Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет54/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 114-беті 
 
114 
 
4.  Өтінішті  апелляция  комиссиясы  төрағасының  атына  білім  алушы  жеке  өзі  беруі 
керек. Апелляцияға екінші тұлғадан, білім алушының ата-анасы тарапынан қабылданбайды. 
5.  Апелляциялық  комиссия  төрағасының орынбасары  апелляцияға  өтініш  қабылдауды 
ұйымдастырады. Қабылданған өтініштер журналға тіркеуге алынуы тиіс. 
6.  Апелляцияға  өтінішті  білім  алушы  оқитын  факультеттегі  деканның  орынбасары 
қабылдап,  білім  алушының  өтініші  мен  жұмысын  апелляцияланатын  пəнді  қарастыратын 
комиссия құрамына өткізеді. 
7.  Білім  алушы  апелляциялық  өтініш  беру  үшін,  емтиханның  жауап  парағында 
сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағандығы, сұрақтың, пəннің оқу бағдарламасына сəйкес емес 
екендігі  туралы  жауап  парағында  жазба  жазып  қалдыруы  керек.  Ондай  жазбасы  жоқ 
жұмыстар бойынша апелляцияға берілген өтініш комиссия тарапынан қарастырылмайды. 
8. Апелляция өтініш білдірген білім алушының қатысуынсыз қарастырылуы мүмкін. 
9.  Апелляция  комиссиясының  мəжілісіне  өзге  тұлғалардың  қатысуына  тыйым 
салынады. 
2.5.2 Апелляцияның өткізілу тəртібі 
1. Апелляция үш кезеңде өтеді:  
– өтініштерді қабылдау  – емтихан нəтижесі автоматтандырылған жүйеге қойылғаннан 
кейін 24 сағат ішінде;  
– факультетте жазбаша жұмыстарды іздестіру, қарау – өтініш бергеннен кейін 24 сағат 
ішінде;  
– апелляциялық комиссияның апелляциялық өтінішті, алынған жұмыстың нəтижелерін 
қарауы, шешім қабылдауы – өтініш бергеннен кейін 72 сағат ішінде.   
2.  Апелляциялық  комиссия  білім  алушылардың  өтініштерін  мына  мəселелерге 
байланысты қарайды: 
- сұрақтың дұрыс тұжырымдалмағанына; 
- мазмұны бойынша оқу бағдарламасына сəйкес келмеуіне. 
3.  Егер  мəжіліске  төраға  орынбасарымен  қоса  есептегенде,  ең  кемі  комиссияның  үш 
мүшесі қатысса, комиссия шешім қабылдауға құқылы.  
4. Апелляциялық комиссияның шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады. 
5.  Апелляцияны  қарау  барысында,  Комиссия  мүшелері,  емтиханды  тапсыру 
нəтижелерінің бағасы туралы дəлелді, жазбаша қорытынды шығарады, хаттама толтырады. 
6.  Апелляциялық    комиссия  білім  алушыға  қосымша  сұрақтар  қоюға  жəне  жазба 
жұмысына түзетулер енгізуге құқығы жоқ. 
7.  Апелляциялық  комиссияның  емтиханда  қойылған  бағаны  күшінде  қалдыруға, 
жоғарылатуға  немесе төмендетуге құқығы бар. 
8.  Апелляциялық  комиссия  мүшелері  апелляцияларды  қарау  мерзімінің  ереже 
талаптарынан  тыс  созылып  кетуіне  мүмкін  мəселелер  мен  қиындықтар  туралы  төрағаға 
уақытылы  хабарлап  отыруға,  апелляциялық  жұмыстарға  байланысты  құпиялықты  сақтауға, 
өздеріне жүктелген қызметтерді жоғары кəсіби деңгейде орындауға міндетті. 
9.  Апелляциялық  комиссияда  келіспеушілік  туындаған  жағдайда  дауысқа  салу 
жүргізіледі,  шешім  көпшілік  дауыспен  бекітіледі.  Дауыстар  тең  болған  жағдайда 
апелляциялық  комиссия  төрағасының  дауысы  шешуші  болып  есептеледі.  Апелляция 
бойынша қойылған баға жөніндегі  апелляциялық комиссияның шешімі  соңғы шешім болып 
есептеледі. 
10.  Апелляциялық  қараудан  кейін  комиссия  аралық  аттестация  бағасы  жөнінде  соңғы 
шешімді қабылдап, білім алушыларға шешім туралы жазбаша хабарлайды. 
 
2.5.3 Апелляциялық комиссияның шешім қабылдауы 
1. Апелляция шешімі хаттамамен бекітілуі тиіс. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 115-беті 
 
115 
 
2.  Апелляциялық  комиссияның  хаттамамен  бекітілген  шешімі  Офис  регистраторға 
жіберіледі. Шешімнің негізінде білім алушыға жеке емтихан тізімдемесі жасалып, ол негізгі 
емтихан тізімдемесіне қоса тіркеледі. 
3. Тізімдемеге төраға, комиссия төрағасының орынбасары жəне апелляциялық комиссия 
мүшелері қол қояды. 
4.  Хаттама  қатаң  есептік  құжат  ретінде  бір  оқу  жылы  ішінде  Офис  регистраторда,  ал 
тізімдеме деканатта сақталады. 
5.  Апелляциялық  комиссия  емтихан  сұрақтарын  «оқу  бағдарламасына  сəйкес  емес»,  
«дұрыс  емес»  деп  тапқан  жағдайда,  апелляциялық  комиссия  төрағасы  берілген  сұрақтарды 
құрастырушы оқытушыларға, кафедра меңгерушісіне ұсыныс беруге міндетті. 
3  Аймақтық    əлеуметтік-инновациялық  университетте  білім  алушыларды 
қорытынды аттестаттаудан өткізудің тəртібі 
1.  Университетте  студенттерді  қорытынды  аттестаттау  жоғары  білім  беру  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  стандартында  белгілеген  нысандарда  өткізіледі,  оның  ұзақтығы  мен 
мерзімі  академиялық  күнтізбемен  жəне  мамандықтардың  жұмыс  оқу  жоспарымен 
қарастырылған.  
2.  Студентттер  оқу  жоспары  мен  барлық  оқу  нысандарына  арналған  бірыңғай  оқу 
бағдарламаларына  сəйкес  барлық  мемлекеттік  емтихандарды  тапсырады  жəне  дипломдық 
жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.  
3.  Студентке  мынадай  жағдайда  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  орнына  екі 
мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі: 
1)  денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық  анықтаманың  негізінде  стационарда  ұзақ 
емделуде (бір айдан артық);  
2) бала тууы туралы куəлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;  
3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде 
ауру ата-анасын күтуші;  
4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.  
Осы  ретте,  білім  алушы  университет  ректорының  атына  өтініш  жазады  жəне  тиісті 
құжаттарды  ұсынады.  Басқа  жағдайда  дипломдық  жұмысты  қосымша  мемлекеттік 
емтихандар тапсыруға ауыстыруға рұқсат етілмейді. 
4.  Екі  мемлекеттік  емтихан  пəндерінің  тізбесі  бітіртуші  кафедра  шығарған  қолдау 
хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.  
5.  Қорытынды  аттестаттауға  жұмыс  жəне  жеке  оқу  жоспары  мен  жұмыс  оқу 
бағдарламасына сəйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі. 
6.  Білім  алу  процесі  аяқталуының  негізгі  өлшемі  болып  студенттердің  жоғары  білім 
мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сəйкес келетін оқытудың теориялық курсы 
мен кəсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.  
7.  Бітіруші  курстың  студенті  жұмыс  жəне  жеке  оқу  жоспары  талаптарын  жəне  оқу 
жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға 
қалдырылады. 
8.  Университет  ректоры  білім  алу  саласындағы  уəкілетті  органға  мемлекеттік  үлгідегі 
білім туралы құжаттарға (диплом жəне қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін 
бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады. 
9. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін əр мамандық 
бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан əрі – МАК) құрылады. 
10.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттауға  жіберу  студенттердің  тізімі  бойынша 
қорытынды  аттестаттауға  дейін  2  аптадан  кешіктірілмей  факультет  деканының  (институт 
директорының) өкімімен ресімделіп МАК-қа ұсынылады.  
11.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттау  басталғанға  дейін  МАК-қа  факультет 
деканының  (институт  директорының)  студенттің  жеке  оқу  жоспарын  орындағаны  туралы, 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау