ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
12
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
категория, ал әлеуметтік жедел жаңару, сайып келгенде, әлеуметтік
фактор, ал, қандай да тіл болмасын, ол саяси өмірімізді ырықтандыру
барысында, әлеуметтік фактордың ықпалымен дамиды. Айта кету
керек, экономикалық фактордың да ықпалы өзінше мықты болады,
бірақ ол кейбір дамыған елдің өзінде кез келген тілге игілікті ықпал ете
бермейді (мысалы, экономикасы дамыған Канада, Америка Құрама
Штаттарында т.б. көптеген елдерде тілдік жағдаяттың үнемі күрделі
болып келуі осыны байқатады).
Білім беру бағдарламасы бойынша үш тілді білетін тұлғаны
тәрбиелеу стратегиясы белгіленді және оны жүзеге асыру үшін тиісті
дәрежеде қаржы қарастырылған.
Қазақстан білімді ел болса, оның негізгі білім алу (мамандық игеру)
тілі, әлбетте, қазақ тілі болуы тиіс, ағылшын, орыс тілдерінде де білім
алу дұрыс болады. Бірақ министрліктің қазіргі бұл тілдер жөнінде
ұстанған бағыты бұлыңғыр, ғылыми тұрғыдан күмәнді. Министрлікке
мәселені социолингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан ғана
шешуге болатынын айтқан абзал.
Халықтық этномәденилингвистикалық ерекшелікті сақтау –
ғұмырлық іргелі проблема, оны шешу үшін этнос тілдің толыққанды
(бағалы) қолданысын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін Қазақстанда
тілдердің білім саласында қоғамдық қызмет атқаруын күнілгері
жоспарлау керек. Бұл екі бағытта жүруі тиіс:
оқыту құралы – оқыту тілі;
оқу пәні (оқытылатын тіл).
Әңгіме мынада: қай тіл білім беру тілі болып белгіленсе, сол тілде
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және ой мен бой дамуы іске
аспақ, кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат
ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үдерісі жүреді. Мынаны да
ескеру керек: Елбасы қазақтың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-
жігерді жұмсау керектігін атап айтты, бұл аз болса, оның «Қазақстан
болашағы – қазақ тілінде» дегені және бар.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы алға тартқан
міндеттің сапында «білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми
қамтамасыз етуді жетілдіру» аталғаны баршаға белгілі. Осы орайда
бағдарлама бойынша, «мемлекеттік тілді басым дамыту» керек,
мемлекеттік тіл білім саласында да басым қолданылуы тиіс, ал бұл
қазақ тілін оқу-әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді
және оны жетілдіруді талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесінде
қазақ тілін оқыту ерекше орын алады. Алайда кейінгі кезде білім
саласында ағылшын тілін оқыту мәселесі тәжірибе-сынақ түрінде
ерекше қойылған. Әлбетте, Конституциямыздың 19-бабына сәйкес,
«біздің елде әркімнің өз балаларын тиімді деп тапқан жерлерде оқытуға
құқығы бар».
Мемлекеттік білім бағдарламасында «№ 2 сыныптан бастап шет ел
тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу» белгіленген еді. Енді, міне,
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
13
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ағылшын тілі балабақшада мұқият үйретіле бастады. Балабақшада
шет тілі түгілі, орыс тілін үйретуді керек дегеннің өзінде оны үйретудің
өзіндік ерекшелігі болады, оны ескеру шарт.
Қазақстанда ағылшын тілін тым ерте, 2-сыныптан бастап оқыту
көрініс беруде. Елімізде 32 мектепте ағылшын тілі эксперимент ретінде
оқытылады, оның үстіне 103 мектепте де ағылшын тілі сабағы шет
елдік оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл не деген сөз? Бұл – оқулықта
Қазақстан тақырыбында ешқандай материал болмайды деген сөз.
Бұл мектептерде сабақ шет елдік бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Бұл не деген сөз? Бұл – ағылшын тілі пәні бойынша меңгерілуге
тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін
айқындайтын құжаттың өзі ағылшын тілінде деген сөз. Оқу тілі, екі
бастан, шет ел тілі – ағылшын тілі.
Оқыту әдісі де мүлде өзгеше, шет елдікі. Әдістеме деген – оқытуды
жүргізу, қарапайымдылық, сабақтастық, көрнекілік ұстанымдарын
белгілеу ғылымы мен практикасы, олай болса, шет елдік әдістеме
мен отандық әдістеменің сабақтастығы болмайтыны, ал мұның қате
екендігін жасыра алмаймыз. Сабақ таза ағылшын тілінде жүрген
мектептерде бұл жалғанда қазақ халқы бар екендігі туралы бір сөз
болмастан өтуі мүмкін. Кейбір мектепте ағылшын тілі маманын да
шет елден шақыруға құлшыныс болады екен. Маманның тіл білгені
аз, әдіскер болуы шарт. Бір жолы (осы жолғы 16 наурыз күні) Білім
және ғылым министрлігі өкілі радиодан сөйлегенде, «бала ағылшын
тілінде қазақ тілінің әсерімен қате жіберсе, ол түзетіледі, сол арқылы
ағылшынша сөйлеу керектігін түсіндіреміз. Міне, осы арқылы ана
тіліне көмектесеміз» деген сияқты сөзін өз құлағымызбен естіп, таң
қалдық. Ағылшын тілі сабағы арқылы ана тіліне көмек береміз деген не
сөз? Міне, мұны мемлекеттік тілді назарға алмаудың, мойындамаудың
белгісі демеске амал жоқ.
Әңгіменің қысқасы: ағылшын тілі – біз үшін шет тілі, әлемде шет ел
тілі – өзге халықтармен байланыс тілі. Әсіресе, ағылшын тілі сияқты
«Ғаламдану тілі» болып есептелетін тілді қолдануда өте сақ болған жөн.
Тұлғаның негізі бала кезінде қаланады. Тілдік тәрбие негізі жас
ұрпақпен тұңғыш кәсіби педагогикалық жұмыс жүргізетін қоғамдық-
мемлекеттік формасы – мектепке дейінгі тәрбие мен жанұяда
басталады. Бұл екеуі басқа тәрбие түрлерімен қатар тілге де баулиды:
біріншіден, балдырған еліктейтін тілдік ортамен қамтамасыз етіледі,
оның еліктеп, әрекет жасауына, ана тіліне қызығуына, бейімделуіне
жағдай туғызылады. Екіншіден, кішкене балалар мектепке ауысқан
тұста оның санасына, тілдік санасына болашақ оқу тілі болатын тілге
деген құштарлығы қалыптасуы тиіс. Өкінішке орай, орыс тілімен
күрделенген қазақ балаларының тілдік ортасы кейбір жерлерде
ағылшын тілімен онан сайын күрделенуде.
Ана тілін білу дағдарысы жалпы білім жүйесіндегі тілге деген
келеңсіз көзқарастан, жанұяның бала тәрбиесінде әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: |