Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет40/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   174

 
86
қимылдары  жақсарып,  көшбасшы  ретінде  келешектегі  сыныпты  басқару 
тәжірибесіне негіз салады деп айтуға болады. 
Бүгінгі таңда курс барысында әр ісіне кері байланыс жасаған мұғалімдер 
рефлексивті  есеп,  таныстырылымдарды  жазып,  қорғау  арқылы  «Мұғалім  – 
рефлективті  практик»  атанса,  курстан  кейінгі  кезеңде  мектепішілік,  қалалық, 
облыстық,  республикалық  көлемдегі  дөңгелек  үстел,  вебинар,  семинар, 
конференцияларға қатысып, өз идеяларын таратуда «Мұғалім-көшбасшы», әдіс-
тәсіл  алмасу  және  кәсіби  біліктілікті  жетілдіру  мақсатында  шеберлік 
сыныптарын өткізу арқылы «Мұғалім-шебер» дәрежесіне жетуде. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Іс-әрекеттегі зерттеу. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012. 
2. Педагогикалық диалог. Ақпараттық-әдістемелік журнал, №2. 
3. Lesson  Study  тәсілін  іске  асыру  жөніндегі  мұғалімдерге  арналған 
нұсқаулық. Астана, 2013 ж. 
 
 
 
ӨЛКЕТАНУ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ  
 
Ермекбаева Г.О. 
Астана қаласы, № 25 орта мектеп 
 
                                                      Менің мынау даламда тастар жатыр, 
                                                         Оқылмаған оларда дастан жатыр. 
                                                    ...Адамдар ашар тастарды талай тағы, 
                                             Зорайтады, ғылымды молайтады. 
                                                   Көтере алмай тарихты жер астына, 
                                               Түсіп кеткен қалалар соны айтады. 
Ғ. Қайырбеков.  
 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаев  бүкіл  ағартушы 
қауымның  алдына  «қоғамнан  өз  орынын  дұрыс  таңдай  алатын,  еркін  ойлау 
қабілеті  қалыптасқан,  мәдениетті,  іскер,  жеке  тұлға  тәрбиелеу»  міндетін 
жүктеді. 
Республикамыз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстанның  әлемдегі    орны 
анықталып,    бәсекеге  барынша  қабілетті  30  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы 
елімізде  жаңа  экономикалық,  демографиялық,  геологиялық  мәселелердің 
туындауы,  бүгінгі  таңда  білім  беру  мекемелері  алдында  тұрған  келелі 
мәселелердің  бірі оқушылардың оқу – тәрбие жұмыстары ғылыми - әдістемелік 
тұрғыдан 
жаңаша 
ұйымдастыруды, 
оқыту 
үрдісінде 
ғылымға 
деген 
қызығушылығын арттыруды қажет етеді. 
Отанын  сүю,  тарихын  білу  халқымыздың  ертеден  келе  жатқан  тәрбиелік 
тағылымы. 


 
87
Мектептерде  өлкетану  курсын  жүргізу  өзекті  мәселенің  бірі  болып  отыр. 
Себебі,  қазіргі  мектеп  бітірушілер  өз  өлкесінің  табиғатын,  тарихын, 
географиясын өз дәрежесінде біле бермейді. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке 
тұлға болып  қалыптасуына  ізгіліктік,  ғылымилық,  жүйелілік  ұстанымдарына 
негізделген  үздіксіз білім  беру  жүйесін  құру, оның  тәрбиелік  мүмкіндіктерін 
саралау өте қажет. 
Өлкетану  іс-  әрекеттері  оқушылардың  туған  өлкесін  жан  –  жақты,  терең 
оқып  үйренуге,  оның  құндылығын  бағалай  білуге,  аймақтық  проблемаларды 
ашуға,  жеке  басының  жауапкершілігін  қалыптастыруға,  тәрбие  және  таным 
міндеттерін  шешуге  көмектеседі.  Сонымен  қатар  негізгі  базалық  курстарда 
мүлде  қамтылмаған,  қамтылған  күнде  үстірт  берілген  тақырыптардың 
оқушылардың  өз  өлкесін  оқып  білуі  үшін  қажеттілігінде.  Өлкетану  курсы 
өлкелік  материалдарды  қолдана  отырып,  географияны  оқытуды  өмірмен 
байланыстыруға мол мүмкіндік береді. Оқушы түрлі әдебиетпен жұмыс істейді, 
құрастырады,  жинаған  деректерін  жинақтайды,  ой-өрісін  кеңейтеді,  кәсіптік 
бағдар алады. 
Әр  пәннен  физика,  химия,  тарих,  биология,  математикадан  алған 
білімдерін  соңғы  оқу  сатысында  дұрыс  жинақтап,  зерттеушілік  іс-әрекетте 
материалды ой қорытуға, белгілі бір тұжырым, жасауға пайдаланады. 
Өлкетану  курсы  оқушының  туған  өлкесіне  деген  сүйіспеншілігін, 
патриоттық 
сезімдерін 
қалыптастыратын 
қайнар 
көздің 
бірі. 
Курс  
оқушылардың  өз  бетінше  өлкені  танып  білуіне,  шығармашылық  ізденісін 
дамытуына  жағдай  жасайды.  Географиялық  ұғымдарды  нақты  түсінуге 
көмектеседі. 
Курстың  негізгі  мақсаты:  қазіргі  талап  деңгейіне  сай  мектептерде  оқу-
тәрбие  үрдісі  арқылы  оқушыларға терең білім  берумен  қатар,  өлкетану- 
экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру.    Демек, бүгінгі  таңда әрбір  мұғалімнің 
мақсаты — сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген 
қызылығушылығын арттыру, 
іздену, 
таным 
деңгейін 
көтерумен бірге 
сабақта өлкетану  материалдарын  кеңінен  қолдана  отырып,  экологиялық білім 
беру.  
Бүгінгі 
күннің 
негізгі 
мақсаты 
мен 
міндеттері: 
оқушылардың 
қоршаған ортаға, туған өлке  табиғатына   сүйіспеншілектерін  қалыптастырып, 
ол арқылы 
туған өлке 
табиғатының 
байлығын сақтау, 
табиғатын 
қорғауға тәрбиелеу,  жас  ұрпаққа экологиялық,  өлкетанулық  тәрбие  беру. 
Сонымен 
қатар 
Елбасының 
жолдауымен 
қабылданған «Жасыл 
ел» 
бағдарламасын  іске  асыруға  зор  мүмкіндік  береді.  Өз  жерінің  табиғатын 
бақылауға мүмкіндік береді. 
Өлкетану курсы арқылы төмендегі міндеттер іске асырылады: 
-  ой-өрісін  кеңеюіне,  шығармашылық  белсенділігінің,  зертеушілік 
қабілетінің дамуына жағдай жасау; 
-    оқушылардың  бойында  пәнге деген  қызығушылық  сезімін  оятып,туған 
өлкесінің проблемасын көтеру және оған араласуына жағдай жасау; 
-  өлкетану  білімдерін,  өлкетану  іскерліктерін  игеруде  біліктілігін 
практикалық іс-әрекетте бекітуіне өзін өзі дамытуына бағыттау; 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау