Э. В. Фуфаев, Д. Э. Фуфаев



жүктеу 10,13 Mb.
Pdf просмотр
бет63/93
Дата19.11.2018
өлшемі10,13 Mb.
#21568
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93

 
ағымдағы  жағдайын  көрсету  керек,  яғни  ДҚ-да  сақталатын  дерктер 
тҧрақты тҥрде қарама-қайшы болмау керек.  
2.  ДҚ  пəндік  саланың  кейбір  ережелерін,  қызмет  ететін  (business 
rules)  заңдарды  көрсету  керек.  Мысалы,  егер  қоймада  белгілі  бір 
номенклатура бөлшектерінің кейбір жеткілікті қоры (сақтандыру қоры) 
болғанда  ғана  зауыт  қалыпты  жҧмыс  істей  алады;  қоймада  бөлшекті 
дайындауға  арналған  материал  жеткілікті  болған  жағдайда  ғана, 
бөлшек өндіріске жіберіле алады жəне т.б. 
3.  ДҚ жағдайын тҧрақты бақылап отыру керек, барлық өзгерістерді 
қадағалап,  оларға  барабар  əсер  ету  керек.  Мысалы,  кейбір  өлшенетін 
параметр  ауыспалы  мəнге  жеткен  кезде  белгілі  бір  аппаратура 
сөндірілу  керек;  тауар  қоры  рҧқсат  етілетін  нормадан  төмен  азайған 
кезде  нақты  жеткізушіге  тиісті  тауарды  жеткізуге  өтінім 
қалыптастырылу керек жəне т.б. 
4.  ДҚ-дағы  кейбір  жағдайдың  пайда  болуы  қолданбалы  міндеттің 
орындалу барысына анық жəне жедел əсер ету керек. 
5.  ДҚБЖ маңызды міндеттерінің бір деректер тҥрін бақылау болып 
табылады.  Қазіргі  сəтте  ДҚБЖ  синтаксистік  тек  стандартты-рҧқсат 
етілетін  деректер  тҥрін,  яғни  SQL  бір  бөлігі  болып  табылатын, 
деректерді  сипаттайтын  тілде  -  DDL  (data  definition  language)-де 
айқындалған  тілде  анықталу  керек.  Алайда  шынайы  пəндік  салаларда 
семантикалық  қҧрамдас  болып  табылатын  деректер  бар,  мысалы, 
объекттердің координаталары немесе өлшем бірліктері.  
Көптеген  қазіргі  заманғы  ДҚБЖ  осындай  модельді  қолдайды: 
Informix,  Ingres,  Sybase,  Oracle,  MS  SQL  Server.  Осы  модельдің  негізі 
SQL-серверін  бағдарламалау  қҧралы  ретінде  сақталатын  рəсімдер 
механизмі,  ақпараттық  қойманың  ағымдағы  жағдайын  қадағалау 
механизмі  ретінде  триггерлер  механизмі  жəне  домен  қҧрылымын 
қолдау  механизмі  деп  аталатын,  деректердің  пайдаланушы  тҥріне 
шектеу  механизмі  болып  табылады.  Дерекқордың  белсенді  серверінің 
моделі 10.5-суретте көрсетілген. 
 
10.5-сур. Дерекқордың белсенді серверінің моделі


Осы модельде бизнес-логика клиент пен сервер арасында бөлінген. 
Серверде бизнес-логика сақталатын рəсімдер - ДҚ-да сақталатын жəне 
тікелей  ДҚБЖ-мен  басқарылатын  арнайы  бағдарламалық  модульдер 
ретінде іске асырылған. Клиенттік қосымша сақталатын рəсімдерді іске 
қосу  командасымен  серверге  жҥгінеді,  ал  сервер  бҧл  рəсімді 
орындайды жəне ДҚ-да көзделген барлық өзгерістерді тіркейді. Сервер 
клиентке  экранға  шығару  ҥшін  немесе  бизнес-логиканың  бір  бөлігін 
орындау  ҥшін  қажет  болатын,  орындалған  сҧраныстың  деректерін 
клиентке қайтарады. Бҧл ретте клиент пен сервер арасындағы ақпарат 
алмасу трафигі азаяды.  
Дерекқордың  сервер  моделіндегі  орталықтандырылған  бақылау 
триггер механизмін пайдалана отырып орындалады. Триггерлер де ДҚ 
бір бөлігі болып табылады. 
―Триггер‖  термині  электроникадан  алынған  жəне  ДҚ  жағдайына 
байланысты  арнайы  оқиғаларды  қадағалау  механизмін  семантикалық 
нақты сипаттайды. Триггер ДҚ-дағы белгілі бір оқиға туындаған кезде 
іске қосылатын, тумблер болып табылады. ДҚБЖ өзегі ДҚ-да қҧрылған 
жəне  сипатталған  триггерлерді  шақыратын  барлық  оқиғаларға 
мониторинг жҥргізеді жəне тиісті оқиға туындаған кезде сервер тиісті 
триггерді  іске  қосады.  Әрбір  триггер  дерекқорда  орындалатын 
бағдарлама  болып  табылады.  Триггерлер  сақталатын  рəсімдерді 
шақыра алады.  
Триггерлерді пайдалану механизмі бір триггер іске қосылған кезде 
басқа триггерлердің іске қосылуын туындататын оқиғалардың туындау 
мҥмкіндігін болжайды.  
Сервер осы модельде белсенді болып табылады, себебі клиент қана 
емес,  сондай-ақ  сервер  триггерлердің  механизмін  пайдалана  отырып 
ДҚ-дағы деректерді өңдеу бастамашысы болуы мҥмкін.  
Сақталатын  рəсімдер  жəне  триггерлер  ДҚ  сөздігінде  сақталады. 
Олар бірнеше клиентпен пайдаланылуы мҥмкін, бҧл əртҥрлі клиенттік 
қосымшадағы деректердің өңделу алгоритмінің қайталануын азайтады.  
Осы  модельдің  кемшілігі  сервердің  өте  ҥлкен  жҥктемесі  болып 
табылады,  себебі  ол  көптеген  клиентке  қызмет  көрсетеді  жəне  мына 
қызметтерді орындайды:  
•  сипатталған 
триггерлерге 
байланысты 
оқиғаларды 
мониторингтейді; 
•  триггерлерге  байланысты  оқиғалар  пайда  болған  кезде 
триггерлердің автоматты іске қосылуын қамтамасыз етеді; 
•  əрбір триггердің ішкі бағдарламасының орындалуын қамтамасыз 
етеді; 
•  пайдаланушылардың  сҧранысы  бойынша  сақталатын  рəсімдерді 
іске қосады; 
•  триггерлерден сақталатын рəсімдерді іске қосады; 
•  клиентке қажетті деректерді қайтарады; 


•  ДҚБЖ  барлық  қызметтерін  қамтамасыз  етеді  (деректерге 
қолжетімдік, ДҚ-дағы деректердің біртҧтастығын бақылау жəне сақтау, 
қолжетімдікті  бақылау,  барлық  пайдаланушының  бірыңғай  ДҚ-мен 
дҧрыс параллельді жҧмыс істеуін қамтамасыз ету). 
Егер  серверге  қосымшаның  бизнес-логикасының  ҥлкен  бөлігін 
көшірсек, онда осы модельде клиенттерге қойылатын талаптар азаяды. 
Кейде мҧндай модельді жіңішке клиенті бар модель деп атайды. Бҧдан 
бҧрын  қарастырылған  модельдер  қалың  клиенті  бар  модель  деп 
атайды.  
Серверді  жҥктеп  тҥсіру  ҥшін  ҥш  деңгейлі  модель  -  қосымша 
серверінің моделі ҧсынылған.  
 
10.5. 
Қосымша серверінің моделі  
Бҧл  модель  екі  деңгейлі  модельдің  кеңеюі  болып  табылады.  Онда 
клиент пен сервер арасындағы қосымша аралық деңгей енгізіледі. Ҥш 
деңгейлі  модельдің  сəулеті  10.6-суретте  келтірілген.  Осы  аралық 
деңгей бір немесе бірнеше қосымша серверін қҧрайды.  
Осы модельдегі  қосымша компоненттері  ҥш  орындаушы  арасында 
бөлінеді: клиент, сервер, дерекқор сервері.  
Клиент  графикалық  пайдаланушы  интерфейсін,  жергілікті 
редакторларды қоса алғанда ҧсыну логикасын қамтамасыз етеді;клиент 
компьютер-клиентте  орналасқан,  жергілікті  ДҚ-ға  жҥгінуін  қҧрауы 
мҥмкін,  клиент  қосымшасының  жергілікті  кодын  іске  қоса  алады. 
Клиент  жергілікті  немесе  ғаламдық  желіге  қолжетімдікті  қамтамасыз 
ететін,  қосымша  бөлігінің  front-end  коммуникациялық  қызметтерін 
атқарады. Клиент пен сервер арасындағы өзара əрекеттесуді қосымша 
іске  асыру  бөлінген  транзакцияларды  басқаруды  қҧрауы  мҥмкін,  бҧл 
клиенттің  бөлінген  транзакциялар  менеджерінің  клиенті  болатын 
жағдайларға сəйкес келеді.  
Қосымша  серверлері  сəулеттің  жаңа  аралық  деңгейін  қҧрайды. 
Қосымша серверлері клиенттің қызметтерін өзара əрекеттесетін жҧмыс 
топтарының  бір  бөліктері  ретінде  қолдайды,  желілік  домендік 
операциялық  орталық  сақтайды,  бизнес-логиканың  аса  ортақ 
ережелерін  сақтайды  жəне  орындайды,  деректер  бар  каталогтарды 
қолдайды, 
хабарламамен 
алмасуды 
жəне 
əсіресе 
бөлінген 
транзакцияларға сҧраныстың сақталуын қамтамасыз етеді.  
 
Клиент 
Сервер 
Сервер БД 
 
10.7-сур. Қосымшалар серверінің моделі 


жүктеу 10,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау