 62). Және
жазуға қатысты фонема – таңба болады, табиғи тілге қатысты
фонема – таңба болмайды дейді (Янакиев М. 1964: 61).
Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп
танимыз. Фонеманың қазақ сөзі мағынасын ажырататын сипа-
тына проф. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуын
келтіреді: тас-тес, қаз-қыз, саз-сыз. Ал пыс-піс, тыс-тіс, ал-әл
дегендегі сөз мағынасы буын үндесімі арқылы ажыратылып тұр
дейді (Базарбаева З. 2004: 20-27). Бұл Фердинанд де Соссюрдің
фонеманы анықтауда жасалымнан гөрі айтылымға табан тіреген
жөн, дыбыстан гөрі дыбыстар тізбегін зерттеу маңызды, себебі
алғашында жеке фонема емес, дыбыстар тізбегі мағына ажырат-ты
дегеніне сәйкес (Соссюр Фердинанд де 1977: 75-86).
Қазақ тілінде бір фонема бір буын құрай алады, мысалы: ө-те,
о-та, а-дал, е-діл. Бір фонема грамматикалық мағынаны жа-сай
алады: ы тәуелдіктің үшінші жағын, а, е, й көсемшені, -р, -с
есімшені, -а, -е барыс септігін береді. Қазақ тілінде бір дыбыс-тан
тұратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы, а
– “түсіндім”, ә – “бұным қалай”, о – “таң қалуды”, й – “жиірке-
нуді”, е – “есіме түсті” дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дау-
ысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы
дауыстының жуан/жіңішкелігі буынның жуан/жіңішкілігін
айқындаған. Ал бас буынның тембрі кейінгі буынның тембрін
анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай
жуан айтылуы І буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының
(<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың
(<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>,
<г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Жұбаева О. 2002)
бар. Сондай-ақ, <ћ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескен-
мен, тілдің осы лексикалық қабатының мағынасын ажыратуға
септігін тидіруіне байланысты жеке дыбыс – фонема ретінде та-
нылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аћ, ућ, оћ, оћолады, ућлеу, сүф,
тіфә сөздеріндегі [ћ], [ф] дыбыстары позициялық өзгерістен
шығып отырған жоқ. [ућ] пен [уқ], [аћ] пен [ақ], [суф] пен [суп]
сөздері арасындағы айырмашылық [ћ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстары-
на байланысты. Мұндайда Л.В.Зиндердің фонеманың мағына
ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді де-
гені (Зиндер Л.Р. 1979: 56) еске түседі.
Ал проф. З.Базарбаева “Қазақ тілі фонемаларының вариа-
циялары фонемаға айналу процесіне сәйкес өзінің негізгі фо-
немаларымен қарама-қарсы топ құрса, сонда ғана олар дербес
фонемаға айналады” деп (Базарбаева З. 2004: 20-27), орыс тілін-де
де бұрын <в>:<ф>, <ц>:<ш>, <с>:<ц> фонемаларының оппо-
зициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті
сөйленістері <ц>, <ч>, <ф> фонемаларын айта алмайды дейді.
Сондықтан ғалым тілдің дыбыстық құрамындағы өзгерістерді
прогресті деп таниды. Л.В.Зиндер фонема дербестігі кірме
сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік бе-
реді дейді (Зиндер Л.Р. 1979:57).
Дыбыс – фонема – әріп процесі. Сөйлеудегі дыбыс
түрленімдері есту каналы арқылы санаға барады. Бірақ сана
барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын та-
нытатын негізгі естілімін екшеп, санадағы фонема қорымен
сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фоне-ма
сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс
реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті
екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс
жазба тілдің бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема – бел-
гілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы
абстракті бірлік. Сонда жазба тілдің мағына ажыратушылық
қызметін графема атқарады. Графема әріп ретінде жазылады
және оқылады.
Мысалы, мұғалім деген сөзді көргенде (іштей оқығанда) көз
бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-
көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ас-
социацияланса, графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз
фонологиялық електен өтеді: мұғалім – <мұғалым>. Енді мұны
ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (Н.Уәлиұлы
термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім]. Бұл
процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді
жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені
қамтитынында. Мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//
82
83
шәкіртпала барынсалды///] деген сөйленімді алайық. Хабар
естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық
сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды.
Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың
мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, ауызша
тілдің дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық
електен өтіп, фонемаға айналады: <үшкүндүгжолдұң соңғұ
гүнүнде шәкіртпала барынсалды>. Фонема жазудағы әріп
таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер
– дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық
деген пікір айтылып қалады.
Ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни
жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс
таңбаланады. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы
дыбыс таңбаланбайды. Енді орфография ережесі көмекке ке-
леді. Мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде:
а) босаралықтармен бөліну: <үш күндүг жолдұң>, ә)
еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг
жолдың >,
б) <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны <үш күндік
жолдың> (тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз).
Бірақ қазақ жазуында қосымшалардың фонетикалық при-
нциппен жазылуы дауыссыз дыбыстардың негізгі реңкін
анықтауға кесірін тигізеді. Мысалы, емледе қаспыз, аразбыз де-
генде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. М.Жүсіпов
(Джусупов М. 1995:72).
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық елек
позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзіп қояды:
<соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-ма
графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-наулы
әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ жазба
тілнормасы графемаларды тәртіпке салады. Емле ере-жесі
бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазыла-ды:
<соңғұ гүнүнде>. Мұның позициялық өзгеріс екенін білу үшін
әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. Алайда қазақ
тілінде ІІ-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді по-зиция
дүдәмал: <соңғұ>, <өзөн>.
Ғалымдардың айтуынша,
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (Леонтьев
А.А. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын
қызметте келген» (Трубецкой Н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов
Қ. 1999: 55).
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары]
соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп,
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /үш күндік
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды/ деген тұрпат
аламыз.
Қазақ тіліндегі гиперфонемалар. Аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни < ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). В.В.Радлов ә дыбысын қазақ
тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов. 1984: 74).
Алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. Ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м
(116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-сы
бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде фонемасының екі
әрпі бар (й, и). Мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды.
Е.Омаров и әрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін бы-
лай түсіндірген. Мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп
айта алмаймыз ғой” (Омаров Е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (Исаева
84
85
Достарыңызбен бөлісу: |