276
бұл мәселені өзі шешеді. Мектеп тәжірибесін бақылағанда мынаны байқауға
болады, мұғалімдер оқушыларға өздерін сөзсіз тыңдату үшін өте алыс
арақашықтықты ұстап, одан айырылмауға тырысады. Өз жұмыстарында
балаларға өмірді, айналадағы әлемді таныту мақсатын қойған мұғалімдер
оқушылармен өте жақын араласуы мүмкін. Арақашықтықты оқушыға білдірмей
өзгертіп отырады. Оқушының тәртіпсіз қылығын көргенде қаталдау қарап, ал
керісінше жағдайда жақын тартады. Арақашықтық өлшемі сонымен қатар
мұғалімнің оқушымен сөйлесуінен «сіз» және «сен» түрінде - еркелету және
ресми дауыс ырғағынан (суық және жылы, жұмсақ және қатқыл) көрінеді.
Сырттай қарағанда қарым-қатынас деңгейіне ешкім көңіл аудара қой-
мағандай болып көрінуі мүмкін. Сөйтсе де, екінші адамның өзіне деген қарым-
қатынасын бірден сезесің және қабылдайсың, ал егер оны тануда қателессең,
қарым-қатынас күрделілене түседі немесе оның бұзылуына әкеп соғады.
Қарым-қатынаста арақашықтықты сезу қиын емес. Бұл үшін сөйлесіп отырған
адамдарды бақылап отырып, олардың бір-біріне деген көзқарасынан аңғаруға
болады. Балалармен қарым-қатынас жасаудың ең бір нәзік және бағалы сәті –
ол әр баланың өзімен жеке байланыс орнатуы. Бұл жеке қарым-қатынас
баланың көңіліне сенім ұялатып, қамқорлық көрсетілгеніне риза болады.
Балаларға
психологиялық
тұрғыдан
қарап,
олардың
өмірлік
тәжірибелерінің аздығын, білім дәрежелерінің әлі жоғары еместігін, адам-
дарды тануда тәжірибесіздігін ескерген жөн. Үлкендердің жан сарайларының
кеңдігі балалардың қателіктерін кешіре білу, тіпті олардың әдейі істеген
қателіктерін, тентектігін кешіре білуден байқалады.
Ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны
білдірмей жетелейді, байқатпай бағыт-бағдар береді.
Әдебиеттер:
1. Жайтапова А.Ә. "Халықаралық педагогикадағы жаңа үрдіс: нәтижеге
бағытталған білім беру". Алматы. 1998.105 б .
2. Құтпанбаев Ә. "Бүгінгі мектеп және мұғалім". Қазақстан мұғалім- 2004,
№10.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
ЖӘНЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Тәпсір С.
Көкшетау қ., Ақан сері атындағы мәдениет колледжі
Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың бейнелеп айтуынша, қазақ
ағартушыларының бір ірі қайраткері, данышпан ақын әрі ойшыл Абай
Құнанбайұлы «өз халқының рухани көзі» болып, онымен бірге ойлап, сезіне
білді және оның жарқын болашағына риясыз сенді.
277
Қазақтың классикалық поэзиясының асқар шыңы болып саналатын –
Абайдың мұрасы мол. Ақынның шығармаларында моральдық-философиялық,
қоғамдық-саяси және кейіптік-сатиралық ой толғаулары маңызды орын алады.
Ұлы ақын -әстетика мен өнер туралы арнайы теориялық еңбектер жазбаса
да, оның эстетикалық көзқарасы қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
болып табылады. Ол өзінің шығармаларында шынайы әсемдік пен сұлулықты
эстетикалық талап тұрғысынан бағалағандығы жайында М.Әуезов, С.Мұқанов,
М.Сильченко, А.Жұбанов, Е.Байзаков, Т.Әбжанов сынды ақын-жазушылар мен
әдебиеттанушы, өнертанушы, философ ғалымдардың еңбектерінде құнды
пікірлер мен тұжырымдар айтылған.
Абай түйіндеген негізгі эстетикалық қағидалар үш салада-табиғат, өнер,
адам аясында көрініс тапқан. Ол «эстетикалық» терминін қолданбай-ақ,
әдеміліктің мән-мағынасын «сұлу, әдемі, нұрлы, ажарлы, көрікті, сымбатты,
сәнді, сүйкімді»-деген кәдімгі өзіміздің қазақтың төл сөздері арқылы жеткізе
білген.Данышпан ең әуелі әсемдікті үйлесімге негізделген сұлулықты
жаратылыстың болмысынан іздейді.
Абай: «Алла тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам
баласын өссін, өнсін деп жаратқан» деген өзінің 38- және 1- қарасөзінде.
«Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм
қандай лайықты жарастықты законымен жаратылып, оның ешбірінің
бұзылмайтұғынын көресің» (27-сөзі)-деп бұл ғаламның пішіні алдын ала
өлшеніп, үйлесім мен әсемдік заңдарына сәйкес жаралғанына қайран қалады.
Абайдың пайымдауынша, кемел даналықты, мінсіз көркемдікті, шеберлік
шыңын тек табиғатта кездестіресің. Бұл пікір Платонның: «Үйлесім жоқ жерде
сұлулық та жоқ» деген идеясына сәйкес ұласын тауып жатыр.
Данышпан ақын өзінің «Жазғытұры», «Жаз», «Қыс», «Күз» деген
өлеңдерінде табиғат құбылыстарының кезектесіп отыратынын, оның адамзатқа
тигізер әсерін асқан шеберлікпен бейнелеген.Жыл маусымының өзгеруін
адамдардың мінез-құлқымен, көңіл-күйлерімен салыстыра байланыстырып
суреттеуімен өзіне дейін болып көрмеген көркемдік көкжиекті көркейтті. Ақын
көктемде күн жылынып, жер бетінің кілемдей құлпырып, малдың төлдегенін
жан бітіргендей тербетіп, құбылтып суреттеп, қарапайым қазақтардың өмірінде
нұр, жанына рахат құятынын, табиғатпен үйлесімінде тұратынын көрсетеді.
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге,
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.
Көктем, жаз мезгілі жайындағы өлеңдерінде Абай адамдардың
эстетикалық сезімдері мал төлдеп, ақ пен астық көбеюімен шектеліп, көктемнің
әсем көркіне қарапайым назар аударғанына қарамастан, бұл сезімнің бірте-бірте
сапалық рухани қажеттілікке –эстетикалық қажеттілікке ауысатындығын
көреміз. Демек, Абай табиғатты тек қана материалдық тұрғыда-адамға пайда
әкелу тұрғысынан қарастырып қана қоймайды. Егер күн сәулесі тірішілік көзі
ретінде жырланса, күз бен қысты жүдеген, көркі қашқан табиғат,
«жапырағынан айырылған ағаш қурай», «күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы»,
Достарыңызбен бөлісу: |