280
бағалайды. Абай айтқандай «білсем екен демектің» ішкі талпынысы рухани
құлшынысы айнала қоршаған ортадағы әрбір құбылыстан ерекше бір сыр түйіп,
сипат аңдайтын эстетикалық талғам дүниесіне қарай жетелейтіні ақиқат. Көру,
сезіну, сүйсіну секілді психологиялық, философиялық категориялардың түпкі
мақсаты тұшыну, тамсану, сүйсіну қатарлы эстетикалық ләззәтқа жеткізетінін
ойшылдар әлдеқашан дәлелдеген.
«Данышпандардың бәрі - ақын емес,ақындардың бәрі данышпан емес,
Абай-солардың екеуі де болады»-деп Сәбит Мұқанов айтқандай Абайдың
шығармаларындағы эстетикалық мәселелері,олардың тәрбиелік маңызы зор.
Біздің бүгінгі мақсатты міндетіміз-Абай қалдырған мұралары ата-баба салт-
дәстүрлеріне қазақ халқының мимандылыққа, адамгершілікке, әсемдікке,
сұлулыққа, өнерге, талғамдыққа бай екеніне көз жеткізу, талдап түсіндіру және
бұл қасиеттерді қазіргі заман жастарының бойына сіңіру жолдарын қарастыру.
Мемлектіміздің ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі. Демек, егеменді
еліміздің ертеңі мен бүгіні болашақтың жалғасы, бүгінгі игі дәстүрді
болашақпен жалғастыратын бала тәрбиесі, жастарымыздың тәрбиесі-қоғамдағы
орны басты назарда болатыны анық.
Елбасымыз өзінің бір сөзінде: -«Бала тәрбиелеу-ата-ананың ерекше
азаматтық борышы. Біздің халқымыз-«баланың бас ұстазы-ата-ана»-деп бекер
айтпаған. Алайда кейінгі күні осы қағидадан шығып бара жатқандаймыз.
Ауылда өскен балалар ата-ананың тәрбиесін білетін болса, қаладағылардың
бәрі жұмыс басты болып, бала тәрбиесіне көп бара алмай жүр. Бұлай кете
берсе, біз салтымыздан, тілімізден, ғұрпымыздан да ажырай беруіміз мүмкін.
Ал баланың тілі ана тілінде шықса, бесігінде барлық қазақы тәрбиені сіңірсе,
бойына ана сүтімен ұлттық қасиет дарытылса, сонда ғана отансүйгіштік
болады»
-
деген
еді.
Бүгінгі
жастарымыз-болашағымыздың
бойына
халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, атамекен,
ана тіліне деген ерекшелік, әдеп, иба, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы
құрметтеу, кісілік, кішілік, қарыз-парыз, борыш, міндет, имандылық, елге,
жерге деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, махаббат т.б. жақсы қасиеттерді
дарыту яғни жастарды өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына
жақындату, сол нәрмен сусындату, жаны сұлу, талғамы зор,талабы биік, рухани
жандүниесі бай,толық қанды, мәңгілік ел идеясын ақиқатқа айналдыра алатын
алып күш қалыптастыру.
Қорыта келгенде қазақ руханияты сөнбейтін жарық сәуле болып
жарқырап, туған халқының жүрегіне үміт отын жаққан,әлемдік өркениет пен
мәдениетке қарай көш бастаған данышпан Абайдың эстетикалық мұрасын
игеру, оны зерттеу - ұлттық эстетика тарихын білу қазақ елінің ұрпақтары-
қазіргі жастар біздің айналып өтпес борышымыз, әсіресе мәдениет
қызметкерлері-біздің ең үлкен міндетіміз!
281
Әдебиеттер тізімі:
1. Абай. «Қара сөздер». - Алматы. Өнер, 2005, 120 бет.
2.
Е.Әбдіразақов,
Н.Едиханов,
Е.Мамыраев,
Д.Мақұлов
«Халық
педаогоикасы - тәрбие өзегі». Алматы – Шымкент 1993 ж.
3. М.Қараев, Б.Омарғазинова. «Қазақ балалар әдебиеті» - Алматы. 1997 ж.
4. Құлмат Өмірәлиев «Абай афоризмі». Алматы. «Қазақстан» - 1993 ж.
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ
ДАМУЫ
Тлеубай С.Т., Сулейменов М.Б.
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институты
tleubaevas@mail.ru
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі ұстаздардан, мамандардан кәсіби
біліктілік, икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен
өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Заман талабы шығармашыл, озық ойлы, жаңа форматтағы көшбасшы ұстаз
болу. Бұл педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші
(негізгі) деңгей бағдарламасын зерделеу және меңгеруге көмектесетін негізгі
материал болып табылады. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер
оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-
көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын
көшбасшы оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. Бағдарламада көрсетілген
тақырыпты ашуда мұғалім оқушылардың білім деңгейін, қабілетін ескеріп,
шәкірттерінің
санасына
жететіндей
әдіс
тәсілдерді
пайдалану
кезек
күттірмейтін мәселе. Ол үшін дарынымен ерекшеленіп тұрған балаларға,
неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту
жүйесін құруға негіз болатын тиімді әдіс-тәсілдерді басты тірек етіп алу керек.
Үшінші деңгейлі курс негізі – жеті модульмен қамтылған. Олар: оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару
және көшбасшылық [1, 11.б]. Жалпы осы әдістерді қолдануда оқушы мақсат
қоюға үйренсе, бұрынғы алған білімді реттей отырып жаңа ақпаратты игеруге
машықтанады, алған білімді салыстырады, саралайды, қорытынды жасайды,
топта бірігіп жұмыс жасайды, бір-бірімен тіл табысады, бір келісімге келеді.
Мұғалім үшінде өте тиімді оқушы мен мұғалім арасында кең дәрежеде
сыйластық болады, оқыту процесіне толық оқушыларды қамтуға мүмкіндік
болады, жеке оқушының шығармашылық қабілетін ашуға, алға жетелеуге
Достарыңызбен бөлісу: |