Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет43/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   174

 
93
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желіге шығу» - делінген. 
ХХІ  ғасырдың  үлкен  жетістігі  ақпараттық-қатынастық  технология 
құралдарымен  етене  байланыс.  Ақпараттық-қатынастық  технология  -  өзінің 
мәнділігі  жөнінен  өте  әділ  де  шындыққа  негізделген  үрдіс.  Демек,  ХХІ  ғасыр 
әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология 
құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.  
Осыған  орай  бүгінгі  ұстаздардың  алдында  оқушыға  білім,  білік, 
дағдыларын  игертіп  қана  қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын,  сезімдерін, 
ерік-жігерлерін,  яғни  жан-жақты,  азат,  шығармашыл,  өз  бетімен  жұмыс  жасай 
білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр. 
Көптеген  жаңа  технологиялармен  қатар  соңғы  кездері  қазақ  тілі  және 
қазақ  әдебиеті  сабақтарында  ақпараттық  технологиялар  жиі  қолданылуда.Бұл 
үрдісті  іске  асырудың  негізгі  құралы  компьютер  болып  табылады,  сол  себепті 
қазіргі 
мектепке 
шығармашылық 
ізденіс 
қабілеті 
дамыған, 
жаңа 
педагогикалық  технологияларды 
жете 
меңгерген, 
мамандық 
шеберлігі 
қалыптасқан  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тілін  білетін  мұғалім  қажет. 
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, электрондық оқулық, 
мультимедиялық  және  онлайн  сабақтары.  Қазіргі  заманда  барлық  мектептерде 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  кеңінен  қарастырылған.  Мектеп 
кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  оқушыларға  өз 
бетімен  немесе  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға, 
ізденуге,  өз  жұмысының  нәтижесін  көріп,  өз-өзіне  сын  көзбен  қарауына  және 
жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  мұғалім  өткізетін 
сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. 
Қазақ  тілі  сабағында  логикалық  жүйеге  құрылған  бағдарламаларды 
пайдалану  арқылы  өтілген  тақырыптардан  қайталау,  пысықтау,  мәтінді  оқыту 
барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындау.                       
Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі  –  бұл  мұғалімге  қазақ 
тілі  мен  әдебиет  сабақтарындағы  оқу  үрдісін  түбегейлі  өзгертуге,  оқытудағы 
пәнаралық  байланысты  күшейте  отырып,  оқушылардың  дүниетанымдарын 
кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. 
Сабақта  компьютерді  пайдаланудың  тиімділігін  былай  саралап  көрсетуге 
болады. 
1.  Оқушы  мен  мұғалімнің  позитивтік  оң  қатынаста  болуына  ықпал  етеді. 
Олай  дейтініміз,  оқушылар  компьютермен  тікелей  қатысты  болғандықтан  өзін 
еркін сезінеді. 
2.  Компьютермен  жұмыс  барысында  оқушылардың  белсенділік, 
жауапкершілік  және  өзіндік  шығармашылық  қабілеттері  қалыптасады.  Оқушы 
өз  бетінше  еңбектенеді.  Өз  еңбегінің  нәтижесін  көреді.  Өзін-өзі  қадағалауға 


 
94
мүмкіншілік  туады.  Тапсырмаларды  мұғалімнің  көмегінсіз  орындайды.  Сол 
арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. 
3.  Берілетін  материал  бірсарынды  болып,  тек  мұғалім  ғана  сөйлейтін 
болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз 
жағдайларды  болдырмау  үшін  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабағында  компьютер 
арқылы  оқушылардың  белсенділігін  арттыратын  элементтер  қолданылады. 
Ақпараттық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең  тиімдісі  –  оқушылардың 
білім  олқылықтарына  үнемі  зерттеу  жасап,  түзету  жұмыстарын  жүргізуге 
пайдасы бар. 
Ақпараттық   технологияларды  пайдаланып  оқыту  мынадай  нәтижелерге 
қол жеткізуге мүмкіндік береді;                                                   
- оқу материалын терең түсіну;                                                                     
- оқу мотивациясының  артуы;                                                                
- алған білімнің неғұрлым  ұзақ  уақыт есте сақталуы;                                 
Заман  талабына  сай  күнделікті  сабақ   барысында   бейне  және  аудио 
құрылғыларды, теледидарды, компьютерді,сондай- ақ  электрондық  оқулықты, 
интерактивті  тақтаны  қолдану  оқушылардың   шығармашылықпен   жұмыс 
істеуіне жағдай жасайды.     
Қазақ  әдебиеті  сабағында  әрбір  тақырыпты  өткен  кезде  ақын-
жазушылардың  өмірі,  шығармашылығы  немесе  шығармаларының  мазмұны, 
композициясы,  сюжеті,  көркемдік  ерекшелігі,  т.б.  туралы  тірек-сілтемелер 
беруге 
болады. 
Оқушы 
тірек-сілтемелер 
арқылы 
ойын 
жинақтап, 
шығармашылықпен  жұмыс  істей  алады.  Сонымен  бірге  оқушылардың 
көмегімен  бағдарламадан  тыс  материалдарды  жинақтап,  мультимедиа 
бағдарламасы бойынша репортаж дайындауға, ұйымдастыру кезеңінде олардың 
фотосуреттерінен галерея ұйымдастыруға болады. 
Ақпараттық  технологияны  қолдануда,  әдетте  шынайы  өмірлік  жағдайлар 
келтіріліп, 
бірігіп 
шешу 
мәселелері 
ұсынылады, 
рольдік 
ойындар 
пайдаланылады, 
білгірлігінің 
қалыптасуы 
барысында 
жеке 
белсенді 
позициясын  қалыптастыруға  жағдай  тудырады,  қарым-қатынас  дағдыларын 
орнықтырады, 
сыни 
тұрғыдан 
ойлауға 
үйретеді. 
Демек, 
ақпаратты 
технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. 
Тыңдап  –  түсіну,  көріп  –  байқау  құралдарының  концепциясында  оқыту 
былайша  орналасады:  тыңдау  –  сөйлеу  –  оқу  –  жазу.  Оның  ішінде  ауызша 
қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады.  
Тыңдап  –  түсіну,  көріп  –  байқау  құралдарының  ішінде  сабақ  берудің 
барлық  сатысында  қолдануға  болатын  түрі  –  аудио  құралдар,  радио  мен 
теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. 
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:  
 қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді;  
 оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді,  
 өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. 
Таспа  арқылы  тыңдалатын  мәтін  оқушының  тілін  дамытады.  Тіл 
үйренудегі  тыңдау  сөйлеумен  тығыз  байланысты.  Оқушыға  таспадан  естігенін 
тілінде  пайдалану  қажеттігі  туады.  Таспадан  тыңдалған  мәтін  бойынша  сұрақ 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау