282
болады. Оқушы тапсырмаларды біріге отырып шешуіне, біріне - бірі ұғындыру
арқылы игерілсе, енді бір тапсырмада бірлесе отырып шешіп, бір келісімге
келіп, өзіндік ой мен пікір қалыптастыруға мүмкіндік туғызса, ендігі кезекте
жеке жұмыс жасап, оны топ оқушыларын ұғындыру мен жауапкершілік,
болжау, шешім қабылдау, жаңа материалды, жаңа оқуды шығармашылық
ізденіспен ұштастыра үйлестіре алатын, өзін-өзі бағалау, өзгені бағалау сияқты,
өзіндік өмірлік нәтижесіне жауапкершілік сезімі мен көшбасшылығы
қалыптасады.
Қазіргі уақытта мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары бұрынғы пән
бойынша өтетін курстардан өзгеше, себебі Кембридж университетінің білім
берудегі тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, біз қазір орта білім
беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, білім беру әдістемелері
арасында теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған жеті модуль аясында
оқытып жатырмыз. Аталмыш модульдерді осы уақытқа дейін қолданып келсек
те, оны даралап, саралап көрмеппіз. Ал, Кембридж университетінің
бағдарламасына сай біз бұл модульдерді зерделеудеміз. Курс арқылы сындарлы
оқыту теориясымен танысып, оқушылардың ойлауын дамыту, оқушының пәнді
терең түсіну қабілетін, алған білімдерін кез-келген жағдайда жағдаяттан
шығуда қолдануға мүмкіндік жасау керек екендігін түсіндік. Жалпы бұл
бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне
білу жөнінде міндеттеме қойып отыр. «Мектеп жұмысы мен оқушы
жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім»-демекші біз әрдайым
ізденісте, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, оның ішкі уәжін оятып,
сындарлы білім беріп, еңбегіміз осы шәкірттерімізден көшбасшылық көрініп
жатса, үмітіміздің ақталғаны деп білеміз. Ұстазға рухани қуат керек болса, сол
қуатты шәкірттерімізден аламыз. Осы орайда, білім мен ғылымның еліміздің
дамуына әсер етуі үшін оқыту мен оқуды одан әрі жетілдіру, оқыту жүйесін
заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындауда. Бұл міндеттерді шешу
үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта
құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі
туындайды. Сондықтан мұғалім жаңалық жаршысы, яғни білім берудегі
көшбасшы ретінде оқытудың тиімді тәсілдері мен озық тәжірибелерді сараптап
білімін жетілдіріп отыруы керек. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген
болатын. Сондықтан да, елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Жасалынып жатқан
игі істер мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен
біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін
туғызады. Ол үшін мұғалім қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа
технологияларын меңгермейінше сауатты, «жаңа форматты» көшбасшы
мұғалім
болуы
мүмкін
емес.
«Бүгінгі
күннің көшбасшы
мұғалімі қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздеп көретін болсақ,
білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке: ойшыл, зертеуші,
практикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог
педагогикалық диагностика қоя білетін, мұғалім қажет.
283
Көшбасшы мұғалім – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-
жақты дамытушы. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа
педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Осы Кембридждік
бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне
білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сындарлы оқытудың маңызды
факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы
үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру
барысында көшбасшы мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –
өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет.
Бұл курс барысында мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына
қанығып, соңғы заманауи әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады.
Бағдарламаның
негізгі
міндеті
-
мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектес
у. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі замаңдағы әдістері мұғалімнің
күнделікті
тәжірибесі
және
кәсіби
мәнмәтінімен
өзара
байланыста
қарастырылады. Осы тұрғыда сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолдану мұғалімге
көп көмегін тигізері анық. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлау қабілеттерін жетілдіруге, еркін ойлауға, байқалған, баяндалған
мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашы-
лық белсенділігі
жоғарлайды,
ұжымдық
ойласу
мен тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысу барысында басқару мен
көшбасшылық икемділігі қалыптасады.
Ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана
марқаяды, келесі мәселелер түйініне еркін араласады,өз ойын жасқанбай
айтуға үйренеді.
Бұл
әдіс
бойынша
оқушы
мұғалімнің
бағыттауы-
мен өз бетімен білімді игеруге, өзара ынтымақтастық қатынас құра
отырып,
бірін-бірі
оқытуға
тәрбиелейді.
Бағдарламаны
тиімді
қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бағалау, сөйлеу,тыңдау қабілет-
тері артатыны анық.
Тренер ретінде өз іс-тәжірибеме енгізген өзгерістерді қорытындылай келе
оқытуда осындай жаңа әдіс-тәсілдерді, тиімді өзгерістерді қолданғанда келесі
мәселелер шешіледі деген ойдамын: балалардың дарындылығын, немесе
қызығатын бағытын анықтай отырып, қалай оқу керектігін тиімді тәсілдермен
үйрету, кез-келген мазмұнды әр қырынан терең талдау, сыни ойлана отырып
дұрыс болжам жасау, бір-бірінің пікірін тыңдауға және өз ойларын дәлелдей
білуге үйрету және үйрену. Кембридждік бағдарлама еліміздегі мектептердегі
оқыту үдерісінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан өзгертудің
жолдарын үйретеді және ол өзгеріс бірінші өзімізден басталды деп санаймын.
Бұл ІІІ деңгейлі курстың осыған дейінгі басқа курстардан өзгешелігі де осында.
Ендеше, оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына бағдарлама
Достарыңызбен бөлісу: |