ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
8
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ете алу қабілеті болмақ керек.
Пікір айтар, көсемдік танытар тұлға, шешіліп сөйлер шешеннің,
қасірет шеккен қазақ тілінің қамын жейтіндей қазақылығы болмақ
керек.
Тілдік даму стратегиясы саяси жаңару тұғырында орын алуы тиіс.
Елбасы мемлекеттік, саяси, қоғамдық институттарға тапсырыс
беріп отыр деп түсіну керек. Тапсырысты орындаудың басы-қасында
мемлекеттік биліктің атқарушы тұтқасы – жаңадан құрылған Тіл
комитеті. Ол арқылы Орталық билік күллі мәселені шешуді қолына
ұстамай, бәрін өзіне шоғырландырмай, ортақ өкілеттілікті жергілікті
органдарға беруі тиіс, тілдің аймақтық мәселесін шешуді жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесіне тапсырады. Тіл комитеті мен тіл қозғалысы
да өз қызметін атқарады.
Стратегия мемлекеттік тілдің өрісін жеделдете кеңейтіп, орыс тіліне
тәуелділіктен шығарып, екі тілдің қатар қолданылуы мен бәсекелестігі
негізінде бұрынғы орыс, қазақ халықтарына тән біртілділік орнына
қазақ пен орыстың екіжақты қостілділікті дамытуы күн тәртібіне
қойылды. Анығын айтпақ керек, мәселені шешу мүмкіндігі пайда бола
бастады. Біріншіден, біртілділікке апаратын орыстандыру саясаты
опат болды, кетті. Екіншіден, Қазақстанда тіл егемендігі пайда болып,
керітартпа саясат орнына игілікті сипатты тіл саясаты алғы шепке
шықты. Үшіншіден, орыстілді өзге ұлт өкілдері жергілікті халық тіліне
мән бере бастады.
Қазақстанның тілдік даму стратегиясы – мемлекеттік тілді
көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру. Мұндағы мақсат
неде? Мақсат сол – қазақ деген мемлекет құрған, әрі елдегі көпшілік
болып табылатын халықты халық етіп қалыптастырған тілді қазақтың
өзінің, қала берді өзге ұлыстардың, ел игілігіне айналдыру. Бұл ретте
елдегі орыс тілінің, оны туғызған орыс ұлтының үлес салмағының
қазақтың елдегі үлес салмағының жартысындай (27 %) болуын
және қазақтармен туыс түркі халықтары тілдерінде сөйлейтіндерді
есептегенде Қазақстан халқының үштен екісін құрайтынын назардан
тыс қалдыруға болмайды.
Тілдік стратегия бүкілхалықтық сұраныс негізінде жасалады, оны
сенімі мен біліктілігі сай келген тұлға жүзеге асырмақ. Сондай тұлға
– Елбасы.
Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді. Сол сенім ақталу үшін
мемлекеттік тіл негізінде тіларалық қатынас жақсарып, екіжақты
қостілділік (атап айтар болсақ, қазақ-орыс, орыс-қазақ қостілділігі)
стратегия өзегіне айналмақ керек.
Тілдік даму болған жерде ғана күрделі тілдік жағдаяттың жақсарып,
тұрақталуы қамтамасыз етіледі. Міне, осындай жағдайда ғана қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесі Қазақстанның күллі аумағында жүзеге
аспақ және мемлекеттік тіл күнделікті өмірімізде орнықпақшы.
Қоғамның, халықтың діттегені – осы.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
9
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Стратегия жасау үшін алдымен тілдік-этникалық жағдаят дұрыс
сарапталуы шарт. Соның негізінде ғана қажетті идея ұсынылмақ.
Идеяны халық алдында мемлекеттік биліктегілер жүзеге асырады.
Өкінішке орай, бұлар халық мүддесінен ауытқып, аппарат мүддесін
жоғары қоюды ұмытпайды, ал саяси партиялар болса, олардың бір де
біреуінің мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өзіндік идеясы жоқ, тіл
дамытудың тетігін таба алмай келеді, құр сөз айтып қоя салуға әуес.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында» деп аталатын 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы –
Қазақстан үшін қыры-сыры мол, XXI ғасырдың алғашқы бес жылында
маңыздылығы бойынша теңдесі жоқ құжаты, Жолдаудың қалың
жұртшылық тарапынан жан-жақты қызу талқылануы, қолдау табуы
– соның нақты дәлелі.
Жолдаудың негізгі функциясы (атқарар қызметі) қандай? Ол анық:
стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын аралық саралау,
атқарған жұмысымызды қорытындылау, мемлекетіміздің алдағы
жүрер жолының бағыт-бағдарын айқындау.
Өмірдің сан алуан саласындағы азаматтарымыз жаңаруға өз үлесін
қосуы тиіс. Үлес қосу үшін Жолдау функциясын жете түсіну шарт.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының
бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы.
Бұл – нақты тапсырыс. Басшы сөзінің ретіне қарасақ, мемлекеттік
тілді барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторына
айналдыру – Елбасының бірінші тапсырысы. Барлық қазақтың ана
тілін одан әрі дамыту – Елбасының екінші тапсырысы.
Елбасы тапсырысын күллі қоғам, барша әлеуметтік топ, оның ішінде
ұстаздар мен студенттер қауымы жақсы түсінуі шарт.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры
Ш.К.Беркімбаева
ғылым
докторларына
соңғы
курстардағы
студенттерге дәріс оқи отырып, солардың ішінен жақсы үлгеретіндерін
магистратура мен аспирантураға қабылдауға ұсынуды тапсырған
болатын. Сол тапсырманы орындай отырып, мен 4-курста жалпы
тіл білімінен дәріс оқимын. Кезекті бір дәрісте 4-курс студенттерін
Елбасы Жолдауымен таныстыра отырып, олардан тілге байланысты
жолдарға назар аударып, оқылып отырған пәнге, қазақ тіл біліміне
байланыстыра бірнеше сұрақ қойдым. Жалпы тіл білімі пәні
мазмұнына сай, әлеуметтану (социология), тіл теориясы тұрғысынан:
1. «Қазақстандықтарды біріктірудің әлеуметтік факторларын»
атаңыздар деген сұрақ қойылды. Түсінісуге тура келді: Фактор,
қарапайымдап айтсақ, жағдай. Әлеуметтік фактор кең мағынада
әлеуметтік жағдайда (условие), мінез-құлыққа ықпал етуші жағдай.
2. «Мемлекеттік тіл – қазақстандықтарды біріктіруші фактор»
деген тұжырымды қалай түсінесіздер? деген сұрақ қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |