Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет51/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174

 
110 
елімізде  жастарға  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұлттық  тәлім-тәрбие  беруде 
халқымыздың 
бай 
мәдени 
мұраларын, 
педагогикалық 
ой-пікірлерін, 
жинақталған 
ұлттық 
құндылықтарын 
зерттеп, 
жүйелеп, 
жоғары 
оқу 
орындарының оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың маңызы зор.  
Қорқыт  атадан  жалғасқан  жыраулық  дәстүрдің  бірнеше  ғасырлық  үрдісі 
қалыптасқан  Сыр  бойында  Балқы  Базар,  Ешнияз  сал,  Әзілкеш  Шымырұлы, 
Қарасақал Ерімбет, Бұдабай Қабылұлы, Дүр Оңғар, Құлан Алдабергенұлы, Кете 
Жүсіп,  Шораяқтың  Омары,  Күдеріқожа  Көшекұлы,  Керейт  Даңмұрын 
Кенжебекұлы, Қаңлы Жүсіп Кәдірбергенұлы, Шәді Сеңгірбайұлы, Тұрмағанбет 
Ізтілеуов,  Ыспан  Сүлейменұлы,  Найман  Жұманазар  Үрімқұлұлы,  Кете 
Есенжол, Абақан – Кете Аманжол,  Кете Есімбай, Керейт Кұлмағанбет, Жаппас 
Кеншімбай,  Шобдар  Сәрсенбай,  Кете  Шахар,  Таубай  Қирабайұлы,  Молда 
Бәйім, Табын Сейдәлі, Әлім Сайын, Жақайым Еспембет, Ырысты, Ділда сынды 
атақты ақын-шайырлардың шығармалары бүгінгі таңда  баға жетпес мұра. Сол 
рухани  құндылықтар  негізінде  жастарға  тәрбие  беру  –  ұрпақтың  рухани  және 
мәдени  жетілуіне,  саналы,  білімді,  парасатты,  адамгершілік  пен  ізгілікті 
қасиеттерді  бойына  сіңірген  тұлға  болып  қалыптасуына  ықпалы  зор  деп 
есептейміз.  
«Бұл  өңірде  жырау,  жыршы,  термешілердің  қатары  тіптен  қалың.  Сыр 
бойында  қазақ  халқының  ұлттық  өнерінің  барлық  түрі  кең  түрде  дамып,  өріс 
жайған. Соның ішіде жыраулық дстүрді бұл өлкеде есейген баласынан еңкейген 
қариясына  дейін  меңгеріп,  ата  мұраға  айналдырған»,  -  деп  жазады  жергілікті 
әдебиетші ғалым Т.Еңсегенов [2: 13]. 
Сыр  елінің  сүлейлерінің  ішінде  шоқтығы  биік  Сыр  бойындағы  өзге 
ақындардан  көш  ілгері  тұратын  тұлға,  оларға  ұстаздық  жасаған,  өзіндік  дәстүр 
қалыптастырған дүлдүл ақын,  танымал шайыр – Нұртуған жырау. ІХ ғасырдың 
соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, қазақтың өзін ұлт ретінде тануына, 
ұлттық  сезімінің  қалыптасуына,  жарқын  болашаққа  ұмтылуына  қомақты  үлес 
қосқан, өлеңдерінің дені жастарға арналған өсиет, нақыл ақиық ақын Нұртуған 
Кенжеғұлұлы  өз  дәуірінде  ел  қамын  ойлап,  өлеңдерінде  білім  алуға,  көз  ашық 
қазақ  жастарын  қалыптастыруға,  барша  қазаққа  дос-дұшпанға  «мен  –
қазақпын»,  деп  мақтанышпен  кеуде  қағар  азаматын  тәрбиелеуді  насихаттаған.  
Оның  өлеңдері  педагогикадағы  тәрбиенің  бар  саласын  қамтиды  десек  артық 
айтқандық болмайды. 
Сыр  бойындағы  Аралға  Сырдария  өзенінің  құяр  тұсындағы  Мырзас 
ауылында  1989  жылы  дүниеге  келген  Нұртуған  Кенжеғұлұлы  арапша  хат 
танып,  діни  кітаптарды  екі  жылда  тамамдаған,  еркін  жазып  үйренген  алғыр 
шәкірт  болған.  Ол  бала  жастан    шығыс  әдебиетіне  ерекше  мән  беріп,  тарихи 
әңгімелер мен жыр-дастандарды жанын сала тыңдап, жаттап өскен. Алғашында 
той-томалақтың, мәжіліс-кеңестің көркіне айналған бала ақынға өнер жолында 
ұстаздық  еткен  сауатты  да  сері,  шайырлықтың  қыр-сырына  қанық  аталас 
ағайыны   Сұлтан  Рахметұлы   болды. 
Нұртуған  ақын  Абай  шығармашылығымен  танысады,  оны  пір,  ұстаз 
тұтынады. 
Оның 
өлеңдерін 
қайта-қайта 
оқып, 
әрбір 
қарпа 
сөзінің 
философиялық  терең  мазмұнын  аңғарып  қиялына  күш,  жанына  демеу  тапты. 


 
111 
Сыр,  Арал  бойына  Абай  поэзиясын,  қазақ  әдебиетіне  ол  әкелген  ұлы 
жаңалықты, жаңа лепті жан-жақты және тиянақты насихаттады.  
...Әр   кезең  туғыза   ма   өз   данасын,  
Білмеймін,   кездейсоқ   па, ол  арасын?!  
Бағыңа Абай   туған   таланың  бар,  
Өнерден,  қазақ,   қайтіп   құр қаласың?- 
Мен де бір шайыры едім  Сыр өңірдің  
Ширатқан  шын    арқауын   өрнек-жырдың.  
Өлеңім   қайта   туып,   бір   жасарды-ау  
Гүліндей  шешек  атқан ой мен  қырдың..., дей отырып,  «Теңесем, Абай,   
сені, асқар  шыңға»   деген өлеңінде: 
Теңеймін   ұлы   Абайды   шалқар   көлге,  
Қуанам   Сәкен,   Ілияс — шыққан   өрге!  
Ізінде   Сәбит,   Ғабит,   Мұхтар   інім  
Келатыр   қол   ұстасып   ол   да   бірге. 
Теңеймін   ұлы   Абайды   кең   далама.  
Майлиндей   ақыны   бар ел кем  бола  ма?!  
Ілімге   қолын   созды   барша   қазақ,  
Басқалар  енді   бізге   тең  бола   ма? — дейді  
Бұл  жыр  жолдарынан  Нұртуғанның  Абайдан  бастау  алған,  өз 
заманындағы  жаңашыл  ақындар  Сәкен,  Ілияс,  Сәбит,  Ғабит,  Мұхтар,  Бейімбет 
шығармашылымен етене таныстығын байқаймыз [3: 21]. 
Дауылпаз  ақынның  нақыл-өсиет  өлеңдері  мен  толғаулары,  лирикалық 
және  философиялық  шығармалары,  шежірелік  және  арнау,  хат-өлеңдері  —  өте 
құнды  шығармалар.  Олардың  әр  саласының      өзі  бөлек  зерттеуді  қажет    етеді 
десек артық айтқандық болмайды. 
Нұртуған Кенжеғұлұлының өсиет өлеңдерінде адамгершілік тәрбиесі кең 
насихатталады.  Адамдар  арасындағы  сыйластық,  достармен  адалдық  қарым-
қатынас  жасау,  ағайынды  ардақтау,  үлкенге  –  ізет,  кішіге    -  құрмет  көрсету 
сынды  адамгершілік  тәрбиесінің  құрамдас  бөліктері  ақын  шығармаларында 
қызыл әріппен жазылған. 
 «Адаспайды  ақылды»  деген  өлеңінде кішіпейілділік, сыйластық жайлы 
қалдырған  өсиеті  байқалады.  Үлкен-кішіні  сыйлап,  кісімен  «майда,  жылы 
сөйлесуді», сырттан даттаудың жөнсіз екендігін ескерте отырып, «таныған жөн 
айырып,  досың  менен  қасыңды»  деп,  «азғырғанға  алданбай»  атар  оқты  жауға 
сақтау керектігін айтып,  насихаттайды[4: 44]. 
Ақын  өлеңінің  әрбір  шумағы  тәлім-тәрбие  мен  тағылымға  толы. 
Адамдардың  арасында  ауызбірлік,  шынайы  сыйластық  орнаса  ғана  бірлік-
береке болады» деген ұғым ақынның көптеген өлеңдерінде кездеседі.   
Нұртуған  жастарға  арнап  қай  тақырыпта  өсиет-өлең  жазса  да,  есебін 
тауып:  «Білім  ал,  соған  талаптан.  Онсыз  күнің  қараң.  Бірақ  ғылым,  өнер  қуу 
оңай  емес.  Оған  үлкен  төзімділік  керек!»  деп  қайта-қайта  ескертіп  отырады. 
Мәселен, «Бірінші назымында» да соны байқаймыз [5: 143].. 
...Білімсіз қайдан нәр алсын,  
Ақылы екі көзінде?   


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау